Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жамбыл облысының халқымен кездесу өткізеді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жамбыл облысының халқымен кездесу өткізеді

2025 жылғы 4 ақпанында орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Жамбыл облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.

Кездесу сағат 12.00-де Тараз қаласы, Абай даңғылы, 119 мекенжайы бойынша Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы басқармасында өтеді.

БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат үшін телефон: +7 775 837 8519 – Әсия Нұрпейісова.

Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды dossov.t@minagri.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.