
Өңірде мемлекет меншігіндегі жер телімдерін өз бетінше иелену фактісі тіркелді.
Бұл жағдай ҚР АШМ ЖРБК облыстық жер ресурстарын басқару департаменті қызметкерлерінің жоспардан тыс тексерісі барысында анықталды.
Тексеріс барысында Семей қаласында орналасқан жер учаскесін бір серіктестік құжаттарсыз және құқықтық негізсіз заңсыз пайдаланғаны белгілі болды. Мұндай әрекеттер ҚР жер заңнамасының талаптарын өрескел бұзу саналады.
Тексеру қорытындысы бойынша азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Серіктестікке айыппұл салынды, заңсыз иеленген жер телімі босатылды.