Атырау облысындағы жылқылардың өлімі мен ауруының себебі паразиттік аурулар болып табылады – ҚР АШМ

Атырау облысындағы жылқылардың өлімі мен ауруының себебі паразиттік аурулар болып табылады – ҚР АШМ

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облысында белгісіз аурудың салдарынан жылқы өлімі тіркелгенін хабарлаған болатын (https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/348852 ).

Атырау облысына шаруаларға ғылыми-практикалық көмек көрсету, эпизоотологиялық зерттеулер жүргізу және жылқылардың диагнозын қою үшін сынама алу мақсатында Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері барды.

Зерттеу нәтижесінде жануарларда деляфондиоз, гастрофилез және параскаридоз паразиттік аулулары анықтады.  Қолда бар деректер бойынша жоғарыда көрсетілген диагноздар жануарлардың жаппай қырылуы мен ауруының негізгі себебі болып табылады. Аурумен күресу үшін ғалымдар жануарлардың иелері мен ветеринарларға паразиттік аурулары мен гельминтоздарды алдын-алу және уақтылы емдеуді ұсынады. (Ғылыми-зерттеу ветеринарлық институтың қорытындысымен қосымшадағы слайдтан танысуға болады) .

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне сәйкес жануарлардың профилактика, диагностикасы және жойылуы бюджет есебінен жүргізіледі. Қалған аулардың, оның ішінде паразиттік аулардың ветеринариялық іс-шаралары жануарлар иелерінің есебінен жүргізіледі.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті ғылыми-зерттеу институттары мамандарының облысқа жасаған сапарларының қорытындысы бойынша арнайы жиналыс өткізді. Жиынға қазақстанның жылқы өсірушілер қауымдастығының мүшелері, ғалымдар, АШМ аумақтық инспекциясының және әкімдіктің өкілдері қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлік өз кезегінде фермерлермен кездесу алаңын ұсынуға, ал ғылыми-зерттеу институттарының мамандары фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, жануарларды диагностикалау мен емдеудің тиімді әдістері туралы көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Эпизоотиялық жағдай ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында.

Ауыл шаруашылығы жануарларының паразиттік аурулары және олармен күресу шаралары