Біржан сал ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Біржан сал ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізу туралы хабарландыру

   

Біржан сал ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізу туралы хабарландыру

         Конкурс «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес өткізіледі.

         Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы - 10 адам, оның ішінде:

         - коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар - 9 адам;

         - мемлекеттік органдардың өкілдері - 1 адам.

         Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Біржан сал ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Біржан сал ауданында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңесінің мүшелегіне кандидаттар төменде көрсетілген құзыреттерге сәйкес келуі тиіс: қоғамдық немесе қайырымдылық қызметке қатысу өзге де консультативтік-кеңесші органдарға, коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне, мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, тиісті өңірдің қызметіне қатысу тәжірибесін, қоғамдық кеңестердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуін, белгілі бір жетістіктердің, көтермелеулердің, наградалардың болуын қамтиды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды ұсынады:

         1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

         2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

            3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама; 3x4 көлеміндегі 2 дана фото;

         4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

         5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.

          Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

         Үміткерлер келесі жағдайларда конкурсқа жіберілмейді:

1) осы хабарландыруда көрсетілген құжаттар мен толық мәліметтер ұсынылмаған кезде;

2) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынған кезде.

Жұмыс тобы ұсыныстарды жазбаша түрде 2025 жылғы                 1-сәуірден 2025 жылғы 14-сәуірге дейінгі мерзімде, күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа, сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі үзіліс сағат  13.00-ден 14.30-ға дейін. Мекен-жайы: Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 23, 2-қабат. сондай-ақ электрондық мекен-жайға enbekmaslihat@mail.ru, байланыс телефоны: 8 (71639) 7-90-24, 2-19-33.

 

 

Біржан сал ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы