Ахмет Байтұрсынов (05.09.1872-08.12.1938жж.), мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті түркітанушы, ағартушы, қазақ лингвистика және әдебиеттанудың негізін қалаушысы.
А.Байтұрсынов Ә.Бөкейханов және М.Дулатовпен бірге «Алаш» партиясын және Алаш Орда үкіметін – 20 ғасырдың басында қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын құрды.
А.Байтұрсыновтың саяси қызметі, оның ішінде Ресейдің автократиясымен күрес 1905 жылдан басталды. Ол жаңа заңдарды қабылдауға, сот төрелігі мен халыққа білім беру жүйесін өзгертуге бағытталған Қарқаралы петициясының авторларының бірі болды. Бұл тарихи өтінішті 14,5 мың адам қолдады. Патша өкіметінің автономдық өзін-өзі басқару идеясын таратты деген айыппен 1909 жылы А.Байтұрсынов бірнеше жылға Қазақстаннан жер аударылды.
1919 жылы А.Байтұрсынов Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны белгілеуге белсенді қатысты. 1920-1921 жылдары құрылған Қазақ АКСР-нің халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922-1925 жылдары Қазақстан Халық комиссариатының ғылыми-әдеби комиссиясын басқарды. Мемлекеттік қызметпен қатар, Байтұрсынов педагогикалық қызметпен де айналысты: 1921-1928 жылдары халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиетінен, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. Кеңестік органдардағы жұмысына қарамастан, А.Байтұрсынов Қазақстандағы Кеңес үкіметінің алғашқы қадамдарын қатал сынға алды.
1929 жылы Алаш Орданың басқа мүшелерімен бірге А.Байтұрсынов тұтқындалып, ал 1930 жылы оған контрреволюциялық қызмет, қазақ даласында қарулы көтеріліс дайындау жөнінде айып тағылды. Сөйтіп, А.Байтұрсыновты ату жазасына кесті, одан кейін үкім 10 жылға, ал 1932 жылы Архангельскке үш жылға жер аударылды. А.Байтұрсынов 1934 жылы мерзімінен бұрын босатылды.
А.Байтұрсынов 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы
8 желтоқсанда ату жазасына кесілді.
Тек 1988 жылы ғана А.Байтұрсынов ақталды. Оның құрметіне Қазақстанның көшелері мен мектептері, тіл білімі институты, Қостанай қаласындағы университет, Алматы қаласында А.Байтұрсыновтың мұражай үйі мен ескерткіші ашылды.
А.Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі туралы толық ақпаратты мына сайттан таба аласыздар: e-history.kz.