Атырау облысындағы эпизоотиялық жағдай бақылауда - ҚР АШМ

Атырау облысындағы эпизоотиялық жағдай бақылауда - ҚР АШМ

Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облысындағы эпизоотиялық жағдайға қатысты Құрманғазы (9 бас) және Исатай (17 бас) аудандарында 26 бас жылқыдан ауру анықталғанын мәлімдейді. 2022 жылдың 30 наурызында 4 бас мал өлген, ал 22 бас малға дәрігер симптоматикалық ем жүргізіп жатыр.

Ағымдағы жылдың 24 наурызында биологиялық материалдар алынып, жылқының ринопневманиясы мен инфекциялық анемия мен басқа да жұқпалы емес ауруларды зерттеу үшін «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-ға жіберілді. 29 наурызда алынған зерттеу нәтижесі жануарларда жұқпалы ауру жоқ екенін көрсетті.

31 наурызда Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері ғылыми-практикалық көмек көрсету, эпизоотологиялық зерттеулер жүргізу және жылқылардың арасындағы аурудың диагнозын анықтау үшін сынама алу мақсатында Атырау облысына келді.

Қызылқоға ауданындағы «Ойтаң» шаруа қожалығындағы қой мен ІҚМ қырылуына қатысты, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің деректері бойынша, жануарлар малды азықтандыру және тамақтандыру шаруашылығы технологиясын   бұзу салдарынан өлді.

Сонымен қатар, комитетке Махамбет ауданының «Мутиев Г.Д.» ШҚ-дағы және Құрманғазы ауданының тұрғыны Самат Елемесовтың малдарының қырылыуы фактілері бойынша эпизоотологиялық тексеру жүргізу  туралы тапсырма берілді.

Комиссия құрылып, оның құрамына , Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының, әкімдіктің, ғылыми қызметкерлердің және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері кірді.

Бүгінгі күні министрлік эпизоотиялық жағдайды бақылауда ұстап отыр.