Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу
Көру саны:1439
Мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының өздері немесе олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды ұсынады:
Осы қызметті ұсынуға құжаттарды тапсырар алдында сілтемелер бойынша ҚР-да берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді алдын ала тексеруді ұсынамыз:
- Есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлімет;
- Борышкерлердің бірыңғай тізілімі;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және/немесе баланың туу туралы куәлігін немесе анықтамасын қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші олардың көшірмелерін көшіреді, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Қазақстан Республикасының жеке куәлігінің түпнұсқасы алынады.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда жазбаша түсініктеме береді.
3) Отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелер болған кезде – алимент алушылар - егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге тәсілмен төлеу не кететін адамның кетуі үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін белгілеу туралы соттың шешімі беріледі;
4) сот бекіткен, өндіріп алушымен жасалған бітімгершілік келісім; өндіріп алушымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім; өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге талабының орындалғанын растайтын құжаттар; егер Қазақстан Республикасының азаматы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, атқарушылық құжатты беруге негіз болған тиісті орган шешімінің күші жойылғанын растайтын құжаттар;
5) ата-анасымен не өзге де заңды өкілдерімен кету туралы шешім қабылданған кезде он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;
6) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бірімен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бірге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екіншісінің нотариалды түрде расталған келісімі. Келісім болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртібімен шешілуі мүмкін;
7) Консулдық алымды төлеу туралы құжат.
- 3 (үш) ай.
- Сомасы – 120 еуро
- Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.
Generalkonsulat der Republik Kasachstan in München
IBAN: DE 56 7007 0010 0517 0865 01
SWIFT: DEUTDEMMXXX
Deutsche Bank
Құжаттарды қабылдау және кеңес беру күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.
16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру (төлқұжаттан басқа)
Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн
Cондай-ақ ГФР (Бавария мен Тюрингия) және Қазақстанның мереке күндері: жабық.
Мекенжай: Redwitzstrasse 4, 81925 München
Телефон: +49 89 90 90 10 60
E-mail: konsul-muenchen@mfa.kz
19 желтоқсан 2023
05 мамыр 2026