Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Қызметі туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыстар
Все материалы
Ермек Сағымбаев: Ұлттық қауіпсіздік – абыройлы міндет
13 июля 2023

Бүгін – Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылған күні. Еліміздің басты арнау­лы қызметі осыдан 31 жыл бұрын жұмысын бастаған еді. Біз Ұлттық қа­уіп­сіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевпен сұхбаттасып, ке­йінгі бірер жылда аталған салада қандай өзгерістер жасалғаны жөнінде, сон­дай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің даму барысы туралы сұрап білдік.

– Ермек Алдабергенұлы, сіз­ ҰҚК төрағасы лауазымына шаңыра­ғы­мызды шайқай жаздаған күрделі кезеңде тағайындалдыңыз. Нақтырақ айтсақ, атышулы Қаңтар оқиғасы кезінде келген едіңіз. Алғашқы күндер есіңізде ме?

– Ұлттық қауіпсіздік комитеті секілді арнайы мемлекеттік органдарда қызмет атқару әу бастан-ақ кез келген күтпеген оқиғаға үнемі дайын болуды және тез арада тиісті әрекет ету қабілетін талап етеді. Иә, бұл қызметке мен күрделі сәтте келдім. Ел үшін қиын кезеңде Мемлекет басшысының комитет алдына қойған маңызды міндеттерін шұғыл шешуге тура келді. Бұл үшін, ең алдымен, қоғамдық жағдайды тұрақтандыру және конституциялық құрылысты қорғап қалу шараларын кешеуілдетпей қабылдау керек болды. Ел халқы мен Президент алдындағы үлкен жауапкершілікті сезіндім.

Сол күндері ел азаматтарының ұлт­тық қауіпсіздік органдарына сенімі едәуір төмендегені белгілі. Өйткені кейбір бұрынғы қызметкерлеріміз заң мен қоғамдық моральды аяққа таптап, лауазымын асыра пайдаланып, құқыққа қайшы әрекет жасағанын білеміз. Мұндай келеңсіз фактілерге қатысты процедуралық баға беріліп, олардың қайталанбауы үшін шаралар қабылданғанын айта кеткім келеді. Біз сол өткен жылдың қаңтар айында жеке құрамды жинап, оны жедел-жауынгерлік міндеттерді орындауға жұмылдыру, жауынгерлік рухты­ көтеруге тиіс мүмкіндікті қалт жібермедік. Нәтижесінде, бүкіл күштік блоктың бірлескен қимылы арқасында елдегі жағдайды реттеп, тұрақтандыруға қол жеткіздік.

– Өткен жылы 17 мамырда Мем­лекет басшысы «Қазақстан Респуб­ли­касы ҰҚК-нің кейбір мәселелері тура­лы» Жарлыққа қол қойды. Бұ­дан кейін ұлттық қауіпсіздік орган­да­рының қызметіне қандай өзгерістер енгі­зілді?

– Біз әлемде және елімізде орын алып жатқан ауқымды саяси өзгерістердің куәсі болып отырмыз. Жаңа сын-қатерлер туындап жатыр. Оның ауқымы мен сипатына қарай Ұлттық қауіпсіздік қызметі шешетін міндеттерге де өзгерістер енгізіледі. Бұл өз кезегінде комитет құрылымын реформалауды қажет етеді. Сондықтан ҰҚК қызметі де жедел жағдай мен жаңа уақыт талаптарына сай жетілдіріліп келеді. Атап айтқанда, жұмыстың басым бағыттарын назарға алу үшін бұрынғы бөлімдер қайта топтастырылды. Халықаралық терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бөлімшелері күшейтілді. «А» арнаулы мақсаттағы қызмет бағыттары қайта қаралды. ҰҚК-нің арнаулы күштері ең алдымен жауынгерлік міндеттерді шешуге және террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғауға бағытталды.

– Халықаралық есірткі саудасына қарудың заңсыз айналымына және трансұлттық қылмыстық топтарға қарсы күресте жеткен табыстарыңыз баршылық. Ал басқа салаларда, мысалы, қарсы барлау қызметі, тер­роризмге, экономикалық және киберқылмыстарға қарсы күресте нәтиже бар ма?

– Бұл бағыттарда да тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеміз. Олар негізінен алдын алу сипатында жүреді және құпия санатына жатады. Сондықтан көбіне жұмыс нәтижелері көріне бермейді. Өйткені Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінің өзі құпия негізде жүзеге асырылатындықтан, халыққа тұрақты түрде әрі толыққанды ақпарат беру мүмкін емес. Комитет өткен жылдан бері бірқатар күрделі қарсы барлау операциясын сәтті жүзеге асырды. Соның ішінде құпияларды қорғау бағытында мемлекеттік органдарда 334 тексеру жүргізіліп, 3 мыңнан аса заң бұзушылықты анықтадық. Нәтижесінде, 9 адам қылмыстық, 320 адам әкімшілік және 372 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге кейінгі 5 жыл ішінде халық көп жиналатын жерлерде және билік органдарына қарсы дайындалған 18 террористік актінің жолы кесілді. ҰҚК уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп шетелдік экстремистердің арбауына тап болған адамдарды райынан қайтаруға, яғни дерадикализация­лау жұмыстарына белсенді түрде атсалысып келеді. Жалпы, терроризмге қарсы күрес бағытындағы жұмыстарды үйлестіру Терроризмге қарсы орталық арқылы іске асырылады, ал оның жұмыс органы, яғни штабы ҰҚК құрамында. Өңірлерде радикалды идеялардың таралуына ықпал ететін факторларды анықтаумен және жоюмен айналысатын 205 терроризмге қарсы комиссия қызмет етеді.

Экономикалық қауіпсіздік бағы­тында ҰҚК қабылдаған шаралар нәти­жесінде 1,4 трлн теңге мемлекетке қайтарылды. Атап айтқанда, оның ішінде 890 млрд теңге көлемінде мемлекетке келтірілетін залалдың алдын алса, бюджетке 493 млрд теңге қайтарылды.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ҰҚК жұмысының басым бағыт­тарының бірі. Еркін айналымдағы ақпараттың ел қауіпсіздігіне, оның саяси,­ экономикалық, қорғаныс және басқа да салаларына ықпалының артуына байланысты бұл бағыттағы жұмыстар уақыт өткен сайын өзекті бола түсті. Автоматтандыру үдерістерінің қарқынды дамуы, ақпараттық технологиялардың қазіргі өмірдің барлық саласына енуі ресурстар мен деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің жаңа мүмкіндіктерін ашып отыр. Әсіресе хакерлер мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарына ерекше «қызығушылық» танытады. Тек осы жылдың басынан бері қарай 95,4 мил­­лионнан астам кибершабуыл мен 3000 DDoS-шабуылдың беті қайтарылғанын айтсам жеткілікті шығар. Олар интернет желісінің отандық сегментіндегі қорғалған мемлекеттік және өзге де ресурстарға заңсыз қол сұғуды көздеген болатын.

Осы орайда ҰҚК мен басқа да мем­­лекеттік органдар іске асырған «Қазақстанның киберқалқаны» бағдар­ламасы елдің ақпараттық кеңістігін кешенді қорғауға бағытталып отыр. Ол ұйымдастырушылық және техникалық шаралармен қамтамасыз етілген. Тәулік бойы Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы қауіп-қатерлерді анықтайды және тиісінше әрекет етеді. Сонымен қатар интернет желісінде атақты адамдар мен шенеуніктер атынан жасалған «үндеулері» бар жалған бейнелер тараған кезде «Deep Fake» технологиясы көмегін тигізіп жатыр.

Жалпы, осы аталған шаралардың бәрі жолға қойылған халықаралық әріптестіктің арқасында іске асырыл­ғанын айтуымыз керек. Біз халықаралық ынтымақтастыққа көп көңіл бөлеміз. Өйткені алдыңғы қатарлы дамыған елдерден үйренеріміз көп. Хакерлік шабуылдарға, интернеттегі алаяқтық қылмыстарына қарсы өзара іс-қимылдар жасап, тәжірибе алмасып отырамыз.

– Жуырда Қазақстан халқы Ассам­­­­­блеясының кезекті сессиясын­да­­ Мемлекет басшысы елдегі ұлт­ара­­лық бірлік пен келісімге нұқсан кел­тіруге бағытталған кез келген­ арандатушылықтың жолын кесу қажетіне ерекше назар аударды. Комитет осы бағытта қандай жұмыс жүргізіп жатыр?

– Шынында да, қазіргі күні елімізде ұлтаралық қатынастар тұрақты бол­­­ғанымен, әлемде, айналамызда болып жатқан шиеленісті жағдайлар бізден бұл мәселеге мұқият назар аударуды талап етеді. Тәуелсіздік алған кезден бері біз мемлекетіміздің ең басты құндылығы – көпэтносты Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағына көздің қарашығындай қарап, саф қалпында сақтай алдық. Ендігі кезекте діни, этностық және әлеуметтік негіздегі шиеленістер мен қақтығыстарға әкелуі мүмкін аран­да­туға жол бермеуге тиіспіз.

Бұл тек бір ғана Ұлттық қауіпсіздік комитетінің міндеті емес. Әрбір мем­лекеттік орган өз құзыреті шегінде және заңнамаға сәйкес бірлесе жұмыс істейді. Басты міндет – шиеленіске алып баруы мүмкін белгілер мен жағдайларды дереу арада анықтау және олардың алдын алу. Мен осы орайда барлық ел азаматтарына қазіргідей алмағайып заманда бірлік пен тұрақтылықты қолдан шығармай, төзімді, ұстамды болуға, өзара түсіністік танытуға шақырар едім. Қазақ даласында ғасырлар бойы салтанат құрған достық, сыйластық, қонақжайлық дәстүрін берік ұстанып, ортақ шаңырағымыздың шайқалмауына әрбіріміз атсалысуымыз керек.

– ҰҚК-нің маңызды қызмет бағыт­та­рының бірі – сыртқы барлау қызметі екенін білеміз. Сіздің ойыңызша, отандық барлау қыз­ме­ті қазіргі уақыт талаптарына қан­ша­лықты сай?

– Иә, сыртқы барлау қызметі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде ерекше орын алады. Тәуелсіздік жылдарында толыққанды барлау қызметі құрылды, ол көптеген міндеттерді шешеді. Бүгінгі таңда Сыртқы барлау қызметінің алдында ұлттық қауіп­сіздікке төнетін сыртқы қатерлер туралы мәліметтерді жинау және талдау, олар бойынша ел басшылығына уақтылы хабар беру, сондай-ақ мемлекеттік органдарға еліміздің мүдделерін шетелде қорғау мен ілгерілетуге жәрдемдесу бойынша міндеттер тұр.

Сыртқы барлау қызметінің нәти­желері жұмыстың ерекшеліктері мен құпия сипатына байланысты жария етілмейді. Бірақ ҰҚК СБҚ қол жеткізген материалдар мен жүргізген операция­лар негізінде маңызды мемлекеттік шешімдер қабылданғанын айта кету керек. «Отандық барлау қызметі заман талабына сай ма?» деп сұрап отырсыз. Иә, уақыт талабына сай. Өз қызметінде заманауи технологиялар мен ақпаратты өңдеу жүйелерін қолданады. Қазіргі таңдағы қалыптасып отырған геосаяси жағдайға байланысты барлау қызметі жетілдірілу үстінде.

– Мемлекеттің қауіпсіздігі ше­ка­ра­­­сының беріктігімен өлшенеді. Шекара қызметі – Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарайтын маңызды құрылым. Осы орайда біздің шекарамыз сыртқы қауіп-қатерлерден қаншалықты қорғалған?

– Біз Еуропа мен Азияны байланыс­тырып тұрған маңызды жағрапиялық аймаққа жатамыз. Екі құрлық арасында ерсілі-қарсылы ағылған нөпірдің бәрі заң талаптарын сақтайды деп айта алмаймыз. Сол себепті заңсыз көші-қон, есірткі тасымалы, қару-жарақ пен оқ-дәрі контрабандасы секілді мәселелер өзекті болып отыр. Бұған қарап, Шекара қызметі мен жедел бөлімшелердің жұмысы қауырт екенін көреміз.

Қол жеткізген табыстарымыздың қатарында халықаралық терроризм мен экстремизмге қатысы бар адамдардың шетелден елге ену жағдайлары тоқта­тыл­ғанын айта аламын. Тек осы алғашқы жарты жылда ҰҚК Шекара қызметінің күштері 11 000-нан астам шекара бұзушы ұстап, 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұдан бөлек, 7,5 млрд теңгеге бағаланған 1 тоннаға жуық түрлі есірткі заттары, сондай-ақ декларацияланбаған тауарлар мен жүктер тәркіленді.

Мемлекеттік шекараны күзету инфра­құрылымын жетілдіру үшін оны инженерлік құрылыстармен және тосқауылдармен, бейнебақылау жүйелерімен, сондай-ақ құжаттарды, автокөліктерді және жүктерді тексеру құралдарымен жабдықтау жүзеге асыры­лып келеді. Шекара қызметін қару-жарақ, жауынгерлік, автокөлік және арнайы техниканың жаңа үлгі­лерімен қамтамасыз ету жалғасып жатыр. Мұның бәрі – үкіметтік деңгейде шешілетін мәселелер.

Шекарашылардың шеберлігін шың­дау үшін республикалық, аймақтық ауқымдағы оқу-жаттығу жиындары жиі өтіп тұрады. Көрші мемлекеттердегі әріптестермен екіжақты байланыс орнатып, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық жолға қойылған. Айта кету керек, шекара қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған шаралар ел азаматтары мен шетелдіктердің туристік, сауда-саттық және өзге де заңды мақсаттағы жүріс-тұрысына кедергі келтірмеуге тиіс. Сол себепті уәкілетті органдармен бірлесіп, мемлекеттік шекарадан өтуді жеңілдету бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта халықаралық жүк тасымалына да баса назар аударылады.

– Ермек Алдабергенұлы, қыз­метіңізде сіз кімдерге сенесіз?

– ҰҚК – «бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін» қағидаты бо­йынша құрылған үлкен команда. Жедел қызметкер, талдаушы, тергеуші, техник, арнайы жасақ жауынгері немесе қосалқы бөлім қызметкері болсын, біз үшін әрбір қызметкердің жұмысы аса маңызды. Комитет штатында өзінің кәсіби деңгейін жұмыс нәтижесімен дәлелдеген ҰҚК Академиясы түлек­терінің саны артып келе жатқаны қуантады. Олардың көбі 15-20 жылдан астам жұмыс өтілі бар тәжірибелі басшылық құрамда қызмет етеді.

Комитет алдында тұрған міндеттерді шешудегі негізгі салмақ, әрине, жедел қызметкерлердің мойнына жүктелген. Олар ұзақ жылдарға созылған интеллектуалды күш-жігерді талап ететін қызметтерді жүргізеді. Сол кісілердің берген ақпараттары көбіне мемлекеттік деңгейде қабылданатын шешімдерге негіз болады.

Жоғарыда айтқанымдай, біздің қызметтің ерекшелігіне байланысты атқаратын жұмысымыздың мазмұнын толық ашуға болмайды. Алайда ҰҚК қызметкерлерінің көпшілігіне жоғары моральдық және отансүйгіштік қасиет тән екенін баса айтқым келеді. Біз ұлттық қауіпсіздік органдарына Отанға қызмет етуге дайын талантты жастарды қабылдауға әрдайым дайынбыз.

– Өзіңіз туралы да қысқаша айтып өтсеңіз. Қайда білім алдыңыз, бұған дейін қандай қызметтер атқар­дыңыз?

– Мен қарапайым отбасында туып-өстім. Сол кездегі бүкіл жас сияқты әскерде Отан алдындағы борышымды өтеп, жоғары инженерлік білім алдым. Спортпен шұғылдандым. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке шақырылып, әріптестерім сияқты кіші жедел уәкілден бастап, барлық қызмет сатыларынан өттім. Мемлекеттік күзет қызметінде де жұмыс істедім.

Арнайы қызмет басшысы лауазы­мын­дағы адамға қатысты ақпарат бізде ғана емес, басқа мемлекеттерде де толық жария етілмейді. Көпшіліктің ҰҚК туралы пікірі оның басшыларының өмірбаяны негізінде емес, қызметінің нәти­желері бойынша бағалағанын қалаймын.

– Бүгінгі Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күні­не орай әріптестеріңізге қандай тілегіңізді арнар едіңіз?

– Біздің ведомствоның әрбір қыз­мет­ке­ріне қажырлы еңбегі мен адалдығы үшін алғыс айтқым келеді. Олардың батыл­дығы мен кәсібилігін жоғары баға­лай­мын. Біздің қызметкерлер еліміздің қауіп­сіздігін қамтамасыз етуге және азамат­тарымызды қорғауға елеулі үлес қосып жатыр.

Әрбір қызметкерге кәсіби жолда биік белестерді бағындыруды тілеймін. Алға ұмтылып, жаңа жеңістерге жету, білім мен білігін арттыруда қанаттары талма­сын. Дамуға ұмтылу алдымыздан кезде­сетін қиындықтарды сәтті жеңуге көмектеседі.

Сонымен бірге ардагерлерімізге жас­ офицерлерге үлгі болып, өске­лең­­ ұрпақты отаншылдық рухта­ тәр­бие­­леуге қосқан баға жетпес үлесі үшін алғы­сымды білдіремін. Мем­­ле­­ке­тіміздің қауіпсіздігіне бейжай қара­­майтын азаматтарға және біздің мис­сиямызға көмек пен қолдау көр­сете­тін­дердің барлығына алғысым шексіз.

Сөзімнің соңында ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен арда­герлерін, олардың жақындары мен отбасы мүшелерін Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылған күнімен құттықтаймын! Зор денсаулық, табыс және бақ-береке тілеймін.

 

2023 ж. 13.07.

«Egemen Qazaqstan» газеті

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады
03 мая 2023

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің оқу базасында алғашқы әскери дайындықтарын шыңдап жатқан жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отан қорғаушыларымыздың өміріндегі дара мереке саналатын айтулы шараны тамашалау үшін сарбаздардың алыстан ат арылтып жеткен ата-ана, туған-туыстары, сондай-ақ қала халқы Алматы қаласының ең көрікті орындарының бірі, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында бас қосты.

600-ге тарта шекарашы сарбаз салтанатты сап түзеген бүгінгі рәсімнің көркін шаһардағы «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының мүшелері кіргізе түскен. Үстеріне киген әскери формалары да өздерін ерекшелендіріп-ақ тұр... Көпшіліктің көзайымына айналған шекарашылардың жас достары қолдарына қару алып, Құрметті қарауыл ротасының қатарына тұрды. Ал бұл – жас патриоттарымыздың рухтарын жани түскені хақ...

ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Әлібек Каюповтың бұйрығымен, Жауынгерлік Ту көтерушілер тобы сап түзеген сарбаздардың алдын кесіп өтіп, өз орындарына тұрған соң рәсім еліміздің Мемлеттік Әнұранымен басталды. Бұл – «Көктем-2023» шақырылымы үшін маңызды сәттің тұсауы кесілгенін білдіріп тұр еді.

«Мен қатардағы жауынгер...» деп бастап, туған елінің халқына ақтық демі қалғанша адал қызмет етуге ант берушілердің қатары біртіндеп көбейе түскен. Осынау маңызды сәтті қалт жібермеген Алматы облысы бойынша департаментінің басшылары, шекарашы ардагерлер мен мәртебелі қонақтар сарбаздарды құттықтап, қабылдаған анттарына адал болуға тілек білдірді.

Қалың жұртшылықтың басын қосқан шара департаментке қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының сахналық көрінісіне ұласты. Мұнда ел шебіндегі күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындауға машықтанған әскери қызметшілер шекара бұзушыларды ұстаудың тәсілдерін асқан шеберлікпен көрсете білді.

«Туған жердің шекара шебінде жүру – әркімге бұйырмайтын бақ» демекші, шекара – жүрегі «Отаным» деп соққан нағыз патриоттардың мекені. Енді міне, осынау патриоттарымыздың қатарын жаңадан толықтырған жас сарбаздардың жүрегін қуанышқа толтырған бүгінгі тамаша мерекені ҰҚК Шекара қызметінің әнұранына айналып үлгерген «Біз – шекарада!» атты патриоттық ән аяқтады.

 

Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.

Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
Терроризмге қарсы іс-қимыл
Киберқалқан
Барлау және қарсы барлау іс-әрекеті
Жедел-іздестіру іс-әрекеті
Мемлекеттік құпияларды қорғау
Халықпен жұмыс
Қызметке қабылдау
Әлеуметтік қамсыздандыру
Арнайы мемлекеттік архиві
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫНА ҚЫЗМЕТКЕ ҚАЛАЙ КІРУГЕ БОЛАДЫ?
27 января 2023

 

 

📌✅ Қосымша ақпарат сілтеме бойынша

Когда мошенники представляются сотрудниками КНБ
28 декабря 2022

Сайт voxpopuli.kz и портал banker.kz собрали истории людей, обманутых мошенниками, и на их основе составили памятки о том, как этого избежать.

Текст: Ирина Лелявская

Фотографии: Акжан Куандыков

Экспертиза: Адильжан Нугманов

Гульшара Дюйсембаева, сколько себя помнит, старалась жить по средствам и не брать денег в займы. А в 67 лет, неожиданно для самой себя, оказалась должником сразу трех банков.

Гульшара Насиевна никогда не нуждалась в деньгах. В советское время работала на хороших работах, в партийных органах. После распада Союза была даже директором компании. Сейчас – на пенсии. Не шикует, конечно, но 140 тысяч тенге в месяц хватало, и даже удавалось откладывалось деньги на «черный день».

Все изменилось 6 июня. Женщине позвонили по телефону. Мужской голос представился сотрудником Комитета национально безопасности. И сразу же заявил: деньги и карточки Гульшары Насиевны под угрозой. На них, якобы, претендуют некие злоумышленники, поэтому пенсионерка должна помочь их выявить и задержать.

«Это сегодня все звучит абсурдно, — сокрушается женщина, — но тогда я серьезно испугалась, да и были уже некоторые проблемы с картами, поэтому я согласилась помочь!»

Так Гульшара Дюйсембаева стала участницей «секретной спецоперации».

Схема «развода» лже-КНБ-шников была весьма циничной. Они утверждали, что в Казахстане орудует банда мошенников во главе с банковскими работниками. И вот теперь они покушаются на ее, Гульшары Дюйсембаевой, имущество. Однако, правоохранительные органы уже на чеку. Им осталось только поймать преступников, что называется, «на живца». Женщине отводилась роль своеобразной приманки. Она должна была ходить по банкам, осуществлять различные операции. И, при этом, внимательно наблюдать, как ведут себя «банковские аферисты». Главным условием «голосов из телефона» была конфиденциальность – обо всем происходящем с пенсионеркой никто не должен знать. Иначе, преступников задержать не удастся, а деньги ее пропадут.

Собеседники были очень убедительны. Кроме того, Гульшара Насиевна – человек законопослушный. Правду и справедливость готова отстаивать до последнего. Поэтому выполнить ответственную миссию и помочь стражам порядка поймать преступников она согласилась без сомнений и лишних разговоров.

Сначала мошенники потребовали поменять карты. Гульшара Дюйсембаева не сопротивлялась. Она послушно выполнила указания «блюстителей закона». Затем в расход пошли сбережения самой женщины.  450 тысяч тенге пенсионерка должна была перевести из одного банка в другой. И это она тоже сделала! Потом аферисты потребовали взять кредит. И не один, а несколько и в разных банках.

«Сама я конечно же не взяла бы кредит, да и не нужен он мне, — с грустью признается пенсионерка. — Но эти люди постоянно напоминали мне, что я участвую в спецоперации, и все долги сразу будут списаны, за мной ничего не останется. КНБ же! Нацбанк!». 

Так «спецоперация» перешла на совершенно новый уровень. Два дня Гульшара Насиевна ходила от банка к банку, заполняла какие-то документы, оформляла кредиты, а потом полученные деньги переводила на неизвестные счета и карты. Все указания, как и прежде, получала по телефону. Сама звонить, естественно, не могла.

Пенсионерка вспоминает: на улице стоял невыносимый зной, и это сказывалось на ее здоровье. Во время очередного сеанса связи у женщины сдали нервы: она призналась, что плохо себя чувствует и больше не в силах быть «спецагентом». Тогда мошенники сжалились и переслали на карту пять тысяч тенге – «на такси». «Эдакая подачка,» — сетует женщина.

Между тем, кредитный марафон продолжался. Гульшара Насиевна потеряла счет переводам и всевозможным транзакциям. Как только деньги приходили на карту, мошенники требовали выслать им код из СМС — тот самый секретный набор цифр, который присылается на телефон клиенту банка с пояснением никому его не передавать и не озвучивать. Но на эту мелочь пенсионерка тогда, конечно, не обратила внимания. Поэтому, когда все закончилось, она вздохнула с облегчением: ей больше не придется никуда идти.

 «Я просто пришла домой. Выкинула все чеки и расписки в помойку. Зачем они нужны? И прилегла отдохнуть,» — вспоминает женщина.

Через два дня Гульшара Насиевна поняла, что для нее всё только начинается. «Я открыла банковское приложение, и меня будто кипятком окатило! Я поняла, что моих денег там нет!» — с ужасом в голосе вспоминает женщина. Надежда на то, что все можно вернуть, таяла с каждым звонком на уже известные номера: трубки брали совершенно другие люди.

«Тогда-то я все поняла — меня обманули…» — вспоминает Гульшара Дюйсембаева, и просит прервать интервью. А, спустя некоторое время, поясняет: обо всём этом ей до сих пор больно и тяжело вспоминать!

Сразу после случившегося женщина написала заявление в полицию. Но за полгода ее только однажды вызывали на допрос. Поэтому веры в справедливость и положительный исход дела у Гульшары Насиевны все меньше.

Сегодня женщина должна банкам без малого два миллиона тенге. Ежемесячно приходится отдавать половину пенсии, а это 70 тысяч.  Чтобы хоть как-то свести концы с концами, она вынуждена подрабатывать: присматривать за больной шизофренией бабушкой. Работа не из легких, но это деньги, признается пенсионерка. Ведь скидок в банках никто не делает. И, чтобы закрыть кредиты, придется выплатить всё.

Источник: voxpopuli.kz

Қайраткер тұлға
21 ноября 2022

Елімізде тұрақтылық пен ішкі-сыртқы қа­уіп­сіздікті, бірлікті бекемдеу ісінде айрықша орны бар Қазақ­стан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті­нің құ­рылғанына биыл 30 жыл толды. Ел тә­уелсіздігімен бірге қай­та жасақталған қа­уі­п­сіздік органының осынау белесі қалыптасу мен тұ­рақты даму кезеңі ретінде айшық­талды.

Кеңес одағы кезінен бері қа­уіпсіздік органдарында қызмет еткен, басшылық құрамда болған көптеген ардагер қызметкер­­лер зей­­­нет­керлікке шыққаннан ке­­йін де қоғамда ұлттық рухты кү­шейту, ке­йінгі толқынды патриотизм­ге тәр­биелеу бағытында үлкен жұ­мыс атқарды. Олар қазір де арнау­лы қызметтің озық тәжірибелері мен қалыптасқан дәстүрлерін ізба­сар­ларына үйретіп, ортамызда жүр. Солардың бірі –  ҰҚК тұңғыш төр­ағасы, генерал-лейтенант Болат Баекенов биыл 80 жас­қа толып отыр.

Болат Әбдірахманұлы тәуел­сіздіктің елең-алаңында отандық күштік құрылымдарды жасақтап, нығайтуға сүбелі үлес қосты. Тә­уел­сіздіктің 30 жылдығы қарса­ңын­да Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қауіпсіздік ко­ми­тетінің тұңғыш төрағасы, Қауіп­сіздік кеңесінің хатшысы, Ішкі істер министрі, Президент Күзеті қыз­метінің бастығы лауазымдарын абыроймен атқарған, арнаулы қызметтерді қалыптастыруға айрық­ша атсалысқан оны І дәрежелі «Даңқ» орденімен марапаттауы – осының айғағы.

Болат Баекенов 1960 жылы Орал қаласындағы Ауыл және орман ша­руашылығы техникумын бі­тір­геннен кейін еңбек жолын Қара­ғанды облысы Саран қаласында қа­лалық ДОССАФ автоклубының мең­герушісі, автобаза автомеханигі болып бастаған. Әскери борышын өтеп келгеннен кейін Саран қала­лық халыққа білім беру бөлімін­де мектепаралық оқу-өндірістік шеберханасының меңгерушісі болды. 1966-1973 жылдары комсомол және партия жұмыстарына арала­сып, Саран қалалық комсомол комитеті­нің бірінші хатшысы, қалалық партия комитеті ұйымдастыру бөлімі­нің меңгерушісі қызметтерін атқар­ған. Бұған қоса Қарағанды мемлекет­тік университетінің тарих факульте­тін сырттай бітірді.

1973 жылы Қазақстан компартиясы орталық комитетінің ше­ші­мімен ол КСРО мемлекеттік ка­уіп­сіздік комитеті Жоғары мек­тебі­нің басшылық кұрамдарын даяр­лау курсына жіберіледі. Оны бітір­геннен кейін Мемлекеттік қа­уіпсіздік комитеті Қарағанды об­лыс­тық басқармасы қарсы бар­лау бөлімі бастығының орын­ба­сар­­лығына тағайындалады. Бо­ла­шақ ҰҚК төрағасының қауіп­сіз­­дік қызметіндегі карьерасы осы кезден басталған еді. Әрі қарай қа­жырлы еңбегінің арқасында осы саладағы жауапты қызметтерді ат­қа­рып, еліміз егемендік алған жыл­дары осы салаға басшылық жа­сап, жаңадан құрылған органды ны­ғай­туды ұйымдастырды.

Жоғарыда атап өткеніміздей, ол тәуелсіздіктің нығаюы жылдарында қауіпсіздік қызметінен басқа да бірқатар күштік құрылымдарға жетекшілік етті. 1993-1994 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы міндетін атқарып, 1994-1995 жылдары Ішкі істер министрі болды. 1997 жылдан Президент Күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. 2001 жылы отставкаға шыққан соң Болат Әбдірахманұлы ұстаз­дық қызметпен айналысып, Қазақ гуманитарлық заң университетін­де Алматы заң академиясын, Қазақстан Күзет ұйымдары ассоциациясын басқарды.

ҰҚК ардагерінің атқарған қыз­меттеріне жекелей тоқталатын бол­сақ, бірнеше кітапқа жүк болатыны сөзсіз. Еліміз тәуелсіздік алған­нан кейін күштік құры­лым­дарды реформалау, қайта құру мәселесі күн тәртібіне шықты. Түбегейлі өзгеріс­ке ұшыраған саяси, экономикалық, құрылымдық жүйе барлық салаға жаңа талап, тың міндет қойды. Ең алдымен заңнамалық негіз ретінде 1992 жыл­ғы маусымда Жоғарғы Кеңес Ұлттық қауіпсіздік туралы заң қабылдады. Бұл заңды әзірлеу­ге тек күштік құрылымдар қызмет­­кер­­лері, депутаттар ғана емес, соны­мен қатар жалпы жұртшы­лық өкіл­­дері де қатысты. Сол тұста Болат Әбдірахманұлының бас­шы­лы­ғымен Ұлттық қауіпсіздік орган­дарында жаңа заң бойынша көп­теген өзгеріс жасалды. Құжат қабыл­данғаннан кейін комитет­тің, әрбір қыз­меткердің атқаратын қыз­меттерін реттейтін нормативтік актілер дайындалды.

Алғаш еліміз егемендік алып, дербес мемлекет болған жылдары қай салада болсын әртүрлі қиын­дық болғаны белгілі. Қаржы мәселесі, жабдықтау, тіпті кадр тапшылы­ғы да басты проблеманың бірі бол­ды. Жасыратыны жоқ, материалдық жағдай да бұл тұс­та маңызды рөл атқарды. КСРО ыдыраған кезде Ұлттық қауіпсіз­дік органдары­­ның жан-жақ­ты да­йындықтан өткен білікті мамандары мемлекеттік қыз­метке, жеке коммерциялық ком­па­­нияларға ша­қырту ала бастады. Кәсіпкерлер жоғары жалақы таға­йын­дап, мамандарды фирмалар­­да жұмыс істеуге тартты. Көптеген бі­­лікті офицерлер өздерінің тарихи Отандарына қоныс аударды. Сол себепті ұлттық қауіпсіздікті қам­тамасыз ететін, ел мүддесін қор­ғайтын мамандар қатары сиреп қал­ды. Осы тұста шетте жүрген мамандарымызды елге қайтару, жаңа кадрларды даярлау жұмыстары қолға алынды. Адамдармен жұ­мыс істеудің жаңа технология­ла­ры мен әдістерін меңгеру, постке­ңес­тік кеңістіктегі басқа елдердегі әріп­­тестермен бірлесіп қарсы бар­лау, ұйым­дасқан қылмыспен және есірткі бизнесімен күресу са­ласын­да өзара ынтымақтастық орнату қажет болды. Осындай қиын тү­йін­­дердің шеші­мін табу Болат Әбдірахманұлының басқаруымен іске асырылды.

Ұзақ жылдар күштік құры­лым­дар саласына сіңірген еңбегі үшін ол «Парасат», «Құрмет», «Даңқ», «Достастық жұлдызы», «За благородство помыслов и дел», «Еңбегі үшін» ордендерімен, КСРО, Қазақстан ­­және шетел мемлекеттерінің 32 ме­да­лі­мен марапатталған. «Генерал­дар кеңесі» республикалық қоғам­дық бірлестігі президиумының мү­шесі, ҰҚК және Президент күзеті қызметінің Құрметті қызметкері, ҚазМЗУ Құрметті профессоры, Саран қаласының Құрметті азама­ты бү­гінде зайыбы Тамара Васильев­на екеуі үш қызды өсіріп, немере тәрбиелеп отыр.

Ардагердің 80 жылдық мерей­тойы елімізде кеңінен аталып өту­де. «Ұлттық қауіпсіздік коми­те­ті органдарының ардагерлері» рес­публикалық қоғамдық бір­лес­тігі Ор­талық кеңесінің төр­ағасы, отстав­ка­дағы полковник Кенже­болат Бекназаровтың бастамасы­мен ме­рей­­той қарсаңында Алматы­дағы ҰҚК ғимаратында Ұлттық қа­уіп­сіз­­дік комитеті бірін­ші төраға­сы­ның мұражай-бөл­месі ашылды, ­сон­дай-ақ арнаулы қызмет органдары арда­герлерінің арасында бильярдтан жарыс ұйымдастырылды. ­Болат Әбдірахманұлының қауіпсіздік орган­дарының құрылымын ны­­ғай­ту және ретке келтірудегі қа­жыр­­лы еңбегі, игі бастамалары ар­наулы қызмет және құқық қорғау ­ор­ган­дарының тарихынан ойып орын алады.

"Егемен Қазақстан" газеті

21.11.2022 ж.

 

 

Отан шекарадан басталады
25 августа 2022

Егемен Қазақстан, 24.08.2022 ж.

 

Жұрт ұйқыда жатқанда, ел шетін кірпік қақпай күзе­тетін шекарашылардың еңбегі ерлікпен пара-пар. Атаулы мамандық иеле­рінің меншікті мерекесі қар­саңында Алматы ірге­сіндегі ҰҚК-ге қарасты «Қас­келең» шекара бөлі­мі­не барып, шептегі шымыр жігіт­тердің бір күнгі өмірі­мен танысып қайтқан едік.

Түн әлетінде кірпік қақпай дегенді әсірелеп айтқанымыз жоқ. Расында солай. Тәртіп бо­йынша шекарашылардың қызу жұмысы кешкі 8-де басталады. Сай тасындай саңлақтар сапқа тұрып, өздеріне жүктелген жауапты міндеттеріне жұмылады. Бірі биік мұнара басында мойнына дүрбі іліп, алыс-жақынды барласа, енді бірі атқа мініп аумақтың тыныштығын күзетеді. Мұздай қару асынған тағы бірнеше шекарашы тау-тасты аралап, күнделікті ісіне кіріседі.

Біз барған шекара бөліміне Ақсай мен Қаскелең шатқал­да­ры арқылы өтетін қазақ-қыр­ғыз мемлекеттік шекарасын күзету міндеттелген. Мұндағы жігіттердің түгелдей дерлігі келі­сімшарт қызметінің қатардағы жауынгерлері. Олардың көп­шілігі шекарашыларға арнал­ған әскери қалашықта отбасымен тұрып жатыр. Атшапты­рым аумақты алып жатқан қала­шық­та әскерилер отбасының жақ­сы өмір сүруіне қолайлы жағ­­дай жасалған. Жауапты іске жұ­мылған жандардың тыныс-тіршілігімен танысуға барған тілшілер қауымын «Қаскелең» шекара бөлімшесінің басшы­сы, аға лейтенант Дәулет Қал­ды­бек қарсы алды. Дәулеттің алғыр­лығына қарап «жас келсе іске» деген қанатты сөздің мә­ніне бойлағандай болдық. Жасы отызға да толмаған жалын­ды жауынгер бір бөлімшенің жұ­мысын өрге дөңгелетіп отыр. Мұн­­да келгенге дейін ол еліміздің бірнеше өңіріндегі шекараларда шыңдалыпты.

– Отан қорғау – абыройлы міндет. Біздің бөлімшедегі әрбір қызметкер мұны терең сезінеді. Бөлімше ішіндегі темірдей тәр­тіп бәрінен маңызды. Әркім өз жұмысын жақсы біледі. Бір қа­ра­ғанда, шекарашылардың өмірі бір сарынмен өтіп жатқан бөлек бір әлем секілді көрінетін шы­ғар. Алайда олай емес. Бөлім­ше­де­гілер өзара достық қарым-қатынас, жанашырлық пен қам­қорлық секілді игі қасиеттерді бе­рік сақтайды. Жауынгерлердің балалары бірге ойнап, отбасылары бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Бір сөзбен айтсам, бәріміз бір отбасы секілдіміз. Келісімшарт мерзімі аяқталып, басқа өңірге немесе бөлімшеге ауысатын жігіттерді қимастықпен шығарып саламыз. Біз күзететін шекарада екі ел арасын тау-тас пен шатқалдар бөліп жатыр. Ұлт­­тық саябақ аумағына кіретін әсем табиғатқа аң аулау ниетімен келетін броконьерлердің де жолын кесеміз. Шекара маңында болған әрбір жағдай назарымыздан тыс қалмайды. Қарауымыз­да із кесуге машықтанған иттер, жүйрік аттар мен қажетті техникалар бар, – дейді Д.Қалдыбек.

Шекарашылардың өмірі өзіне тән қиындығымен һәм қызы­ғымен ерекшеленеді. Белгілі бір шекарада бірнеше жыл қызмет атқарғаннан кейін басшылықтың бұйрығымен еліміздің кез келген нүктесіне жұмыс ауыстыру­ларына тура келеді. «Онда емес, анда барғым келеді» деген сы­ңайдағы уәж қабылданбайды. Себебі бұйрық талқыланбайды. Шекарадағы болаттай берік жігіт­тер мұндайға әбден үйренген.

Шекараға келісімшарт негізінде қызметке келу­ге әскери борышын өтеген кез келген Қазақ­стан азаматы ниет біл­діре алады. Жасыңыз бен ден­саулығыңыз сай келсе, әскери-нормативтік талаптардан мүдірмей өтсеңіз, соған сай тегеурінді болсаңыз сіз де шекарашы атана аласыз. Шекарашы үшін жақсы жалақы мен жайлы баспана қа­растырылған. Олай болмаған жағдайда отбасыңыздың әрбір мүшесіне баспана жалдау ақысы төленеді.

Мамандығы әскери саламен мүлде қабыспаса да келісім­шарт қызметі негізінде шекарашы бо­луға бел байлағандардың бірі – Жарылқасын Әміржаев. Төрт бала­ның әкесі жолдасы Әйге­рім­мен бірге шекара бө­лім­­шесі ішіндегі қызметтік үйде тұ­рып жатыр. Биыл тұңғышы Медина мектеп табалдырығын аттай­ды. Әліппесін қолға алып, әріп кө­шін танымаққа бет алған қызын көр­шілес «Долан» ауы­лы­на тасымалдап оқытпақ. Тәу­лігіне 7-8 сағат қана демалатын Жарылқасын­ның бұған мұр­шасы жоқ. Негізінен бала тәр­бие­сімен жұбайы айналысады. Шекарашының әйелі Әйгерімді әңгімеге тарттық.

«Біз бұған дейін жеке кәсіппен айналыстық. Пандемия кезінде жұмыс тұралап қалды. Бір күні Жарылқасын келісімшартпен әскери қызметке барсам деген ұсыныс айтты. Мен оның кез кел­ген шешімін қолдайтынымды жеткіздім. Іріктеуден ойдағыдай өтіп, бала-шағамызбен Қызыл­орда облысынан Алматыға кел­дік. Басында үйрену қиын болды. Қазір бәрі жақсы. Бөлімше ішінде жайлы баспанамыз, балалар ойнайтын алаңқай, жаттығу залы секілді қажетті дүниенің бәрі бар. Жолдасым демалыс алған күн­дері балаларды қалаға апарып қыдыртамыз. Кейде торығатын кездер де болады. Ондайда бір-бірімізге демеу болуға тырысамыз», дейді Ә.Балапанқызы.

Таңғы алтыда көзін тырнап ашып, жауапты міндетке жұ­мы­­латын Жарылқасын – үздік ше­карашылардың бірі. Жұмыс­тан қолы босай қалғанда, бөлім­ше ішіндегі арнаулы орынға бау-­бақша егіп, бала-шағасын өз қо­лы­мен өсірген қияр-қызанақ­пен қамтып отырған қағілез жігіт­тің жігері сүйсіндіреді. Ол өсірген малина мен қызанақтар бақша ішін жайнатып тұр. Әріптестері де оның бір сәт тыным таппайтын еңбекқорлығына тәнті. Себебі тәуліктегі шекарашыларға тынығу үшін берілетін айналдырған 7-8 сағатты жауынгерлер демалуға арнайды.

«Жұмысымыз жауапты. Ке­зек­шілік кезінде бір сәт бо­саң­суға болмайды. Қару-жа­рақ­­пен жұ­мыс істегендіктен жа­уап­кер­ші­лік жоғары. Күн сайын­ жат­тығу жасап, білігімізді арт­тыра­мыз. Арнаулы мамандардан са­бақ ала­­мыз. Өзім үшін шекара үл­кен мектеп. Бала күнім­де поли­цей болуды армандадым. Ол мақ­сатым орындалмаса да, ел шетінде Ота­нымның тыныш­тығын күзетіп жүрмін. Қыз­метім өзіме ұнайды. Бейбіт күніміз баянды болсын», дейді шекарашы Ж. Әміржаев.

Қаланың шулы тіршілігінен мұнда келсеңіз бір сәт тынығып қаласыз. Шекара бөлімшесі – өзі­мен-өзі жатқан бір әлем. Қала­шық іші мұнтаздай. Сарбаздар­дың саптық адымы ғана естіледі. Әлемдегі геосаяси жағдайлар күрделеніп тұрған уақытта осы тыныштық мәңгі сақталса екен деп тілейсіз. Бізді мұнда бастап келген әскери-журналист Тамара Дәулетбаева шекарашылардың былайғы жұрт біле бермейтін маңызды міндеттері туралы әңгі­мелеп келеді. «Мұндай мықты жігіттер барда – шекарадан шы­бын өтпейді», деп күлдірді әріп­тесіміз. Шекара шебін шегендеген Отан қорғаушылармен қоштасып, заставадан ұзай бердік.

Халықпен жұмыс
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі органдарының сұрау салулары мен пайымдауларын қарастыру тәртібі
20 августа 2022

Жүктеп алу

 

 

 

 

Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
Теңіздегі шекара
19 августа 2022

Әлем бойынша аумағы ең үлкен саналатын Ресей Федерациясының Каспий теңізіндегі шекарасы Қазақстан Республикасының шекарашылары күзететін аумақтан кіші. Осылайша теңіздегі ең үлкен учаскені күзету қазақстандық шекарашылардың үлесінде.

Шекара қызметінің 30 жылдығын атап өту қарсаңында теңізші шекарашылардың қалыптасуы туралы ҰҚК Шекара қызметінің Шекараны күзету департаменті Жағалау күзеті басқармасының бастығы 1 рангілі капитан Сабыр Хасановпен сұхбаттасқан болатынбыз.

- Сабыр Хайдарұлы, Еуропа мен Азияны бөліп жатқан қарт Каспий теңізінде бірнеше мемлекеттің шекарасы түйісетіні белгілі және біздің шекарашылар күзететін учаске басқалардан едәуір үлкен, жаңа қалыптасқан жас ел алғашқыда су бетін қалай күзетке алды?

- Негізінен қазақстандық теңіз шекарашыларының тарихы 1993 жылдың 2 сәуірінен бастау алады деуге болады. Себебі сол күні ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстанның Әскери-теңіз күштері құрылып, теңіздегі тыныштық пен су бетіндегі шекараны күзететін қызметті қоса атқарды, ал 1998 жылы аталған қызметті атқаратын бөлімшелер Шекара күзеті күштерінің құрамына берілді. Бұл бөлімше шекаралық корабльдер мен катерлер бригадасы деп аталды. Алғашқы болып бөлімшені 1 рангілі капитан Ахметжан Шукпутов басқарған еді. Содан бері Иран, Түрікменстан, Ресей және Әзербайжан мемлекеттерімен шектесетін Каспий теңізіндегі қазақстандық 2320 шақырымнан астам жерді күзетіп келеміз. Енді ғана тәуелсіз ел болған жылдары мемлекетімізде су айдындарын күзететін техникалар тапшы болды. Ел Президентінің шекара шебін қырағы күзету туралы тапсырмасының негізінде Орал қаласында өз техникаларымызды, яғни шекара корабльдері мен катерлерін құрастыратын Орал «Зенит» зауыты жұмысын бастады. 1995 жылы алғашқы отандық катер суға түсірілді. Бұл «Сұңқар» типінде жасалған жүйрік кемелердің алғашқысы еді. Осы орайда сол жылы америкалық әріптестеріміздің де бір бақылаушы катерді сыйға тартқанын айта кету керек. Біртіндеп шекара күзетіне пайдаланатын техникаларымыздың көбеюіне байланысты су бетіндегі шекара сызығын кесіп өтушілердің заңнамаға сәйкес әрекет етуін толық қадағаладық. Шекарашылар теңізде тек шекара сызығын ғана күзетіп қоймай, қазақстандық суларда жүзетін жүзу құралдарының қызметін де қадағалайды. Шекара бұзушыларға келсек, бірінші кезде өте көп болды. Олар қуғанда қашып құтылу үшін жүзу құралдарын күшейтіп, қосымша мотор салып, жүйрік етіп жасап алған. Бірақ шекарашы кемелер де осал емес, қуғаны құтылған жоқ әзірге. Шекара авиациясының көмегіне де жүгінген кездеріміз болды. Қызметті бірлесіп атқарамыз.

- Судағы шекарамызды бұзатындар негізінен кімдер, немесе қай елдің азаматтары, көбіне қандай себептермен шекара бұзады?

Теңіздің біздің мемлекетке қарасты бөлігі су жануарларына, соның ішінде бағалы балықтарға өте бай. Сондықтан да шекара бұзушылар біздің аумаққа құмар. Шекараны бұзуға талпынатындар көрші мемлекеттердің және өз еліміздің азаматтары. Олар оңай олжа табу үшін түрлі қулыққа да барып жатады. Мәселен, өз отандастарымыз арнайы рұқсатпен балық аулауға шығып, шамадан тыс көп аулайды, немесе рұқсат етілмеген балыққа көзі түседі, тіпті уылдырығы үшін құнды балықты қынадай қырып та жатады. Ресей және Әзербайжан елдері аумағынан арқаланып арам оймен келіп, айыппұл арқалап кететіндер де кездеседі. Түрмеге тоғытылғандары да бар. Бір кездері шекарашылардың заңды талаптарын тыңдамай, салған торларын тастай қашқан қара ниеттілерге қару да қолданғанбыз. Құралайды көзге атқан мерген шекарашылар бұзушылар мінген қайықтың қозғалтқышынан атып тоқтауға мәжбүрлейді. Олар қашып құтылу үшін, кейде шекарашылар зақымдамау үшін моторының үстіне жатып алып «жанкештілікке» барып жатады.

- Судағы шекарамызды мүлтіксіз күзету үшін шекаралық корабльдер мен катерлер жан-жақты жарақталған болуы керек, біздік кемелеріміздің бүгінгі жағдайы қалай?

- Ия, заманның талабына сай техникаларымызды жаңартып келеміз. Қазір 50-ден астам шекаралық корабльдер мен катерлер күн демей, түн демей теңізді торуылдап жүр. Олар су айдынындағы қалықтаған қараны анықтай алатын аспаптармен жабдықталған. Кемелерге қойылып жатқан құрылғылар шетелдік үздік үлгілер. Жоғарыда айтып өткендей, қулар қара ниетін іске асыру үшін су астымен де шекара бұзуға тырысады. Осы орайда қазіргі кезде кемелерімізге судың астындағы кез-келген қозғалыс туралы құлағдар ететін шетелдік құрылғы – гидроакустикалық станса орнаттық. Одан бөлек жұмысты жеңілдететін бірнеше жобаларды сынақтан өткізудеміз. Баутино кентінде кемелерге қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізетін орын жабдықталды. Шекараны тек теңізде емес, жағалаудан да бақылайтын бөлімшелеріміз бар. Олар тәулік бойы су бетін торуылдап отырады. Барлық бөлімшелер арасында сымсыз байланыс арқылы үнемі ақпарат алмасып тұрады.

- Теңізші шекарашылар елімізде Каспий теңізінен басқа қай өңірлерде қызмет атқарады?

- Каспий теңізін Ақтау, Атырау қалаларында және Баутино кентінде орналасқан дивизиондар күзетеді. Одан бөлек теңізші шекарашылар елімізге Қытай Халық Республикасынан кіріп, Ресей Федерациясына ағып өтетін Қара Ертістің қауіпсіздігін қадағалап, Сырдария, Орал өзендеріндегі шекара шебін шолып отырады. Қара Ертістің кіретін тұсын Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне қарасты Күршім шекара басқармасының, ал өзеннің Ресей аумағына шығатын жағын Павлодар облысы бойынша департаментінің кіші катерлер тобы күзетеді. Ал Сырдарияны Түркістан облысы бойынша департаментіне қарасты Сарыағаш шекара басқармасының шекарашылары күзетсе, Орал өзенін БҚО департаментінің «Ақсай» кіші катерлер тобы күзетке алған.

- Теңізші мамандарды қайда дайындайсыздар, өзге елдің шекарашыларымен өзара тәжірибе алмасасыздар ма?

- Офицерлік құрамның басым бөлігі Ресей Федерациясының әскери жоғары оқу орындарын тәмәмдаған мамандар. Сонымен қатар, Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің түлектері де теңізші шекарашылар сапында қызмет атқаруда. Ал сержанттық құрам мен матростарды өзіміз дайындаймыз. Ақтау қаласындағы ШҚ Жағалау күзеті департаментінің құрамында жас матростарды теңізге дайындайтын оқу-жаттығу орталығы бар. Орталықта жас жауынгерлер әскери жарғының әліппесін, яғни адымдап жүруді, жүзуді, атуды, әскери тіл қатуды үйренуден бөлек, арнайы дайындалған оқу тренажерінде жүзу құралдарын, ондағы сан түрлі құрылғыларды, кемеде штаттан тыс жағдай орын алғанда, оны жою жолдарын, адамға алғашқы көмек көрсету сияқты дағдыларды меңгереді. Осыдан кейін ғана олар теңізге қызмет етуге жіберіледі. Ал тәжірибе алмасуға келсек, ресейлік, әзербайжандық әріптестермен жүйелі түрде бірлескен оқу-жаттығулар өткізіп тұрамыз. Кейде жаттығуға түрікмендік шекарашылар да қатысады. Бір кездері біздің кемелер Бакудің жағалауына барып бірлескен жаттығуға қатысқан болатын. Қазіргі уақытта шекара күзетуден көші ілгері Түркия мемлекетімен тәжірибе алмасуды қолға алдық. Естеріңізде болса Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға сапары кезінде мызғымас достыққа, тату бауырластық пен стратегиялық ықпалдастыққа негізделген Қазақстан мен Түркия арасындағы көпжақты байланыстардың қарқынды дамыту керектігін айтқан болатын. Біздің және ресейлік шекарашылардың күзету әдісі ұқсас, ал түркиялық шекарашылардың тәжірибесі бөлек, өзіндік ерекшеліктері бар. Шекарашылары басқа Еуропа елдері сияқты ішкі істер органдарының құрамына кіреді. Оның үстіне туристік ел болып табылатын Түркия әлемге аты жария «НАТО» - деп аталатын Солтүстік Атланттық шарт ұйымының құрамына кіреді. Теңізді күзету тарихы өте тереңнен басталатын бұл мемлекеттен аларымыз да үйренеріміз көп. Түрік шекарашыларына Жерорта, Қара және Эгей теңіздері аймағын күзету жүктелген. Олардың күзету құралдары мен әскери техникасы едәуір алда. Барлық бағыттағы қызметтеріне ІТ технологияны енгізуге ден қойған. «Bayraktar» атымен таныс ұшқышсыз ұшу аппараттарын жақсы білеміз ғой, дәл сол сияқты су айдындарына да қашықтықтан қадағалайтын катерлерді пайдалануды қолға алған. Осы жылдың маусым, шілде айларында біздің теңізші шекарашылардан жасақталған топ Түркияның Анталия қаласында орналасқан түрік шекарашыларының оқу орталығында болып, «Теңізде іздеу және құтқару» оқыту курсы бойынша сабақтарға қатысып қайтты. Оқу барысында әріптестердің ұйымдастырушылық құрылымы, жағалау күзеті корабльдері мен катерлерінің басқару органдары таныстырылды, сүңгуір тобы мамандары және теңіздегі жағдайды бақылауда ұстайтын теңіз үйлестіру орталығы басшыларымен кездесу өтті. Оқу курсының соңында түрік әріптестер сертификаттар табыстап, келешекте қазақ елімен ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізген. Бұл жиында қазақстандық шекарашыларды бастап барған 1-дәрежелі капитан Данияр Мальчубаев түрік елінің халықаралық қатынастарды ұйымдастыру мәселесі бойынша, ал 2-дәрежелі капитан Асқар Дәулетбеков корабльдер мен катерлердің қызметі жөнінде қажетті және тиімді тәсілдерді зерделеп қайтты. Президентіміздің «Түркия – Қазақстанның Еуразия құрлығындағы ең маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі», - деп айтқанындай, бұл бағытта алдағы уақытқа құрған жоспарларымыз көп. Айтпақшы, 1-дәрежелі капитан Данияр Мальчубаев әскери білімін осы Түрік елінде алған шекара қызметіндегі бірегей офицер. Ол бүгінгі күні теңіз шекарашыларының негізгі бөлімшесі саналатын Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары жауапты қызметін атқарып отыр.

- Мемлекеттік шекараны суда бұзуға тырысатындар көп екені белгілі, елімізге келуі мүмкін шығындар туралы айтып өтсеңіз.

- Шекара бұзушылар алдыңғы жылдармен салыстырғанда едәуір азайды. Біз су айдындарында шекара бұзушыларды, заңсыз тауар тасушыларды және су жануарларына зиян келтірушілермен күресті жалғастырып келеміз. Осы бағытта еліміздегі тиісті органдармен өзара іс-қимыл жасап, түрлі шекаралық операциялар өткіземіз. Жыл басынан бері 109 шекара бұзушы ұсталып, 2,6 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл арқалады, 52 бірлік әртүрлі жүзу құралдары қолға түсті. Теңізден ұзындығы 300 шақырым болатын броконерлік ау алынды. Табиғи мекендеу ортасына бекіре тұқымдас 575 және 4 803 басқа да бағалы балық жіберіліп, 43 итбалық қайтарылды. Шекарашылардың қырағы қызметінің арқасында жалпы сомасы 1 млрд. теңгеден асатын шығынның алды алынды.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Abai.kz

Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
Шекараның шебі берік
18 августа 2022

Мемлекеттік шекара – Ту, Елтаңба және Әнұранмен қатар тәуелсіз елдің ажырамас нышаны болып саналады. Халқымыз үшін қастерлі ұғым болып саналатын мемлекеттік шекараны қорғау, ата-бабадан қалған жерді күзету – үлкен абырой, маңызды жауапкершілік. Биыл Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 30 жыл толады. Кәсіби мереке қарсаңында ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Ерлан АЛДАЖҰМАНОВ ведомствоның қалыптасуы мен даму перспективалары туралы айтып берді.

– Ерлан Ерғалиұлы, Шекара қыз­ме­тінің қалыптасуы мен жауын­гер­лік жолы халықтың өзі куә болып келеді. Тә­уел­сіздіктің 30 жылдығы тарихында қа­зақ­стандық шекарашылар даңқты жол қалыптастыра білді. Сөз басында осындай жарқын оқиғалар мен маңызды істерге тоқталсаңыз.

– Ол рас. Мәселен, қазақстандық ше­ка­ра­шылардың тәжік-ауған шекара­сы­ның учаскесінде ТМД-ның сыртқы шекараларында бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақ­тау жөнінде атқарған миссиясын еске ал­сақ та жеткілікті. Қазақстандық біріккен атқыштар батальонының құрамында сегіз жыл ішінде жасыл күнқағарлы жүздеген жа­уынгер өңірдегі бейбітшілік пен тұрақ­ты­лық жолында тапсырманы абыроймен атқарды.

Ел тәуелсіздігі қалыптасуының қиын ке­зе­ңін­де шекарашылар республика аума­ғы­­ның тұтастығының бұзылуына жол бермей, мемлекеттік шекараны сенімді қор­ғау арқылы мемлекеттің қорғаныс қабі­ле­ті мен ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосты.

Шекара қызметінің отыз жылы адамзат тарихының ауқымында аз уақытты қам­титындығы анық, бірақ егер сіз осы жылдар ішінде шекарашылардың басынан өткерген қиын жолын саралап қарасаңыз, жеке құрамның Отан шекарасын сенімді қорғаудағы қыруар еңбегіне көз жеткізесіз.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шекара қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды тапсырды. Мемлекет бас­­шысының нұсқауларын орындау бойынша қандай жұмыстар атқа­ры­лып жатыр?

– Әлемдегі жаңа сын-қатерлер мен геосаяси жағдайдың күрделенуі Шекара қыз­метін жедел дамытуды және бүкіл мем­­лекеттік шекараны жайластыруды талап етті. Бұл жерде айта кететіні, Қа­зақ­­стан басшысы ҰҚК-нің жаңғырту стратегиясын қолдап, алқа отырысында сөйлеген сөзінде бірқатар нақты тапсырма қойды. Олардың біріншісі – әлемдік тәр­тіптің өзгеруі жағдайында «осы жа­һан­дық эксперименттің қарапайым бақы­лаушылары» ғана болмау. Кейінірек, рес­пуб­ликалық «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Қазақстанның жаһандық аре­надағы ұстанымын атай отырып, мем­лекеттік шекараның мызғымастығы мә­се­лесінің маңыздылығына баса назар аударды.

Бастапқыда біз техникалық құралдар­дың жаңа үлгілерін пайдалана отырып, мемлекеттік шекараларды бақылауды ұйымдастыру бойынша шетелдердің озық тәжірибесін зерделедік. Нәтижесінде, қызметтің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді. 2022 жылғы 17 ма­мырда Президент «ҚР ҰҚК кейбір мәсе­лелері туралы» №893 Жарлыққа қол қойды. Жоғары саяси қолдау алып, қо­йыл­­ған міндеттерді шешу үшін біз Ше­ка­ра қызметін ауқымды реформалауға кірістік.

Жаңғырту барысында аумақтық қағи­дат бойынша қайта құру жүргізіліп, шекара ведомствосының қазіргі заманғы құ­рылымы жасалды. Шекараны қорғау тәсілдері мен әдістері, бөлімшелер мен шекара нарядтарының іс-қимыл тактикасы, шекара ведомствосының нормативтік-құқықтық базасы жетілдіріліп, жан-жақты қамтамасыз ету тетігі жолға қойылды.

– Ал осы жүргізілген реформалардың нәтижелері қандай?

– Нақты сандарға тоқталатын болсақ, осы жылдың бірінші жартысында өткен жыл­мен салыстырғанда шекара кеңіс­ті­гінде құқық бұзушыларды ұстау 48 па­йыз­ға өскені байқалады.

Құрлық учаскелеріндегі мемлекеттік шекараны қорғау кезінде күштер мен құ­рал­­дарды кешенді қолдануға мүмкіндік беретін шекаралық операцияларға баса на­зар аудару қажет. Шекаралық кеңіс­тік­тегі операциялар барысында 250-ден астам құқық бұзушы ұсталып, жауап­кер­ші­лікке тартылды.

Қарулы Күштер мен Ұлттық ұлан­ның операцияларға тартылған бөлім­ше­лері басқарудың және біздің бөлімше­ле­рімізбен өзара әрекеттесудің тиімді тә­жіри­бесін алатынын атап өткен жөн.

Теңізде биологиялық ресурстарын заң­сыз өндіруге қарсы шаралар нәтиже­сі­н­де 69 жүзу құралы ұсталып, 460 шақы­рым­­нан астам балық ауы тәркіленді. 1,9 млрд теңгеден астам экономикалық за­лал­­­дың алдын алды.

Президенттің қаржылық тұрақтылық­ты қамтамасыз ету жөніндегі Жарлығын орын­­дау мақсатында 14 наурыздан бас­тап өткізу бе­кеттерінде жалпы сомасы 3,5 млрд тең­геден астам валютаны әке­ту­д­ің 177 фак­тісінің жолы кесілді.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын орындау жөніндегі Жал­пыұлттық жоспарға» сәйкес қос аза­мат­тығы бар адамдарды анықтауға бағыт­талған кешенді іс-шаралар атқа­рылды. Осы жылдың бірінші жартысында Қазақстан азаматтарының шет мемлекеттердің жол жүру құжаттарын пайдалану фактілерінің 23 пайызға өскені анықталды.

«Көлеңкелі криптовалюта майнингі» деп аталатын ұлттық энергетикалық қа­уіп-қа­тер проблемасын шешу туралы мем­лекеттік органдарға берілген ел Пре­зи­­дентінің тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жалғасып келеді. Жыл басынан бері майнингтік жабдықты алып өтпек болған 26 әрекет тоқтатылды. Сондай-ақ 4 598 көші-қон заңнамасын бұзушы және 14 көлік компаниясы әкімшілік жауап­кер­шілікке тартылды. Өндіріп алынған айып­пұлдардың жалпы сомасы 48 млн теңгеден асты.

Жалпы салмағы 31 млн теңгеге баға­лан­ған 45 килодан асатын зергерлік бұ­йым­­дарды шекара арқылы алып өтуге әрекет жасау фактілерінің өсуі байқа­ла­ды. Түрлі калибрлі қару-жарақ пен оқ-дәріні заңсыз алып өтудің 203 фак­тісі тіркелді. Жалпы сомасы 3 млрд тең­геден астам сомаға тыйым салынған және тасымалдауға шектелген өнімдер мен кон­тра­банда заттарын алып өтуге жол берілмеді.

Есірткі трафигінің қолданыстағы арналарына қарсы іс-қимыл шеңберінде 107 жағдайда есірткі құралдарының шекара арқылы өтуіне тосқауыл қойылды. 22 шілдеде қазақ-өзбек шекарасында аса ірі мөлшердегі – шамамен 35 кило героин есірткі затының ұсталуы ең айқын же­тіс­тіктердің бірі болып табылады. Қас­көйлер есірткіні жүк көлігінің бензин багында жасырып, алып өтпек болған.

– Қазіргі уақытта ел басшылығы тарапынан әскери қызметшілерді әлеу­мет­тік қамтамасыз етуге көп көңіл бө­лі­неді. Бұл мәселелер ведомствода қан­шалықты шешімін тауып отыр?

– Реформалар ведомствоның құры­лы­мын, шекараны қорғау әдістерін ғана емес, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағ­дайын да қамтыды. Шекарадағы қызмет өте күрделі екені белгілі. Біздің басты міндетіміз – шекарашы үшін қызмет пен тұрмысқа қажетті жағдай жасау.

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіп­сіз­дік комитеті басшылығының ҰҚК мен Шекара қызметі лауазымдарын біріз­ден­діру туралы өтінішін қолдады. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ведомство әскери қызметшілерінің жала­қысы орта есеппен – 75, ал шекара бөлім­шелерінде тіпті 110 пайыздан астамға көтерілді. Мем­лекет есебінен әске­ри қыз­мет­шілер мен олардың отбасы мүше­ле­рін меди­ци­на­лық қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Сонымен қатар күнтізбелік есептеуде кемінде 8 жыл қызмет атқарған сарбаз (матростар), сержант (старшиналар) лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің Қазақстанның жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқуға жұмсалған шығындарын оқыту құнының 50 пайызы мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен өтеп алуға құқығы бар.

Шекара бөлімшелерінің, әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарының жаңа кешен­дерін салу мәселелері жоспарлы түрде шешілуде. 2004-2018 жылдар ара­лы­ғында шамамен 68 нысан (офицерлік және сержанттық құрамдағы тұрғын үйлер, шекара бөлімшелері, өткізу пунк­тері, әскери қалашықтар) салынды және пайдалануға берілді. Ғимараттар мен құ­ры­лыстар XXI ғасырдың талаптарына жауап беретін шекара бөлімшелерінің заманауи кешендері түрінде салынған.

2013 жылы Маңғыстау облысының Бейнеу елді мекенінде барлық инфра­құ­ры­лымы бар шекаралық әскери қалашық пайдалануға берілді. Қордай ауданы бо­йынша шекара басқармасының Қордай елді мекеніне жақын жердегі құрылысын мақтанышпен айта аламын.

2017-2020 жылдар аралығында ҰҚК ШҚ Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе және Атырау облыстары департаменттерінің жа­уапты аумақтарында модульдік үлгі­дегі 16 бөлімше салынды, онда шека­ра­шыларға қызмет көрсету және толық­қан­ды тұрғын үйге қажетті барлық жағ­дай­ жасалған.

– Ерлан Ерғалиұлы, Шекара қыз­ме­ті қандай бағыт ұстанған? Ведом­ст­воның одан әрі даму перспективалары тура­лы айтып берсеңіз.

– Шекара бөлімшелері үшін, әсіресе шалғай учаскелерде қызметтік тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында шекара заставаларының модульдік кешендерін сатып алу және орнату жалғасады.

Қамтамасыз ету мәселелері бөлігінде энергия үнемдеу технологияларын, бала­малы энергия көздерін енгізуге, ауыз судың автономды көздерін және тұщы­лан­дырғыштарды қосуға баса назар ауда­ры­­латын болады. Алдағы уақытта мем­­лекеттік шекараның Қазақстан – Ре­сей учаскесінде шекара бөлімшелерінің 20 кеше­нін салу жоспарланып отыр.

Кептелістерді барынша азайту мақ­сатын­да және трансұлттық дәліздерді қа­лып­тастыруды ескере отырып, Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерінің инфрақұрылымын жақсарту, оларды техникалық, автоматтандырылған және сервистік жарақтандыру, шекараны кесіп өтетін адамдар үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін қабылдайды.

Өткізу пунктері инфрақұрылымының тепе-теңдігін сақтау мақсатында 2025 жылға дейін Қазақстан-Ресей шекара­сын­дағы 30 автомобиль өткізу пунктін дамытудың жол картасы бекітілді.

Қазақстан – Қырғызстан учаскесінде 2020-2025 жылдар кезеңінде 7 өткізу пунк­тін қайта жаңарту көзделген. «Қор­дай» өткізу пунктін қайта құру өткен жыл­дың наурыз айында аяқталды.

Осы іс-шараларды іске асыру жақын арада «жылдамдық + тиімді бақылау + қауіпсіздік + жайлылық» қағидаты бо­йын­ша өткізу пунктерін құруға мүм­кін­дік береді.

Бұдан бөлек ресейлік әріптестермен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіп­сіздік комитеті мен Ресей Федера­ция­­сының Федералдық қауіпсіздік қыз­меті арасында Қазақстан-Ресей ше­ка­­расындағы темір жол өткізу пунк­терінде бірлескен бақылау жүргізудің тәр­тібі мен нысандары туралы хаттамаға қол қо­йыл­ды.

Бұл хаттама Қазақстан – Ресей мем­лекеттік шекарасын темір жол көлі­гімен кесіп өту кезіндегі формальды­лық­тарды, бақылау ұзақтығын қысқарту, сондай-ақ бірлескен іс-қимыл арқылы оның тиімділігін арттыру бойынша прак­ти­ка­лық қадам болып табылады.

Автомобиль өткізу пунктеріндегі бір­лескен бақылау хаттамасының ұқсас жобасы қаралу сатысында.

Таяу болашақта біз жағдайды не­ғұр­лым тиімді бақылауға және оның өзге­руіне әсер етуге мүмкіндік беретін де­рек­терді өңдеу мен басқарудың бір­ың­­ғай автоматтандырылған жүйеле­ріне, интеграцияланған қазіргі заманғы тех­никалық құралдарды жабдықтауға және енгізуге баса назар аударуды жоспарлап отырмыз.

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сенімділігі, экологиялық қа­­уіп­сіздігі, жүріп өтуі және дербестігі жо­­ға­ры 5 және 6 буынды автомобиль тех­никасымен жарақтандыру аяқталады.

Техникалық құралдарды бірыңғай де­рек­терді өңдеу орталығына интеграция­лау негізінде «интеллектуалды» қағи­даты біртіндеп енгізілуде.

Шекараны қорғаудың техникалық құ­рал­дарын жасанды интеллект алго­ритм­дерімен келіп түсетін ақпаратты өңдеумен интеграциялауды көздейтін «Ақылды шекара», «Ақылды шекара бө­лім­­шесі», «Ақылды өткізу пункті» жоба­ла­ры іске асырылуда.

Әзірленген тұжырымдамалардың мәні техникалық құралдарды, оның ішінде шекарашыларда бар құралдарды бірыңғай зияткерлік платформаға біріктіру, сон­дай-ақ олардан алынған ақпаратты өңдеу және талдау үшін жасанды интеллект алгоритмдерін пайдалану болып табылады.

Биылдан бастап шекараны қорғауда пилотсыз ұшу аппараттары қолданылуда, олар өз тиімділігін көрсетті. ҰҰА-ны пайдалана отырып, шекараның құрлықта да, теңіз учаскесінде де заңсыз әрекет­терді анықтауға және уақтылы жолын кесуге болады. Қазіргі заманғы тепловизиялық және бейнебақылау камераларын қолдануға негізделген шекараны қорғауды қашықтықтан бақылау белсенді түрде енгізілуде.

Каспий теңізінде жаңа катерлер мен кемелер, заманауи техникалық бақылау бекеттері пайдалануға қабылданады, бұл су шептерін қорғауды айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік береді.

Ауқымды жаңғырту барысында Қа­зақ­стан шекарасы бүгіннің өзінде жаңа келбетке ие болды. Әрине, ол «ақылды шекара» ұғымына сәйкес келуі және мем­лекеттік шекарада және шекара кеңістігінде ұлттық қауіпсіздіктің қазіргі заманғы қауіп-қатерлеріне қарсы тұру үшін барынша мүмкіндіктерге ие болуы үшін әлі де көп нәрсе жасау керек. Ортақ күш-жігерімізбен біз өз мақсатымызға қол жеткіземіз және барлық жоспарды іске асыратынымызға сенемін.

Егемен Қазақстанның қасиетті шекарасын қорғауға сеніп тапсырылған адамдар үшін, сондай-ақ барлық кезеңдегі шекарашы жауынгерлер үшін басты қағида мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілік болып қала береді. Шекара қызметінің жеке құрамы Қазақстан Пре­зи­денті мен халқы қоятын талаптарға сай, біздің шекарамызды кез келген қол­сұғу­­шылықтан қорғауда қырағылық, ұс­там­ды­лық, батылдық, табандылық пен ерік танытады деп сенемін.

– Әңгімеңізге рахмет.

Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылады
12 августа 2022

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық қауіпсіздік органдарында жүргізіліп жатқан жүйелі трансформациялар мен жұмыстың негізгі нәтижелері туралы баяндалды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес ҰҚК құрылымы оңтайландырылып, бөлімшелердің қызметтері мен міндеттері нақтыланды. Жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету, сондай-ақ дағдарысқа қарсы басқару жүйесіне жаңа тәсілдер енгізілді.

Ермек Сағымбаевтың айтуынша, Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмысы қайта құрылып, лаңкестік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруші рөлі күшейтілді. Жыл басынан бері ТҚО мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын тарта отырып, 400-ден астам оқу-жаттығу өткізген.

Президентке берілген мәліметтерге сәйкес алдын алу шараларының арқасында мемлекетке 900 миллиард теңге көлемінде залал келтіруі мүмкін оқиғаға тосқауыл қойылды. 37 миллиардтан астам қаржы бюджетке қайтарылды. ҰҚК материалдарының негізінде 791 қылмыстық іс, соның ішінде 49-ы жиі кездесетін сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қозғалды.

Мемлекеттік шекараны қорғауды ұйымдастыру күшейтіліп, жаңа технологиялар қарқынды түрде енгізіліп келеді. Шекара арнаулы күштері құрылды. Биыл қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тасымалдаудың 203 заңсыз әрекетінің жолы кесілді. 9 мыңнан астам шекара тәртібін бұзғандар ұсталды. Сомасы 3,5 миллиард теңгеден астам валютаның, құны 10 миллиард теңге болатын тауарлардың заңсыз тасымалдануына жол берілген жоқ.

Елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі жетілдіріліп жатыр. Жыл басынан бері ҰҚК техникалық қызметтері инфрақұрылым объектілеріне жасалған 295 миллион кибершабуыл мен 2 мың DDoS шабуылдың жолын кесті.

Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қару іздеу, қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтардың және есірткі контрабандасы арналарының жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізіліп келеді.

900 келіден астам есірткі және 11 тонна прекурсорлар алынып, 16 есірткі зертханасы, 24 халықаралық және 45 өңірлік есірткі арнасы жойылды. Заңсыз айналымдағы 773 бірлік қару мен 20 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы ҰҚК органдары қызметінің бағыттары бойынша өзекті сын-қатерлер мен қауіптерді ескере отырып, бірқатар нақты тапсырма берді.

Социальные сети
Instagram
Youtube
Twitter
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты