ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОНЛАЙН КУРС

«Отандастар қоры» КЕАҚ барлық ниет білдірушілерді онлайн режимде қазақ тілін тегін оқыту курстарына шақырады.

Қазақ тілін оқыту курсы жаңадан бастаушыларға да, қазақ тілін меңгерген адамдарға да арналған. Курстың ұзақтығы – 3 ай, оқу деңгейлері –А1, А2 және В1.

Жоғары білікті оқытушылар оқытудың ерекше әдістемесін қолдана отырып, Сізге қазақ тілін үйретеді.

Жоғарыда аталған онлайн-курсқа қалай жазылуға болады?

1. Ұйымдастырушыларға WhatsApp арқылы жазбаша өтінім беру қажет: +7 776 116 7291 (Айна Алпысбай), +7 775 5105191 (Алжан Шарифов);

2. Қазақ тілінің деңгейін анықтау үшін тест тапсыру:

  • Тестті қазақ тілінде (латын ғаріпінде) тапсыру үшін сілтеме

https://forms.gle/Rw5jozye4oBrh83TA

  • Тестті орыс тілінде тапсыру үшін сілтеме

https://forms.gle/ogEWovAoRbqEdvYx6

  • Тестті ағылшын тілінде тапсыру үшін сілтеме

https://forms.gle/ALYY1aXQQk9iwTyt7

  • Тестті түрік тілінде тапсыру үшін сілтеме

https://forms.gle/mhGSnoy8jHLAaSXq8

3. Сізді қазақ тілі курсының тобына жазғаны жөнінде хабарлама алу.

Курсты сәтті аяқтаған қатысушыларға сертификат беріледі.

 

Сәттілік тілейміз!

Жарияланған күні

19 қазан 2021

Жаңарту күні

19 қазан 2021