Оқушылар шығармашылық сарайында акт залы, спорт залы, шеберхана, хореография би залы, шахмат кабинеті, мұражай, оқуға арналған 15оқу кабинеттері жұмыс атқаруда. Мекемеде жалпы 58 педагог бар, біліктілігі бар педагогтар саны 35, оның ішінде екінші санатты – 5, педагог-модератор – 7, бірінші санатты - 5, педагог-сарапшы – 10, педагог-зерттеуші – 8 педагог еңбек етуде.
Сонымен қатар , 2022 жылы қосымша білім беру саласында 4 жас маман жұмысқа орналасты. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2 жас маман әлеуметтік көтерілу жәрдемақысын алып баспаналы болды.
Оқушылар шығармашылық сарайында 59 үйірмелер оның ішінде 8 үйірмелерақылы түрде жүргізіледі: 2 фортепиано сыныбы , 3 домбыра сыныбы, баян 1 сынып, скрипка 1 сынып, қобыз 1 сыныпбарлығы 50 оқушы қамтылған және ақысыз 51үйірмелерде барлығы900 бала қамтылған.
Қазіргі таңда аудан бойынша Оқушылар шығармашылық сарайында 950 бала қосымша білім алуда. Соның ішінде 8 ауылдық округтегі филалдарымен бірлесе жұмыс жасайды. Атап айтсақ: Тассай, Көкжайық, Үлгілі-Малшы, Үлкен-Бөкен, Ақой , Шәріптоғай , Ажа және Биғаш ауылдық округтерінде 24 үйірмелерде 550 бала қосымша білім алуда. Көкпекті ауылында 36 үйірмелерде 400 бала қамтылған. Оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.
Инклюзивті білім беру қосымша білім беру тәжірибесіне белсенді түрде енгізілуде, 4 жылдан астам «Жұмсақ ойыншықтар» үйірмесі жұмыс істеуде жетекшісі Жабекова Жанна Берикбековна .Үйірмеге 16 оқушы қатысады Жанна Берикбековнаның арнайы жабдықталған шебер кабинетінде сабақ кестесіне сай жұмыс істейді.Қолөнер үйірмесінің есімі «100 жаңа есім» жобасына еңгізілген педагогбалалар мен жасөспірімдерге қолөнер мен тігін өнерін үйретеді.
Балалар жылын өз деңгейінде өткізу үшін бекітілген жоспарға сәйкес 5 бағыт бойынша топтастырылған : көркем-эстетикалық, музыкалық-эстетикалық, спорт-туризм , әлеуметтік-педагогикалық техникалық бағытта жұмыс жүргізілуде. 2022 -2023 оқу жылында қосымша үйірмелер ашылды: гитара ойнау , ақындар сыныбы , жетіген , шертер , дәстүрлі ән айту , сурет-дизайн , скрипка , панкратион ережесіз жекпе жек , бокс , көркем сөз .
Оқушылар шығармашылық сарайы оқушыларының 2021-2022 оқу жылындағы ең жоғарғы жетістігінің бірі Өскемен қаласында «Дала дидары» атты бейнелеу өнері және қолданбалы өнердің облыстық фестиваль-көрмесі. Осы облыстық деңгейде өткен фестивальға біздің 6 педагог қатысып, 4200 ге жуық қатысушылардың ішінен оза шауып жүлделі орындар мен ақшалай сертификатқа ие болды. Олар Г.Қ.Ахметқалиева, С.С.Жаркимбаева, Б.Тусупов, Ж.Жабекова, Асхар Таңжарық, Сергей Бугак.
Ал, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық «Туған жердің кереметі» туристік көпсайыста біздің мекеме оқушылары ІІІ орынды алды.
Көкпекті ауылындағы Оқушылар шығармашылық сарайының оқушылары «Шабыт тарландары» атты ІІ Халықаралық шығармашылық байқауына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Аталмыш байқауға «Вокал», «Аспапта ойнау», «Бейнелеу өнері», «Мүсіндеу» аталымдары бойынша оқушылар қатысып І,ІІ, ІІІ орындарды алды.
Оқушылар шығармашылық сарайы қыркүйек айы бойынша спорт бағыты бойынша «Панкратион» үйірмесінің оқушылары Семей қаласында өткен облыстық чемпионаттта 9 оқушы қатысып жүлделі І,ІІ, ІІІ орындарды алды.Осы облыстық чемпионатта жеңіп шыққан 3 спортшы Ақтау қаласында өткен Республикалық чемпионатқа жолдама алып, І,ІІ, ІІІ орынды алып келді.
«Республикам менің Қазақстаным» атты аудандық ақындар мүшайрасында «Ақындар» сыныбының оқушысы Амантаев Нұртілеу ІІІ орынды алды. Жетекшісі: Дархан Бердібек.
Шығармашыл оқушылар арасында өткен «Ақберен» республикалық өнер байқауына «Абай әлемі» үйірмесінің оқушысы Айнұр Назарбекова ІІ орын (Жетекшісі А.Слямханова), «Домбыра» сыныбының оқушысы Жалғас Қасымжанов ІІІ орынды алды. Жетекшісі: А.Дүнгененова.
2022 жылды Желтоқсан айында «Үкілі домбыра» атты күйші, ұлағатты ұстаз Нұрлан Кожыковты еске алу мақсатында өткен күйшілер байқауында біздің оқушылар да қатысып, І,ІІ орындарды алды.
2023 жылдың алғашқы айында Оқушылар шығармашылық сарайы тағы Республикалық деңгейде жетістікке жетті. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Тәуелсіздік күніне орай «Мен репартёрмын» атты байқауда І дәрежелі дипломды «Жас қалам» тілшілер үйірмесінің оқушысы Мусенова Айым жеңіп алды.
Сонымен қатар оқушылар шығармашылық сарайының оқушылары және педагогтары облыстық , республикалық, халықаралық, байқауларына қатысып жүлделі орындарға ие болуда.
Абай облысы білім басқармасының 2022 жыл қорытындысы бойынша қосымша білім беру мекемелері арасында Көкпекті ауданынан Оқушылар шығармашылық сарайы бірінші орынға ие болды. Жыл қорытындысы бойынша Абай облысының Білім басқармасы Оқушылар шығармашылық сарайының 2023 – 2026 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес кабинеттерді қамтамасыз ету және материалдық –техникалық базаны нығайту үшін 2023 оқу жылына қаңтардан бастап 18 млн.549 мың теңге қаражат бөлінді: музыкалық аппаратура ,шеберхана кабинетіне ағаш өңдеу, темір өңдеу станоктары, работотехника кабинеті ,Акт залына жабдықтар, интерактивті тақта, музыка жазу студиясы, қолөнер үйірмесіне тігін машиналары, 1 фортепиано, 1 рояль, спорт залға қазақ күресіне маталар алынатын болды.
Оқушылар шығармашылық сарайының 2023 – 2026 жылдарға арналған даму жоспары бойынша келесі жұмыстар жоспарлануда:
Қазіргі кезде кез келген ата-ана баласының өнерлі болып өскенін қалайтыны шындық. Өйткені мына заманда «Өнерлінің өрісі кең» екенін әрбір ата-ана жақсы түсінеді. Осы орайда Көкпекті ауылындағы Оқушылар шығармашылық сарайы жеткіншектерді өнерге баулудағы орны ерекше екенін атап өтуге болады.