Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы АҚПАРАТ

Азаматтықтан шығу – Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату түрі. Шетелде тұрақты тұратын адамның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.

  • Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмаған;
  • Егер шығу туралы өтінішхат берген адамға қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жария етілсе не ол заңды күшіне енген соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға жол берілмейді!
  • Сауалнама өтініш.
  • Өмiрбаян (өз қолымен жазылған).
  • 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі фотосурет.
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат.
  • Соттылығының болуы немесе болмауы туралы апостильденген немесе заңдастырылған анықтама.
  • Балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің (бар болған жағдайда) көшірмелері.
  • Тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығы немесе тоқтатылғандығы туралы апостильденген немесе заңдастырылған анықтама.
  • Консулдық алымның төленгенi туралы құжат.
  • Өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының, ата-анасының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы куәліктердің, азаматты қайтыс болды деп немесе хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің көшірмелері (бар болса).
  • Кәмелетке толмаған адам өтініш берген кезде, оның расталған жазбаша келісімі қажет (14 - 18 жас).
  • Құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап – 6 айға дейін
  • 130 еуро

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: 13156 Берлин, Nordendstraße 14-17

Мекен-жайы: 53225 Бонн, Rathausstraße 3

Телефон арқылы хабарласыңыз: +49 (030) 47 007 160/164 немесе электрондық пошта: konsulberlin@mfa.kz

Телефон арқылы хабарласыңыз: +49 (228) 40 387 27/70 немесе электрондық пошта: konsul-bonn@mfa.kz

Өтініш-сауалнама (қазақ тілінде)
Дата публикации
16 января 2023