Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке/оқуға қабылдау
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына (бұдан әрі - ҰҚО) келісімшарт бойынша қызметке/оқуға қабылдау «Қазақстан Республикасының Арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7, 8, 9, 10-баптарымен реттеледі.
ҰҚО қызметіне келісімшарт бойынша жасы он сегiзге толған, бірақ осы Заңда белгіленген атақтар бойынша шекті жастан аспаған, қажетті жеке, моральдық және кәсiби қасиеттерi, бiлiм деңгейi, денсаулық жағдайы мен дене бiтiмiнiң даму жағдайы бар Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.
Жедел бөлімшелерге қызметке жасы 23-тен кіші емес азаматтар (курсанттарды, тыңдаушыларды қоспағанда) қабылданады.
ҚР ҰҚК Шекара академиясы мен ҚР ҰҚК Академиясына оқуға қабылдау «Арнаулы мемлекеттік органдары туралы» ҚР Заңының 10-бабымен және «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» ҰҚК Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығымен реттеледі.
ҚР ҰҚК Академиясы қабылдауды мынадай білім беру бағдарламалары бойынша жүргізеді:
1) жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 4 жыл), мамандығы – ұлттық қауіпсіздікті қарсы барлаумен қамтамасыз ету;
2) жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру немесе қосымша білім беру бағдарламасы бойынша.
Жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру немесе қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқуға әскери, арнаулы атақтары, офицерлік құрамның сыныптық шендері бар адамдарды қоспағанда, оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толған жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
ҰҚО ЖОО-ға оқуға кандидаттар оқуға түсетін жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін тұрғылықты, оқу немесе жұмыс (қызмет) орны бойынша ҰҚК органдарына, емтиханды қай тілде тапсыратындығын және қай тілде білім алатынын көрсете отырып, өтініш (баянат) береді.
Жедел бөлімшелерге теңестірілген бөлімшелерге қызметке қабылдануға тілек білдірген кандидаттар өтінішті тұрғылықты немесе жұмыс орындары бойынша ҰҚК органдарына береді.
Қызметке/оқуға кандидаттар міндетті түрде қызметке жарамдылығын айқындау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық және медициналық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Сондай-ақ кандидат пен оның жақын туыстарына арнайы тексеру жүргізіледі.
Арнаулы мемлекеттік орган кандидатқа қызметке қабылдаудан бас тартудың анықталған себебін түсіндірмеуге құқылы.
Іріктеу кезінде кандидат:
Бірінші кезеңнен өткеннен соң кандидат нақты бос лауазымға тағайындалу үшін конкурсты хабарлауды күтеді.
Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке келісімшарт бойынша қабылдау «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 7, 8, 9, 10-баптарымен регламенттелген.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке келісімшарт бойынша он сегіз жасқа толған әрекетке қабілетті адамдар қабылданады. Кандидаттың білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, дене дайындығы және денсаулығы ҰҚО белгілеген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
ҰҚК жедел бөлімшелеріне жасы 23-тен кіші емес азаматтар қабылданады.
Қызметте болудың шекті жасы 47 жасты (майор атағын қоса алғанда) және 55 жасты (полковниктер үшін) құрайды. Сондай-ақ 25 және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар ҰҚК қызметкерлері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, оның кемiнде 12,5 жылын ұлттық қауіпсіздік органдарындағы үзіліссiз қызмет құрауы тиіс.
Қызметке қабылдау кезінде азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық тексеруден, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді.
Қызметке қабылдау конкурстық негізде екі кезеңде жүзеге асырылады.
Арнайы тексеру жүргізу үшін кандидат ҰҚО кадрлар қызметіне мыналарды ұсынады: