Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Елшілік туралы
Консулдық мәселелер
Екіжақты ынтымақтастық
Все материалы
ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
ҚР оралуға арналған куәлікті ресімдеу
24 декабря 2023

Қайтып оралуға арналған куәлік – иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір реттік келу құқығын растайтын құжат.

 Қайтып оралуға арналған куәлікті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер):

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және келісімдерінде көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының қызметтік немесе дипломатиялық паспортын жоғалтқан не олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда;

2) Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда;

3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан жағдайда;

4) босқындарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда;

5) Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасына келу үшін құжаттары жарамсыз не Қазақстан Республикасына келуге арналған құжаттарын жоғалтқан азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген, Қазақстан Республикасына ұстап берілген не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасына берілген жағдайларда;

6) осы тармақтың 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға – олар «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3) немесе 6) тармақшаларына сәйкес жарамсыз жеке басын куәландыратын құжаттарын тапсырған жағдайда ресімдейді.

1) еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда);

2) жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (жоғалтқан жағдайда);

3) өлшемі 3х4 см түрлі-түсті екі фотосурет;

4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттардың (болған кезде) бірінің түпнұсқасы немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы берілетін жеке басты куәландыратын электронды құжат, ал ол болмаған жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес толтырылған Сауалнама-өтініш;

6) жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат тапсырылады (жынысын өзгерткен жағдайда).

  • 2 (екі) жұмыс күні, жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болған кезде;
  • 10 (он) жұмыс күні, жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болмаған кезде.
  • Сумма – 10 еуро

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Телефон: , E-mail:

 

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
ҚР азаматының паспортын ресімдеу
21 декабря 2023

Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттарды ресімдеу

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан – әрі ҚР ІІМ) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы):

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарға;

2) шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатындарға;

3) шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандарға;

5) көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;

6) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындарға;

7) шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;

8) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және организм функциялары бұзылып, тұрмыс-тіршілігін шектейтіндей тұрақты денсаулығы нашарлаған адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтуді жүзеге асыратын адамдарға;

9) шет мемлекеттің аумағында ұсталғандарға немесе күзетпен ұсталғандарға, қамауға алынғандарға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілерге көрсетеді.

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өзі (балалар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге Өтініш және келесі құжаттарды ұсынады:

2) туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат.

Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда);

3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде);

4) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті төрт фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);

5) Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде);

6) Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) шетелге бару үшін берілген паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде);

7) тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжат (түпнұсқа және көшірме);

8) егер мұндай анықтаманы алу мүмкіндігі болатын елдің заңнамасында көзделген болса, консулдық орналасқан елдің құзыретті органынан азаматтығы жоқ екендігі туралы анықтама;

9) консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.

  • 90 (тоқсан) күнтізбелік күн.
  • Сумма – 75 еуро

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Телефон: , E-mail:

 

 

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу
20 декабря 2023

Мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының өздері немесе олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды ұсынады:

Осы қызметті ұсынуға құжаттарды тапсырар алдында сілтемелер бойынша ҚР-да берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді алдын ала тексеруді ұсынамыз:

1) өтініш-сауалнама;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және/немесе баланың туу туралы куәлігін немесе анықтамасын қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші олардың көшірмелерін көшіреді, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Қазақстан Республикасының жеке куәлігінің түпнұсқасы алынады.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда жазбаша түсініктеме береді.

3) Отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелер болған кезде – алимент алушылар - егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге тәсілмен төлеу не кететін адамның кетуі үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін белгілеу туралы соттың шешімі беріледі;

4) сот бекіткен, өндіріп алушымен жасалған бітімгершілік келісім; өндіріп алушымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім; өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге талабының орындалғанын растайтын құжаттар; егер Қазақстан Республикасының азаматы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, атқарушылық құжатты беруге негіз болған тиісті орган шешімінің күші жойылғанын растайтын құжаттар;

5) ата-анасымен не өзге де заңды өкілдерімен кету туралы шешім қабылданған кезде он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;

6) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бірімен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бірге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екіншісінің нотариалды түрде расталған келісімі. Келісім болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртібімен шешілуі мүмкін;

7) Консулдық алымды төлеу туралы құжат.

  • 3 (үш) ай.
  • Сомасы – 120 еуро

Құжаттарды қабылдау және кеңес беру күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.

Сондай-ақ, дайын құжаттарды беру сәрсенбіден басқа жұмыс күндері сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін алдын ала жазылусыз жүзеге асырылады.

Мекенжай:

Тел.: , E-mail:

 

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Консулдық есеп
14 декабря 2023

Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде консулдық есепке қоюдың мақсаты:

 1) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

2) ҚР азаматтарының болу елінің заңнамасымен Қазақстан Республикасы мен қабылдаушы болу мемлекет қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық әдет-ғұрыптармен берілген барлық құқықтарды пайдалануына жан-жақты көмек көрсету.

Консулдық есептің түрлері

  • Тұрақты консулдық есеп – шетелге тұрақты тұруға кеткен және ішкі істер органдарынан тұрақты тұруға кетуге рұқсат алған тұлғалар үшін.
  • Уақытша консулдық есеп– уақытша болу мақсатында кеткен адамдарға арналған (оқу, іссапар, емделу,  туристік сапар және т.б.)
  • Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады.

Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді.

  • Тұрақты консулдық есепке тұру үшін:
  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
  • ҚР ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімі шешімі (салыстыру үшін);
  • толтырылған тіркеу карточкасы.
  • Уақытша консулдық есепке тұру үшін:

1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

2) толтырылған тіркеу картасы.

1) еркін нысандағы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) тұрақты есепке қою туралы мөртабаны бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет (болған жағдайда).

  • Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады.

Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді

  • Қызмет беруші арқылы – 2 жұмыс күні;
  • портал арқылы -1 жұмыс күні.

Қызмет тегін көрсетіледі

Режим работы:

Прием документов: с 09:30 до 12:30

Выдача документов: 16:00 до 17:00

Приемные дни: Понедельник, вторник, четверг, пятница

Не приемный день: Среда

Контактные телефоны Посольство (+39) 06 363 011 30, Консульство (+39) 06 363 084 76
Факс (+39) 06 362 926 75
E-mail roma@mfa.kz, consul.roma@mfa.kz 
Сақтандыру мәртебесін алу және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі үшін шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналған ақпарат
19 июля 2023

Дипломатия жаршысы №1-2 (64-65) 2021
25 апреля 2022

 

Қазақстанның АӨСШК-ке төрағалығы
30 сентября 2021
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөніндегі халықаралық форум болып табылады.

АӨСШК шақыру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев 1992 жылғы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария етті.

Мүше мемлекеттер арасында сенім мен ізгі ниет атмосферасын құру АӨСШК-тің негізгі мақсаты болып табылады. АӨСШК сенім шараларының каталогында Сенім шараларының тізбесі бар. АӨСШК сенім шаралары каталогында бес өлшем бойынша: экономикалық, экологиялық, адами, әскери-саяси және жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күрес саласындағы сенім шаралары айқындалған.

АӨСШК хатшылығы – кеңестің әкімшілік органы, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтанда орналасқан. Хатшылықтың штатына мүше мемлекеттер жіберетін атқарушы директор, атқарушы директордың орынбасары және кәсіби персонал кіреді.

АӨСШК мүше мемлекеттер: Әзірбайжан, Ауғанстан, Бангладеш, Бахрейн, Вьетнам, Египет, Израиль, Үндістан, Иран, Ирак, Иордания, Қазақстан, Камбоджа, Катар, Корея Республикасы, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Шри-Ланка.

АӨСШК бақылаушы мемлекеттері: Беларусь, Индонезия, Лаос, Малайзия, Филиппин, Украина, АҚШ, Жапония.

АӨСШК бақылаушы ұйымдары: БҰҰ, ЕҚЫҰ, АМЛ, ТүркПА, хом.

Төрағалары: Қазақстан (2002-2010 жж.), Түркия (2010-2014 жж.), Қытай (2014-2018 жж.), Тәжікстан (2018-2020 жж.), Қазақстан (2020-2022).

Негізгі кездесулер: Бірінші министрлік кездесу (1999), Бірінші Саммит (2002), Екінші министрлік кездесу (2004), Екінші Саммит (2006), Үшінші министрлік кездесу (2008), Үшінші Саммит (2010), Төртінші министрлік кездесу (2012), Төртінші Саммит (2014), Бесінші министрлік кездесу (2016), Бесінші Саммит (2019).

Құрылтай құжаттары: АӨСШК-ке мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін қағидаттар декларациясы (1999 жылы АӨСШК Сыртқы істер министрлері қол қойған) және Алматы актісі (2002 жылы АӨСШК мемлекет және үкімет басшылары қол қойған).

Негізгі құжаттар: Сенім шараларының каталогы, рәсім ережелері (2004 жылы қабылданған 2014 жылғы түзетулермен бірге), АӨСШК Хатшылығы туралы келісім және оның қосымшасы – Қаржылық ережелер (2006 ж.қол қойылды, ҚР 2007 ж. ақпанда ратификацияланды), АӨСШК рәмізі туралы ереже, сенім шараларын жүзеге асыруға кооперативтік көзқарас, АӨСШК сыртқы байланыстары туралы Ереже (2007 ж. қабылданды), Хатшылықтың ҚР аумағында болу шарттары туралы Келісім (2007 ж. қол қойылды, Қазақстан 2008 ж. наурызда ратификацияланды), АӨСШК Хатшылығы туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы Хаттама (2008 ж. қол қойылды), Хатшылықтың, оның персоналының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы АӨСШК мемлекеттерінің өкілдері (2010 жылы қол қойылған, Қазақстан 2011 жылғы 28 қарашада ратификациялаған).

Саяси декларациялар: Терроризмді жою және өркениеттер арасындағы диалогқа жәрдемдесу туралы Декларация (2002 ж.), Сыртқы істер министрлерінің Екінші кездесуінің Декларациясы (2004 ж.), Мемлекет немесе Үкімет басшыларының Екінші Саммитінің Декларациясы (2006 ж.), Сыртқы істер министрлерінің Үшінші кездесуінің Декларациясы (2008 ж.), Мемлекет немесе Үкімет басшыларының Үшінші Саммитінің Декларациясы (2010 ж.), Сыртқы істер министрлерінің Төртінші кездесуінің Декларациясы (2012 ж.), «Жаңа Азия үшін диалогты, сенім мен үйлестіруді нығайту, бейбітшілік, тұрақтылық және ынтымақтастық» АӨСШК Төртінші Саммитінің Декларациясы (2014 ж.), Сыртқы істер министрлерінің «Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті, тұрақтылықты және орнықты дамуды диалог арқылы ілгерілету» Бесінші кездесуінің Декларациясы (2016 ж.), «АӨСШК қауіпсіз және одан да өркендеген өңірінің ортақ көрінісі» АӨСШК Бесінші Саммитінің Декларациясы (2019 ж.).

Ресми мерекесі: 5 қазан (АӨСШК күні).

Жұмыс тілдері: ағылшын және орыс. Қол қою немесе қабылдау үшін ресми құжаттардың тілі ағылшын тілі болып табылады.

 

ТҰЖЫРЫМДАМА

Қазақстан Республикасының 2020-2022 жылдары

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары

жөніндегі кеңеске (АӨСШК) төрағалығының

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

 

Алғы сөз
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1992 жылғы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында алғаш рет айтылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы идеясы Азия өңірінде сенімді нығайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың жаңа форматын қалыптастыруға негіз болды.

Форум жұмыс істеген жылдары 5 саммит және 5 министрлік кездесулері өткізіліп, онда АӨСШК қызметінің негізгі базалық қағидаттары мен оған негіз болатын жарғылық құжаттар қабылданды.

Форумның басты міндеті ретінде халықаралық құқық қағидаттары мен күш тұрғысынан саясаттың қолайсыздығы, экономикалық дамудағы, нәсілдік, этникалық және діни тиістілігінің айырмашылықтары негізінде ашық және сындарлы диалог арқылы Азия мемлекеттері арасындағы қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылау үшін қолайлы жағдай жасау болды.

Өткен 28 жыл ішінде Форум халықаралық саясаттың проблемалық мәселелер бойынша ашық ой-пікірлер алмасатын диалог алаңына айналды, сондай-ақ олардың арасында өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті.

Сегіз елмен және бақылаушы мәртебесіне ие бес ұйыммен қатар, АӨСШК мүшелерінің санын 27 мемлекетке дейін ұлғайту осы платформаның өзектілігін әрі оның қажеттілігінің дәлелі болып табылады. Сонымен бірге, бүгінгі шындық АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың жаңа басымдықтары мен неғұрлым пәрменді тетіктерін әзірлеуді талап етеді.

 

Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығының басымдықтары
Қазақстан, Форумда бұдан бұрын төрағалық еткен Түркия, Қытай және Тәжікстан сынды мемлекеттердің оң тәжірибелеріне сүйене отырып, АӨСШК үдерісін одан әрі ілгерілету жөніндегі жұмыстың қарқынын арттыруды жоспарлап отыр.

Қазақстандық төрағалық ашықтық пен бейтараптық қағидаттарына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Жаһандану жағдайында әлем өзара байланысты және өзара тәуелді бола түсуде. Нәтижесінде қазіргі заманғы сын-қатерлер әмбебап сипатқа ие болуда. Жаһандық басқару институттарының, ең алдымен БҰҰ тиімділігінің төмендеуі мен халықаралық құқықтың эрозиясы жалғасуда.

Жаппай қару шығарумен және жаңа жүйелер мен қару түрлерін әзірлеумен қосарлана жүретін, стратегиялық тұрақтылық пен ядролық қаруды бақылау жүйесінен алшақтау байқалуда.

Терроризм, экстремизм және есірткінің заңсыз айналымы сияқты мәселелер заманауи технологиялар мен ықпал етудің жаңа салаларын игере отырып, едәуір трансұлттық сипатқа ие болуда.

Әлемдік экономикалық архитектурадағы өзгерістер алаңдаушылық тудыруда. Жаһандық алаңдар шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың орнына сауда, инвестициялық және технологиялық қолдампаздықпен алмастырылуда. Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) тиімділігі төмендеуде, өңірлік және екіжақты альянстардың тартымдылығы артуда.

Киберқылмыс және жеккөрушілікті қоздыру қоғамдық сананы басқаруға, тіршілікті қамтамасыз ету және ұлттық қауіпсіздік жүйелерінің бұзылуына бағытталған ақпараттық соғыстардың ажырамас бөлігі болды.

Covid-19 короновирустық індетінің таралуы мысалында бүкіл әлемде эпидемиялық аурулар мен пандемиялардың өршуі адамдардың өмір сүруіне ғана емес, сонымен бірге ұлттық, аймақтық және жаһандық экономика мен қауіпсіздікке де ерекше биологиялық қауіп төндіретіні белгілі болды.

Азық-түлік, энергетикалық, су және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары неғұрлым өзекті болып қалуда. Заңсыз және бақыланбайтын көші-қон ауқымы артуда.

Бұл жағдайда белсенді ұжымдық өзара іс-қимылы және өркениеттердің ашық диалогы ғана барлық мемлекеттердің тұрақтылығы мен тұрақты дамуын қамтамасыз ететін дұрыс шешімдерді айқындауға қабілетті.

Қазақстан төрағалығының тақырыбы ретінде: «Азиядағы қауіпсіздік пен даму жолындағы әріптестік» болады.

                                               

АӨСШК институционалдық дамуын дәйекті ілгерілету
Көрсетілген сын-қатерлер мен қауіптер мәнмәтінде ерекше талап етілетін АӨСШК базасында Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымын (АҚДҰ) құру жөніндегі бастама болып табылады. Бұл идеяны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 4-ші кеңесі (2012 ж. 12 қыркүйекте) барысында ұсынды және кейін АӨСШК-тің Шанхай саммитінде (2014 ж. 21 мамырда) жария етті.

Душанбе қ. өткен АӨСШК-нің 5-ші саммиті барысында, Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев «форумның тиімділігі мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны біртіндеп толыққанды өңірлік ұйымға айналдыру қажет» деп атап өтті.

АӨСШК-ні ұйымға айналдыру оның оған мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі мүмкіндіктерін кеңейтуге, барлық азиялық кеңістікті терең өзара сенім мен өзара көмек жүйесімен қамтуға, сондай-ақ форумның халықаралық аренадағы мәртебесі мен ықпалын арттыруға мүмкіндік береді.

АӨСШК қорын құру, АӨСШК данышпандар кеңесін құру, Аналитикалық орталықтар форумын тұрақты жұмыс істейтін алаңға айналдыру сияқты Душанбе саммитінің декларациясында көрініс тапқан жаңа шараларды жүзеге асыру Кеңес қызметінің тиімділігін және оның жаһандық деңгейдегі беделін арттыруға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар, құрамында қазіргі, болашақ және алдыңғы Кеңес төрағаларының өкілдері енген АӨСШК-нің толыққанды «Үштік» институтын құру, сондай-ақ кейін оны Тұрақты өкілдер Кеңесі етіп қайта құру арқылы Нұр-Сұлтан қаласында АӨСШК-ге мүше мемлекеттер елшілерінің клубын құру мәселесін өзектендіру орынды.

Бұл шаралар Форумды одан әрі институцияландыруға ықпал етеді және АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

АӨСШК халықаралық мәнмәтінде
АӨСШК Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және оның заңды міндеттейтін құжаттарына адал болып қала береді. Азиядағы құбылмалы ахуал жағдайында АӨСШК жаһандық процестермен және БҰҰ күн тәртібімен қатар жүретін болады, олардың негізгілері Тұрақты дамудың 17 мақсатымен (ТДМ) 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібі және ТДМ іске асыру жөніндегі жеделдетілген іс-қимылдардың он жылдығы болып табылады.

АӨСШК, сондай-ақ БҰҰ-ның әйелдер мен жастардың, сондай-ақ жан-жақты дамуға және «ешкімді артта қалдырмау» қағидасына ұмтылу үшін басқа да осал топтардың теңдігі мен құқықтарын және мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдарына қатысады.

АӨСШК климаттың өзгеру салдарын жеңілдетуге және Париж келісімін жүзеге асыруға жақтас болады. Осылайша, АӨСШК-ге мүше мемлекеттер қабылдайтын өңірлік шаралар осы бағыттағы халықаралық іс-қимылдарға ықпал ететін болады. Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу үшін Мінез-құлық кодексі алға тартқан БҰҰ-ның Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын жүзеге асыру өте маңызды. БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерриштің Бейбітшілік үшін жаңа күн тәртібі, Даму жүйесін реформалау, Қарусыздану саласындағы күн тәртібі мен Бітімгершілік реформасы да АӨСШК өңірі үшін едәуір маңызды болып қала бермек.

 

АӨСШК Сенім шаралары каталогын практикалық тұрғыда жүзеге асыру
Қазақстандық төрағалық АӨСШК мақсаттары мен міндеттерін ілгерілетудің негізгі құралы болып табылатын Сенім шаралары каталогын жүзеге асыруға ерекше назар аударады.

Қажет болған жағдайда және оған мүше мемлекеттермен келісе отырып халықаралық күн тәртібіндегі өзгерістерге байланысты жаңа сенім шараларын енгізу мүмкін. Сондықтан, соңғы үрдістерді назарға ала отырып, эпидемиологиялық қауіпсіздік, қоғамдық денсаулықты қорғау, фармацевтика, цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастыру, сондай-ақ АӨСШК форматында гуманитарлық және әлеуметтік өзара іс-қимылды кеңейту ұсынылады.

Бұл ретте сенім шараларын АӨСШК шеңберінде қолданыстағы экономикалық, әскери-саяси, адами, экологиялық, сондай-ақ жаңа сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге қарсы күрес сияқты өлшемдерге сәйкес жүзеге асыру керек.

Форум қызметін мазмұнды толтыруда Сенім шараларын үйлестірушілер мен үйлестірушілердің қызметін жандандыру маңызды болып табылады. Осы мақсатта БҰҰ-ның тиісті бөлімшелерімен, БҰҰ Хатшылығының агенттіктерімен және департаменттерімен тығыз ынтымақтаса отырып, әрбір сенім шарасы бойынша қолда бар тұжырымдамалар мен іс-қимыл жоспарларын жаңарту қажет. Бұл Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы АӨСШК беделі мен рөлін күшейте түседі.

Сонымен қатар, Іскерлік және Жастар кеңестері, АӨСШК үкіметтік емес және бизнес форумдары шеңберінде бизнес, үкіметтік емес, әйелдер және жастар ұйымдары өкілдерінің кездесулерін тұрақты өткізу тәжірибесін енгізу қажет. Бұл АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ықпал ететін болады. Бұдан басқа, өткізілетін іс-шаралар Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы АӨСШК беделі мен рөлін арттыруға бағытталуы тиіс.

 

2.4. Сыртқы байланыстарды кеңейту

Қазақстан төраға ретінде 2007 ж. АӨСШК Сыртқы байланыстары туралы Ережесіне сәйкес халықаралық және өңірлік ұйымдармен және форумдармен диалогты нығайтуды жалғастыратын болады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясында АӨСШК БҰҰ жанындағы бақылаушы мәртебесін алды. Басқа ұйымдармен байланысты дамыту мақсатында АӨСШК Халықаралық көші-қон ұйымымен (ХКҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ), Экономикалық ынтымақтастық ұйымымен (ЭЫҰ) және Шанхай ынтымақтастық ұйымымен (ШЫҰ) өзара түсіністік туралы меморандумдарына қол қойды.

Қазақстан 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен ұсынылған «Үш Д» бастамасы шеңберінде үш деңгейлі және көп өлшемді диалогты дамытуға басым назар аударатын болады.

Алдағы екі жылдық кезеңде қазіргі геосаяси нақтылықта соншалықты қажет болатын әлемдік державалар, өңірлік субъектілер мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың жаңа жаһандық архитектурасының тұжырымдамасын дамыту жалғасатын болады. Бұл ретте АӨСШК пен ЕҚЫҰ өз мандаттары мен мақсаттарын келісу мақсатында тығыз ынтымақтаса алатын Еуразиялық субконтинентке назар аударылатын болады.

АӨСШК үшін БҰҰ-мен ынтымақтастықтан басқа, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ), Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ), Түркі кеңесі, Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалог (АЭД), Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы (АСЕАН), Оңтүстік Азиядағы өңірлік ынтымақтастық қауымдастығы (СААРК), Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі (ПШАМЫК), Араб мемлекеттерінің лигасы (АМЛ) және т. б. сияқты ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту маңызды.

Осы халықаралық құрылымдармен ынтымақтастық Еуразиядағы қауіпсіздікті нығайту және тұрақты даму жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды одан әрі кеңейтуге ықпал ететін болады. Аталған ұйымдар мен форумдар жеке өңірлік және саяси күн тәртібін көздейтініне қарамастан, олар АӨСШК басшылыққа алатын БҰҰ қағидаттары шеңберінде әрекет етеді.

Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы теңізге шыға алмайтын Дамушы елдер тобындағы төрағалықпен тұспа-тұс келуде, демек, АӨСШК құрамына кіретін аталған дамушы мемлекеттер мүшеліктен қосымша пайда алады.

 

2.5. АӨСШК Хатшылығының әлеуетін нығайту

АӨСШК Хатшылығының рөлін, бірінші кезекте, оның кадрлық әлеуеті мен қаржылық тұрақтылығын нығайту арқылы одан әрі күшейту маңызды болып табылады.

Хатшылық АӨСШК қызметін әкімшілік, ұйымдастырушылық және техникалық қолдауды қамтамасыз ету жөнінде тиімді жұмыс жүргізуі тиіс. Арнайы жұмыс тобының (АЖТ), Жоғары лауазымды тұлғалар комитетінің (ЖЛТК), Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК), Саммиттер отырыстары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі Хатшылықтың жұмысын күшейтуге ерекше назар аударылатын болады.

Бұдан басқа, Қазақстан АӨСШК-ның Хатшылығы туралы ережесіне АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директорының мәртебесін АӨСШК-ның Бас хатшысына дейін арттыру мақсатында, «кәсіби құрамның мүшесі» лауазымын саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық мәселелер жөніндегі «кеңесшілер» етіп өзгерту, сондай-ақ Хатшылықтың кәсіби және техникалық персоналының құрамындағы Азияның барлық субөңірлерінің өкілдігін қамтамасыз ету үшін өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

 

2.6. Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру

Қазақстан төрағалығының ерекше назары Азия континентінің жан-жақты, тең және бөлінбейтін қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында пәрменді институттар мен тетіктер құру мақсатында АӨСШК-ның нормативтік-құқықтық базасын одан әрі дамытуға аударылатын болады.

 

Қорытынды
АӨСШК-ні одан әрі институционалдық дамыту қазіргі жаһандық және өңірлік сын-қатерлер мен қауіптерді ескере отырып, барлық мүше мемлекеттермен оны мұқият пайымдауы мен талқылауын талап етеді.

Қазақстан АӨСШК-ның төрағасы ретінде Форумның қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша диалогқа, сондай-ақ АӨСШК-ні одан әрі дамыту жөніндегі мүше мемлекеттердің ұсыныстары мен идеяларын талқылауға ашық болады.

Қазақстан Азиядағы қауіпсіздіктің тиімді архитектурасын тек бірлескен іс-қимылдармен ғана құруға болатындығын негізге алады. Осыған байланысты біз барлық мүше мемлекеттердің АӨСШК үдерісін ілгерілетуге белсенді қатысуын қолдаймыз. Бұл шаралар АӨСШК мақсаттарына неғұрлым кең халықаралық қоғамдастық шеңберінде шынайы көпжақты құрылым ретінде қол жеткізуге ықпал етеді деп үміттенеміз.

Біздің берік батылдығымыз Азиядағы бейбітшілікті, даму мен өркендеуді қамтамасыз ету игілігі үшін ағымдағы дағдарыстар мен сын-қатерлерді бірлесіп тиімді еңсеруге бағытталуы тиіс.

 

Алматы Актісі Дереккөз

 Кіріспе

 

Біз, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттердің мемлекет немесе үкімет басшылары,

Азиядағы қауіпсіздікке қатысты біздің көзқарасымызды салыстыру және біздің халықтарымыздың ортақ алаңдаушылығын тудыратын мәселелер жөніндегі ынтымақтастыққа мүмкіндіктерімізді кеңейту үшін Алматыда Азияда және әлемде болып жатқан шексіз өзгерістер кезеңінде кездесе отырып;

Азиядағы және әлемнің басқа да өңірлеріндегі бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылық арасындағы тығыз байланыстың бар болуын мойындай отырып;

Оны диалогқа және ынтымақтастыққа арналған ашық аймаққа айналдыру арқылы, Азиядағы бейбітшілікке және қауіпсіздікке жұмыс істеуге міндеттене отырып;

АӨСШК процесі Азиядағы ынтымақтастық, бейбітшілік және қауіпсіздік үшін жаңа мүмкіндіктерді ашатынын негізге ала отырып;

Ондағы барлық мемлекеттер бейбіт қатар өмір сүретін, ал олардың халықтары бейбітшілік, бостандық және өркендеу жағдайында өмір сүретін бейбітшілік, қауіпсіздік және даму бағытында бір-бірін толықтырады, нығайтады және күшейтеді деген сенімге толы Азиядағы қауіпсіздіктің ортақ және бөлінбейтін кеңістігін қалыптастыруға біздің бел байлағанымыз туралы мәлімдей отырып;

Біздің БҰҰ Жарғысына, сондай-ақ осы Актінің ажырамас бөлігі болып табылатын АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін қағидаттардың декларациясына біздің болашақ ынтымақтастығымыздың іргетасы ретінде бейілділігімізді растай отырып;

Оның әскери-саяси аспектілерін, сенім шараларын, экономикалық және экологиялық проблемаларын, гуманитарлық және мәдени ынтымақтастықты қоса алғанда Азиядағы қауіпсіздіктің жан-жақты жүйесінің барлық құрамдас бөліктері өзара тәуелді және өзара байланысты және белсенді түрде жұмылдырылуы тиіс дегенді назарға ала отырып;

Осы Актіге енгізілген толық, тең және жан-жақты іске асыру және қағидаттарды, ережелерді және міндеттемелерді сақтау АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы неғұрлым терең ынтымақтастыққа жағдай жасайтынына және біздің халқымызды лайықты жарқын болашаққа жетелейтініне сенімді бола отырып;

Төмендегілер туралы уағдаласты:

 

I.                  Қауіпсіздік және ынтымақтастық
 

АӨСШК қызметінің негізгі мақсаты мен бағыты Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз етудің көпжақты тәсілдерін әзірлеу арқылы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Мүше мемлекеттер осы мақсатқа қол жеткізу үшін Азиядағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер жөніндегі консенсус негізінде шешімдер қабылдауға және шараларды жүзеге асыруға бағытталған диалогта, консультацияларда форум ретінде АӨСШК процесін дамыту жөнінде қажетті қадамдар жасайды.
Біз жанжалдарға тартылған барлық мүше мемлекеттерді БҰҰ Жарғысында көзделген қағидаттарға сәйкес оларды бейбіт жолмен реттеуге шақырамыз және шақыруды жалғастырамыз.
Сауданы және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту Азиядағы өркендеуге, тұрақтылыққа және оның халқының игілігіне жәрдемдесуі мүмкін екенін мойындай отырып, біз АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін қағидаттар декларациясында көрсетілгендей, осы салалардағы бастамаларды ілгерілету үшін бұдан әрі күш-жігер жұмсаймыз. Сондай-ақ, біз қоршаған ортаға қауіп төндіретін барлық мәселелер жөніндегі ынтымақтастықты жақсарту қажеттілігін мойындаймыз.
Мүше мемлекеттер БҰҰ Жарғысына, халықаралық конвенцияларға және өздері тараптары болып табылатын актілерге сәйкес адам құқықтарын және негізгі бостандықтарды қорғау Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететініне өздерінің сенімдерін растайды. Олар сондай-ақ достық рухында осы саладағы өзара ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін мәлімдейді.
Табиғи апаттар мен босқындар ағындары сияқты гуманитарлық мәселелер жалпы алаңдаушылық тудырады деп санаймыз, өйткені олар аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке де әсер етеді. Мүше мемлекеттер қажет болған жағдайда өңірде ынтымақтастық орнату, сондай-ақ БҰҰ-мен және басқа да тиісті халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылдар жасау арқылы осы мәселелерді шешуге арналған шараларды әзірлеуге бел буады.
Өркениеттер арасындағы қарым-қатынаста өзара құрмет, өзара түсіністікті және төзімділікті нығайту біздің заманымыздың маңызды міндеті деп санаймыз. Мыңжылдықтың бірінші жылының «Өркениеттер арасындағы диалог жылы» ретінде жариялануын ризашылықпен атап өте отырып, біз бұл процесті белсенді түрде насихаттаймыз және оны нығайтамыз.
Біз жаһандануды қазіргі заманның шақыруы ретінде қарастырамыз. Ол өсу мен дамудың белгілі бір мүмкіндіктерін ұсына алатын болса да, қазіргі кезеңде оның жемістері халықтар арасында біркелкі бөлінбейді және оларды жаһандық деңгейде жан-жақты және тең бөлуді қамтамасыз ету үшін әлі де атқаратын істер баршылық.
Бірлескен іс-қимылдар және үйлестірілген жауап шаралары біздің елдеріміз бен халқымыздың тап болатын сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлерін еңсеру үшін қажет.
 

Қауіпсіздік сын-қатерлері
Мүше мемлекеттер өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз етуге ұмтылады, бұл қазіргі дағдарыстық жағдайлардың және жанжалдардың бейбіт жолмен реттелуіне және жаңа туындауының алдын алуға ықпал ететін болады.
Химиялық және биологиялық қарулар сияқты ядролық қарудың барлық аспектілерінде сақталуы және таралуы бүкіл адамзатқа елеулі қауіп төндіреді. Мүше мемлекеттер жаппай қырып-жою қаруын (ЖҚҚ) толық жоюға бағытталған күш-жігерді қолдауға уәде береді және осылайша халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіретін ядролық қаруды қоса алғанда, барлық осындай қарудың таралуына жол бермеу ісінде ынтымақтастықты кеңейту жөнінде өзіне міндеттеме алады.
«Қырғи қабақ соғыстың» аяқталуымен халықаралық қоғамдастық ядролық қарусыздануды ең басым міндет ретінде қарастыруға мүмкіндік алды. Біз барлық мемлекеттерді ядролық қатерді жою жолдарын айқындау және жан-жақты қамтылған және бақылауға жататын ядролық қару жөніндегі конвенцияны әзірлеу жөніндегі халықаралық конференцияны шақыру мүмкіндіктерін қоса алғанда, осы мақсатқа қол жеткізуге барынша ұмтылуға шақыратын боламыз. Біз көп жақты негізде әзірленген ЖҚҚ жою жөніндегі уағдаластықтарға жедел қосылудың маңыздылығын атап көрсетеміз және осы уағдаластықтарға әлі қосылмаған мемлекеттерді мұны мүмкіндігінше тезірек жасауға шақырамыз.
Біз осы өңірдегі мемлекеттер арасында ерікті түрде қол жеткізілген келісімдер негізінде Азияда ядролық қарудан және ЖҚҚ-ның басқа да түрлерінен азат аймақтар құруды қолдаймыз. БҰҰ Бас Ассамблеясының консенсус негізінде қабылданған қарары бар Таяу Шығыс және Орталық Азия сияқты өңірлерде осындай аймақтар құруды көтермелеу қажет. Осы тұрғыда біз БҰҰ қарарларының консенсусы негізінде осы мәселелер бойынша қабылданған барлық ережелерге және мүдделі мемлекеттердің осы қарарларды орындау жөніндегі ұстанымдарына сәйкес қарусыздану және ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық шарттарға қосылуға шақырамыз.
Мүше мемлекеттер қару-жарақ пен қарулы күштердің ең төменгі деңгейінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігіне өздерінің сенімдерін растайды. Біз кәдімгі қару-жарақтың шамадан тыс және тұрақсыздандыратын жинақталуын болдырмау қажеттілігін мойындаймыз. Біз бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін халықаралық стратегиялық тұрақтылықты сақтаудың, сондай-ақ қару-жарақтарды және қарусыздануды бақылаудағы ілгерілеуді жалғастырудың маңыздылығын атап көрсетеміз. Біз ашық кеңістікте қару жарысының алдын алу мәселесі жөніндегі көпжақты келіссөздер жүргізудің маңыздылығын атап өтеміз.
Біз күш қолданудың немесе оны БҰҰ Жарғысын және мемлекеттердің егемендігіне, аумақтық тұтастығына және саяси тәуелсіздігіне қарсы халықаралық құқықты бұза отырып қолданудың тікелей немесе жанама қатері; шетелдік оккупацияланған халықтардың өзін-өзі анықтау құқығынан бас тарту (БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқыққа сәйкес жүзеге асырылуы тиіс құқық); мемлекеттердің ішкі істеріне араласу және шабуылды стратегиялық доктриналар өңірлік және халықаралық әлемге қауіп төндіреді деп санаймыз.
Мүше мемлекеттер терроризмді оның барлық нысандары мен көріністерінде сөзсіз және біржақты айыптайды, сондай-ақ оның қолдауын немесе үнсіз мойындауын, сондай-ақ терроризмді тікелей айыптай алмайтындығын айыптайды. Соңғы онжылдықта терроризмнің қаупі артып келеді. Терроризм оның барлық нысандарында жекелеген адамдар мен халықтардың өміріне трансұлттық қатер болып табылады және мемлекеттердің аумақтық тұтастығына, бірлігіне, егемендігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Терроризм қаупі оның есірткінің заңсыз айналымымен, жеңіл атыс қаруын заңсыз сатумен және оны террористік топтарға кез-келген түрде берумен, нәсілшіл идеологиялармен және сепаратистік ұйымдармен, оның барлық нысандарындағы экстремизммен тығыз байланысының нәтижесінде артып келеді, бұл адам ресурстарымен террористік қызметті қаржыландырудың және толықтырудың негізгі көзі болып табылады. Біз терроризмнің кез келген қылмыстық актілерін, әдістері мен тәсілдерін қарастырамыз, сондай-ақ терроризмге қарсы күресте, оның ықтимал көздерін қоса алғанда, екіжақты және көпжақты негізде өзара іс-қимыл жасауға бел буғанымызды мәлімдейміз. Бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген осы қатерді жою мақсатында біз кез келген мемлекеттің аумағында терроризмді дайындауға, оған жәрдемдесуге, насихаттауға және қаржыландыруға жол бермеу жөніндегі күш-жігерімізді өсіріп, біріктіретін боламыз және террористерге пана мен қорғаныш беруден бас тартамыз.
Біз БҰҰ Конвенцияларының орындалуы терроризм мәселелерін шешуге ықпал ететінін мойындаймыз және жан-жақты қамтылған Халықаралық терроризм жөніндегі конвенцияның әзірленуін қолдаймыз.
Сепаратизм – мемлекеттердің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, егемендігіне, бірлігіне және аумақтық тұтастығына негізгі қауіп-қатерлердің бірі болып табылады. Мүше мемлекеттер басқа мүше мемлекеттің аумағында кез келген сепаратистік қозғалыстар мен ұйымдарды қолдамайды және, егер олар пайда болса, онда олармен саяси, экономикалық және басқа да қатынастар орнатпайды, мүше мемлекеттердің аумақтары мен коммуникацияларын жоғарыда аталған қозғалыстар мен ұйымдардың пайдалануына мүмкіндік бермейді немесе оларға қандай да бір экономикалық, қаржылық және басқа да қолдау көрсетпейді. Біз шетелдік басқыншылық жағдайында өмір сүретін халықтардың БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқыққа сәйкес өзін-өзі анықтау құқығын растаймыз.
Біз террористік және сепаратистік қозғалыстардың және топтардың өз мақсаттарына жетуі үшін сылтау ретінде дінді қолданудан бас тартамыз. Біз сондай-ақ экстремизмнің барлық нысандарын қабылдамаймыз және елдеріміз бен халқымыз арасындағы төзімділікке тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізетін боламыз.
Есірткінің заңсыз айналымы мемлекеттеріміздің және тұтастай алғанда біздің құрылығымыздың ішкі және халықаралық тұрақтылығына және қауіпсіздігіне, сондай-ақ халқымыздың әл-ауқатына елеулі қатер төндіреді. Бұл мәселе кейбір өңірлерде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдаймен, бүкіл әлемдегі лаңкестік әрекеттермен және трансұлттық қылмысқа, «ақшаны жылыстатуға» және жеңіл атыс қаруын заңсыз сатуға қатысқан халықаралық қылмыстық топтармен тығыз байланысты. Біз Азияда есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес тұрғысында халықаралық қоғамдастық тарапынан бірінші кезекте назарды және көмекті талап ететін бірнеше ел бар екенін мойындаймыз. Біз сондай-ақ есірткі заттарының өндірісін, ұсынысы мен сұранысын қысқартуға бағытталған тиімді стратегияның қажеттілігін мойындаймыз. Осыған байланысты біз күмәнді қаржы ағымдарын қадағалауда, оның ішінде қазіргі халықаралық-құқықтық құжаттарға сәйкес банк операцияларының кірістері мен ашықтығына қатысты мәселелер бойынша, есірткіні өндіру, тұтыну және заңсыз айналым көздерін айқындауда ынтымақтасатын боламыз. Осы міндеттерді іс жүзінде орындауға жәрдемдесу мақсатында көпұлтты оқу курстары мен семинарлар, сондай-ақ мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арасында ақпарат алмасу ұйымдастырылатын болады. Біз сондай-ақ негізгі тұтынушы елдерді есірткі тасымалдау үшін өндіруші және транзиттік дәліз болып табылатын Азия елдеріне жабдықтарды ұсынуда, дайындық және білім беру курстарын ұйымдастыруда, оңалтуда, техникалық және қаржылық көмек көрсетуде неғұрлым белсенді рөл атқаруға шақырамыз. Осыған байланысты біз күмәнді қаржы ағымдарын қадағалауда, оның ішінде қазіргі халықаралық-құқықтық құжаттарға сәйкес банк операцияларының кірістері мен ашықтығына қатысты мәселелер бойынша, есірткіні өндіру, тұтыну және заңсыз айналым көздерін айқындауда ынтымақтасатын боламыз. Есірткі өндіретін Азия өңірлерінде өсімдік дақылдарын алмастыру жөніндегі жоспарларды және дамудың баламалы стратегияларын қабылдау және орындау есірткінің заңсыз айналымынан туындайтын қатерлерге неғұрлым тиімді қарсы іс-қимыл ретінде көтермеленуге тиіс.
Біз сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты үйлестірілген көпжақты шаралар қабылдауды талап ететін трансұлттық қылмыстық әрекет ретінде қарастырамыз. Осыған байланысты біз заңсыз қаржы құралдарының және жағдайлардың орын ауыстыруына тыйым салу қажеттілігін, сондай-ақ осындай активтерді анықтау және репатриациялау жөніндегі кеңейтілген халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін атап өтеміз.
Мүше мемлекеттер жеңіл атыс қаруын заңсыз тарату бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретінін және террористік іс-әрекетке, сепаратистік қозғалыстарға, есірткінің заңсыз айналымына және қарулы қақтығыстарға тікелей байланысты екенін мойындайды. Осы тұрғыда біз БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясы және 2001 жылдың шілдесінде Нью-Йоркте өткен БҰҰ-ның жеңіл және атыс қаруын заңсыз сату жөніндегі конференциясында қабылданған іс-қимыл бағдарламалары аясында әзірленген Атыс қаруы туралы хаттаманың мағынасын атап өтеміз.
Біз Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін осындай қатерлердің алдын алу үшін екіжақты және көпжақты негізде бір-бірімізбен ынтымақтасуға нақты ниеттіміз.
 

III. Сенім шаралары
АӨСШК мақсаттарына қол жеткізу тұрғысында біз ынтымақтастықты кеңейтуге және бейбітшілік, сенім және достық атмосферасын құруға бағытталған шараларды әзірлеу және қолдану жөніндегі қажетті қадамдарды жасайтын боламыз. Мұндай шаралар БҰҰ Жарғысының, АӨСШК-ның және халықаралық құқықтың қағидаттарына сай келуі тиіс. Біз өз қызметімізде Азияның әртүрлі өңірлерінің өзіндік ерекшеліктері мен өзгешеліктерін ескеріп, оны біртіндеп және ерікті негізде жүргізетін боламыз.
Біз өңірдің аумақтық даулары бар барлық мемлекеттерін БҰҰ Жарғысының қағидаттарына және халықаралық құқыққа сәйкес келіссөздер арқылы оларды бейбіт жолмен шешуге күш-жігер жұмсауға шақырамыз. Біз аумақтық және басқа дауларды шешу және қару-жарақты бақылау жөніндегі келісімдерді орындау нақты жағдайларға байланысты сенім шараларын жүзеге асыруға ықпал етуі мүмкін екенін мойындаймыз. Екінші жағынан, біз сенім шараларын жүзеге асыру нақты жағдайларға байланысты жанжалдарды шешуге және қару-жарақтарды бақылау жөніндегі келісімдерге қол жеткізуге қолайлы жағдай туғызуы немесе жасауы мүмкін екенін мойындаймыз.
Қарусыздану мен қару-жарақтарды бақылау, жаппай қырып-жою қаруын жоюға қатысты барлық халықаралық шарттық актілердің әмбебаптығы, таратпауды ілгерілету өңір мемлекеттері арасындағы сенімді нығайту үшін маңызды екенін мойындаймыз. Біз тиісті халықаралық шарттарға қол қойған мемлекеттер ретіндегі біздің жағдайымыз осы уағдаластықтардың ережелеріне сәйкес бейбіт мақсаттар үшін зерттеулер жүргізуге, ядролық технологияларды, химиялық және биологиялық материалдарды және жабдықтарды өндіруге және пайдалануға осы шарттардың барлық қатысушыларының ажырамас құқығына әсер етуге қабілетті ретінде түсіндірілмейтіндігін растаймыз. Біз ядросыз мемлекеттерге қауіпсіздіктің теріс кепілдіктерінің маңыздылығын растаймыз және орындалуы міндетті халықаралық-құқықтық құжат нысанын қабылдай алатын осы бағыттағы кейінгі қадамдарды қарастыруға дайынбыз деп мәлімдейміз.
Мүше мемлекеттер өзара келісім негізінде «АӨСШК сенім шаралары каталогын» әзірлейді және біртіндеп оларды жүзеге асыруға кіріседі. Үнемі қайта қаралатын және одан әрі пысықталатын Каталог, басқалармен қатар, әскери-саяси, экономикалық, экологиялық, гуманитарлық және мәдени салалардағы іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін.
IV. АӨСШК-ның құрылымы және институттары
Жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін біз АӨСШК-ге қажетті құрылымды және институттарды беруді шештік, олар негізінен мыналарды қамтиды:
Тұрақты кездесулер
Мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесулері консультациялар өткізу, АӨСШК қызметіне шолу жасау және оның басым бағыттарын айқындау үшін әрбір төрт жыл сайын шақырылатын болады. Қажет болған жағдайда консенсус негізінде арнайы кездесулер шақырылуы мүмкін. Саммиттер алдында сыртқы істер министрлерінің кездесулері өтеді.
Сыртқы істер министрлері екі жылда бір рет кездесулер өткізеді. Мұндай кездесулер консультациялар өткізу және АӨСШК қызметіне қатысты барлық мәселелерді қарау үшін негізгі іс-шаралар болып табылады. Қажет болған жағдайда консенсус негізінде арнайы кездесулер шақырылуы мүмкін.
Аға лауазымды тұлғалар комитеті АӨСШК-нің алдыңғы шешімдерінің орындалуын бақылау, АӨСШК-нің ағымдағы мәселелері бойынша консультациялар жүргізу, Арнайы жұмыс топтарының қызметін қарау және басқа да кездесулердің жұмысын үйлестіру үшін жылына кемінде бір рет шақырылады. Комитет сондай-ақ құжаттар жобаларын әзірлеуді қоса алғанда, саммиттер мен министрлік кездесулерін ұйымдастыруға қажетті әзірлемелерді жүзеге асыратын болады.
Арнайы жұмыс топтары АӨСШК мүдделерінің әртүрлі салаларына жататын ерекше мәселелерді зерделеу үшін құрылады және оларға тапсырылатын міндеттерді орындайтын болады. Олар өз жұмыстары туралы есептерді Аға лауазымды тұлғалар комитетіне ұсынатын болады.
Мамандандырылған кездесулер
Мүше мемлекеттер ерекше және/немесе техникалық сипаттағы мәселелерді талқылау үшін басқа министрлердің не құзыретті ұлттық ведомстволар мен ұйымдардың кездесулерін шақыру туралы уағдаласа алады.
Ғылыми және кәсіби қызмет
Қажет болған жағдайда ғылыми және кәсіби зерттеулер жүргізу және баяндамалар дайындауға мүмкіндік, сондай-ақ егер АӨСШК-нің тиісті шешімі болса, оларды одан әрі жариялауға жәрдемдесу ұсынылатын болады.
Хатшылық
Осы Актіде айтылған тұрақты кездесулерге, саяси консультацияларға және басқа да қызметтерге әкімшілік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында біз АӨСШК Хатшылығын құруды қолдаймыз. Біз Сыртқы істер министрлеріне Хатшылықты құрудың барлық аспектілерін пысықтауды аяқтау жұмыстарын тапсырамыз.



 

АӨСШК СЕНІМ ШАРАЛАРЫНЫҢ КАТАЛОГЫ

АӨСШК СЕНІМ ШАРАЛАРЫНЫҢ КАТАЛОГЫ

 

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі  кеңеске  (АӨСШК) мүше мемлекеттер,

Азия континентіндегі ынтымақтастықты кеңейту, бейбітшілік, сенім және достық атмосфераны құру және нығайту мақсатында,

БҰҰ Жарғысының, Алматы актісі мен АӨСШК-нің басқа да құжаттарының қағидаттары мен мақсаттарына, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормалары мен қағидаттарына сәйкес әрекет ете отырып,

Азияның әртүрлі өңірлеріндегі ахуалдың ерекшелігі мен өзгешеліктерін ескере отырып,

Азия континентінде сенімді нығайтуға әкелетін мынадай қағидаттар мен шараларды, және оларды екіжақты және/немесе көпжақты негізде практикада іске асыруға келісті.

 

Жалпы ережелер
1.1.  Мүше мемлекеттер, бір жағынан сенім шаралары, екінші жағынан дауларды бейбіт жолмен реттеу және қару - жарақ пен қарусыздануды бақылау жөніндегі келісімдерді орындау, бір-бірін толықтыратынын және ерекше жағдайларға байланысты өзара келісім бойынша мүдделі мемлекеттермен қатар қолданылуы мүмкін екенін мойындайды.

1.2.  Азиядағы алуантүрлілік әскери-саяси өлшемдердегі шаралардың, сондай-ақ экономикалық, экологиялық және адами өлшемдердегі шаралардың маңыздылығын көрсетеді.

1.3.  АӨСШК сенім шаралары біртіндеп және ерікті түрде жүзеге асыру негізінде қолданылады. АӨСШК сенім шараларының каталогы және онда көрсетілген шаралар ұсынымдық сипатта болады. Мүше мемлекеттердің кез келгені орынды және оның мақсаттарына сәйкес келетін жерде қолдану үшін осы каталогта белгіленген белгілі бір шараларды таңдай алады. Мүше мемлекеттер таңдаған шаралар адал және мүмкіндігінше толық іске асырылуы тиіс.

1.4. Каталогтың сенім шаралары басқа сенім шараларына, қауіпсіздік жөніндегі келісімдерге және/немесе қатысушы мүше мемлекеттер арасындағы қару-жарақты бақылау және қарусыздану жөніндегі уағдаластықтарға залал келтірмейді және осы шаралар мен келісімдер және/немесе уағдаластықтар бойынша құқықтар мен міндеттерді өзгертпейді.

1.5. Бұл каталог мүше мемлекеттер арасында немесе басқа мемлекеттермен  сенім шараларын қабылдауына ештеңе кедергі келтірмейді.

1.6. Мүдделі мүше мемлекеттер олардың арасында келісілген сенім шараларына сәйкес ақпарат алмасуы мүмкін. Олар сондай-ақ осы ақпаратты одан әрі тарату үшін АӨСШК хатшылығына жіберуді алдын ала қарастыруы мүмкін.

1.7. Осы каталогтың ережелеріне сәйкес ақпарат алатын мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттердің келісімінсіз берілген ақпаратты жариялай, тарата немесе үшінші тарапқа бере алмайды.

Мүше мемлекеттер АӨСШК өңірінде неғұрлым кеңінен жүзеге асыру мақсатында сенім шараларының тиімділігін және қолайлығын айқындау және қажет болған жағдайда бәтуаластықпен осы сенім шараларына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу үшін каталогтың іске асырылуына шолу жүргізіп отырады.
2.Әскери-саяси өлшемдегі сенім шаралары

Ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етіп, әскери-саяси өлшемде өзара сенімді нығайту үшін мүше мемлекеттер қауіпсіздік саласындағы өздерінің заңды мүдделерін ескере отырып, мынадай шараларды қабылдай алады:

2.1. Ақпарат алмасу, көлемі, модальдылық және оны іске асырылу мүмкіндігіне мүдделі мүше мемлекеттердің ұлттық заңдары мен қағидаларына сәйкес мынадай мәселелер бойынша келісіледі:

а) қарулы күштердің құрамдастары;

b) қорғаныс бюджеттері;
c) мүше-мемлекеттердің аумақтарында шетелдік әскери контингенттің болуы, егерде мұндай ақпаратты ашуға осындай контингентті орналастыратын ел рұқсат берсе;
d) шетелдік әскери контингенттердің қатысуымен оқу-жаттығулар және жоспарланатын әскери іс-қимылдар туралы хабардың модальдылығы мен параметрі мүдделі мүше мемлекеттермен келісіледі.
2.2. Мүше мемлекеттер елдерінен байқаушыларды әскери оқу-жаттығуларға шақыру.

2.3. Қауіпті және тосын әскери сипаттағы оқыс оқиғалар мүше мемлекеттердің шекара маңындағы аудандарына тікелей жақын жерде орын алса, констультация секілді тетіктерді пайдалануды қарастыру.  

2.4. Мүше мемлекеттердің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықтың мынадай нысандарын дамыту:

а)  әскери лауазымды адамдар мен әскери оқу орындары өкілдерінің өзара іс-сапарлары;

b) ұлттық мерекелерге, мәдени және спорттық іс-шараларға қатысу үшін өзара шақыру;
с)  әскери ведомстволардың басшы құрамының өмірбаяндық деректері туралы ақпарат алмасу;

мүше мемлекеттермен келісілген ынтымақтастықтың басқа да нысандары.
2.5.    Олардың қатысу мәртебесі туралы ақпарат алмасу немесе қару-жарақты бақылау және қарусыздану жөніндегі көпжақты құралдарды, сондай-ақ ғарыш кеңістігі туралы конвенцияларды ратификациялау.

 

Жаңа сын-тегеуріндер мен қауіптерге күрес
3.1. Мүше мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес терроризмнің барлық нысандары мен көріністерінің жолын кесу және әрбір мүше мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында сепаратистік және экстремистік ұйымдар іс-әрекеттерінің алдын алу бойынша бірлескен шаралар қабылдайды.

3.2. Мүше мемлекеттер террористік, сепаратистік, экстремистік әрекетке және ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күрес туралы ақпарат алмасады және қажет болған жағдайда олардың іс-әрекеттеріне қарсы күрестің тетіктерін әзірлейді. Осы мақсатта мүше мемлекеттер құқық қорғау саласындағы өздерінің ұлттық ведомстволары туралы ақпарат алмасып, осы органдар арасында байланыстар орнатуға және нығайтуға жәрдемдесуі мүмкін.

3.3. Мүше мемлекеттер жаппай қырып-жою қаруы мен оларды жеткізу құралдарының таралуына тиімді қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ақпарат алмасудағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде шаралар қолдана алады.

          3.4. Мүше мемлекеттер есірткі трафигіне, адам саудасына, ақшаны жылыстатуға, трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа, тасымалданатын зениттік-зымырандық кешендерді (ҚРҮҚ) қоса алғанда, жеңіл атыс қаруын заңсыз сатуға, сондай-ақ жарылғыш заттар мен уландырғыш материалдардың контрабандасына қарсы күрес үшін қабылдайтын шаралар туралы ақпарат алмасады.

          3.5. Мүше мемлекеттер  терроризм және ұйымдасқан қылмыс жөніндегі тиісті халықаралық-құқықтық құралдарға қосылу немесе оларды ратификациялау мәртебесі туралы, сондай-ақ олардың терроризм мен оның барлық нысандары мен көріністеріне қарсы күресті кеңейту үшін қабылдаған қадамдары және БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқыққа сәйкес ұйымдасқан қылмыс туралы ақпарат алмасады.

 

Экономикалық, экологиялық және адами өлшемдердегі сенім шаралары
Мүше мемлекеттер экономикалық, экологиялық және адами өлшемдерде өзара сенімді дамыту мен нығайту мақсатында өздерінің ұлттық заңдары мен қағидаларына сәйкес мынадай шараларды қабылдай алады:

4.1. Сауда және экономика салаларында жалпы деректер базасын және ақпарат алмасу жүйесін құру.

4.2.    Тиісті екіжақты және көпжақты құралдар бойынша олардың құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмей, қоршаған ортаны, әсіресе шекара маңындағы аудандарды қорғау жөніндегі жалпы бағдарламаларды әзірлеу және қолдану.

4.3.    Олардың пікірінше, көрші елдерге зиян келтіруі мүмкін өз аумақтарындағы табиғи және өнеркәсіптік апаттар туралы ақпарат алмасу.

4.4.    Халықаралық туризм мен туристік инфрақұрылымды дамытуға жауапты өзінің ұлттық ведомстволары туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ осы органдар арасындағы байланыстарды орнатуға және нығайтуға жәрдемдесу.

4.5.    Күдікті қаржылық мәмілелерге, заңсыз қаржылық операцияларға қатысты ақпарат алмасу және құзыретті органдар арасындағы байланыстарды орнатуға және нығайтуға жәрдем көрсету.

4.6.    Осы ведомстволар арасында байланыс орнату және нығайту мақсатында өздерінің төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық ведомстволары, іздестіру–құтқару операциялары туралы ақпарат алмасу. Қажет болған жағдайда, мүше мемлекеттер төтенше жағдайлар мен құтқару операциялары саласындағы өзара іс–қимылды ұйымдастыруға және табиғи катаклизмдер мен төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету жүйесін құруға жауапты үйлестіру органын айқындайды.

4.7.    Өз халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері туралы ақпаратты таратуға, халықтар арасындағы өзара құрмет пен тату көршілік қатынастарды дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу және іске асыру.

          4.8.    Ғылыми және білім беру мекемелері мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыстарды дамыту, соның ішінде ғылыми тәжірибелік алмасулар, студенттердің академиялық алмасуы, АӨСШК мақсаттарына қол жеткізу үшін ұсыныстар мен жобалар әзірлеу мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізу.

          4.9.    Өркениеттер мен діндер арасындағы диалогты дамыту.

 
Алматы, 22 қазан 2004 жыл
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің XIX Хатшылығына арналған ақпараттық топиктер
07 сентября 2021

ТОПИК 1

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ

Жалпы ақпарат. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі алғаш рет 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен өткізілді.

2003 жылғы 13 ақпанда беделді діни лидерлер мен олардың христиан, ислам, иудаизм және өзге де діни сенім өкілдері қатысқан діндер, мәдениеттер мен өркениеттерді жақындастыруда маңызды рөл атқарған Бейбітшілік және келісім халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде Елбасы Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізуге бастама жасады.

Съез өткізу идеясын алғашқылардың бірі болып Елбасының Ватиканға сапары барысында католик шіркеуінің өкілдері қолдады.

Съез атына АҚШ, Ресей, Франция, Италия, Сауд Арабиясы, Египет, Польша, Германия және ірі халықаралық ұйымдардың басшылары өз құттықтауларын жолдағандығы Қазақстанның жаңа бастамаларына деген сенімі мен жетістіктерін әлем   мойындағандығын  көрсетеді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің миссиясы:

  • Әлемдік және дәстүрлі діндер пішіндерінде жалпы адамзаттық бағдарларды іздеу.
  • Діндер диалогын жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін тұрақты жұмыс істейтін халықаралық конфессияаралық институттың жұмыс істеуі.

Съездің негізгі басымдықтары:

  • Адам өмірінің мызғымас қағидаттары ретінде бейбітшілікті, келісімді және төзімділікті бекіту.
  • Діндер, конфессиялар, ұлттар мен ұлыстар арасында өзара құрмет пен төзімділікке қол жеткізу.
  • Адамдардың діни сезімдерін қақтығыстарды ушықтыру мен әскери іс-әрекеттер үшін пайдалануға жол бермеу.

Съез міндеттері:

  • Болашақ дінаралық саммиттердің идеологиясы мен тұжырымдамасын үйлестірілген, объективті және сауатты дайындау үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің тұрақты органын құру.
  • Діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты дамытуға бағытталған барлық халықаралық ұйымдармен, орталықтармен және құрылымдармен ынтымақтастық пен өзара іс –қимыл орнату.
  • Зайырлы және діни БАҚ, жастар бірлестіктері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдерін тарта отырып, әр түрлі мәдениет пен дін өкілдері арасындағы диалогты кеңейту.
  • Өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасындағы жаһандық диалогты ілгерілету.
  • Діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты тереңдету және нығайту.
  • Жек көрушілік пен экстремизм идеологиясына қарсы әрекет ретінде төзімділік пен өзара сыйластық мәдениетін дамыту.
  • Діндер мен рухани дәстүрлердің қарама -қайшылығында көрсетілген, теологиялық дауларды одан әрі саясаттандыру, бір діннің екінші дін алдында беделін түсіру арқылы көрініс табатын «Өркениеттер қақтығысы» туралы тезистердің басым болуына жол бермеу.

Съездің хронологиясы:

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің  І съезі. 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында өтті. Дінаралық саммитке Еуропаның, Азияның, Африканың және Таяу Шығыстың 13 елінен рухани иерархтар мен құрметті қонақтар қатысты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезі. 2006 жылдың 12-13 қыркүйегінде өткізілді. Конгресс жұмысы жаңа, арнайы салынған ғимаратта – Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Дінаралық саммитке Еуропа, Америка, Азия және Африканың 20 елінен, әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері мен құрметті қонақтардан 29 делегация қатысты.

Съездің негізгі тақырыбы – «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік».

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің III съезі. 2009 жылдың 1-2 шілдесінде өткізілді. Съезге әлемнің барлық негізгі діндерінің өкілі ретінде әлемнің 35 елінен 77 делегация қатысты.

Съездің негізгі тақырыбы: «Толеранттылық, өзара құрмет және ынтымақтастыққа негізделген әлемді қалыптастырудағы діни лидерлердің рөлі».

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі. 2012 жылдың 30-31 мамырында өткізілді. Съезге әлемнің 40 елінен барлық әлемдік және дәстүрлі діндерді, сондай-ақ беделді діни және халықаралық ұйымдардың өкілдері ретінде 85 делегация қатысты.

Съездің негізгі тақырыбы: «Бейбітшілік пен келісім адамзаттың таңдауы ретінде».

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі.

2015 жылдың 10-11 маусымында өткізілді. Съезге әлемнің 42 елінен барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің, сондай-ақ беделді діни көшбасшылардың, саясаткерлер мен халықаралық ұйымдардың 80-нен астам делегациясы қатысты.

Съездің негізгі тақырыбы: «Бейбітшілік пен даму мақсатындағы діни лидерлер мен саясаткерлер арасындағы диалог».

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі. 2018 жылдың 10-11 қазанында өткізілді. Съез жұмысына барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің, сондай-ақ беделді діни және халықаралық ұйымдардың өкілдері, әлемнің 43 елінен 82-ден астам делегация қатысты.

Съездің басты тақырыбы – «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін».

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің бастамалары:

II Съез бастамалары:

  • Съезге қарасты Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын құру.
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерін Бейбітшілік пен келісім сарайында дәріс оқуға шақыру.
  • «Дінаралық диалог принциптері» құжатының қабылдануы.
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екінші съезіне қатысушылардың Декларациясын қабылдау.

III Съез бастамалары:

  • Діни лидерлер кеңесін құру.
  • Съез Хатшылығының қамқорлығымен оның қызметі басқа беделді форумдармен және халықаралық ұйымдармен диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Діни лидерлер кеңесінің тұжырымдамасын дайындау.
  • Дінаралық саммит нәтижесі бойынша қорытынды құжат – «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Үшінші съезіне қатысушылардың үндеуі» қабылданды.

IV Съез бастамалары:

  • G -GLOBAL - ҰЛЫ ӘЛЕМ ортақ электронды порталының бір бөлігі ретінде қоғам мен мемлекеттерге жаһандық төзімділік пен сенім принциптері мен құндылықтарын ілгерілету оның миссиясы болатын интернет -ресурсты құру.
  • Діни лидерлер кеңесінің 1 -ші отырысын, сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Хатшылығын өткізу.
  • «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Төртінші съезіне қатысушыларының үндеуі» қорытынды құжатын қабылдау.

V Съез бастамалары:

  • Съездің марапаттарын тағайындау:

- Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы;

- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Құрмет медалі.

  • Бейбітшілік пен келісім мұражайын құру.

VI Съез бастамалары:

  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бейбітшілік пен келісім жолындағы жаһандық өзара әрекеттесу үдерісіне қосқан айрықша үлесін тану үшін «Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығын» құру.

 

ТОПИК 2

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ ХАТШЫЛЫҒЫ

 Жалпы ақпарат. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығы - бұл әр отырыстың қызметін қамтамасыз ететін Съездің жұмыс органы.

2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші Съезіне қатысушылардың шешімі бойынша құрылған.

Съез Хатшылығының басшысы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.

Хатшылық құрамына ислам, христиан (православие, католицизм, лютерандық), буддизм, иудаизм, индуизм, зороастризм, даосизм, синтоизмнен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының өкілетті өкілдері кіреді.

2003-2021 жылдар аралығында Съез Хатшылығының 18 отырысы өткізілді.

Хатшылық:

– Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кеңесі мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съездерін қамтамасыз етеді;

– Кеңестің бекітуіне Съездің ұсыныстары мен күн тәртібін әзірлейді;

*Анықтамалық: Діни лидерлер кеңесі әлемдік және дәстүрлі діндер Съезінің басқарушы органы болып табылады. Діни көшбасшылар кеңесіне негізгі әлемдік және дәстүрлі діни бірлестіктер мен конфессиялардың басшылары кіреді. Кеңес Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жазбаша келісімімен құрылады. Құрылтайшылардың келісімімен не Хатшылықтың ұсынымы бойынша Кеңестің құрамына жаңа мүшелер енгізілуі мүмкін. Кеңес отырыстары кемінде үш жылда бір рет шақырылады. Ерекше жағдайларда Кеңестің кезектен тыс отырыстары шақырылуы мүмкін. Бірінші Кеңес 2012 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезі жұмысының аясында өтті (кеңес отырысы 2012, 2015, 2018 жж. өтті). Кеңес дағдарыс кезінде мәлімдемелер немесе үндеулер жасай алады.

– декларация, мәлімдеме мәтіндерінің және кеңес қабылдайтын өзге де қорытынды құжаттардың жобаларын дайындайды;

– шешім жобаларын немесе өзге құжаттарды Кеңес мүшелеріне таратуды қамтамасыз етеді;

– кеңестің тапсырмасы бойынша хатшылықтың басшысы Съезді басқа дінаралық форумдармен және ұйымдармен қарым-қатынаста ұсынады.

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ XIX ХАТШЫЛЫҒЫ

 2021 жылдың 5 қазан күні, Съездің XIX Хатшылығы қарсаңында (Нұр-сұлтан қаласы) Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл Болат Сәрсенбаевтың басшылығымен Съез Хатшылығы Жұмыс тобының отырысы өтеді.

Жұмыс тобының отырысына Ислам істері министрлігінің өкілдері, Сауд Арабиясы Корольдігінің үндеуі мен уағыз өкілдері, Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институты (Пәкістан), Египет Араб Республикасының Уақыфтар министрлігі, Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеу байланыстары бөлімі, Қасиетті Тақтың Папалық кеңесінің дінаралық диалог бойынша Ислам бюросы (Ватикан), Дүниежүзілік Лютеран Федерациясы, Англикан шіркеуі (Ұлыбритания), Израильдің Бас сефард раввині, Орталық Азиядағы «Чогие» Корей Буддисттік ұйымы және Джаынс храмы, «Сомайя Видьявихар» университетінің Конфессияаралық қатынастар және өзара түсіністік жөніндегі бағдарламалары (Үндістан) және басқа да ұйымдастырдың қатысуы жоспарлануда.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының Жұмыс тобы қатысушыларының толық тізімі Н. Назарбаев орталығының сайтына орналастырылады: http://religions-congress.org.

2021 жылдың 6 қазанында Бейбітшілік және келісім сарайында (Нұр-сұлтан қаласы) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен XIX Съезд Хатшылығы өтеді.

XIX Съезд Хатшылығының күн тәртібі мынадай мәселелерді қарауды көздейді:

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне дайындық барысы мен пандемиядан кейінгі даму жағдайындағы Съездің маңызы.
  2. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мәдениеттер мен өркениеттердің жақындасуындағы қазіргі заманғы діни көшбасшылардың рөлін анықтау, халықтар достастығын нығайту үшін 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің пленарлық және секциялық отырыстарының форматы, сондай-ақ тақырыбын анықтау.
  3. Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Құрмет медалін беру критерийлері.
  4. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өркениетаралық және дінаралық диалогты ілгерілетудегі көрнекті рөлі туралы арнайы құжат жобасын талқылау.
  5. Съез Хатшылығының ХХ отырысын өткізу күні мен орнын айқындау.

XIX Хатшылықтың құрамына шетелдік діни жетекшілер мен халықаралық орталықтар басшыларының өкілдері енгізіледі. Атап айтқанда, Әл-Азхардың Исламдық зерттеулер академиясы (Египет), Дүниежүзілік Ислам Лигасы (Сауд Арабиясы), Кавказ мұсылмандары басқармасы (Әзірбайжан), Ислам, шақыру және тәлім беру істері жөніндегі министрлік (Сауд Арабиясы), Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институты (Пәкістан), Мысыр Уақыфтар министрлігі, Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеу байланыстары бөлімі, Армян апостолдық шіркеуінің украин Епархиясы, Қасиетті Тақтың Папалық кеңесінің дінаралық диалог бойынша Ислам бюросы (Ватикан), Англикан шіркеуі (Ұлыбритания), Дүниежүзілік Лютеран Федерациясы, Израильдің Бас сефард раввині, Израильдің Ашкенази раввині, Дүниежүзілік буддистер қауымдастығы (Таиланд), Қытай буддистер қауымдастығы, Қытай даосистер қауымдастығы, "Джинджя Хонче" синтои ұйымы (Жапония), «Сомайя Видьявихар» университетінің Конфессияаралық қатынастар және өзара түсіністік жөніндегі бағдарламалары (Үндістан), БҰҰ Өркениеттер альянсы (АҚШ), Мұсылман ақсақалдар кеңесі (БАӘ) және т.б.

Қазақстан діни бірлестіктерінің өкілдері және келесі бірінші мемлекет басшыларының қатысуы жоспарлануда:

Мәулен Әшімбаев – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы.

Аида Балаева – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Директорлар кеңесінің төрайымы.

Ақан Рахметуллин – Сыртқы істер министрінің орынбасары, Съез Хатшылығы басшысының орынбасары.

Серік Егізбаев – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі, Съез Хатшылығы басшысының орынбасары.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XIX отырысына қатысушылардың толық тізімі Н. Назарбаев орталығының сайтына орналастырылады: http://religions-congress.org.

 

ТОПИК 3

СЪЕЗДІҢ XIX ХАТШЫЛЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА ЖӘНЕ ХАТШЫЛЫҚТАН КЕЙІН ӨТКІЗІЛЕТІН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР СЕРИЯСЫ

Съез Хатшылығының XIX отырысына дайындық жұмысы шеңберінде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктер базасында дөңгелек үстелдер сериясын іске қосады. Дөңгелек үстелдер Елбасының конфессияаралық диалогты қамтамасыз ету және сақтау бойынша негізгі бастамаларын ілгерілетуге, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамытуға бағытталған.

Барлығы 13 дөңгелек үстел (Армения, Венгрия, Германия, Үндістан, Иран, Канада, Қырғызстан, Малайзия, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Түркия, Чехия және Швейцария) өткізу жоспарлануда. Дөңгелек үстелге Хатшылық пен Съез мүшелері, жергілікті діни лидерлер, жетекші сарапшылар, саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ әлемдік беделді ғылыми-зерттеу институттары, сараптамалық «ми» орталықтары (think tanks), жоғары оқу орындары, халықаралық ұйымдар және жетекші әлемдік БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.

Съез Хатшылығының XIX отырысы қарсаңында Мумбай, Исламабад, Женева, Прага және Эр-Риядта 5 дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі мен оның институттары туралы қосымша ақпарат Н. Назарбаев Орталығының сайтында жарияланған: http://religions-congress.org.

 

ТОПИК 4

КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ Н. НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ

Жалпы ақпарат. Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығын құру идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысушыларының бастамасымен  2018 жылдың қазанында көтерілген болатын. 

2019 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №226 Қаулысымен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы құрылды.

Орталықтың негізгі бағыттары:

  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты жолға қою, сақтау, дамыту және қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілету.
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеялары мен шешімдерін танымал ету.
  • Әлемдегі діни жағдайды талдау.
  • Халықаралық диалогты ілгерілету жөніндегі жаңа бастамаларды жандандыру және пысықтау.
  • Дінтану сараптамасы объектілерінің кешенді сараптамасын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Орталықтың мақсаттары мен міндеттері:

  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін шақыруды және оның институттарының – діни лидерлер кеңесінің, Съез Хатшылығы және Хатшылықтың жұмыс тобының отырыстарын дайындау, ұйымдастыру және өткізу.
  • Халықаралық құрылымдармен (ұйымдармен, орталықтармен, ассамблеялармен) қарым-қатынас орнату.
  • Өркениетаралық, дінаралық және конфессияаралық диалог мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдер жасасу.
  • Конфессияаралық диалогтың бірегей қазақстандық моделін халықаралық аренада ілгерілету.
  • Діндердің, конфессияаралық және өркениетаралық диалогтың өзекті мәселелері бойынша халықаралық, республикалық және өңірлік іс-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу.
  • Отандық және шетелдік діни бірлестіктермен, олардың рухани көшбасшыларымен жүйелі негізде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету.
  • Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жәрдемдесу.
  • Қазақстан мен әлемдегі діни ахуалдың жай-күйі мен даму серпініне сараптама жүргізу.
  • Диалог құру, діни мәдениеттерді, өркениеттер мен конфессияларды жақындастыру жөніндегі бастамаларды іске асыру.
  • Діни тақырыптағы шетелдік және отандық БАҚ мониторингі.

Орталық жұмысының стратегиялық блогы аналитикалық бағытқа арналған. 2020 жылғы 26 мамырдан бастап орталықтың жанынан діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институты құрылды.

Институт әлемдегі діни ахуалға тұрақты негізде талдау жүргізеді. Сараптамалық-талдау материалдары өзекті тақырыптар бойынша (олардың ішінде өркениетаралық және конфессияаралық даму саласындағы әлемдегі діни трендтер, ортақ мақсаты бар институттардың, диалог алаңдарының халықаралық тәжірибесін, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі зерделеу, 2019-2020 жылдарға арналған әлемнің діни картасы, діни ғимараттар құрылысын құқықтық реттеудің шетелдік тәжірибесі, Дін мәселелері және діни қайраткерлердің, жастардың және т.б. әлеуметтік жауапкершілігі) жүргізіледі.

Сонымен қатар, орталық базасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезін өткізу шеңберінде 2018 жылғы 10 қазанында ашылған Бейбітшілік және келісім мұражайы жұмыс істейді.

Мұражайдың негізгі мақсаты – Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын және әлемдік музей орталықтарын дамытудың қазіргі заманғы үрдістеріне сай келетін инновациялық музей кешенін құру арқылы адамзат проблемаларын шешу үшін мемлекетаралық және өркениетаралық өзара іс-қимылдың замануи тәжірибесін сақтау және танымал ету.

Орталықтың серіктестері. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын жаһандық деңгейде насихаттауда орталық қызметінің басым бағыты халықаралық құрылымдармен қарым-қатынас орнату болып табылады.

Орталықтың тұсаукесерлері Ватикан, АҚШ, Сауд Арабиясы Корольдігі, Жапония, Сингапур, Швейцария, Түркия, Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет, Бельгия, Австрия, Польша, Үндістан, Пәкістан сияқты жетекші діни ұйымдар мен халықаралық құрылымдарда өтті.

        Қазіргі уақытта Орталық Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институты, Халықаралық мәдени дипломатия институты, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Қасиетті Тақтың дінаралық диалогы бойынша Папалық Кеңес (Ватикан), Назарбаев университеті, Баку конфессияаралық және өркениетаралық ынтымақтастық орталығы, Шарджа университеті (БАӘ), Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы ислам өркениеті орталығы, ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институты, ҚР орталық мемлекеттік мұражайы, ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Оманның «Asdaa Oman» онлайн газеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, «Хабар" Агенттігі» АҚ және БҰҰ Өркениеттер Альянсымен әріптестік туралы келісімге қол қойылды.

Н. Назарбаев орталығы туралы қосымша ақпарат әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында: «Facebook», «Twitter», «Instagram», «Telegram" арнасында және корпоративтік сайтта http://religions-congress.org. жарияланған.

 

 

Консулдық қызметтер төлемі
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы
22 января 2021

Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 мамырда № 18702 болып тіркелді

       Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 627-бабындағы 2-тармаққа сәйкес

       БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекітілсін.
  2. Осы Бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Сыртқы істер министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті заңнама белгілеген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі

Б. Атамқұлов

 

 

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2019 жылғы 20 мамырдағы
№ 11-1-4/227 бұйрығына
1-қосымша

       

 Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелері

1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу

 

1.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу

40 АҚШ доллары

35 еуро

30 ағылшын фунт стерлингі

40 швейцар франкі

 

2.

Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фото суреттері жапсырылған жазбаны енгізу

20 АҚШ доллары

15 еуро

15 ағылшын фунт стерлингі

20 швейцар франкі

 

2. Қазақстан Республикасының визаларын беру

 

3.

Шетелдік дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге виза беру туралы нотаны әзірлеу және басып шығару

25 АҚШ доллары

20 еуро

20 ағылшын фунт стерлингі

25 швейцар франкі

 

4.

Бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа)

80 АҚШ доллары

75 еуро

75 ағылшын фунт стерлингі

80 швейцар франкі

 

5.

Көп мәртелiк виза (туристік және транзиттік визалардан басқа)

бір жылға дейін
- 200 АҚШ доллары
екі жылға дейін
- 400 АҚШ доллары
үш жылға дейін
- 600 АҚШ доллары
төрт жылға дейін
- 800 АҚШ доллары
бес жылға дейін
- 1000 АҚШ доллары

бір жылға дейін
- 170 еуро
екі жылға дейін
- 330 еуро
үш жылға дейін
- 450 еуро
төрт жылға дейін
- 600 еуро
бес жылға дейін
- 850 еуро

бір жылға дейін
- 170 ағылшын фунт стерлингі
екі жылға дейін
- 330 ағылшын фунт стерлингі
үш жылға дейін
- 450 ағылшын фунт стерлингі
төрт жылға дейін
- 600 ағылшын фунт стерлингі
бес жылға дейін
- 810 ағылшын фунт стерлингі

бір жылға дейін
- 200 швейцар франкі
екі жылға дейін
- 400 швейцар франкі
үш жылға дейін
- 600 швейцар франкі
төрт жылға дейін
- 800 швейцар франкі
бес жылға дейін
- 1000 швейцар франкі

 

6.

Туристтік виза:

 



бір мәртелік виза

60 АҚШ доллары

50 еуро

50 ағылшын фунт стерлингі

60 швейцар франкі

 

көп мәртелік виза

90 АҚШ доллары

80 еуро

80 ағылшын фунт стерлингі

90 швейцар франкі

 

7.

Транзиттік виза:
бір мәртелік

20 АҚШ доллары

15 еуро

15 ағылшын фунт стерлингі

20 швейцар франкі

 



көп мәртелік

90 АҚШ доллары

80 еуро

80 ағылшын фунт стерлингі

90 швейцар франкі

 

8.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келу және отбасымен бірігу туралы қолдаухатын ресiмдеу

100 АҚШ доллары

75 еуро

65 ағылшын фунт стерлингі

100 швейцар франкі

 

3. Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлікті беру

 

9.

Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлікті беру

10 АҚШ доллары

10 еуро

10 ағылшын фунт стерлингі

10 швейцар франкі

 

4. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұру мәселелері бойынша қолдаухаттарды ресімдеу

 

10.

Шетелге жеке ісі бойынша барған Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұрақты тұруға қалу туралы қолдаухаттарын ресімдеу

140 АҚШ доллары

120 еуро

120 ағылшын фунт стерлингі

140 швейцар франкі

 

5. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі құжаттарды ресімдеу

 

11.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және азаматтығын қалпына келтiру туралы қолдаухатты ресiмдеу

100 АҚШ доллары

90 еуро

90 ағылшын фунт стерлингі

100 швейцар франкі

 

12.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы қолдаухатты ресiмдеу

150 АҚШ доллары

120 еуро

120 ағылшын фунт стерлингі

150 швейцар франкі

 

6. Азаматтық хал актілерін тіркеу

 

13.

Тууды, әке болуды анықтауды, бала асырап алуды тiркеу және тиiстi куәлiктер беру

25 АҚШ доллары

20 еуро

20 ағылшын фунт стерлингі

25 швейцар франкі

 

14.

Неке қиюды тіркеу және неке туралы куәлiк беру

35 АҚШ доллары

30 еуро

30 ағылшын фунт стерлингі

35 швейцар франкі

 

15.

Неке бұзуды тіркеу тiркеу және неке бұзу туралы куәлік беру

45 АҚШ доллары

40 еуро

40 ағылшын фунт стерлингі

45 швейцар франкі

 

16.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығын анайыруға сотталған адамдармен неке бұзуды тіркеу

25 АҚШ доллары

20 еуро

20 ағылшын фунт стерлингі

25 швейцар франкі

 

17.

Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болу) және ұлтын өзгертуге байланысты жағдайлардан басқа, атын, әкесiнiң атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде тиісті куәліктерді беру, сондай-ақ қажетті материалдарды ресімдеу.

100 АҚШ доллары

70 еуро

65 ағылшын фунт стерлингі

110 швейцар франкі

 

18.

Азаматтық хал актілері жазбаларының өзгеруі, толықтырылуы, түзетілуі және қалпына келтірілуімен байланысты құжаттарды ресімдеу

25 АҚШ доллары

20 еуро

20 ағылшын фунт стерлингі

25 швейцар франкі

 

7. Құжаттарды талап ету

 

19.

Құжаттарды талап ету (әрбір құжат үшін)

30 АҚШ доллары

25 еуро

25 ағылшын фунт стерлингі

30 швейцар франкі

 

8. Құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостиль қою үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі жолдау

 

20.

Құжаттарды заңдастыру (әрбір құжат үшін)

35 АҚШ доллары

30 еуро

30 ағылшын фунт стерлингі

35 швейцар франкі

 

21.

Апостиль қою үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі жолдау (әр бір құжат үшін)

35 АҚШ доллары

30 еуро

30 ағылшын фунт стерлингі

35 швейцар франкі

 

9. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау

 

22.

Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландыру

50 АҚШ доллары

45 еуро

40 ағылшын фунт стерлингі

50 швейцар франкі

 

23.

Мұраға құқық туралы куәлiктер беру

50 АҚШ доллары

45 еуро

45 ағылшын фунт стерлингі

50 швейцар франкі

 

24.

Ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзгеде адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер беру

50 АҚШ доллары

45 еуро

45 ағылшын фунт стерлингі

50 швейцар франкі

 

25.

Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру

30 АҚШ доллары

25 еуро

25 ағылшын фунт стерлингі

30 швейцар франкі

 

26.

Құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады (әр бiр құжат үшiн)

30 АҚШ доллары

25 еуро

25 ағылшын фунт стерлингі

30 швейцар франкі

 

27.

Құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландыру

40 АҚШ доллары

35 еуро

35 ағылшын фунт стерлингі

40 швейцар франкі

 

28.

Азаматтың тірі екендігі фактісін куәландыру

25 АҚШ доллары

20 еуро

20 ағылшын фунт стерлингі

25 швейцар франкі

 

29.

Азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру

25 АҚШ доллары

20 еуро

20 ағылшын фунт стерлингі

25 швейцар франкі

 

30.

Құжаттар берiлген уақытты куәландыру

25 АҚШ доллары

20 еуро

20 ағылшын фунт стерлингі

25 швейцар франкі

 

31.

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға беру

30 АҚШ доллары

25 еуро

25 ағылшын фунт стерлингі

30 швейцар франкі

 

32.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету

30 АҚШ доллары

25 еуро

25 ағылшын фунт стерлингі

30 швейцар франкі

 

10. Консулдық мекемеде өсиет қағазын, құжаттар салынған пакетті (өсиеттен басқа), ақшаны, бағалы қағаздарды және басқада құндылықтарды (мұрагерліктен басқа) сақтау

 

33.

Өсиет хатты консулдық мекемелерде сақтау

50 АҚШ доллары

45 еуро

45 ағылшын фунт стерлингі

50 швейцар франкі

 

34.

Консулдық мекемеде өсиетхаттан басқа құжаттар пакетiн сақтау (айына)

20 АҚШ доллары

15 еуро

15 ағылшын фунт стерлингі

20 швейцар франкі

 

35.

Мұраға қалдырылғандарды қоспағанда, ақшаны, бағалы қағаздарды сақтау (ай сайын)

жалпы соманың 0,2%-ы

жалпы соманың 0,2%-ы

жалпы соманың 0,2%-ы

жалпы соманың 0,2%-ы

 

11. Көпшілік сауда-саттықта тауарлар немесе өзгеде мүлік сату

 

36.

Көпшілік сауда-саттықта тауарлар немесе өзгеде мүлік сату

түскен соманың 1%-ы, бiрақ 60 АҚШ долларынан кем емес

түскен соманың 1%-ы, бiрақ 45 еуродан кем емес

түскен соманың 1%-ы,бiрақ 40 ағылшын фунт стерлингтен кем емес

түскен соманың 1%-ы, бiрақ 65 швейцар франктен кем емес

 

12. Алты айға дейінгі мерзімге мүлікті немесе ақша сомаларын тиесілігі бойынша беру үшін депозитке қабылдау

 

37.

Алты айға дейінгі мерзімге мүлікті немесе ақша сомаларын тиесілігі бойынша беру үшін депозитке қабылдау (ай сайын)

жалпы соманың 0,2%-ы

жалпы соманың 0,2%-ы

жалпы соманың 0,2%-ы

жалпы соманың 0,2%-ы

 

13. Заңды тұлғалардың мекен-жайына дипломатиялық пошта арқылы құжаттар жіберу

 

38.

Заңды тұлғалардың мекен-жайына дипломатиялық пошта арқылы құжаттар жіберу

65 АҚШ доллары

60 еуро

60 ағылшын фунт стерлингі

65 швейцар франкі

 

14. Кеме шетелден сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру

 

39.

Кеме шетелден сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру

50 АҚШ доллары

45 еуро

45 ағылшын фунт стерлингі

50 швейцар франкі

 

15. Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа да құжатты жасау немесе куәландыру

 

40.

Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа да құжатты жасау немесе куәландыру

60 АҚШ доллары

55 еуро

55 ағылшын фунт стерлингі

60 швейцар франкі

 

16. Шетелдегі Қазақстан Республикасы кемесінің немесе жүгінің опат болуы немесе зақымдануы (кемелердің кеме апатына ұшырауы) жағдайында теңіз наразылығы туралы акт жасау

 

41.

Шетелдегі Қазақстан Республикасы кемесінің немесе жүгінің опат болуы немесе зақымдануы (кемелердің кеме апатына ұшырауы) жағдайларында немесе тұрған кезеңде орын алған оқиға туралы кеме капитанының дәлелдемелердi қамтамасыз ету мақсатында кеме иесiне мүлiктiк талаптар қоюға негiздеме бола алатын мәлiмдемесi теңіз наразылығы туралы акт жасау

60 АҚШ доллары

55 еуро

55 ағылшын фунт стерлингі

60 швейцар франкі

 

17. Заңдық мәні бар басқа да құжаттар (анықтамалар) беру

 

42.

Заңдық мәні бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру

50 АҚШ доллары

45 еуро

40 ағылшын фунт стерлингі

50 швейцар франкі

 

 

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2019 жылғы 20 мамырдағы
№ 11-1-4/227 бұйрығына
2-қосымша

               

 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

  1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 08-1-1-1/249 "Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылғы 2 тамызда № 6372 болып тіркелді, ("Казахстанская правда" газетте 06.11.2010 ж., № 295-296 (26356-26357) жарияланған).
  2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 8-1-1-1/352 "Консулдық іс-әрекеттерді жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының, сонымен қатар жеделдік үшін консулдық алым ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 08-1-1-1/249 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" бұйрығы, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылы 24 қыркүйекте № 7923 тіркелді, "Егемен Қазақстан" газетте 31.10.12 ж. № 710-716 (27788); "Казахстанская правда" от 31.10.12 ж. № 375-376 (27194-27195) жарияланған).
  3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 08-1-1-1/205 "Консулдық іс-әрекеттерді жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының, сонымен қатар жеделдік үшін консулдық алым ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 08-1-1-1/249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" бұйрығы, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылы 14 маусымда № 8512 тіркелді, "Егемен Қазақстан" 03.07.2013 ж. № 162 (28101); "Казахстанская правда" газетте 03.07.2013 ж. № 224 (27498) жарияланған).
  4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-1-2/582 "Консулдық іс-әрекеттерді жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының, сонымен қатар жеделдік үшін консулдық алым ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 08-1-1-1/249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12710 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 27.01.2016 ж.; "Егемен Қазақстан" 28.07.2016 ж. № 143 (28871); 30.07.2016 ж. № 145 (28873); "Казахстанская правда" 28.07.2016 ж. № 143 (28269); от 30.07.2016 г. № 145 (28271) жарияланған).
  5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 3 қарашадағы № 11-1-2/508 "Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 08-1-1-1/249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы, (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2017 жылғы 3 қарашада № 15972 болып тіркелді, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 21.11.2017 ж. жарияланған).




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру тәртібі
22 января 2021

«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының

мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

        Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері

2

 

 

 

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

        Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1)    www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтін» веб-порталы (бұдан әрі ‒ портал);

2)    Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

        5 (бес) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны мемлекеттік қызмет көрсетудің

        Электрондық / қағаз

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

        осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк;

        осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.

         Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық / қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

         Мемлекеттік қызметті көрсету үшін консулдық алым «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) және «Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Републикасы Сыртқы істер министрінің            2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) сәйкес мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады.

         Консулдық алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда немесе «электрондық үкіметтің» төлеу шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

         1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

         2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

       1) жеке тұлғалар үшін:

        көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын анықтау үшін);

       кемеге меншік құқығын растайтын құжат;

       кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің осы мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжат;

        өлшем куәлігі;

        сыныптау куәлігі;

        жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін);

        консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.

2) заңды тұлғалар үшін:

      белгіленген тәртіппен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқа ұсынылады);

       заңды тұлғаның атынан әрекет етудің өкілеттігін растайтын құжат;

       кемеге меншік құқығын растайтын құжат;

       кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің осы мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжат;

       өлшем куәлігі;

       сыныптау куәлігі;

       жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін);

       консулдық алымның төленгенін растайтын құжат – 45 еуро.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

         1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;

         2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;

         3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайларда.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

        Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.miid.gov.kz интернет-ресурсында және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында көрсетілген: 1414.

         Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі порталдың «жеке кабинет», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

         Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болса портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік         көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.

 

Социальные сети
Twitter
Instagram
youtube
Telegram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы