Коммуналдық инфрақұрылымды аспаптандыру қарқын алып келеді: Астанада «ЭКСЖ» ұлттық жобасы аясында ТКШ-ның цифрлық трансформациясы талқыланды

Коммуналдық инфрақұрылымды аспаптандыру қарқын алып келеді: Астанада «ЭКСЖ» ұлттық жобасы аясында ТКШ-ның цифрлық трансформациясы талқыланды

«Астана Су Арнасы» МКК базасында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында коммуналдық инфрақұрылымды аспаптандыру және цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес жұмысына ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дубирова, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтепбаев, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ-ның және байланыс операторларының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында су есептегіш құрылғыларын деректерді беру функциясымен кезең-кезеңімен енгізу және оларды Smart Turmys бірыңғай цифрлық платформасына интеграциялау мәселелері қаралды. Сонымен қатар есептеу құрылғыларына қойылатын техникалық талаптар мен сертификаттау стандарттарын белгілеу, деректерді берудің сенімді арналары (NB-IoT, LoRaWAN және басқа технологиялар), технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерімен (АСУ ТП) интеграция, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен тұтынушылардың дербес деректерін қорғау нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.

Қатысушылардың айтуынша, интеллектуалды есептеу құралдарын енгізу нақты тұтыну бойынша есеп айырысуға көшуге, даулы есептеулер үлесін азайтуға, халық үшін ашықтықты арттыруға және желілердегі ақаулар мен су ағуларын жедел анықтауға мүмкіндік береді.

«ҚазОрталық ТКШ» АҚ мен «Астана Су Арнасы» МКК субъектілеріне арналған әдістемелік ұсынымдарды дайындау, ресурс жеткізуші ұйымдар мен цифрлық жүйелер арасындағы деректер алмасу регламенттерін әзірлеу, сондай-ақ мамандарды оқыту бойынша әрі қарайғы жұмыстың бағыттарын айқындады.

Кеңес қорытындысы бойынша аспаптандыруды кең көлемде енгізу және есептеу құрылғыларын Smart Turmys цифрлық платформасына интеграциялау үшін қажетті бірыңғай техникалық стандарттарды қалыптастыруға бағытталған бірлескен іс-қимылдар туралы келісімге қол жеткізілді.