Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу

<

Азаматтығын жоғалту – Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың түрі.

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мәселелері бойынша құжаттар Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығының консулдық округіне кіретін Баден-Вюртемберг, Гессен, Рейнланд-Пфальц және Саар федералдық жерлерінде тұрақты тұратын азаматтардан ғана қабылданады. Аталған консулдық округтен тыс аумақта тұратын тұлғалардан құжаттар қабылданбайды.

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту негіздері:

  • Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
  • Егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
  • Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
  • Егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін басқа мемлекеттің азаматтығын растайтын құжаттарды пайдаланған жағдайда;
  • Егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса;
  • Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, шетелдіктерге асырап алуға берілген бала кәмелетке толған кезде оның ерікті қалауы бойынша;
  • Адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан жоғалтады.

          Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

Жарияланған күні

30 наурыз 2025

Жаңарту күні

01 сәуір 2026