Қазақстан Республикасының мекемелері берген құжаттарды «APOSTILLE» мөрімен растау туралы АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы легализацияны жою жөніндегі 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының мүшесі болып табылады.

Аталған Конвенцияның талаптарына сәйкес, ҚР-ның әртүрлі мекемелері мен ведомстволары ресімдеген барлық құжаттар ГФР аумағында танылу үшін ҚР-ның құзыретті органдарында «APOSTILLE» мөрімен растаулы керек.

ҚР-ның мемлекеттік органдары берген құжаттарға «APOSTILLE» мөрін қою үшін Сізге алдын ала ҚР ГФР-дағы консулдык мекемесінің (консулдық округке сәйкес) қабылдауына жазылып, келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге 3 данада ұсынуыңыз қажет:

  1. Консулдың атына өтініш (еркін нысанда);
  2. құжаттың түпнұсқасы мен көшірмелері;
  3. жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмелері;
  4. төлем түбіртегінің түпнұсқасы (Quittungsbeleg), сондай-ақ 30,00 EУРО-ны консулдық мекеменің есеп шотына аударған төлем туралы растаудың түпнұсқасы мен көшірмесі (Kontoauszug) (консулдық округке сәйкес).

ҚР ГФР-дағы консулдық мекемелердің банк деректемелері біздің сайттың «Консулдық қызметтер төлемі» бөлімінде орналастырылған: ttps://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/activities/5458?lang=kk&parentId=5453 (консулдық округке сәйкес).

Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.

Дата публикации
16 января 2023