Дайындаушысы: «ВЕТПРОМ АД», 2400, Радомир қ., Отец Паисий көшесі, №26, Болгария. «ДИОФЛАВОН» тағамға биологиялық белсенді қоспасының 2022 жылғы 28 қазандағы №KZ.16.01.98.003.R.000712.10.22 мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін қолдану тоқтатылды

№ 124-НҚ от 31.10.2025

 

Тағамға биологиялық белсенді қоспаны

мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің

қолданылуын тоқтату туралы

 

            «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020  бұйрығымен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидаларының  24, 25 және                                        26-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Дайындаушысы: «ВЕТПРОМ АД», 2400, Радомир қ., Отец Паисий көшесі, №26, Болгария. «ДИОФЛАВОН» тағамға биологиялық белсенді қоспасының 2022 жылғы 28 қазандағы №KZ.16.01.98.003.R.000712.10.22 мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін қолдану тоқтатылды деп саналсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық   бақылау   комитетінің (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасы:

1) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген  куәліктің күшін жоюды және Өнімдерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті бірыңғай тізілімінен алып тастауды;

2) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату жөніндегі ақпаратты Комитеттің ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: Ресей Федерациясының Тұтынушылар құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқаты саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметінің 2025 жылғы 07 тамыздығы №02/15309-2025-39 хаты. Қазақ тағамтану академиясының, ББҚ, балалар тағамы және тағамдық қоспаларды тіркеу жөніндегі сараптамалық кеңестің  2025 жылғы 22 қыркүйектегі  № 03/88 хаты.  

 

 Төраға                                                                                           С. Бейсенова

 

 

Дата публикации
05 ноября 2025