ҚР Үкіметі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қосымша 30 млрд теңге бөлді

ҚР Үкіметі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қосымша 30 млрд теңге бөлді

ҚР Үкіметі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету үшін резервтен 30 млрд теңге бөлді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Бұл шара мал өсірушілер алдындағы субсидиялар бойынша берешекті өтеуге мүмкіндік береді.

Құжатта Ауыл шаруашылығы министрлігіне Абай, Жетісу, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімділік пен өнім сапасын арттыруды субсидиялауға нысаналы трансферттер түрінде 30 млрд теңге бөлу туралы жазылған.

Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігіне ең көп қаражат –7,8 млрдтеңге бөлінді. Жамбыл облысына5 млрдтеңге, ШҚО-ға4,5 млрдтеңге, БҚО мал өсірушілеріне 1 млрд теңге бағытталды.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қажетті шараларды қабылдау, ал Қаржы министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау тапсырылды.

Жалпы биыл агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға Үкімет барлық көздерден494 млрдтеңге бөлді. Жақын арада инвестициялық субсидиялауға және несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға қосымша30 млрдтеңге бөлу жоспарланып отыр.