Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі органдардың
2025 жылғы қызметін бағалаудың қорытынды рейтингі
|
№ р/б |
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган |
Балл саны |
Бағалау |
|
1 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті |
100 |
тиімді |
Ішкі аудит қызметтері
|
№ р/б |
ОМО ІАҚ |
Балл саны |
Бағалау |
|
1 |
ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі |
110 |
тиімді |
|
2 |
ҚР Президентінің іс басқармасы |
105 |
тиімді |
|
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі |
|||
|
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі |
|||
|
ҚР Туризм және Спорт министрлігі |
|||
|
ҚР Қаржы министрлігі |
|||
|
ҚР Энергетика министрлігі |
|||
|
3 |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі |
103 |
тиімді |
|
4 |
ҚР Сыртқы істер министрлігі |
100 |
тиімді |
|
5 |
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі |
96 |
қанағаттанарлық |
|
6 |
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
95 |
қанағаттанарлық |
|
7 |
ҚР Әділет министрлігі |
92 |
қанағаттанарлық |
|
8 |
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі |
90 |
қанағаттанарлық |
|
9 |
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
88 |
қанағаттанарлық |
|
ҚР Бас прокуратурасы |
|||
|
10 |
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі |
85 |
қанағаттанарлық |
|
11 |
ҚР Көлік министрлігі |
84 |
қанағаттанарлық |
|
12 |
ҚР Қорғаныс министрлігі |
83 |
қанағаттанарлық |
|
13 |
ҚР Сауда және интеграция министрлігі |
81 |
қанағаттанарлық |
|
14 |
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі |
79 |
қанағаттанарлық |
|
15 |
ҚР Сот әкімшілігі |
78 |
қанағаттанарлық |
|
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi |
|||
|
16 |
ҚР Оқу-ағарту министрлігі |
75 |
қанағаттанарлық |
|
17 |
ҚР Ішкі істер министрлігі |
71 |
қанағаттанарлық |
|
ҚР Ұлттық экономика министрлігі |
|||
|
18 |
ҚР Ұлттық ұланы |
70 |
тиімсіз |
|
19 |
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі |
66 |
тиімсіз |
|
20 |
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі |
65 |
тиімсіз |
|
21 |
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі |
63 |
тиімсіз |
|
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
тиімсіз |
||
|
№ р/б |
ЖАО ІАҚ |
Балл саны |
Бағалау |
|
1 |
Павлодар облысы |
115 |
тиімді |
|
2 |
Ақтөбе облысы |
95 |
қанағаттанарлық |
|
3 |
Алматы облысы |
90 |
қанағаттанарлық |
|
Түркістан облысы |
|||
|
Шымкент қаласы |
|||
|
4 |
Алматы қаласы |
88 |
қанағаттанарлық |
|
Батыс Қазақстан облысы |
|||
|
5 |
Астана қаласы |
85 |
қанағаттанарлық |
|
Ақмола облысы |
|||
|
6 |
Қарағанды облысы |
83 |
қанағаттанарлық |
|
7 |
Атырау облысы |
80 |
қанағаттанарлық |
|
8 |
Шығыс Қазақстан облысы |
78 |
қанағаттанарлық |
|
Абай облысы |
|||
|
9 |
Қостанай облысы |
77 |
қанағаттанарлық |
|
10 |
Маңғыстау облысы |
75 |
қанағаттанарлық |
|
11 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
73 |
қанағаттанарлық |
|
12 |
Жамбыл облысы |
70 |
тиімсіз |
|
Жетісу облысы |
|||
|
13 |
Қызылорда облысы |
68 |
тиімсіз |
|
14 |
Ұлытау облысы |
31 |
тиімсіз |
|
№ р/б |
ПД ІАҚ |
Балл саны |
Бағалау |
|
1 |
Маңғыстау облысы |
85 |
қанағаттанарлық |
|
2 |
Батыс Қазақстан облысы |
75 |
қанағаттанарлық |
|
3 |
Қызылорда облысы |
71 |
қанағаттанарлық |
|
4 |
Павлодар облысы |
70 |
тиімсіз |
|
5 |
Астана қаласы |
65 |
тиімсіз |
|
Шымкент қаласы |
|||
|
Жамбыл облысы |
|||
|
6 |
Қарағанды облысы |
51 |
тиімсіз |
|
7 |
Ақтөбе облысы |
20 |
тиімсіз |
Астана қаласының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Оразбай Мұрат Асқарұлы FIBAA халықаралық сыртқы сарапшылар тобының кездесуіне қатысып, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің негізгі жұмыс берушілерінің бірі және тұрақты серіктесі ретінде қатысты.
Кездесу барысында әрі қарайғы ынтымақтастықты дамыту және оқу бағдарламаларын, соның ішінде «Мемлекеттік аудит» мамандығын жетілдіру мүмкіндіктері талқыланды. FIBAA сарапшылары мұндай ортақ шаралар білім сапасын арттыру және түлектердің кәсіби ортаға сәтті бейімделуі үшін маңызды екендігін атап өтті.
Департамент «Мемлекеттік аудит» кафедрасымен жүйелі түрде ынтымақтастықты жалғастырып, мамандар даярлауға қатысып, оқу бағдарламаларын бағалай отырып және олардың тәжірибесі мен еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Айта кету керек, сонымен қатар, кездесуге Санкт-Галлен университетінің қаржы және есеп бойынша доктор, профессоры - Андреас Грюнер (Швейцария), Бремен қолданбалы ғылымдар университетінің бизнес әкімшілігі, соның ішінде бухгалтерлік есеп және контроллинг бойынша доктор, профессоры - Штефан Вайт (Германия), IU Халықаралық университетінің маркетинг және туризм басқару бойынша доктор, профессоры - Бибиана Грассингер (Германия) және басқа да профессорлар қатысты.
Алқалы жиын Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил мен Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мынжасаровтың төрағалығымен өтіп, оған аумақтық бөлімшелердің басшылары қатысты.
2025 жылы 1359 аудиторлық іс-шара өткізілді (2024 жылмен салыстырғанда 22%-ға аз), алайда анықталған бұзушылықтардың көлемі 36%-ға өсіп, 462 млрд теңгеге жетті. Бір тексерудің тиімділігі үш есе артты. Бюджетке 418,4 млрд теңге өтеліп, қалпына келтірілді.
Былтыр атқарылған жұмыстың негізгі бағыттарының бірі онлайн-бюджеттік мониторингпен байланысты болды. Осылайша мемлекеттік қаражаттың әр тиыны қашықтан бақылауға алынды. Жыл қорытындысы бойынша 1,5 млрд теңгеге негізсіз төлемдер әшкереленіп, 1 млрд теңгеден астам сома қазынаға қайтарылды.
Сонымен қатар комитет ірі шығыстар мен әлеуметтік маңызы бар жобаларды ерекше бақылауға алды. Осының арқасында мемлекеттік сатып алуларда 57 млрд теңгеден астам сомаға бағаның негізсіз өсуіне жол берілген жоқ.
Цифрландыру қаржылық бақылау жүйесін түбегейлі өзгертіп, вежомство өз тәсілдерін белсенді түрде жетілдіріп келеді. Қаржылық есептілік депозитарийін (ҚЕД) E-Minerals жүйесімен интеграциялау жер қойнауын пайдаланушылардың қамтылуын үш есе, яғни 460-тан 1400 адамға дейін кеңейтуге мүмкіндік берді.Нәтижесінде 1300-ден астам ірі кәсіпкер көлеңкелі кәсіпкерлік қатарынан шығарылды.
Отырыс барысында Қаржы вице-министрі алдағы кезеңге арналған міндеттерді айқындап, оларды орындау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ ІМАК жұмысында жүйелі бақылауды одан әрі жетілдіру мен цифрлы құралдарды тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстанның Қаржы министрлігі бюджет қаражатының негізсіз төленуінің алдын алу мен мемлекеттік сатып алу процесіндегі жауапкершілікті арттыру мақсатында аталған салада камералды бақылауды күшейте түсті. Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша сатып алу келісімшартындағы міндеттемелердің тиісінше орындалуын онлайн режімде бақылауды қамтамасыз ететін қосымша тәуекел бейіндері жолға қойылды.
Осыған байланысты қанатқақты режімде төлемдер жасалғанға дейін іске асырылатын құрылыс саласындағы орындалған жұмыс актілеріне камералды бақылау функционалын іске қосу қолға алынды.
Егер де атқарылған жұмыстарды растайтын құжаттарға қатысты кемшіліктер анықталған жағдайда Ішкі мемлекеттік аудит комитеті оларды жою бойынша міндетті түрде орындалуға тиіс хабарламаны жолдайтын болады.
Аталған шараларды іске асыру келісімшарттағы міндеттемелердің орындалуын проактивті форматта бақылауға мүмкіндік береді.
2025 жылы ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті өз қызметінде жаңа тәсілдерді енгізіп, ведомство көлемді аудиттің орнына сын-қатерді нақты (атаулы түрде) анықтауға және кемшіліктердің алдын алуға мүмкіндік алды.
Жыл қорытындысы бойынша комитет 1 359 аудиторлық іс-шара өткізіп, бұл 2024 жылдағы кезеңмен салыстырғанда 22%-ға аз.
Тексерулердің азайғанына қарамастан анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы көлемі 36%-ға ұлғайып, 462,4 млрд теңгеге жетті.
Яғни, бір тексерудің өнімділігі үш есеге ұлғайды.
Бұл ретте 418,4 млрд теңге қалпына келтіріліп, бюджетке қайтарылғанын айта кетейік. Бюджет пайдасына шамамен 1,2 млрд теңге өндіріп алынып, 11 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды.
Құқық қорғау органдарына сомасы 25,7 млрд теңге болатын аудит материалдары жіберіліп, соған сәйкес 61 қылмыстық іс қозғалды.
Былтыр мемлекеттік аудит ісінде алдын алу шараларын күшейтуге баса мән берілді. Ал экономиканың нақты секторындағы бақылау капиталды қажет ететін және әлеуметтік маңызды бағыттарда нығайтылды.
Мәселен, қашықтан жасалған мониторинг аясында іске асыру сатысындағы құны 1,5 трлн теңге болатын бұзушылықтардың, оның ішінде жоспарлау кезеңінде бюджеттік сұраныстарды артығымен бағалауға қатысты, еңбекақыны төлеу мен есептілік қалыптастырылғанға дейін бухгалтерлік есепті бұрмалау түріндегі бюджет қаражатын иемдену бойынша алаяқтық схемалардың жолы кесілді.
Осы орайда аталған тәуекелдер анықталғаннан кейін мониторинг нысандарына хабарламалар жолданып, тиісті кемшіліктер дербес және ерікті түрде жойылғанын айта кеткен орынды. Бұл амал «директивалық» іс-қимыл шараларын қолдануды барынша азайтты.
Айта кету керек, бұзушылықтардың едәуір бөлігі мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректерін талдау негізінде (нысандарға бармай-ақ) анықталды. Бұл адами факторды азайтуға және аудиторлық шешімдер мен қорытындылардың объективтілігін арттыруға мүмкіндік берді.
Осылайша, ішкі мемлекеттік аудиттің дәлдігі артып, озық құралдарды енгізу мен қоғам мүддесін қорғауға және бюджет қаражатын мақсатына қарай жұмсауға жол ашылды.
Шарап Сәдуақасов 1982 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Талап ауылында дүниеге келген. Тұран - Астана университеті мен Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдап шыққан. Мемлекеттік аудитор.
Қаржы және мемлекеттік басқару саласындағы еңбек жолын 2006-2016 жылдары құрылыс саласында басшылық лауазымдарда бастады.
2016 жылы Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде мемлекеттік сатып алулар аудиті бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. Кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Қаржы және бюджет комитетінде қызметті қамтамасыз ету бөлімінің сарапшысы болды.
Ал 2018 жылдан 2022 жылға дейін мемлекеттік органдарында басшылық қызметтерді атқарды.
2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Қазақстанда сын-қатерді дер кезінде анықтап, кез келген кемшілікті қашықтан бұғаттауға септесетін мемлекеттік аудиттің превентивті цифрлы моделі енгізіліп келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров айтты.
Талдаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу, мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау және нақты уақыт режімінде мониторинг жүргізу үшін жасанды интеллект алгоритмдерін пайдалану ведомствоның стратегиясына айналды. «Мемлекеттік жоспарлау» жүйесіндегі жаңа онлайн-бюджеттік мониторинг есебінен бюджет бекітілгенге дейін 2026-2028 жылдарға арналған сомасы 1,5 трлн теңге болатын шығыстарды негізсіз жоспарлау анықталып, жолы кесілді.
Е.Мыңжасаров айтқандай, министрліктің цифрлы шешімдері әлеуметтік салада 1,4 млрд теңгеге жалақы төлеу кезінде алаяқтық схемаларды әшкерелеуге септігін тигізді. Автоматтандырылған мониторинг тәсілі білім беру саласында жалақыны есептеу түріндегі ақша жымқыру деректерін жүйелі түрде жоюға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік сатып алуды бақылау шеңберінде биыл онлайн-мониторингпен 1,1 трлн теңгеге 5 мыңға жуық төлем қамтылды. Оның ішінде 184,2 млрд теңгеге 694 тәуекел аударымы анықталды. Аудит нәтижелері бойынша 59,5 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар тіркеліп, қызмет көрсетушілерге (жеткізушілерге) 237 млн теңгеден астам сомаға тұрақсыздық айыбы салынды.
2021 жылдан бастап толық енгізілген электронды аудит өз тиімділігін көрсетті. Бұл тетік іске қосылған сәттен бастап 804 аудиторлық іс-шара қашықтан өткізіліп, 120 млрд теңгеден астам сомаға кемшіліктер әшкере болды. Аталған жүйе адам факторының алдын алып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтты және бір аудиторға жұмсалатын іссапар шығынын шамамен 4,5 есе азайтты.
Қолға алынған жұмыстың тиімді модельдері халықаралық деңгейде атап өтілді. Айталық, PEMPAL ішкі аудиторлар қауымдастығы цифрландырудың қазақстандық тәжірибесін жоғары бағалады. Комитеттің «Ішкі аудиттің тиімділігі» көрсеткіші бойынша қызметі Дүниежүзілік және Азиялық даму банктерінің сарапшылары тарапынан максималды «А» бағасына ие болды.
«Алдымызға қойылған ауқымды міндеттердің бірі комитеттің аудиторлық қызметін толықтай цифрлы форматқа ауыстыру. Бұл мемлекеттік қаражаттың қозғалысын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл Мемлекет басшысының тапсырмасына толық сай келеді. Біздің мақсатымыз - мемлекеттік органдардың жұмысын барынша ашық әрі тиімді ету», деп қорытындылады ІМАК төрағасы.
Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің (ІМАК) ұжымына комитет төрағасының жаңа орынбасары Құлмұханбет Исаковты таныстырды.
Қ.Исақов 1969 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол Алматы халық шаруашылығы институты мен Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдап шыққан. Мемлекеттік аудитор.
Қаржы жүйесіндегі еңбек жолын 1992 жылы Алматыдағы Мемлекеттік салық инспекциясында маман болып бастаған. 2007 жылға дейін инспектордан бастап қалалық салық комитетінде басшыға дейін көтеріліп, жеке тұлғалардың аудиті және акциздер бойынша сектор, бөлім мен басқарманы басқарды.
Ал 2008 жылдан 2025 жылға дейін мемлекеттік кірістер органдарында басшылық қызметте болып, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында салық басқармалары мен департаменттерін басқарды.
Биыл шілдеден бастап Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық әкімшілендіру департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
Қазақстандағы мемлекеттік ұйымдар күн сайын барлық бухгалтерлік мәліметті БО БДҚ (бухгалтерлік операциялардың біртұтас деректер қоймасы) бірыңғай орталықтандырылған жүйесіне жіберіп отыратынын айта кетейік. Бұл еліміздің өңірлерінен жинақталатын қаржы ақпаратының біртұтас қауіпсіз қоймасы. Осы тәсіл мәліметтердің қауіпсіздігін күшейтіп, есептерді жылдам әзірлеп, талдау жасауға мүмкіндік береді.
Осы арқылы мемлекеттік органдар «бұлтты» бухгалтерияны пайдалана отырып, қаржы есебінің аудитін қашықтан жүргізу тәсіліне көшті. Демек, аудиторлар енді уақыт кетірмей қаржылық операцияларды нақты уақыт режімінде жүргізе алады. Аталған тетік қағазбастылықты айтарлықтай азайтып, мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетуге септігін тигізеді.
Осы жобаның шеңберінде бастапқы құжаттарды тікелей электронды есепке алу жүйелерінде бекіту функциясы енгізіліп, бұл автоматтандыру мен бюджет процестерін бақылауды жақсартады.
Озық технологияларды енгізу бухгалтерлік жазбаларға қатысты күмәнді әрекеттердің алдын алуға, еліміздің шоғырландырылған қаржы есебін қалыптастырып, республикалық бюджеттің жиынтық қаржы есебінің нақтылығын арттыруға көмектеседі.
Қазір қашықтан тексеру әдісі қанатқақты режімде 10 орталық мемлекеттік органда жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыс аяқталған соң мониторинг нәтижелерінің негізінде қаржылық есептіліктің дәйектілігін бағалай отырып, аудиторлық қорытынды ұсынылатын болады.