2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» жаңғыртылған мемлекеттік ақпараттық жүйесі іске қосылды. Tizilim платформаcы бұрынғы reestr.nadloc.kz ресурсының орнына қолданысқа енгізіліп, сатып алу жүйесінің тиімді әрі нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Tizilim ақпараттық жүйесі нормативтік өзгерістерге сәйкес әзірленіп, сатып алу рәсімдерін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша бірыңғай номенклатуралық анықтамалығындағы (ТЖҚБН) кодтарға сәйкес жүзеге асырады.
Жер қойнауын пайдаланушылар мен өнім берушілер үшін tizilim.gov.kz жүйесінде тіркелу 23 маусымда басталған. 1 шілдеге дейін жер қойнауын пайдаланушылар «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-мен ТЖҚ бойынша Бірыңғай номенклатуралық анықтамалықты (ТЖҚ БНА) пайдалану абонентін алу жөнінде шарт жасасуы және жүйеге тіркелу қажет болған.
Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы reestr.nadloc.kz ақпараттық жүйесінің нұсқасында 1 шілдеге дейін жарияланған сатып алуларды тапсырыс берушілер сол жүйеде аяқтайды.
Егер 1 шілдеге дейін жарияланған конкурстық рәсімдер өтпеген болып танылса немесе конкурс өткізілгенімен, жеткізушімен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөнінде шарт жасалмаса, онда мұндай конкурстардың нәтижесі бойынша бір көзден сатып алуды рәсімдеу 1 шілдеден кейін де қолданыстағы reestr.nadloc.kz жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
1 шілдеден бастап жаңа сатып алулар тек жаңартылған tizilim.gov.kz платформасында ғана жарияланатын болады.
Жүйенің жұмыс істеуіне қатысты барлық сұрақтар бойынша ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 1465 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.
Сонымен қатар, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «QazIndustry» АҚ ресми сайттарында Tizilim жүйесіне тіркелу бойынша қадамдық нұсқаулықтар жарияланған.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1022577?lang=kk
https://qazindustry.gov.kz/kk/article/3845-zapushchena-registratsiya-uchastnikov-gis-tizilim