Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке қабылдады

Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке қабылдады

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады.  Қабылдауға жазылған Қазақстанның түрлі өңірлерінің тұрғындары жер мәселелері, жем-шөп өндірісін дамыту бойынша өтініш білдіріп, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы саласындағы жаңа жобаларымен таныстырды.

Атап айтқанда, өтініш берушілердің бірі мал шаруашылығы саласын несиелеу мәселесіне алаңдаушылық білдірді. Министр биыл ауылдарда және шағын қалаларда бизнес жобаларды іске асыруға бағытталған "Ауыл аманаты" ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасы басталғанын түсіндірді. Жобаға 100 млрд теңге бөлінді, бұл сомаға 17 мыңнан астам микрокредит беру жоспарланып отыр.

Микрокредит 5 жылға дейін мерзімге беріледі, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейінгі мерзім бекітілген. Алуға болатын ең жоғары сома 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал зәкірлік кооперацияны дамыту үшін 8 мың АЕК-ке дейін беріледі. Бұл ретте сыйақы мөлшерлемесі жылдық мөлшері 2,5% ғана.

Қаралған әрбір өтініш бойынша Ербол Қарашөкеев құрылымдық бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар берді, ол қабылдауға келген қазақстандықтарды көтерілген мәселелерді шешуді өзінің жеке бақылауына алынатынына сендірді.

Айта кетейік, министрдің халықпен кездесуі тұрақты негізде өткізіліп тұрады