Қазақстан мен Қытай өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайтуда: жаңа жобалар мен инвестициялар

Қазақстан мен Қытай өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайтуда: жаңа жобалар мен инвестициялар

2024 жылғы 22 мамырда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің Қытай технологиялар трансфері орталығының (бұдан әрі - "орталық") өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өнеркәсіптік даму саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.  "Белдеу және жол" бастамасын іске асырудың негізгі буыны болып табылатын Орталық Қазақстан өнеркәсібін жаңғыртуға бағытталған бірқатар жобаларды ұсынды.  Атап айтқанда, машина жасау, металлургия және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін заманауи жабдықтарды жеткізу, сондай-ақ энергия тиімділігі мен цифрландыру саласында инновациялық технологияларды енгізу туралы сөз болды.

"Орталық" ғылыми-техникалық білім беруде, оның ішінде бейінді мамандықтар бойынша оқитын студенттерге гранттар бөлуде қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Іскерлік байланыстарды нығайтуға және жаңа бірлескен жобаларды дамытуға көңіл бөлінуде.  Тараптар тәжірибе мен идеялармен алмасу үшін бірқатар іс-шараларды, соның ішінде бизнес-форумдар мен көрмелерді өткізуге келісті. 

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайту өзара тиімді нәтижелер әкелетініне және екі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.