Азық-түлік корпорациясы ішкі нарықта бағаны тұрақтандыру үшін 500 мың тонна астық жібереді

Азық-түлік корпорациясы ішкі нарықта бағаны тұрақтандыру үшін 500 мың тонна астық жібереді

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ 2021 жылғы астықты форвардтық сатып алу бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 930 мың тонна көлемінде астық ресурстарын қалыптастырды, оның ішінде азық-түліктік бидай 880 мың тонна.

Әлеуметтік нан бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» биылғы жылдың қаңтар айынан бастап ұн тарту зауыттарына 275 мың тонна бидайды арзандатылған бағамен сатуды бастайды.

Сондай-ақ, еліміздің құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарын жеммен қамтамасыз ету бойынша 235 мың  тонна астық пен кебек жіберіледі.