Қостанай облысында 1,6 млн га алқап табын шегірткесінің болуына тексерілді

Қостанай облысында 1,6 млн га алқап табын шегірткесінің болуына тексерілді

Қостанай облысында 1,6 млн га алқап табын шегірткесінің болуына тексерілді. Бүгінгі күні жоспарланған аумақтың 70%-ы, яғни 265,4 мың га өңделді. 

Өңірге «Вантекс», «Карат Супер», «Тиаметрин» және «Фипрон» сияқты препараттардың барлық қажетті көлемі жеткізілді. 

Ең көп таралған алаң Жангелді, Амангелді, Алтынсарин, Денисов және Науырзым аудандары.

Айта кетейік, бұған дейін Жангелді ауданы тарапынан Науырзым ауданының шекаралас аумақтарына шегірткелердің көшу фактілері тіркелген болатын.

Шегірткелердің пайда болуы мен таралуына мониторинг жүргізу жұмыстарын күн сайын Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжау әдістемелік орталығының облыстық және аудандық филиалдары, сондай-ақ АШМ АӨК облыстық, аудандық аумақтық инспекцияларының қызметкерлері жүзеге асырады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек және АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қаныш Әлиев Науырзым және Жангелді аудандарының аумағында болып, жағдайды тікелей бақылауды жүзеге асыруда.

Қорғаныс шараларына жердегі желдеткіш бүріккіштер, жеңіл авиация, дельтапландар, сондай-ақ аэрозольді газ генераторлары жұмылдырылды, олар зиянкестердің ошақтар анықталған кезде орналасу орындарын өзгертіп отырады. Қажет болған жағдайда өңдеу қызметтерін жеткізушілер қосымша техниканы ұсынып отырады.