Қазақстандық тауар өндірушілер Реестрі: министрлік компанияларға арнап оқыту вебинарларын өткізеді

Қазақстандық тауар өндірушілер Реестрі: министрлік компанияларға арнап оқыту вебинарларын өткізеді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қазақстандық тауар өндірушілер Реестріне қосылуға өтінім беруді жоспарлап отырған компанияларға арнап оқыту вебинарларын ұйымдастырды. Оқыту бағдарламасы бекітілді, ол жыл соңына дейін жалғасады.

Сонымен, алғашқы вебинар 6 қараша күні, сағат 10:00–12:00 аралығында өтеді. Тақырыбы – «ОТӨ Реестрінің артықшылықтары».

Екінші вебинар «Өтінім беруге дайындықтың кезеңдері» (Реестрді жүргізу ережелері)» тақырыбында 13 қараша күні сағат 10:00-де басталады.  

 «Өндірілетін өнімге қойылатын талаптар (өндіріс жағдайлары, технологиялық операциялар)» тақырыбындағы үшінші вебинар 20 қараша күні, сағат 10:00-ге (Астана уақытымен) жоспарланып отыр. Кейін осы тақырыптар апта сайын қайталанып отырады, бұл барлық қатысушылардың түсініп, сұрақтарын қоюы үшін ыңғайлы.

«Біз барлық мүдделі компанияларды осы оқыту вебинарларына шақырамыз. Бұл – сұрақ қоюға және түсініксіз тұстарды нақтылауға, талқылауға мүмкіндік береді. Біз осылайша отандық тауар өндірушілерді Реестрге алдын-ала дайындап, әрбір өндірушінің бекітілген ережелерді түсініп, рәсімнен сенімді өтуіне көмектесеміз», - дейді «QazIndustry» компаниясының дирекциясы басшысы Жансая Жақыпова.

6 қараша, Астана уақытымен сағат 10:00-де басталатын алғашқы бейнеконференцияға Zoom платформасында мына сілтеме арқылы қосыла аласыз:  

https://zoom.us/j/94539060611?pwd=5WhTSY3sPIBi6b9LXC0bjdZZzmjOSm.1

Конференция идентификаторы: 945 3906 0611

Код: 050173

 

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық тауар өндірушілер Реестріне қосылған кәсіпорындар ғана реттелетін сатып алуларға басым тәртіппен қатысып, мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізе алады.