Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу
Көру саны:19631
Азаматтығын жоғалту – Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың түрі.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту негіздері:
- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
- Егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
- Егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін басқа мемлекеттің азаматтығын растайтын құжаттарды пайдаланған жағдайда;
- Егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса;
- Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, шетелдіктерге асырап алуға берілген бала кәмелетке толған кезде оның ерікті қалауы бойынша;
- Адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан жоғалтады.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- Өтініш.
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және оның көшірмесі.
- Шет мемлекеттің азаматы паспорты және оның көшірмесі.
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі және оның көшірмесі (бар болған жағдайда).
Кәмелетке толмаған баланың атынан құжаттарды оның ата-анасы (Қазақстан Республикасының азаматы немесе бұрынғы азаматы) тапсырған жағдайда:
- Балаға арналған өтініш.
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және оның көшірмесі.
- Шет мемлекеттің азаматы паспорты және оның көшірмесі.
- Шетел азаматтығын алғаны туралы мөртаңбасы бар баланың туу туралы куәлігі және оның көшірмесі.
Қосымша:
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және (немесе) жеке куәлігі болмаған немесе жоғалған жағдайда, өтініш беруші жазбаша түсініктеме және осы мән-жайды растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) ұсынады.
Азаматтың жеке деректері (тегі, аты, әкесінің аты) өзгерген жағдайда:
- Неке қию туралы куәлік және (немесе) атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік ұсынылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқаны туралы анықтама алу үшін қажетті құжаттар:
- Өтініш.
- Шет мемлекет азаматы паспортының көшірмесі.
- Консулдық алымның төленгенін растайтын түбіртек (төлем Консулдық бөлімде жүргізіледі).
Қосымша ақпарат:
❗️ Анықтама бес жұмыс күні ішінде дайындалады.
❗️ Азаматтар азаматтықты жоғалтуды тіркеуге арналған құжаттарды тапсырумен бір мезгілде анықтама алу туралы өтініш бере алады.
ЕСКЕРТПЕ: Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге ұсынылуға тиіс. Шет мемлекет азаматының паспортын аудару талап етілмейді.
-
- Қызмет - тегін;
- Анықтаманы беру – 5000 Ресей рубль.
- Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
- Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары
Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.
Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.
Мекен-жайы: Мәскеу қ., Чистопрудный бульвары, 3А үй.
Консулдық бөлімге кіреберіс – Гусятников көшесінде орналасқан және де "Тургеневская", "Чистые Пруды" и "Сретенский бульвар" метросының бекетіне жақын маңайда.
Телефон арқылы хабарласыңыз: +7 925 897 71 14 (қос.2) 09.00-ден 18.00-ге дейін және/немесе электрондық пошта: consul.moscow@mfa.kz.
09 маусым 2025
22 шілде 2026