Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету туралы АҚПАРАТ

Шетелде тұратын ҚР-ның азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар олардың тұрғылықты жері бойынша ҚР дипломатиялық және консулдық өкілдіктері арқылы құжаттар талап етеді.

Талап ету жөніндегі жеке тұлғалардың мынадай өтініштері қанағаттандырылуға жатпайды:

- азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлігі, егер олар арызданушыға емес, басқа тұлғаларға ресімделсе;

- егер неке бұзылған болса, неке құру туралы куәлігі (тиісті анықтама берілуі мүмкін);

- қайтыс болғандардың туу туралы куәлігі.

Қайтыс болғаны туралы куәлектерді марқұмның туыстары немесе заңды тұлғалар ресми мақсаттарда талап ете алады.

16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәліктерді әке-шешелері, асырап алушылары, қамқоршылары мен кәмелетке толмағандарды тәрбиелейтін балалар мекемелерінің әкiмшiлiктерi талап ете алады.

Әскери билеттер және қызметтік жеке куәліктердің түпнұсқалары мен көшірмелері талап етуге жатпайды.

Құжаттарды талап ету үшін Сізге алдын ала ҚР ГФР-дағы консулдык мекемесінің (консулдық округке сәйкес) қабылдауына жазылып, келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге 3 данада ұсынуыңыз қажет:

  1. Консулдың атына өтініш (еркін нысанда);
  2. Толтырылған сауалнама (нысанын"Құжаттарды жүктеу" бөлімінде жүктеп алуға болады).

Сауалнамадағы сұрақтарға жауап қазақ немесе орыс тілінде толық және нақты, қажет болған кезде қазақша немесе орысша аралық аудармасымен берілуі керек;

  1. талап етілген құжаттың көшірмесі (бар болса);
  2. жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмелері;
  3. құжаты талап етіліп отырған тұлғамен өтініш берушінің туыстық қатынасын дәлелдейтін құжаттың көшірмесін (қажет болған жағдайда);
  4. заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (құжатты талап етуге өкілеттігі бар тұлға болған жағдайда);
  5. өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін;
  6. төлем түбіртегінің түпнұсқасы (Quittungsbeleg), сондай-ақ 25,00EУРО-ны консулдық мекеменің есеп шотына аударған төлем туралы растаудың түпнұсқасы мен көшірмесі (Kontoauszug) (консулдық округке сәйкес).

ҚР ГФР-дағы консулдық мекемелердің банк деректемелері біздің сайттың «Консулдық қызметтер төлемі» бөлімінде орналастырылған: ttps://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/activities/5458?lang=kk&parentId=5453 (консулдық округке сәйкес).

Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.

Сауалнама (қазақ тілінде)
Дата публикации
16 января 2023