«Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова бірнеше отандық есепке алу аспаптарын өндірушілер мен «Алматы су» мемлекеттік кәсіпорнында болды.
Вице-министр бастаған ТКШ саласын цифрландыру жөніндегі жұмыс тобы электр, жылу, су және газбен қамтамасыз ету үшін «ақылды» есептегіштерге қажеттілікті талдап, ішкі нарық пен қазақстандық өндірушілердің әлеуетін бағалауда.
Алматыда жұмыс орындарын аралау кезінде кәсіпорындардың технологиялық дайындығын, сертификаттау талаптарын, өндірістің ауқымдылығын анықтау мақсатында зерттеулер жүргізілді.
Іске асырудың негізгі бағыттары:
Жоба аясында есептеу құралдарын жаппай енгізу – 10 миллионнан астам аспапты орнату жоспарлануда. Бұл нақты тұтынуға негізделген есепшотқа көшуге, азаматтар үшін ашықтықты арттыруға, даулы төлемдердің санын азайтуға және қазіргі заманғы коммуналдық желілерді басқару үлгілерін енгізуге мүмкіндік береді.
Күтілетін артықшылықтар:
Техникалық талаптарды және есептегіш құралдарын аттестациялау бағдарламасын әзірлеу кезінде алматылық кәсіпорындардың зерттеулерінің нәтижелері ескерілетін болады. Жоба пилоттық енгізу нәтижелері мен экономикалық тиімділік негізінде кезең-кезеңімен кеңейтілетін болады.