ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті Орал қаласының әкімдігі мен жер қатынастары бөліміне қатысты жер заңнамасының нормаларын сақтау бойынша субъектіге (объектіге) барып профилактикалық бақылау жүргізді.
Әкімдік АҚ-ға ауданы 119,7 га жер учаскесін заңсыз бергені, сол арқылы ҚР Жер кодексінің 48-бабын бұзғаны анықталды. Индустриялық аймақты ұйымдастыруға арналған учаске Орал-Самара тас жолының бойында орналасқан.
Бүгінгі күні нұсқама талаптарына сәйкес жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды, бұзушылық жойылды.