Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау құралдарын әзірлеу тәжірибесімен алмасуға арналған дөңгелек үстел өтті.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық аграрлық ведомстволарының өкілдері, сарапшылар мен саланың мамандары жеңілдікпен несиелеу және аграрлық лизинг тетіктерін, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шараларын, сондай-ақ бюджеттік трансферттерді тиімді пайдалану мәселелерін талқылады.
Кездесуде Қазақстан тарапынан ҚР АШМ Қаржы құралдары және микрокредиттеу департаментінің директоры Жанар Маханова сөз сөйледі.
Ол елдің агроөнеркәсіптік кешенін жеңілдікпен қаржыландырудағы оң тәжірибесі туралы баяндады. Атап айтқанда, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын, қайта өңдеу кәсіпорындарын және бордақылау алаңдарын несиелеу, Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесін тарату бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ жеңілдікпен лизинг ұсыну бағыттары қамтылды.
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолжетімді қаржыландыру арқылы қолдау — агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуының негізгі факторы. Қазақстан тәжірибесі көрсеткендей, жеңілдікпен несиелеу мен лизинг өндірістік көрсеткіштерді арттыруға ғана емес, саланы жаңғыртуға да мүмкіндік береді, сондай-ақ экспорттың өсуіне жағдай жасайды», — деп атап өтті Жанар Маханова.
Кездесу қорытындысында қатысушылар талқыланған тақырыптардың өзектілігін және ЕАЭО елдері арасында тәжірибе мен үздік практикалар алмасуды тұрақты түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті.