Меню

Страницы

Статья

Көкпекті ауданының білім беру мекемелерінде 2022-2023 оқу жылында қосымша білім беруді ұйымдастыру

Көкпекті ауданыңдағы Оқушылар шығармашылық сарайының оқушылары «Шабыт тарландары»   атты ІІ Халықаралық шығармашылық байқауына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Аталмыш байқауға «Вокал», «Аспапта ойнау», «Бейнелеу өнері», «Мүсіндеу» аталымдары бойынша  оқушылар қатысып І,ІІ, ІІІ орындарды алды.

        Оқушылар шығармашылық сарайы қыркүйек айы бойынша спорт бағыты бойынша «Панкратион» үйірмесінің оқушылары  Семей қаласында өткен облыстық чемпионаттта  9 оқушы қатысып жүлделі І,ІІ, ІІІ орындарды алды.Осы облыстық чемпионатта жеңіп шыққан 3 спортшы Ақтау қаласында өткен Республикалық чемпионатқа жолдама алып, І,ІІ, ІІІ орынды алып келді.

      «Республикам менің Қазақстаным» атты аудандық ақындар мүшайрасында «Ақындар» сыныбының оқушысы Амантаев Нұртілеу ІІІ орынды алды. Жетекшісі: Дархан Бердібек.

        Шығармашыл оқушылар арасында өткен «Ақберен» республикалық өнер байқауына «Абай әлемі» үйірмесінің оқушысы Айнұр Назарбекова ІІ орын (Жетекшісі А.Слямханова), «Домбыра» сыныбының оқушысы Жалғас Қасымжанов  ІІІ орынды алды. Жетекшісі: А.Дүнгененова.

2022 жылды Желтоқсан айында «Үкілі домбыра» атты күйші, ұлағатты ұстаз Нұрлан Кожыковты еске алу мақсатында өткен күйшілер байқауында біздің оқушылар да қатысып, І,ІІ орындарды алды.

          2023 жылдың алғашқы айында Оқушылар шығармашылық сарайы тағы Республикалық деңгейде  жетістікке жетті. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Тәуелсіздік күніне орай «Мен репартёрмын» атты байқауда І дәрежелі дипломды «Жас қалам» тілшілер үйірмесінің оқушысы Мусенова Айым жеңіп алды.

         Сонымен  қатар оқушылар шығармашылық сарайының оқушылары және педагогтары облыстық , республикалық, халықаралық, байқауларына қатысып жүлделі орындарға ие болуда.

          Абай облысы білім басқармасының 2022 жыл қорытындысы бойынша қосымша білім беру мекемелері арасында Көкпекті ауданынан Оқушылар шығармашылық сарайы бірінші орынға ие болды. Жыл қорытындысы бойынша Абай облысының Білім басқармасы Оқушылар шығармашылық сарайының     2023 – 2026  жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес кабинеттерді қамтамасыз ету және материалдық –техникалық базаны нығайту үшін  2023  оқу жылына қаңтардан бастап  18 млн.549 мың теңге қаражат бөлінді: музыкалық аппаратура ,шеберхана кабинетіне ағаш өңдеу, темір өңдеу  станоктары, работотехника кабинеті ,Акт залына жабдықтар, интерактивті тақта, музыка жазу студиясы, қолөнер үйірмесіне тігін машиналары, 1 фортепиано, 1 рояль, спорт залға қазақ күресіне маталар алынатын болды.

         Оқушылар шығармашылық сарайының     2023 – 2026  жылдарға арналған даму жоспары бойынша келесі жұмыстар  жоспарлануда:

  • Педагогтар мен оқушылар арасында құрылған «Сырғалым» фольклорлық ансамблдың  жұмысын дамыту;
  • Ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында «Ұлы дала дидары» атты аудандық көрме-фестивальді ұйымдастыру;
  • «Үкілі домбыра» атты байқауды республикалық деңгейде өткізу;
  • «Балауса» би және ән үлгілі ансамбілін республикалық деңгейге жеткізу ;
  • Дәстүрлі әнді дамыту ;
  • Спорт-туризм бағытындағы өлкетану , киелі жерлерге саяхат жұмыстарын жүргізу, экспедицияларды ұйымдастыру;
  • Техникалық бағыттарды дамыту /ағаш өңдеу, темір өңдеу/;
  • Жетігеншілер ансамбілін құру;
  • Фотостудия, Жас тілшілер үйірме жұмысын дамыту;
  • Ағылшын тілі үйірмелерін жандандыру.

  Қазіргі кезде кез келген ата-ана баласының өнерлі болып өскенін қалайтыны шындық. Өйткені мына заманда «Өнерлінің өрісі кең» екенін әрбір ата-ана жақсы түсінеді. Осы орайда Көкпекті ауылындағы Оқушылар шығармашылық сарайы жеткіншектерді өнерге баулудағы орны ерекше екенін атап өтуге болады.

Дата публикации
27 марта 2023
Дата обновления
27 марта 2023
Тип
Информация

Сейчас читают

Статьи
09 декабря 2025
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарымен жұмысты ұйымдастыру бойынша консультациялық пункттерге арналған нұсқаулықтармектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарымен жұмысты ұйымдастыру бойынша консультациялық пункттерге арналған нұсқаулықтар
Статьи
10 ноября 2025
Бюджет 2025 год
11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)

Социальные медиа

Меню подвал

Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК