Шағын және орта кәсіпкерлік

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Алтынсарин ауданында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 618 бірлікті құрады (оның ішінде заңды тұлғалар - 88, жеке кәсіпкерлер - 348, шаруа қожалықтары - 182), оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары - 594 субъект (заңды тұлғалар - 78, жеке кәсіпкерлер - 336, шаруа қожалықтары - 180). 2026 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 1 730 адамды құрады, өндірілген өнім көлемі 4 млн. 316 мың теңге болды (статистикалық деректер тоқсандық кешігумен жарияланады).

Ауданда 66 дүкен, 3 жол бойындағы дәмхана («Имбирь», «Баха-баха», «Сказка»), 5 автожанармай құю станциясы (оның ішінде 2 - ЖҚС «Арсенал» холдингтік компаниясы» ЖШС, 1 - ЖҚС - «Қостанайнефтепродукт» ЖШС және            2 - ЖҚС - «Kst Trade» ЖШС), сондай-ақ 2 автомобиль газ құю станциясы жұмыс істейді.

2026 жылғы қаңтар-маусым айында бөлшек сауда көлемі 520,3 млн. теңгені құрады, бөлшек сауданың нақты көлем индексі (НКИ) - 100,8 %. Көтерме сауда көлемі 575,0 млн. теңгені құрады, көтерме сауданың (НКИ) - 100,0 %.

2026 жылғы қаңтар-маусым айында ауданның негізгі капиталға салынған инвестицияларының (НКИ) - 237,2 % болды, негізгі капиталға 8 млрд. 912 млн. теңге инвестиция игерілді; оның ішінде жеке инвестициялардың (НКИ) - 246,9 %, игерілген жеке инвестициялар көлемі 8 млрд. 911 млн. теңгені құрады.

2026 жылғы қаңтар-маусым айында 826,0 млн. теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірілді, (НКИ) - 68,8 %, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында 691,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өңдеу өнеркәсібінің (НКИ) - 67,0 % болды.