Аграрлық бизнес елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға үлес қосуда

Аграрлық бизнес елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға үлес қосуда

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өндіріс көлемін арттырып, өңірлердің экономикалық дамуына үлес қосумен қатар, әлеуметтік және мәдени бастамаларды жүзеге асыруға да атсалысып келеді. Білім беру, мәдениет және қоғамдық өмір саласындағы жобаларға қолдау көрсету агробизнес жұмысының басым бағыттарының бірі.

Соның бір айғағы «Нәтиже» компаниясының отандық кітап шығару ісіне қолдау көрсетуі. 2019 жылы сүт фабрикасының қолдауымен «Qasymkitap» баспасы құрылды. Бүгінде баспа Қазақстандағы кітап шығару және кітап саудасы саласын дамытуға барынша ықпал етуде.

«Qasymkitap»-тың негізгі бағыты — кітап шығару және тарату, отандық қаламгерлерге қолдау көрсету, кітап оқуды насихаттау. Баспа ұжымы кітап жәрмеңкелерін, жазушылармен кездесулерді ұйымдастырып, оқырман клубтарын дамытады. Сонымен қатар түрлі мәдени-ағартушылық жобаларды жүзеге асырып келеді.

Қазір «Qasymkitap» желісінде Қазақстанның алты қаласында орналасқан 10 кітап дүкені бар. Баспа 30-дан астам автормен бірлесіп жұмыс істейді. Қызметі басталғалы бері 194 кітап жарық көрген. Олардың қатарында қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы шығармалары, сондай-ақ балаларға арналған кітаптар бар.

Бұл баспа 2025 жылдан бастап «Qasymkitap» 50-ден астам жаңа кітап шығарды. Осы уақыт аралығында еліміздің түрлі өңірлерінде 40-тан астам кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Мұндай іс-шаралар оқырмандарды жаңа кітаптармен таныстырып қана қоймай, қаламгерлер мен оқырмандардың еркін пікір алмасуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, оқу мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді. Әсіресе бұл жұмыс балалар мен жастар үшін маңызды. Себебі кітаптар мен мәдени іс-шаралардың өңірлерде қолжетімді болуы жас ұрпақтың әдебиетке қызығушылығын арттыруға жол ашады.

Өңірді дамыту дегеніміз — өндіріс пен экономиканың өсімі ғана емес, адамдардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру. Осы тұрғыдан алғанда, бизнестің әлеуметтік және мәдени бастамалары оның экономикалық дамуға қосатын үлесін толықтыра түседі.

Бұл әсіресе аграрлық сала үшін маңызды. Өйткені ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысы көбіне шалғай аудандармен және ауылдық елді мекендермен тығыз байланысты. Мұнда компаниялар жұмыс орындарын ашып, инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді әрі жергілікті тұрғындармен тығыз байланыс орнатады. Ал әлеуметтік және мәдени жобаларды қолдау осы байланысты одан әрі нығайтып, жергілікті халық үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Нәтиже» компаниясының тәжірибесі бизнестің өңірлердің дамуына қосатын үлесі тек экономикалық көрсеткіштермен өлшенбейтінін көрсетеді. Оның маңызды бөлігі — мәдени орта қалыптастыруға, білім мен зияткерлік дамуға қолайлы жағдай жасау.

Ұзақ мерзімді тұрғыдан алғанда, мұндай бастамалар жергілікті қауымдастықтардың дамуына, адамдардың өмір сапасын арттыруға және өңірлердің мәдени әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
Бизнес үшін бұл — қызмет ететін өңірлердің қоғамдық өміріне белсенді араласудың бір жолы. Яғни компаниялар өңірлердің экономикалық әлеуетін қолдаумен қатар, олардың мәдени дамуы мен болашағына да өз үлесін қоса алады.