Лого
Меню
Страницы

Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылаулар өткізу туралы хабарландыру

2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болғанын хабарлаймыз.
Жолдауда Қазақстан Республикасының Президенті референдум өткізу мерзімдері кейінірек белгіленетінін атап өтті. Референдум өткізу тәртібі 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен регламенттелген.
Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Қызылорда облысында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр.
Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақтарын сарапшыларға қоя алады.

Жария талқылау өткізілетін орны: Қызылорда қаласы, «Сол жағалау» мөлтек ауданы, №15 а, «Жастар орталығының» акт залы.
Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 30 шілде, сағат 10.00

Барлығыңызды қатысуға шақырамыз!

АЭС салу туралы толығырақ төмендегі сілтемелер бойынша таныса аласыз:
1. Қазақстанда АЭС салу туралы анықтамалық ақпарат.

  1. Бейне материалдар:
    o Атом электр станциялары туралы
    https://www.youtube.com/watch?v=1yROTsOPiDA&ab_channel=tokaiuly  (каз)
    https://www.youtube.com/watch?v=iQUD2i8iLYQ&ab_channel=tokaiuly  (рус)
  2. o ҚР Ядролық физика институтының су-су ядролық реакторлары туралы бейнеролигі

    https://www.youtube.com/watch?v=-3yLXWhU6MM&ab_channel=tokaiuly  (каз)
    https://www.youtube.com/watch?v=oRo4P3lJMxk&ab_channel=tokaiuly  (рус)

    o Қысымды су реакторларының артықшылықтары
    https://www.youtube.com/watch?v=UySZaeQDZr0&ab_channel=tokaiuly  (рус)

    o Ядролық отынның артықшылықтары
    https://www.youtube.com/watch?v=JyMoNJ5aXyY&ab_channel=tokaiuly  (рус)

  3. Біздің арамызда радиация» брошюрасы.

 

Қазақстан үшін ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілері

Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша анықтамалық ақпарат

Брошюра

Социальные медиа
Telegram
YouTube
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты