Логотип
Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Министрлік туралы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
02 сентября 2025
Құрлық әскерлерінің әскери институтына – 55 жыл

Алматы қаласында С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты 55 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Елу жылдан астам тарихында бұл оқу орны кәсіби офицер кадрларын даярлаудағы жетекші орталықтардың біріне айналып, елдің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін нығайтуға сүбелі үлес қосты.

1970 жылы негізі қаланған институт алғашқы жылдардан-ақ кәсіби әскери мамандар даярлайтын білім ордасы ретінде танылды. Бүгінде бұл – заманауи әскери жоғары оқу орны. Мұнда жаңа буын офицерлері тәрбиеленуде. Олар Отанға адалдығымен, жоғары кәсіби даярлығы, әскери тәртібі және көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленеді.
55 жыл ішінде Құрлық әскерлерінің әскери институты мыңдаған офицерлерді дайындап шығарды. Олардың көпшілігі жоғары әскери шендерге қол жеткізіп, қорғаныс саласында, мемлекеттік билік құрылымдарында және халықаралық ұйымдарда жауапты қызметтер атқаруда. Түлектердің арасында үш қорғаныс министрі, белгілі әскери қолбасшылар, әскер бөлімдері мен құрамаларын басқарған командирлер бар. Олардың бәрі де Қазақстан армиясының дамуына зор үлес қосты.

Құрлық әскерлері әскери институтының бастығы генерал-майор Бауыржан Ибатулин атап өткендей, 55 жыл – ерлік пен елге адал қызмет етудің, Отан алдындағы парызға деген беріктіктің шежіресі.

– Біздің түлектеріміз Қарулы күштер қатарында абыроймен қызмет етіп жүр, ал қазіргі курсанттар аға буынның даңқты дәстүрлерін лайықты жалғастыруда. Институт әрқашан абыройдың, ар-намыстың және патриотизмнің символы болып қала береді, – деді ол.

Институттың мерейтойы – отандық әскери білім беру саласындағы маңызды белес. Бұл – білікті кадрлар даярлау ісіндегі оқу орнының маңызын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы мен егемендігін нығайтудағы рөлін айшықтайтын оқиға.

30 августа 2025
Қорғаныс министрінің Конституция күнімен құттықтау сөзі

Құрметті сарбаздар мен матростар, сержанттар мен старшиналар, офицерлер мен генералдар!
Қадірлі ардагерлер! Қымбатты отандастар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Негізгі Заңның қабылдануы – халықтың бейбітшілікті, тұрақтылық пен өркендеуді таңдаған тарихи шешімі болды. Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік құрылыстың берік құқықтық негізі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қоғамдағы бірлік пен келісімнің нышаны.
Осыдан отыз жыл бұрын қабылданған Ата Заңымыз еліміздің тәуелсіздігін нығайтудың, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғаудың сенімді тірегі болып келеді. Ол ел дамуындағы стратегиялық бағыттарды айқындап, ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың құқықтық негізін қамтамасыз етіп отыр.
Қазақстан Республикасының Қарулы күштері еліміздің Конституциясы мен заңдары аясында әрекет ете отырып, мемлекеттің тәуелсіздігін, егемендігі мен тұрақтылығын қорғау сынды аса маңызды әрі жауапты міндетті атқарып келеді.
Бүгінде әскеріміздің дайындық деңгейі мен сапасы айтарлықтай артты. Қазақстандық жауынгерлер халықаралық оқу-жаттығулар мен жарыстарда жоғары кәсіби шеберліктерін әлемге паш етіп жүр.
Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Мықты армия – мемлекеттің тәуелсіздігінің берік кепілі, азаматтардың тыныштығы мен сенімділігінің тірегіне» айналды.
Мемлекет басшысының жетекшілігімен Қарулы күштерді жаңғырту, әскери инфрақұрылымды дамыту, армияны техникалық қайта жарақтандыру, жауынгерлік әзірлік пен жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалуына ерекше көңіл бөлінуде. Отан қорғаушыларға қамқорлық көрсету – жауынгерлік рухты және әскери қызметтің абыройын арттырудың маңызды факторы.
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ қамқорлығымен бейбітшілікті сақтау операцияларына қатыса отырып, еліміздің халықаралық аренадағы абыройын асқақтатып, кәсіби біліктілігін, бейбітшілік пен ынтымақтастыққа деген адалдығын көрсетіп жүр.
Осы айтулы күні Қарулы күштердің барлық жеке құрамына кәсібилігі, әскери борышқа адалдығы және Отанға жанқиярлық қызметі үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.
Барша әскери қызметшілерге, Қарулы күштердің ардагерлеріне және халқымызға зор денсаулық, амандық және ашық аспан тілеймін!

 

29 августа 2025
Қорғаныс министрі Қарулы күштердің жеке құрамын Қазақстан Конституциясының 30 жылдығымен құттықтады

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шараға министрліктің басшылық құрамы, Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектерінің, әскери бөлімдер мен мекемелердің, оқу орындарының өкілдері, әскери қызметшілер, азаматтық персонал және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.
Қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және құқықтық дамуына Конституцияның өлшеусіз үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Ол елдің егемендігі, аумақтық тұтастығы мен азаматтарының қауіпсіздігінің тірегі — қуатты жауынгерлік әлеуеті бар Қарулы күштер екенін қадап айтты.

– Қазақстан әскери қызметшілері әуеде, құрлықта және теңізде қызмет атқарып, жауынгерлік кезекшілік жүргізуде, оқу-жаттығуларға қатысып, БҰҰ шеңберіндегі бітімгерлік миссияларға да атсалысуда. Осы арқылы олар халықаралық міндеттемелерді орындап қана қоймай, сонымен бірге еліміздің бейбітсүйгіш әрі ынтымақтастық қағидаттарын дәйекті жүзеге асыратын мемлекет ретіндегі беделін арттыруға үлес қосуда, – деді авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов.

Сондай-ақ, ол Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыру, техникалық қайта жарақтандыру, цифрлық технологияларды енгізу, әскери ғылымды дамыту және кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған басымдықтарды атап өтті.

Мерейтойға орай Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттау рәсімі өтті. Бұл марапатқа Қарулы күштер қатарынан 9 адам ие болды. Сонымен бірге, Қорғаныс министрінің атынан әскери қызметшілер мен азаматтық персонал өкілдеріне грамоталар, алғыс хаттар табысталып, Қарулы күштердің ардагерлеріне құттықтау хаттар жолданды.
Салтанатты шара барысында қатысушылар назарына Конституцияның 30 жылдығына арналған бейнеролик пен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Әскери-тарихи музейі дайындаған көрме ұсынылды.

Жиын ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды. Орталық ансамбльдің солистері «Қазақстан», «Ата заң», «Туған ел», «Атамекен» және «Егемен Қазақстан» атты патриоттық әндерді орындады.

ҚР ҚК әскери-патриоттық жұмыс
29 августа 2025
Қарағанды облысында «Жауынгерлік достастық - 2025» оқу-жаттығуы басталды

Қарағанды облысында ауқымды стратегиялық «Жауынгерлік достастық - 2025» оқу-жаттығуы жалауын көтерді. Шараны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары - Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы генерал-майор Қайрат Садықов салтанатты жағдайда ашты.

Әскери жаттығулар Сарышаған полигонында өтуде. Оған Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Әскери-әуе күштерінің бөлімшелері тартылып отыр. Жаттығудың мақсаты – түрлі әскер түрлері арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, шартты қарсыластың әуе шабуылдарын тойтару әрекеттерін пысықтау, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік машығын арттыру.

– Авиация мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің кешенді әрекеттері шынайы ұрыс жағдайына барынша жақын ортада ұйымдастырылады. Баршаңызға жүктелген міндеттерді сәтті орындап шығуды тілеймін, – деді оқу-жаттығуға қатысушыларға қарата сөйлеген сөзінде генерал-майор Қайрат Садықов.

Оқу-жаттығу аясында ұшқышсыз ұшу аппараттары, радиоэлектрондық күрес құралдары мен зениттік-зымыран кешендері қолданылатын түрлі тактикалық эпизодтар іске асырылады. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадаларының есептоптары зениттік зымырандарды іс жүзінде ұшырып көреді. Ұшу экипаждары әуе және жер үсті нысандарына авиациялық соққылар жасауды пысықтайды.

Осындай ауқымдағы жаттығулар Қазақстанның әуе кеңістігін қорғауға бағытталған міндеттерді орындауға дайындықты арттырып, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайта түседі. Бұл – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әуе қорғанысы жүйесін жетілдіру жолындағы маңызды кезең болмақ.

29 августа 2025
Алматыда әскери міндеттілер мемлекеттік құпияларды қорғау саласы бойынша қайта даярлықтан өтті

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығы бойынша 30 әскери міндеттіге арналған жиын өз мәресіне жетті.

Әскери жиынға шақырылған запастағы офицерлер бір ай бойы казармада тұрып, армиялық тәртіпке толықтай бағынып өмір сүрді. Теориялық және практикалық сабақтар барысында олар жалпы әскери пәндерді меңгеріп, ақпарат пен мемлекеттік құпияларды қорғаудың заманауи тәсілдерін игерді.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының Ақпаратты қорғау кафедрасының бастығы полковник Арман Укашев бұл жиынның мақсаты мамандарды қайта даярлау арқылы әскери-оқытылған резервтің әлеуетін нығайту екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жиындар ел әскерінің мобилизациялық дайындығын арттыруға үлкен сеп болмақ.

Жиынға қатысушылардың бірі – Астанадан шақырылған запастағы лейтенант Нұрасыл Жексембаев. Қазіргі таңда ол банк саласында қызмет етеді.

– Бұл жиын біздің әрқайсымыз үшін маңызды белес болды. Қорғаныс саласы тек әскери күшпен шектелмей, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы терең білімді де талап ететінін айқын ұғындық, – деді ол.

Жиын соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Ерекше көзге түскен әскери міндеттілер алғыс хаттармен марапатталды.

Бұл осы мамандық бойынша өткізілген екінші оқу-жаттығу жиыны екенін айта кету керек. Сондай-ақ, жиын кезінде әскери міндеттілердің негізгі жұмыс орындары, қызметтік лауазымдары мен айлық жалақылары сақталып, республикалық бюджет есебінен төленді.

28 августа 2025
Астанада Тыл қызметінің үздіктері марапатталды

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы елордалық әскери колледжде Тыл қызметі күніне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекеге Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарулы күштер түрлері мен әскер тектерінің тыл қызметі құрамының өкілдері, ардагерлер және оқу орнының курсанттары қатысты. Қорғаныс министрінің атынан құттықтау сөз сөйлеген оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев тыл бөлімшелерінің әскердің күнделікті тіршілігі мен жауынгерлік қабілетін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Ол әскери қызметшілерге кәсіби шеберліктері мен қызметке деген адалдықтары үшін алғыс білдірді. Салтанатты рәсім барысында вице-адмирал Серік Борамбаев бірқатар әскери қызметшілерге министрдің атынан «Ел қорғаны» медалін, «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің үздігі» төсбелгісін және алғыс хаттар табыс етті.

Сонымен қатар, Қарулы күштердегі тыл қызметінің бөлімшелері арасындағы байқау жеңімпаздары анықталды. Ең үздік рота шаруашылығы, асхана, монша-кір жуу кешені, азық-түлік, киім-кешек, жанар-жағармай қоймалары, автожанармай құю бекеті мен өрт сөндіру депосы марапатқа ие болды. Жеңімпаздарға марапаттарды Тыл бастығы полковник Арман Мансұров табыстады. Өз кезегінде Тыл ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы генерал-майор Қажығали Мұқатов Қорғаныс министрінің бастамасын жалғастыра отырып, «Мектепке жол» акциясы аясында әскери қызметшілердің балаларына мектеп сөмкелерін тарту етті.

Шара соңында ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық ансамблі әсерлі концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

28 августа 2025
Астана маңында алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушыларының жиыны өтті

Елорда маңындағы Мичурино ауылында алғашқы әскери және технологиялық даярлық (АӘТД) оқытушыларымен жыл сайынғы оқу-әдістемелік жиын өтті.

Үш күн ішінде Астана колледждері мен мектептерінің педагогтары жалпыәскери жарғылардан дағдыларын бекітті, саптық даярлық, ату және жаппай қырып-жою қаруынан қорғаныс құралдарын қолдану машықтарын жетілдірді.

– Жиынға 200-ден астам оқытушы қатысты. Олардың арасында Қарулы күштер мен басқа да күш құрылымдарының ардагерлері бар. Бұған дейін ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде басшылық қызмет атқарғандар да болды. Бәрі де жастарды тәрбиелеуге зор үлес қосуда, – деді Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі запастағы полковник Ғани Артықов.

Жиын барысында әскери-патриоттық тәрбиеге қатысты заңның жаңа нормаларын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар заң ережелерін оқу орындарының білім беру процесі мен тәрбие қызметіне енгізу бойынша практикалық қадамдарды талқылады.

– Жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біз көптеген өзекті ақпарат алдық. Қарулы күштерде мен ширек ғасырдан астам қызмет еттім, міне алғашқы әскери дайындықтан сабақ беріп жүргеніме 3 жарым жыл болды. Мұндай шаралар бізге біліктілікті арттыруға, тәжірибе алмасуға және әскери істі оқытуда әдістемелік тәсілдерді жетілдіруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінің оқытушысы запастағы полковник Нұрлан Қадыржанов.

Іс-шара жаңа оқу жылына дайындықтың маңызды кезеңі болды. Бұл оған қатысқандарға өз жетістіктерімен алмасуға және АӘТД-ты оқытудың жаңа тәсілдерін талқылауға мүмкіндік берді.

Конституцияның 30 жылдығына орай жастармен әскери-патриоттық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін бірқатар оқытушылар Астана қаласы әкімінің атынан алғыс хатпен марапатталды.

28 августа 2025
28 тамыз – Қарулы Күштердің Тыл мамандары күні

28 тамызда Қазақстанда Қарулы Күштерінде Тыл мамандары кәсіби мерекесін атап өтуде. Бұл – әскерді жан-жақты қамтамасыз ету қызметінде тұрған жандардың күні.

Дәл осы күні, 1992 жылы, әскерді басқарудың орталықтандырылған органы құрылып, сол уақыттан ол әскерді қару-жарақпен, жанар-жағармай материалдарымен жабдықтауға, техниканы қалпына келтіруге, нысандар салуға және инфрақұрылымды қызмет көрсетуге қызмет етіп келеді.

Бүгінде ҚР Қарулы Күштерінің Тылы заманауи әрі жоғары технологиялы тетік құралы болып табылады. Соңғы жылдары тыл қызметі цифрлық серпіліс жасап, армияны қамтамасыз ету тәсілін түбегейлі өзгертті. Электрондық құжат айналымы қағаз құжаттардан арылтып, әскерлердің қажеттіліктерін жедел жабуға мүмкіндік берген қорларды цифрлық есепке алуға көшу жүзеге асырылды. Сонымен қатар, әр тауардың қоймадан сарбазға дейінгі жолын қадағалауға мүмкіндік беретін тауарларды цифрлық таңбалау енгізіледі деп күтілуде. Әскери мүліктің әрбірін орынсыз пайдалануды болдырмайтын және сапалы бақылауға кепілдік беретін бірегей цифрлық код болады. Барлық тасымал түрлерін біріктіретін әскери логистика жүйесі дамып келеді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-пен ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселесі қарастырылуда, бұл тасымалдау құжаттарын ресімдеуді жеделдетіп, шығындарды азайтады. Тыл мамандары өздерінің жоғары кәсіби деңгейін жаттығуларда үнемі дәлелдеп келеді. 2024 жылы олар Беларусьтегі «Брест» полигонында өткен «Эшелон-2024» халықаралық оқу-жаттығуларына қатысып, әскерді жанар-жағармаймен, азық-түлікпен, заттай мүлікпен және техникамен қамтамасыз ету жұмыстарын орындады. 2025 жылдың көктемінде тыл мамандары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадты қамтамасыз ету бойынша міндеттерді сәтті атқарды.

Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштері тыл бастығының басқармасы – армияның сенімді тірегі, заманауи әрі тиімді жұмыс істейтін тетік, әскердің жауынгерлік қабілеті мен дайындық деңгейін қамтамасыз ететін жүйе.

Әскери білім және ғылым
27 августа 2025
Іріктеу аяқталды: Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына 1700-ден аса талапкер қабылданды

Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындары мен колледждерінің қабылдау комиссиялары дене шынықтыру даярлығы мен жалпы білім беру пәндері бойынша тесттерден сәтті өткен барынша дайындалған талапкерлерді іріктеп алды.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына (ҚӘӘИ) түсуге ниетті 590-нан аса үміткердің 350-ден көбі қабылданды.
Конкурстық іріктеу Құрлық әскерлері үшін дайындық бағыттарының кең спектрін қамтитын 7 мамандық және 16 біліктілік бойынша өтті. Олардың ішінде «барлау бөлімшелерін басқару» және «мотоатқыштар бөлімшелерін басқару» мамандықтарын талапкерлер көбірек таңдаған.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының тізіміне 360 үміткердің 200-ден астамы ілінді. Осы жылдан бастап осы жоғары оқу орнына «әскери істегі криптология» және шығыс тілдері бойынша «халықаралық әскери қатынастар және аударма ісі» атты жаңа білім беру бағыттары ашылды. Мамандарды даярлау қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен бірлесіп екі дипломдық білім беру форматында жүзеге асырылатын болады. Конкурстық іріктеу 7 мамандық және 12 біліктілік бойынша өтті. Биылғы жылы осы оқу орнында ең көп сұранысқа ие мамандық «ақпаратты қорғау технологиясы және ұйымдастыру» болды.

Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтына 600-дің үстінде өтініш келіп түсті, алайда оның тек 260-тан астамы ғана курсант атанды. Конкурстық іріктеу 7 мамандық және 15 біліктілік бойынша өтті.
Әскери білім ордасында оқығандар ұшқыштар, инженер-техниктер, теңізшілер және әскери дәрігерлер мамандықтарын алады. Медициналық бейіндегі мамандарды оқыту Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің базасында жүзеге асырылатын болады. Ал теңіз кафедрасының курсанттары Ақтөбе әскери жоғары оқу орнында екі жыл оқығаннан кейін Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде мамандықты игеруді жалғастырады. Бұл оқу орнында «мемлекеттік авиациядағы әуе кемелерін ұшуға пайдалану» және «әскери медицина» мамандықтары ерекше танымал.

«Сарбаз 2.0» бағдарламасы аясында әскери институттарға түскен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен борышын өтеген азаматтардың жалпы саны 128 адамды құрағанын айта кетелік.

ҰҚШҰ-ға мүше елдердің ынтымақтастығы шеңберінде Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары РБӘИИ-да оқудан өтеді. Олар жас жауынгер курсын игеріп, өз Отанында ант қабылдағаннан кейін Алматыға келеді. Айта кетер болсақ, рейтинг негізінде курсанттар іріктеліп, шет мемлекеттердің әскери жоғары оқу орындарына оқуға жіберіледі.
Бұдан бөлек, әскери оқу орындарына кәсіби сержанттарды даярлау бойынша 900-ден астам адам қабылданды. Олар Астанадағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі, Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі, Шымкенттегі Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжі, Қарағандыдағы Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледжі және Ақмола облысы Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде оқитын болады.

Әскери оқу орындарының тізіміне енген үміткерлерді алда жас жауынгер курсы күтіп тұр. Бір ай ішінде олар саптық, атыс және дене шынықтырудан дайындықтарынан өтеді, жалпы әскери жарғылармен танысады, практикалық атыстарды орындайды, содан кейін әскери ант береді. Өз өмірін Отанға қызмет етуге арнауға дайын жастар осылайша кәсіби дамудың жаңа кезеңін бастады.

Жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін ұстау
26 августа 2025
Құрлық әскерлерінде үздік мергендік жұп анықталды

Ақтөбе гарнизонындағы «Алға» оқу полигонында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің мергендері арасында жарыс өтті. Іс-шара Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.

Жарысқа Құрлық әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінен үздік мергендік командалар қатысып, кәсіби дайындықтарының жоғары деңгейін, дәлдік пен үйлесімді әрекет ету қабілеттерін көрсетті.

Сайыс бағдарламасы түрлі қашықтықтардағы нысаналарды жою, күндізгі және түнгі атыс, шектеулі көріну жағдайларында тапсырмаларды орындау және бүркемелеу құралдарын қолдануды қамтыды.

– Мергендік жұптар арасындағы бұл жарыстар олардың жауынгерлік шеберлігін арттырып, жеке және топтық жұмыс дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Бұл спорт түрі мергеннен жоғары дене дайындығын, психологиялық төзімділікті және өзгермелі жағдайларға жедел бейімделу қабілетін талап етеді, – деп атап өтті Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының жауынгерлік дайындық бас басқармасы бөлімшесінің бастығы полковник Жасұлан Мусин.

Тартысты сайыс нәтижесінде Ақтөбе гарнизонындағы 30238 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынды Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінің командасы, үшінші орынды Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімінің мергендері иеленді.

Жеңімпаз команда Құрлық әскерлері атынан ҚР Қарулы күштері деңгейіндегі жарыстарға қатысатын болады.

Социальные сети
Instagram
Twitter
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты