Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Меню
Страницы
Қызметі туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Құжаттар
Комитет туралы
Все материалы
Халықпен жұмыс
Қазақстан ҰҚК: уақыт сын-қатерлері және ұлттық мүддені қорғау
13 июля 2026

АСТАНА. KAZINFORM - 13 шілдеде Қазақстан Республикасында Ұлттық қауіпсіздік органдары күні атап өтіледі – бұл мемлекеттік мүдделерді қорғауды қамтамасыз ететін, қазіргі заманғы қатерлерге қарсы тұратын және ел мен оның азаматтарының қауіпсіздігін күзететін қызметкерлердің кәсіби мерекесі.

 

Ермек Сағымбаев
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Бүгінгі таңда ұлттық қауіпсіздік органдары қандай сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғаны, қазіргі жағдайда олардың жұмысын қандай басымдықтар айқындайтыны, сондай-ақ қызметтің дамуы, оның кадрлық әлеуеті мен негізгі қызмет бағыттары туралы біз Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы, ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Сағымбаев Ермек Алдабергенұлымен сұхбаттасатын боламыз. 

Сәлеметсіз бе, құрметті Ермек Алдабергенұлы. Кездесуге мүмкіндік бергеніңіз үшін алғыс айтамыз және Сізді, сондай-ақ барлық жеке құрамды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. 

Комитет жұмысы түсінікті себептермен жария етілмейді. Дегенмен құпиялық пердесін сәл ашатын болсақ, ҰҚК өзінің кәсіби мерекесіне қандай нәтижелермен жетіп отыр? Сіздің ойыңызша, бүгінгі таңда қазақстандық арнаулы қызметтің жай-күйі мен әлеуетін не нәрсе көбірек сипаттайды? 

Қайырлы күн! Құттықтауыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Биыл Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзінің құрылғанына 34 жыл толуын атап өтуде. 

Осы уақыт ішінде Комитет қалыптасу мен дамудың үлкен жолынан өтіп, үздік дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып, озық технологиялар мен аналитикалық және жедел жұмыстың жаңа әдістерін белсенді енгізетін заманауи арнаулы қызметке айналды.

Өз қызметінде ҰҚК Мемлекет басшысының негізінде «Заң және тәртіп» қағидаты жатқан Әділетті Қазақстанды құру бағдарын дәйекті түрде іске асыруда.

Бұл мемлекетті сыртқы және ішкі қатерлерден қорғауды ғана емес, сонымен қатар заң барлығы үшін бағдар болатын, ал азаматтардың қауіпсіздігі – ең жоғары басымдыққа айналатын жағдайларды қамтамасыз етуді білдіреді.

Қазақстандық арнаулы қызметтің бейнесі туралы сұраққа келетін болсақ, бүгінде бұл – өз қызметіне цифрлық технологиялар мен басқа да жаңашылдықтарды белсенді енгізіп жатқан, өзінің ғылыми және білім беру базалары бар, қарқынды дамып келе жатқан құрылым екенін атап өтейін.

ҰҚК – тек арнайы операциялар мен құпия әзірлемелер ғана емес. Ұлттық қауіпсіздіктің заманауи жүйесі терең талдаудан, тәуекелдерді уақтылы анықтаудан және оқиғалардың дамуын дәл болжаудан басталады. Дәл осы талдау жұмысы қатерлерді алдын ала анықтауға, олардың табиғатын түсінуге және жағымсыз сценарийлердің іске асуына жол бермеу үшін шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондықтан бүгінде Комитетте талдау бағытын дамытуға, заманауи цифрлық технологияларды енгізуге, үлкен ауқымдағы деректерді өңдеуге және болжау әдістерін жетілдіруге ерекше назар аударылады. Бұл тиімді ғана емес, сондай-ақ алдын алу бағытында да әрекет етуге мүмкіндік береді. 

Әрине, жедел қызметкерлер, шекарашылар, киберқауіпсіздік мамандары, ұшқыштар, арнайы бөлімшелердің жауынгерлері және тағы басқалар бұрынғысынша аса маңызды рөл атқарады.

Олардың барлығы – әрбір операцияның сәттілігі кәсібилікке, үйлесімді жұмыс пен сапалы талдауға негізделген мемлекетті қорғаудың бірыңғай көпдеңгейлі жүйесінің бір бөлігі.

Бізді бір қарапайым ақиқатты түсіну біріктіреді: ел қауіпсіздігі әрбір қызметкердің жауапкершілігінен, өз ісіне берілгендігінен және мемлекет пен оның азаматтарының мүддесі үшін шешім қабылдауға дайын болуынан басталады.

Сіз атап өткендей, Комитет қызметінің ерекшелігі белгілі бір дәрежеде жабықтықты көздейді. Егер қауіп ерте кезеңде бейтараптандырылса, қоғам оның қаншалықты жақын болғанын ешқашан білмейді.

Бүгінде ҰҚК дәл осы қағидатпен жұмыс істейді: тек салдарға назар аударып қана қоймай, алдын алу үшін әрекет ету. Асқақ сөздерсіз, жариялылықсыз және ең бастысы – қателесуге құқықсыз.

Қарқынды өзгеріп жатқан халықаралық жағдай мен жаңа сын-қатерлер мен қауіптердің пайда болуы жағдайында арнаулы қызметтер жұмысының тиімділігі ерекше маңызға ие. ҰҚК қазіргі қатерлерге қалай бейімделеді және мемлекет қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеді ? 

Қазіргі жағдайда ұлттық қауіпсіздік жүйесі сапалы жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келуде. Олар анағұрлым күрделі, технологиялық тұрғыдан дамыған және көбінесе трансұлттық сипатқа ие бола түсуде.

Ең өзекті сын-қатерлердің қатарында халықаралық лаңкестік пен экстремизмді, трансұлттық қылмыстық топтардың қызметін, киберқауіптерді, мемлекеттің ішкі процестеріне араласу әрекеттерін, сондай-ақ заманауи технологияларды құқыққа қайшы мақсаттарда пайдалануды атап өтуге болады.

Мәселен, биылғы жылдың мамыр айында «Орталық Азия – Қытай» форматындағы құқық қорғау органдарының кездесуінде Қазақстан Президенті таяу жылдардағы басты қауіптерді – киберқылмыс пен жасанды интеллект фейктерінен бастап трансұлттық қылмыстық желілерге дейін нақты айқындап берді.

Ол деструктивті күштердің қолындағы жасанды интеллекттің ақпараттық ықпал ету құралына айналуы мүмкін екенін ерекше атап өтті. Шын мәнінде, ауқымды цифрландыру аясында біз кибершабуыл әдістерін жетілдіріп жатқан халықаралық хакерлік топтар белсенділігінің өсуін көріп отырмыз.

Біздің жұмысымызда барлау және қарсы барлау дәстүрлі түрде басым орын алады. Олардың қызметі жасырын қатерлерді анықтауға, Қазақстанның мүдделерін қамтамасыз етуге және шетелдегі ел үшін тәуекелдерге мониторинг жүргізуге бағытталған, сондай-ақ тыңшылыққа және ішкі тұрақсыздандырушы факторларға қарсы қалқан қызметін атқарады. 

Жекелеген шетелдік субъектілердің біздің отандастарымызды құқыққа қайшы қызметке тарту әрекеттерін анықтау және олардың жолын кесу бойынша күнделікті жұмыс жүргізілуде.

Бұдан басқа, Комитет халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша кең ауқымды бірлескен жұмыстар жүргізеді.

Қазіргі уақытқа дейін ҰҚК ТМД, Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерін қоса алғанда, шет мемлекеттердің барлық дерлік жетекші арнаулы қызметтерімен өзара іс-қимыл жасайды. 

Ең тығыз және жемісті қарым-қатынастар терроризмге қарсы іс-қимыл және киберқауіпсіздік саласында байқалады, тұрақты түрде бірлескен операциялар өткізіледі. Сондай-ақ уақтылы ақпарат алмасу жолға қойылған.

Серіктестердің тікелей көмегімен іздеуде жүрген адамдар анықталып, отанына қайтарылды, қылмыстардың жолы кесілді.

Комитет қызметінің тағы бір маңызды бағыты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болып табылады. Бұл жерде тек құқық бұзушылықтардың нақты фактілерін анықтауға ғана емес, сонымен қатар жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің қалыптасуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға баса назар аударылады. 

Бұл бағыттардың барлығы бір басты мақсатқа – ұлттық мүдделерді сенімді қорғауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағындырылған.

Бүгінде қазіргі заманғы қатерлерге қарсы тұру тек мемлекет пен қоғамның тығыз өзара іс-қимылы арқылы ғана мүмкін болады. Дәл осы бірлік, жауапкершілік және заңдылық қағидаттарына ортақ ұстаным тұрақтылықты сақтаудың және Қазақстанның ұлттық мүдделерін сенімді қорғаудың аса маңызды шарттары болып табылады.

Қоғамдағы қауіпсіздік сезімінің артында ықтимал қауіптерді анықтау және болдырмау бойынша үлкен жұмыс тұр. Бүгінгі таңда ҰҚК лаңкестік және экстремистік сипаттағы тәуекелдердің алдын алу жүйесін қалай құрып жатқанын және бұл бағытта қандай нәтижелерге қол жеткізілгенін толығырақ айтып бере аласыз ба?

Террористік құрылымдар өз қызметін қаржыландыру, үйлестіру және адамдарды тарту үшін цифрлық ортаны, атап айтқанда жасанды интеллектіні белсенді пайдалана отырып, қазіргі заманғы шынайылыққа тез бейімделеді.

Мұндай жағдайда терроризмге қарсы күрес жүйелі және кешенді сипатқа ие.

Комитет тұрақты негізде алдын алу шаралары кешенін іске асырады, радикалды идеологияның ықпалына түскен адамдарды анықтау бойынша жедел жұмыс жүргізеді, қаржыландыру арналары мен экстремистік материалдарды тарату әрекеттерінің жолын кеседі.

ҰҚК: уақыт сын-қатерлері және ұлттық мүдделерді қорғау
Фото: ҚР ҰҚК

Арнаулы бөлімшелер қызметкерлерінің кәсіби даярлығы маңызды рөл атқарады. Дағдарыс жағдайларындағы іс-әрекеттерді пысықтауға бағытталған оқу-жаттығулар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Нақты нәтижелерге тоқталатын болсақ, соңғы төрт жылда Қазақстан аумағында террористік актілер мен зорлық-зомбылық акцияларын жасаудың 10 әрекетінің алды алынғанын хабарлай аламын.

290-нан астам діни радикал сотталды, террористік қызметке қатысы бар 1800-ден астам шетелдіктің елге кіруіне жол берілмеді.

Ақпараттық кеңістікте радикалды жарияланымдарға апаратын 100 мыңға жуық сілтеме анықталып, бұғатталды. Комитет шетелдегі террористік көріністерді де жиі әшкерелейді. Шетелдік серіктестерге олардың елдерінде дайындалып жатқан 11 теракт туралы ақпарат берілді.

Осы құрғақ сандардың артында үлкен жанқиярлық пен уақытты қажет ететін қажырлы жедел жұмыс тұрғанын атап өткім келеді. Біз бірқатар қарулы шабуылдарға жол бермей, мемлекетке нұқсан келтірудің алдын алдық және ең бастысы, адам өмірлерін сақтап қалдық.

Алдын алу-профилактикалық іс-шаралардан бастап терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға дейінгі террористік және экстремистік сипаттағы қатерлерді барынша азайту жөніндегі жұмыс басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда ұйымдастырылады.

ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының штабы өңірлік және республикалық деңгейлерде үнемі тренингтер өткізіп тұрады.

Терроризммен күрес – бұл қажырлы, сонымен бірге жұртшылық үшін көбінесе байқалмайтын жұмыс. Террористік қатер сақталған жағдайда, біз азаматтардың қауіпсіздігін қорғауда батылдық әрі табандылық танытатын боламыз.

Мемлекеттік шекара ұлттық қауіпсіздіктің маңызды элементі болып табылады. Еліміздің шептерін күзету және қорғау тиімділігін арттыру үшін бүгінде қандай шаралар қабылдануда? 

Шекараны күзетуді қамтамасыз ету шекаралық қауіпсіздік жүйесін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді.

Заманауи техникалық бақылау құралдары, авиация, пилотсыз технологиялар және цифрлық бақылау жүйелері қолданылады.

ҰҚК: уақыт сын-қатерлері және ұлттық мүдделерді қорғау
Фото: ҚР ҰҚК

Заңсыз көші-қонға, контрабандаға, трансшекаралық қылмысқа және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін адамдардың ену әрекеттеріне қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Жұмыс тек күштік компонентке ғана құрылмайды. Талдау жасау, шекаралас мемлекеттермен ақпарат алмасу және шекаралық бақылаудың заманауи инфрақұрылымын дамыту үлкен маңызға ие.

Жабдықтау туралы айтар болсам, ел басшылығының қолдауының арқасында биылғы жылдың өзінде Шекара қызметінің қажеттіліктері үшін ЕАЭО ішкі шекарасындағы тоғыз негізгі автомобиль өткізу пунктінде орнатылған он ұтқыр инспекциялық-тексеру кешені сатып алынды, бұл өткізілетін тауарлар мен жүктерді тексеру сапасын айтарлықтай арттырды.

Шекаралық бақылау процестерін цифрландыру аясында он екі өткізу пунктінде 54 автоматтандырылған төлқұжат бақылау жүйесі пайдалануға берілді, бұл Қазақстан азаматтарына олардан өзіне-өзі қызмет көрсету форматында өтуге мүмкіндік береді. Осы орайда аталған жүйелерді тек біздің азаматтарымыз ғана емес, шетелдіктердің де пайдалану мүмкіндігі пысықталуда.

2023 жылдан бастап балансқа қосымша заманауи брондалған машиналар, пилотсыз әуе кемелері, кемелер, катерлер және озық атыс қаруы қабылданды. Шекара периметрі заманауи бейнебақылау кешендерімен, радарлармен және бақылау жүйелерімен жабдықталуда.

Шекара қызметінің құрылымында Пилотсыз авиациялық жүйелер бөлімі, Пилотсыз ұшу аппараттарының оператор-мамандарын даярлау оқу орталығы құрылды, сондай-ақ теңіз сүңгуірлерін оқыту жүргізілуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді, онда ведомствоны қосымша жарақтандыру мен дамытуды қаржыландыру көзделеді.

Сонымен қатар Үкімет Жол картасын қабылдады, оған сәйкес шекара маңындағы облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп заставалар мен өткізу пункттерінде инженерлік коммуникациялар салу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі жағдайда шекараның белгіленген режимін ұстап тұру тиісті деңгейде қамтамасыз етілген.

Цифрларға көшетін болсақ, соңғы төрт жылда шекарашылар шекара режимін және аумақтық суларды бұзған 6 мыңнан астам құқық бұзушыны ұстағанын айта аламын.

КНБ Казахстана: вызовы времени и защита национальных интересов
Фото: Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті

2 500-ге жуық қылмыстық іс қозғалды, заңнаманы бұзғаны үшін 100 мыңнан астам адам елден шығарылды, қару-жарақ, оқ-дәрі және есірткі тасымалдаудың 20 мыңға жуық фактісі, әртүрлі тауарлар контрабандасының 37 000-ға жуық жағдайы анықталды.

Бұдан басқа, биоресурстарды қорғау жөніндегі қызмет аясында шекараның теңіз және өзен учаскелерінде 900-ден астам браконьерлік жағдайдың жолы кесілді.

Жалпы, қабылдаған шаралармен мемлекетке 200 млрд теңгеден астам сомаға нұқсан келтірудің алды алынды.

Көпшілік адамдар үшін шекара – бұл өткізу пункті, ал шекарашы үшін – бұл күрделі климаттық жағдайларда және үйреншікті жайлылықтан жырақтағы күнделікті қызмет.

Дәл сол жерде, шалғайдағы заставаларда тыныштық пен тұрақтылықтың құнын ерекше түсінесің. Қазақстанның Мемлекеттік шекарасы сенімді қорғауда деп сеніммен айтуға болады.

Қазақстан үшін трансұлттық ұйымдасқан қылмыс мәселесі қаншалықты өзекті болып қала береді? Есірткі бизнесі мен қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күресте қандай нәтижелерге қол жеткізілді?

Жаңа буынның криминалдық желілері өздерін көлеңкелі биліктің жаһандық қара нарығы ретінде көрсетуге және мемлекеттік бақылауды өздерінің ойын ережелерімен алмастыруға ұмтылады.

Есірткі тасымалы мен қару-жарақтың заңсыз айналымы өз қаржыландыруы, қарулы күші және сыбайлас жемқорлық байланыстары бар қылмыстық желі құрудың басты құралдары болып табылады.

Олар қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекет экономикасына айтарлықтай қауіп төндіруді жалғастыруда. Өндірістік кәсіпорындар мен шекара маңындағы аудандардан бастап қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне дейінгі түрлі салаларда өз ықпалын күшейтуге тырысады.

Комитет құқық қорғау органдарымен және прокуратурамен тығыз өзара іс-қимылда қылмыстық құрылымдарға қарсы күрес бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.

ҰҚК: уақыт сын-қатерлері және ұлттық мүдделерді қорғау
Фото: ҚР ҰҚК

Мәселен, 2022 жылдан бастап кісі өлтіруге, қарақшылыққа, қорқытып алушылыққа, алаяқтыққа және басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бар 75 топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолы кесілді.

Мысалы, Алматы облысында алаяқтық жолмен люкс автокөліктер мен тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға маманданған, жұмыс істеп тұрған сотталғандар мен олардың бостандықтағы байланыстарынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ бейтараптандырылды. Олардың құқыққа қайшы әрекеттерінен келген жалпы шығын 2 млрд теңгеге бағаланды.

Біз тек ел ішіндегі күреспен шектелмейміз. Сонымен қатар Қазақстанға тұрақты қызығушылық танытатын шетелдік криминалитет тарапынан төнетін қауіптерді анықтау және бұғаттау бойынша жедел іс-шаралар кешені іске асырылуда.

Осы жұмыс аясында еліміздің тоғыз өңірінде қорқытып алушылыққа, есірткі мен қару-жарақ сатуға және сақтауға қатысы бар, сондай-ақ қоғамда «криминалдық идеологияны» таратқан шетелдік қылмыстық орта көшбасшыларының қазақстандық сыбайластарының қызметінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция іске асырылды.

Бұл күрес қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылмен тығыз байланыста жүзеге асырылады.

Аталған кезеңде Комитет қару-жарақ өткізудің 52 арнасының жолын кесті, автоматтар, тапаншалар, граната атқыштар мен пулеметтерді қоса алғанда, 3,3 мыңнан астам қару-жарақ тәркіледі, сондай-ақ оларды жасайтын 15 жасырын шеберхананы жойды. 

ҰҚК: уақыт сын-қатерлері және ұлттық мүдделерді қорғау
Фото: ҚР ҰҚК

Қазіргі заманның ең қауіпті қатерлерінің бірі есірткі бизнесі болып қала береді.

Бұл бағытта есірткі тасымалына қарсы күреске елеулі күш-жігер бағытталған. Қазақстан халықаралық көлік бағдарларының қиылысында орналаса отырып, өз аумағын есірткі заттарының транзиті үшін пайдалану әрекеттерімен бетпе-бет келеді.

Осыған байланысты шекарада бақылау күшейтілуде, арнайы операциялар жүргізіліп, жедел жұмыс әдістері жетілдірілуде.

Нәтижесінде 2022 жылдан бері есірткі тасымалының 339-ға жуық халықаралық және өңірлік арнасы жойылды. 13,2 тонна кокаин, 906 кг героин, 403 кг апиын, 2,1 тоннадан астам гашиш, 7,5 тонна марихуана және басқа да тыйым салынған заттар тәркіленді.

Синтетикалық есірткінің таралуы ерекше алаңдаушылық тудырады. Аталған кезеңде 106-дан астам есірткі зертханасы анықталды. Ең ауқымды өндірістер Алматы қаласында, Түркістан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында тіркелді.

Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам синтетика, оның ішінде мефедрон, метамфетамин және өзге де психотроптық заттар, сондай-ақ оларды өндіруге арналған 115 тонна прекурсор тәркіленді.

Жалпы, қылмыстың осы түрлері бойынша 700-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Өкінішке орай, көптеген жастар қылмыстық қудалауға ілігуде. Бұл ретте құзыретті органдардың міндеті – тек қылмыстың жолын кесу ғана емес, сонымен бірге жастардың бұрыс жолға түсуінің алдын алу және оған жол бермеу.

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттің тұрақты дамуы үшін стратегиялық маңызға ие. ҰҚК бұл бағытта қандай жұмыс жүргізуде?

Заманауи экономикалық процестер ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер етеді.

ҰҚК: уақыт сын-қатерлері және ұлттық мүдделерді қорғау
Фото: ҚР ҰҚК

Әлемдік нарықтардың тұрақсыздығы, логистикалық шектеулер мен сыртқы экономикалық тәуекелдер бізден стратегиялық салаларды қорғауға баса назар аударуды талап етеді.

Бұл басымдықтарға мұнай-газ кешені, энергетикалық инфрақұрылым, көлік-логистика жүйесі және ел экономикасы үшін маңызды кәсіпорындар жатады.

ҰҚК экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және бюджет қаражатын қорғауға бағытталған тиімді мемлекеттік жүйені құруға белсенді қатысады.

Қабылданған шаралар ірі компаниялар мен бизнес субъектілері тарапынан мемлекет кірісіне жалпы сомасы 400 млрд теңгеге жуық қаражаттың түсуін және бюджет қаражатының ысырап болуына жол бермеуді қамтамасыз етті.

Аса жоғары пайданы жосықсыз алу, капиталды шығару және нарықтық тетіктерді бұрмалау әрекеттері тіркелетін шикізат және өңдеу секторларын қоса алғанда, стратегиялық маңызды салалардағы жасырын схемаларға қарсы іс-қимылға ерекше назар аударылады.

Жалпы, 2022 жылдан бастап ҰҚК-нің экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларын іске асырудан түскен жиынтық тиімділік 10 трлн теңгеден асты, оның ішінде бюджетке 1,6 трлн теңгеден астам қаражат өтелді.

Өткен жылдың маусым айында Қазақстан Президентінің Жарлығымен ҰҚК құрылымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылды. Оған қойылатын талаптардың басынан бастап жоғары болғаны анық. Осы кезеңдегі оның жұмысының басты қорытындылары қандай?

Бұл шешім еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңі және сыбайлас жемқорлық тек қылмыстық-құқықтық проблема ретінде ғана емес, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатер ретінде қарастырылатын жаңа тәсілдің көрінісі болды.

КНБ Казахстана: вызовы времени и защита национальных интересов
Фото: ҚР ҰҚК

Тәжірибе көрсеткендей, қылмыстың бұл түрі тек экономикаға ғана емес, еліміздің инвестициялық тартымдылығына, билік институттарының тұрақтылығына, қоғам сеніміне және мемлекеттік басқарудың тиімділігіне де тікелей әсер етеді.

Қалыптасу кезеңінде жаңа құрылымда кадрлық әлеует құрылды, өзара іс-қимылдың жұмыс тетіктері қалыптасты және құрылған алғашқы күндерден бастап Қызмет практикалық міндеттерді шешуге кірісті.

Басым салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттерді бірлесіп іске асыру үшін мемлекеттік органдармен және басқа да құзыретті құрылымдармен тиімді өзара іс-қимыл жолға қойылды.

Қаржы ағындары туралы ауқымды деректерді талдаудың цифрлық құралдарын енгізуге ерекше назар аударылады.

Мемлекет басшысының нұсқауларын орындау мақсатында біз еліміздің түрлі өңірлеріндегі билік және басқару органдарының бірқатар лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кестік.

Атап айтқанда, медициналық бұйымдарды жалған отандық өндірудің ауқымды алаяқтық схемасы бейтараптандырылды және контрафактілік дәрі-дәрмектерді заңсыз әкелу фактілері оқшауланды.

Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы, Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменттері басшы құрамының пара алу, бюджет қаражатын жымқыру және салғырттық фактілері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары анықталды.

Астана, Шымкент қалаларындағы, Ақмола және Павлодар облыстарындағы мамандандырылған ХҚКО филиалдарының мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өкілеттіктерін асыра пайдалануға қатысы бар бірқатар лауазымды адамдарының қылмыстық әрекеті әшкереленді.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы Мемлекеттік инспекция комитеті, ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің агроөнеркәсіптік кешенде нұқсан келтіруінің алғышарттары жойылды.

Қылмыстық қудалау шараларымен қатар, Қызмет жергілікті билік және басқару органдарын көп қаржы қажет ететін және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына ықпал ететін факторлар мен жағдайлар туралы хабардар ету арқылы еліміздің экономикалық әлеуетін қорғауға үлес қосуда.

Жалпы, Қызмет құрылған сәттен бастап 906-ға жуық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 770-ке жуығы сыбайлас жемқорлық сипатында.

КНБ Казахстана: вызовы времени и защита национальных интересов
Фото: ҚР ҰҚК

Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы 23,8 млрд теңгені құрады, 5,4 млрд теңге өтелді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бұл жекелеген мемлекеттік органдардың қызметімен шектелмейтін процесс. Оның нәтижесі мемлекеттің, азаматтық қоғам институттары мен азаматтардың өздерінің бірлескен жауапкершілігіне байланысты. Бүгінде дәл осы жүйелілік, бірізділік пен ашықтық одан әрі түрлендірудің негізіне айналуда. Бұл ретте лауазымы мен мәртебесіне қарамастан жауапкершіліктің бұлтартпастығы маңызды қағидат болып қала береді.

Қазіргі заманғы текетірес барған сайын цифрлық кеңістікке ойысып келеді. ҰҚК киберқауіптерге қарсы іс-қимыл жасау үшін қандай шаралар қабылдауда?

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы мен жасанды интеллектіні жаппай қолдану – бұл біздің күнделікті болмысымыз.

Заңсыз майнинг, кибершабуылдар, халықаралық алаяқтық желілер – мұның бәрі үнемі назар аударуды және уақтылы жүйелі шаралар қабылдауды талап етеді.

КНБ Казахстана: вызовы времени и защита национальных интересов
Фото: ҚР ҰҚК

Биылғы жылы Парламент депутаттарымен, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен Цифрлық кодексті және бірқатар нормативтік актілерді қабылдау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілді. Бұл қауіпсіз әрі тұрақты цифрлық ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ жасанды интеллект жүйелерін пайдаланғаны үшін жауапкершілікті нақты бөлуге ықпал ететін болады. Цифрлық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Қазақстан Президенті үстіміздегі жылдың 5 маусымында Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге бірқатар өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Атап айтқанда, ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін цифрлық объектілерді құру, дамыту және пайдалану бойынша жаңа функциялар қолданысқа енгізіледі. Сондай-ақ қорғалған және үкіметтік байланыстың республикалық желілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту міндетті болады.

Соңғы жылдары еліміз түрлі киберқауіптер толқынымен бетпе-бет келді. 2022 жылдан бастап 2,5 млрд-тан астам кибершабуыл тіркелді. Бұл жай ғана бұзып кіру әрекеттері емес – олардың 20 500-ден астамы Қазақстанның маңызды инфрақұрылым объектілеріне бағытталған мақсатты DDoS-шабуылдар.

Басқаша айтқанда, тұтастай салалардың жұмысы мен азаматтардың қауіпсіздігі тәуелді жүйелер үнемі хакерлердің нысанасында болады.

Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қарсы кибертыңшылық фактілері үнемі анықталып тұрады.

Құқыққа қайшы фрод-инфрақұрылымдардың – яғни адамдарды алдауға құрылған алаяқтық схемалардың әрекеті бейтараптандырылды. Мұндай желілер Алматы қаласында, Алматы және Қостанай облыстарында анықталып, жойылды.

Пайдакүнемдік ниетпен ақпараттық жүйелердегі мемлекеттік мәліметтерді түрлендіретін электрондық қызмет көрсетушілердің құқыққа қайшы іс-әрекеттері тұрақты негізде тоқтатылуда.

Жұмыстың бұл бағыты өте ауқымды және нысандар мен әдістердегі тәсілдерді үнемі жаңартып отыруды талап етеді. Біз қазіргі заманның болмысынан қалыспай, оған сәйкес келе аламыз деп санаймын.

«А» арнаулы мақсаттағы қызметі ұлттық қауіпсіздік жүйесінің ең дайындалған бөлімшелерінің бірі болып саналатыны заңды. Бүгінде бөлімше қандай міндеттерді орындайды және оның заманауи талаптарға сәйкестігі қалай қамтамасыз етіледі?

«А» арнаулы мақсаттағы қызметі Комитет құрылымындағы аса маңызды буындардың бірі болды және солай болып қала береді.

ҰҚК: уақыт сын-қатерлері және ұлттық мүдделерді қорғау
Фото: ҰҚК

Бөлімше террористік қауіптердің жолын кесуге, кепілге алынғандарды босатуға, арнайы операциялар жүргізуге және дағдарыстық жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ең күрделі әрі жауапты міндеттерді орындауға арналған.

Жауынгерлер қатаң іріктеуден және көпдеңгейлі дайындықтан өтеді. Физикалық төзімділікке, психологиялық тұрақтылыққа, заманауи тактикалық дағдылар мен арнайы техниканы меңгеруге ерекше назар аударылады.

Қызмет қазіргі заманғы сын-қатерлер мен шетелдік тәжірибені ескере отырып, жеке құрамның дайындығын үнемі жетілдіріп отырады. Мысал ретінде осы жылдың ақпан айында БАӘ-де өткен «UAE SWAT Challenge 2026» арнаулы бөлімшелердің халықаралық жарыстарының нәтижелерін келтіруге болады.

ҰҚК арнаулы бөлімшелерінің және басқа да күштік құрылымдардың қызметкерлерінен құралған Қазақстанның құрама командалары жауынгерлік даярлықтың ең жоғары деңгейін растай отырып, жүлделі орындарға ие болды.

Ұлттық қауіпсіздік органдарындағы қызмет жас азаматтардың үлкен қызығушылығын тудырады. Өз өмірін ҰҚК-дағы қызметпен байланыстырғысы келетін үміткер қандай кәсіби және жеке қасиеттерге ие болуы керек?

Кадр саясаты – жеке құрамды жасақтау мәселелері ғана емес. Бұл жерде өз ісіне берілген, құзыретті, кәсіби қызметкерлердің жаңа буынын қалыптастыру туралы сөз болып отыр.

ҰҚК: уақыт сын-қатерлері және ұлттық мүдделерді қорғау
Фото: ҚР ҰҚК

Біз кадрларды іріктеу, оқыту және тәрбиелеу жүйесін дәйекті түрде жетілдіріп, заманауи технологиялар мен басқару тәсілдерін енгізіп, әлеуметтік қолдауды күшейтіп, қызметтің ең жақсы дәстүрлерін сақтап келеміз. Біз үшін ұрпақтар сабақтастығы, тарихқа және ардагерлер ерлігіне құрмет басты маңызға ие.

Кадрлық жұмыста заманауи тәсілдер, атап айтқанда брендинг, ассесмент-технологиялар енгізілді, бұл жастардың қызығушылығын және іріктеудің объективтілігін арттыруға мүмкіндік берді.

Жастар үшін өзін-өзі танытуға арналған бағыттардың үлкен таңдауы бар: Шекара және Авиация қызметтеріндегі әскери немесе ұшу қызметінен бастап кибербөлімшелер құрамында ақпараттық қауіпсіздікті қорғауға дейін.

Біздің қызметтегі екі компоненттің: жоғары білікті мамандар мен озық технологиялардың үйлесуі ҰҚК-нің таяу болашағының негізі болып табылады деп санаймын.

Жаңа сын-қатерлер мен қауіптер жағдайында қызметкерлерге жоғары талаптар қойылады.

Офицер кең дүниетанымға, аналитикалық ойлау қабілетіне, тұрақты моральдық ұстанымға және күрделі жағдайларда шешім қабылдауға дайын болуы тиіс.

ҰҚК: уақыт сын-қатерлері және ұлттық мүдделерді қорғау
Фото: ҚР ҰҚК

Тәртіп, отансүйгіштік, күйзеліске төзімділік және жоғары білім деңгейі үлкен маңызға ие.

Бұл мәселеде біздің оқу орындарымыз – жыл сайын түлектері арнаулы қызмет қатарын жоғары білікті қызметкерлермен толықтыратын ҰҚК және Шекара қызметі академиялары үлкен демеу болып табылады.

Комитет тек заңгерлер мен жедел қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар киберқауіпсіздік, талдау, шет тілдері, инженерлік және техникалық бағыттардағы мамандарға да мұқтаж.

Өз еліне адал және мінсіз қызмет етуге дайын болу негізгі өлшемшарт болып қала береді. Менің сенімімше, ҰҚК-нің нағыз офицері – мемлекет мүддесін жеке мүддесінен жоғары қоятын адам.

Бүгін біз Қазақстан Республикасы ҰҚК қызметінің жекелеген мәселелерін және оның әрі қарайғы дамуының басым бағыттарын талқыладық. Әңгімемізді қорытындылай келе, алып қосарыңыз бар ма?

Ең алдымен, бұл – бүгін ашық айтуға болатын Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметі нәтижелерінің бір бөлігі ғана екенін атап өткім келеді.

Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерге сәйкес ұлттық қауіпсіздік жүйесін нығайту және қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Сөз соңында ардагерлерді және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің барлық жеке құрамын кәсіби мерекемізбен құттықтағым келеді.

Мықты денсаулық, отбасылық амандық, қызметте табыс және Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапты істе жаңа жетістіктер тілеймін.

дереккөзге сілтеме

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
14 января 2026

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі.
 

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:
       1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;
       2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;
       3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
       4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
       5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз өкілеттіктері шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтауды, жолын кесуді, ашуды  және тергеп-тексеруді жүзеге асырады.

ЧЕКИСТЕР-ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ (1941-1945ЖЖ.) ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
05 июня 2025

 

Жедел-іздестіру іс-әрекеті
Похищение ребёнка ради выкупа – забрали прямо из школы
23 декабря 2024

Жедел-іздестіру іс-әрекеті
Наркотики в обшивке самолёта / как у Казахстана украли АН-12
25 ноября 2024

Терроризмге қарсы іс-қимыл
Жедел-іздестіру іс-әрекеті
Биыл 5 жасөспірім деструктивті әрекеті үшін сотталды
05 ноября 2024

АСТАНА. KAZINFORM – Жыл басынан бері деструктивті әрекеті үшін сотталған адамдардың саны былтырғы көрсеткіштен асып кеткен. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсірген «Арбау» атты 15 минуттық деректі фильмде айтылған.

Фильмде экстремистік видео таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 256-бабымен сотталған 16 жастағы кейіпкер теріс ағымның арбауына қалай түскенін баяндайды.

«Telegram-да «Кавказ уәлаяты» дейтін топқа кірдім. Сонда Ахмад деген баламен таныстым. Ол айтты, «жихадқа шығушыларға арнап видео сал» деді. Telegram-нан чатын іздедім. TikTok-қа кіріп, чатты таптым. Чатқа кіріп, таныстым. Танысқаннан кейін каналға «Дауль-атуль-ислам» деген тақырыппен видео жүктедім. Ойым Сирияға барып, жихадқа шығу болды. Сол жақта жихад жасағым келді», - дейді кейіпкер.

Фильмде «сотталған баланың анасы» деп сипатталған әйел ұлы Telegram-нан біреулердің адам басын кесіп жатқан сәті бар видео көрсеткенін, оған аса мән бермегенін айтады.

ҰҚК жедел қызметкері кейіпкер айтып отырған видеода ДАИШ халықаралық террористік ұйымының содырларының әрекеті бейнеленгенін айтады.

«Арнайы қызмет адамдарын ұстап, «кәпір» ретінде аяусыз өлтірген бейнелерді жүктеп отырды. Сонымен қатар үйінің маңында араб ұлтына тән киіммен видео түсіріп, араб музыкасының сүйемелдеуімен жихадқа шақыратын, өзінің де жихадқа баратын ойы бар екені туралы жазбалар қалдырды», - дейді жедел қызметкер.

Кейіпкердің анасы наурыздан бастап баласы TikTok арқылы танысқан адамдармен тікелей кездесе бастағанын айтады.

Кейіпкердің өзі TikTok-тан топ ашып, Telegram-ға жүктеген видеоларының сілтемесін қалдырып отырғанын, топтағы оқырмандары ол ұсынған контентті сол сілтемелер арқылы көргенін айтады. Өйткені қатыгездік сипаттағы видеоны тікелей TikTok-қа салу мүмкін емес еді.

Саясаттанушы Елдос Молдахметов жастардың осындай мазмұндағы ақпаратқа тез елтіп, арбалуын тіл білмеуден көреді.

«Діни ғұламалардың арабша айтқан уағыздары интернетте көп. Тіл білмеген адамға олардың шын мәнінде не айтып жатқанын ұғу мүмкін емес. Ал деструктивтік мақсаттағы адамдар сол видеолардың кез келген жерінен қиып алып, орысша «аударма» жасап таратады. Ол «аудармада» жихадқа шақырған ұрандар айтылады. Осыған көп жастар арбалып қалады», - дейді ол.

2023 жылдың басынан бері деректі фильмнің кейіпкері сияқты деструктивті әрекеті үшін сотталған жасөспірімнің саны 7-ге жеткен.

«2023 жылы 42 адам деструктивтік әрекеттері үшін қылмыстық жазаға тартылды. Оның екеуі кәмелетке толмаған балалар. Ал биыл 68 адам сотталды. Оның бесеуі жасөспірім. Бұл санақты артында адамдардың тағдыры мен өмірі тұрғаны алаңдатады», - дейді Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі бастығының орынбасары Майгүл Айнабекова.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының оқу орындарына қабылдау тәртібінің өзгеруі туралы
11 октября 2024

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) ұлттық қауіпсіздік органдарының оқу орындарына қабылдау тәртібінің өзгергені туралы хабарлайды.

Осымен, ҰҚК Төрағасының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 106/қе бұйрығымен ҰҚК Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы
№ 2 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Енгізілген түзетулер ҰҚК Шекара қызметінде мерзімді әскери қызмет өткерген және конкурстық іріктеуден өткен азаматтарға ҰБТ нәтижелерісіз мен емтихандарды тапсырмай жеңілдік жағдайларда ҰҚК Академиясына және ҰҚК Шекара академиясына түсуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте кандидаттар кәсіби жарамдылығын және жазбаша дағдыларын эссе жазу түрінде тексеруден өтетін болады.

Тұлғалардың көрсетілген категориясы оқуға қабылдау жылына дейінгі жылдың 1 қарашасына дейін ҰҚК Шекара қызметінде мерзімді әскери қызмет өткерген және конкурстық іріктеуден өткен азаматтар мерзімді әскери қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей ҰҚК Шекара қызметінің кадр бөлімшелеріне ҰҚК ЖОО-ға түсуге ниет білдіру туралы өтінішпен жүгінеді.

Азаматтардың осы санаты үшін қабылдау квотасы: ҰҚК Шекара академиясына жыл сайынғы жоспарлы қабылдаудың 10 %-дан аспайды және ҰҚК Академиясына 5 %-дан аспайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
Шекара шебі – қырағы қолда
17 августа 2024

Кез келген елдің әскери айбыны шекарасынан-ақ сезіліп тұруы керек. Шекарадағы қырағылық – қоңсы жатқан елге қабақ шыту емес, мемлекеттік тұтастықтың, ұлттық қауіпсіздіктің қамы. Сондықтан шекара шебінің берік болуы – аса маңызды әрі жауапты міндет. Ал бұл міндетті абыроймен, сақтықпен, асқан жауапкершілікпен атқару – шекарашылардың мойнындағы үлкен парыз.
Осыдан 32 жыл бұрын, 18 тамыз күні Прези­дент Жарлығымен Шекара әскерлері құрыл­ды. Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комите­ті төрағасының орынбасары – Шекара қызме­тінің директоры, генерал-майор Ерлан АЛДАЖҰМАНОВПЕН сұхбаттасып, шекарамызды қорғау міндетінің қазіргі жай-күйі жайында әңгімелестік.

 
Шекара шебі – қырағы қолда

 

– Ерлан Ерғалиұлы, алдымен елі­міздің мемлекеттік шекарасындағы қазіргі жағдайды және ведомствоның жетістіктері жайында айтып өтсеңіз.

– Мемлекеттік шекарада және ше­каралық аумақтарда жағдай тұрақты әрі толық бақылауымызда. Бөлімшелер еліміздің шекарасын күзету және қорғау бағытында өздеріне жүктелген барлық міндетті бұлжытпай орындап отыр.

Қызметіміздің есепті кезеңдегі қоры­тындысына тоқталып өтсем, жыл басынан бері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің 240 дерегі тіркеліп, оның ішінде 94 адам сотталды. Белгіленген режімдерді және көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 23 мың адам жауапқа тартылып, оларға жалпы сомасы 542 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

 

ыва

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

 

Заңсыз көші-қонның 10 арнасының жолы кесілді. Мыңнан аса қару-жарақ пен оқ-дәрілердің, есірткі заттарының және өзге де тыйым салынған заттарды алып өтудің жолы кесілді. Одан бөлек, шекарадан жалпы сомасы 9,1 млрд теңгені құ­рай­тын заңсыз валютаны, 18,1 млрд теңгені құ­райтын тауарларды алып өтпекші бол­ған­дардың арам ойы іске аспай, қолға түсті. Сондай-ақ осы жылдың мамыр айында Түркістан облысындағы департаменттің әскери қызметшілері мемлекеттік шекара арқылы жалпы салмағы 775 кило тартатын героин есірткі затының рекордтық партиясын жасырын алып өтпекші болған қас­көйлерді құрықтады. Мемлекетке келті­рілген залал 3 млрд теңге көлемін құрады.

– Әлемде болып жатқан геосаяси ахуалдың күрделене түсуі уақыт өткен сайын шекарашыларға қойылар қызметтік-жауынгерлік талаптарды барынша жетілдіруді қажет етіп келеді. Осы жайында не айтасыз?

– Біз қарбаласы көп, қиын шақта өмір сүріп жатырмыз. Бұл өз кезегінде шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті әрекеттерді талап ететіні анық. Сондықтан заманауи өзгерістер біздің жауынгерлік-қызметтік мінде­ті­міз­ге әрдайым түзетулер енгізіп отырады.

Қойылған тапсырмаларды тиімді орындау үшін шекарашылардың жұмысына қажетті жағдайлар жасау аса маңызды рөл атқарады. Сондықтан да ел Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында шекараны жаңа үлгіде жабдықтау бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Шекара қызметін дамытудың негізгі бағыты ретінде техникалық бақылаудың инновациялық шешімдерін қолдаймыз. Яғни шекараны күзетуде техникалық құралдардың қолдануын қамтамасыз ететін «ақылды шекара» тұжырымдамасы да қырағы күзетке кіріскен.

Біз бүгінде мобильді және опти­калық-электрондық бақылау жүйе­лерін, ұшқышсыз әуе аппараттарын, прожекторлық және радиолокациялық стансаларды, сигнал беру және электр­сигнал беру кешендерін, сондай-ақ аза­мат­тардың, көлік құралдарымен жүк­тердің шекара арқылы қозға­лы­сын бақылауға арналған автомат­тан­дырылған жүйелерін қолданысқа енгізіп жатырмыз.

 

пр

 

Жоғарыда айтылған шаралар Мем­лекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «2024-2028 жылдары шекара­лық қамтамасыз етудің» кешен­ді жос­парына енгізілген.

Жалпы алғанда, осы құжат аясында біз үш негізгі міндеттерді шешуді жоспарлап отырмыз. Яғни бұл – «ақылды шекара» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік шекараны қашықтан бақылау жүйесін салу, мобильді жүйе­нің материалдық-техникалық жаб­дықталуы, сондай-ақ саладағы инфра­құрылым құрылысын жүргізу және жаңарту.

Бұдан бөлек, шекарашылардың қызметтік жауынгерлік іс-әрекетін жақ­сартуға бағытталған іс-шаралар жал­ғасын тауып келеді. Ол үшін шека­ралық басқармаларда ұдайы кешенді оқу-жаттығу жиындары өткізі­ліп тұрады.

Тек биылдың өзінде шекарашылар «Шекара-2024», «Тосқауыл-2024», «Бекіре-2024», «Ақбөкен», «Ақпан-2024», «Наурыз-2024» және тағы басқа да шекара операцияларына қатысты. Сонымен қатар отандық шекарашылар жыл са­йын еліміздің Қорғаныс министрлігі ұйымдастыратын жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына, арнаулы операциялар күштерінің оқу-жаттығуына қалмай қатысып келеді.

– Былтыр Үкімет өткізу бекет­те­рін­де инфрақұрылымды дамы­тудың жол картасын бекіткен. Осы бағыт­та қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

– Иә, бүгінгі күні жол картасы аясында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе ауқымды жұмыстар жүргізіліп отыр. 2025 жылға дейін қазақ-ресей шекарасындағы 30 автомобильдік өткізу бекетін дамыту және шекара күзетіне арнайы жаңа техникалар сатып алу жос­пары қарастырылып отыр. Аталған іс-шаралар оң әсерін беріп, мемлекеттік шекарадан көлік құралдарын өткізу жұмысының сапасын арттырады. Біздің және шетел азаматтарына шекарадан өту үдерісін барынша тездетіп, қолайлы жағдайлар қалыптастыруға ықпал ететініне сенімдімін.

– Қазіргі таңда Шекара қызметінде әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесі қалай ұйым­дас­тырылып жатыр, осы жөнінде кеңінен айтып өтсеңіз?

– Біздегі әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесі азаматтық ұйымдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары деңгейде. Әскери қызметшілер тегін әскери формалармен, медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі. Әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне ай сайын тұрғын үй төлемдері төленеді, осы арқылы олар өздерінің жекеменшік баспанасын сатып ала алады. Қазіргі нарықтық өлшем­мен қарағанда еңбекақымыз да жет­кілікті және бәсекеге қабілетті.

Біздің қызметте жас сарбаздарға да қолайлы жағдайлар қарастырылған. Атап айтатын болсақ, мерзімді қызметін адал атқарып, жауынгерлік-қызметтік іс-әрекетте жоғары жетістіктерге жеткен сарбазға мемлекет тарапынан ЖОО-да тегін оқуға грант беріледі. Сонымен бірге сарбаздың өзі таңдаған оқу орнындағы әскери кафедраға емтихансыз түсуіне мүмкіндік беріледі.

– Ерлан Ерғалиұлы, Шекара қызметін­де­гілердің басым бөлігі – ерлер қауымы. Мұндай ортада, яғни табиғатынан ер азаматтар ара­сында қақтығыстар, жаға жыртысу жағ­дай­лары болып тұратыны белгілі. Мұндай мәселелерді қалай реттеп, шешіп жатырсыздар?

– Иа, расымен де қызметте ондай жағымсыз жағдайлар болып тұрады. Әрине, біз ішкі моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға, дамытуға барынша тырысамыз. Шекара қызметінде тәрбие жұмыстарымен айналысатын арнайы бөлімше жұмыс істейді. Ұжымдағы тыныштықты, түсі­ністікті қамтамасыз ететін қалыпты жағ­дайды орнату бағы­тында халық­аралық тәжірибелерді және сынақтан өткен өзіміздің әдістерді қолда­на­мыз.

Мысалы, мерзімді қызметте үлкен және кіші шақырылым өкілдері әртүрлі бөлімшеде қызмет етеді. Яғни олар бірін-бірі сирек кездестіріп, анда-санда ғана жолдары түйіседі. Сонымен қатар қазіргі уақытта сарбаздардың туған өлкесінде немесе соған жақын аумақтарда қызмет ету мәселесіне аса мән беріп келеміз. Одан бөлек, сарбаздардың ата-аналарымен де бел­сенді жұмыс жүргізіліп отыр. Ата-аналар, туған-туыстары үшін ашық есік күндері ұйымдастырылып, сарбаз­дар­дың отбасымен бейнебайланыс арқылы да хабарласуына мүмкіндік берілген.

Тәрбие және әскери-патриоттық жұмыстар жоспары аясында ардагерлермен кездесіп, жеке құрамның қатысуымен жиналыстар өткізіліп, офицерлер құрамы жас сарбаздармен жеке сұхбат жүргізіп тұрады. Сарбаздардың әскери және құқықтық тәрбиесін жақсартумен айналысатын қызметкерлердің де штаты көбейтілді.

Шекарашылар өзіне жүктелген қыз­метінің, шенінің үлкен-кішісіне қарамай, туған жеріміздің сынық сүйем жерін қырағылықпен күзетіп, көздің қарашығындай қорғап отыр.

– Әңгімеңізге рахмет.

 

Әңгімелескен –

Жасұлан СЕЙІЛХАН,

«Egemen Qazaqstan» 

 

➡️дереккөзге сілтеме

Қазақстан Республикасы ҰҚК Сыртқы барлау қызметі
04 июня 2024

 


 

«Біздің мақсатымыз - еліміздің дамуы мен өркендеуі үшін сыртқы қатерлерден қорғау және стратегиялық артықшылықтар жасау»

 

 

Жұмабаев Марат Қабиденұлы

ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары - Сыртқы барлау қызметінің Директоры,
ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры

 

Мақсат және міндеттер

 

 

 

 

Рәміздер

 

 

 

Барлау қоғамдастығы

 

 

 

Құқықтық негізі

ҚР Конституциясы

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заң

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Заң

Сыртқы барлау туралы Заң

 

 

Сыртқы барлау қызметіне қабылдау 

Барлау және қарсы барлау іс-әрекеті
Арнайы іссапар (Ауғанстан, 1981 жыл)
17 февраля 2024

Көптеген қазақстандық барлаушылар Ауғанстанда түрлі бағыттарда интернационалдық борыштарын абыроймен атқарды. Олар арнайы «Алтай» жасақтарының, КСРО МҚК өкілдігі жедел топтарының құрамында болды. Кеңесші ретінде ауғандықтарға бандалық құрамдарға қарсы арнайы операцияларды жоспарлауға өз көмектерін көрсетіп, көп жағдайларда оларды іске асыруға тікелей қатысты. Ауғанстан аумағында арнайы байланыс, радиотехникалық барлау бөлімдерінде де қызмет өткеріп,өз үлестерін қосты.

Бүгінгі сұхбаттасымыз отставкадағы полковник Құлбеков Бекежан Бекенұлы Кеңес әскерінің Ауғанстанда болған алғашқы кезеңінде 1981 жылы  Кабул қаласының маңында барлаудың мобильді бөлімдерінің бірінде ұзақ мерзімді арнайы іссапарда болған. Ол бір топ қызметкерлермен бірге радиоқармау барысында алынған және шифрмен жабылған хабарларды жедел түрде ашып барлау арқылы деректі ақпараттарды табу жұмыстарын іс жүзінде қалыптастыруды қамтамасыз еткен.

Бекежан Бекенұлы республикалық физика-математика мектебінің 1973 жылғы түлегі. Ол КСРО МҚК Москва қаласындағы Жоғары мектебінің техникалық факультетін 1978 жылы бітіргеннен кейін Ташкент қаласындағы әскери округ барлау басқармасының арнайы орталығында қызметін бастайды. Арнайы кәсіби білімін пайдаланып, осы орталықта радиоқармаудың шифрланған хабарларынан жақын елдердегі, соның ішінде Ауғанстанда болып жатқан әскери, саяси жағдайлар бойынша деректі барлау ақпараттарын жедел шығаруға барынша өз үлесін қосады.

1979 жылдың соңына қарай көрші елдегі жағдай күрт өзгеріп, 25 желтоқсанда Ауғанстанға кеңес әскері енгізілді. Тадж-Бек сарайына жасалған шабуыл кезінде Хафизулла Амин қаза тауып, оның орнына Бабрак Кармаль Президент болды. 1980 жылы елдегі оппозицияның әскери отрядтары (моджахедтер), көрші Пәкістаннан үздіксіз келіп жатқан қару-жарақ пен қосымша адамдардың арқасында, ел билігіне белсенді қарсылық көрсетуін үдете түсті. Сонымен қатар, олардың 40-шы армияның бөлімдеріне шабуылдары жиілеп, Кеңес армиясының шектеулі контингентінің жүру жолдарына тосқауылдар ұйымдастырулары қарқын алды.

Осыларды ескеріп, 1981 жылы қарулы оппозицияның жоспарларын алдын ала жедел түрде біліп отыру мақсатында барлаудың кейбір арнайы бөлімдері, соның ішінде радиотехникалық барлау тікелей Ауғанстан аумағына ауыстырыла бастайды.

Барлау ардагері Құлбеков Б.Б. сол уақыттарды былайша еске алады: «Ташкенттегі арнайы орталықтың қызметкерлері өздері күнделікті даярлап отырған барлау ақпараттарынан Ауғанстандағы жағдайды жетік біліп, сондағы интернационалдық борыштарын әскери ұрыс жағдайында орындап жүрген жауынгерлер үшін іштей уайымдап, қолдау көрсетіп жүрді. Осындай жағдайда орталықтың басшыларының мені бір топ маманмен бірге Ауғанстанға арнайы қызметтік іссапарға жіберу туралы шешімін әскери табандылықпен және аса бір жауапкершілікпен қабылдадым. Сонымен қатар, алдағы ісспардың қиындығы мен қауіптілігін толығымен сезінсем де, бәрі жақсы болады деп өзімді де, бір ай бұрын ғана Алматыдағы медициналық институтты бітіріп, Ташкентке жаныма келген жұбайым Аймен Молдаболатқызын да сабырға шақырдым. Нағыз офицердің жұбайы екендігін көрсетіп, өзінің шыдамдылықпен асыға күтетінін айтып, мені ұзақ сапарға шығарып салды».

1981 жылы 3 тамызда әскери тасымалдаушы ұшақпен Ташкенттен арнайы орталықтың мобильді тобының негізгі құрамы арнайы жылжымалы кешендермен Кабул әуежайына жеткізіліп, барлау бөлімдерінің бірінің аумағына шатырлы лагерь болып орналастырылды. 

Аға лейтенант Құлбеков Б.Б. топтың басқа бөлігімен «Зил-130» автомобильдерімен Ташкенттен Термез қаласына келіп, сонда құрылған әскери колонна құрамында биік Гиндукуш тауларындағы әйгілі Саланг көлік өткелі арқылы Кабулға жолға шығады. Ардагер бұл жөнінде былай дейді: «Серпантиндері мен шатқалдары көп тар тау жолдарында моджахедтердің әскери автоколоннаға шабуыл жасауы, тосқауыл ұйымдастыруы мүмкін екендігін ескеріп, колоннамен екі БТР-і бар мотоатқыштар взводы бізбен бірге болды. Сондай-ақ Термез комендатурасының дайындау пунктінде құрылған автоколоннаның жеке құрамымен жауынгерлік үйлестіру өткізіліп, қорғаныс ұрысын ұйымдастыру мен шабуылдарға тойтарыс беру бойынша нұсқаулар берілді. Соңынан автоколоннаның дайындығы тексеріліп, марш жасауға сапқа тұрғызылып жолға шығуға бұйрық алдық. Ұзақ жол бойы бірталай тосын жағдайлар болып, қорғаныс шараларына көшіп, қаруларымызды атуға дайын ұстап, атқыштар взводының бұйрықтарын орындадық. Әсіресе шатқалдардан, «жасыл зоналардан» өткенде үлкен алаңдаушылық болды. Жолымыз болып, колоннамыз Кабулға аман-есен жетті. Ал біздің алдымыздағы бензин тасушы көліктер колоннасы және артымыздан шыққан ұн тиеген колонна моджахедтердің шабуылына ұшырап көптеген автомашиналар өртеніп кетті. Ұшақпен келген мобильді топ бізді асыға тосып, жол қарауылдап жүр екен. Бір-бірімізді көріп қуанып, болашақ жұмыс орнымызға келіп, іске кірісіп кеттік».

Қарулы моджахедтердің отрядтары мен оларды Ауғанстанда және көрші елдердің аумақтарында қолдаушы құрылымдардың іс-қимылдарын тәулік бойы қадағалау мақсатында Ауғанстанның барлық дерлік провинцияларында радиоқармау постары орналастырыла бастады. Шифрмен жабылған радиоқармау материалдары толығымен арнайы мобильді бөлімге жедел түрде жеткізіліп тұрды.

Арнайы іссапармен келген білікті мамандар қиын жедел жағдайда шатырлар мен кунгтерде орналасып, қысқа уақытта орталықтың көмегімен мобильді бөлімде жылжымалы есептеу кешенін және арнайы тәсілдерді пайдаланып, жедел түрде шифрланған хабарларды ашатын технологиялық процесті іске қосып, тұрақты деңгейде деректі барлау ақпараттарын алып отыруға қол жеткізді.

Іссапар барысында радиоқармау материалдарының өзгеріп отыратын ерекшеліктеріне байланысты технологиялық процестерге уақтылы қажетті қосымшалар енгізіліп, қолданылатын тәсілдер жетілдіріліп, есептеу кешенінің үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Осындай тәулік бойы жүргізілетін жұмыстарды іссапарға келген санаулы мамандарға мобильді бөлімге тұрақты қызметкерлер келгенше жылдың аяғына дейін атқаруға тура келді.

Осы шаралардың нәтижесінде арнайы мобильді бөлім кеңес әскерінің 1989 жылы Ауғанстаннан шығарылуына дейін жедел түрде моджахедтерге арналған қару-жарақты тасыған керуендердің жүру жолдары, қарулы бандалық құрылымдардың шабуылдарды, террорлық актілерді, қастандық әрекеттерді ұйымдастыру жоспарлары, тағы да басқа бағыттардағы іс-әрекеттер туралы барлау деректеріне қол жеткізіп, уақытылы жоғарғы басшыларға баяндап келді. Осындай алдын ала алынған нақты деректер талай жағдайларда керуендердің жолын кесуді, қолға түсіруді, шабуылдар мен терактілерді болдырмауға шара қолдануға мүмкіндіктер беріп, көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды.

Әңгімесін аяқтай келе, ардагер барлаушы арнайы іссапар барысында алға қойған тапсырмаларды табысты орындап, жаңа 1982 жылдың қарсаңында Кабулдан әскери-тасымалдаушы ұшақпен Ташкентке өз арнайы орталығына аман-есен келгенін айтып, наурыз айында жұбайының Айжан есімді нәрестені дүниеге әкеліп, отбасында үлкен қуаныш болғанын жеткізді.

Тек 1986 жылы ғана Б.Б. Құлбековке Кеңес Одағының арнайы тапсырмасын орындағаны жарияланып, интернационалист-жауынгер мәртебесі берілді. Ал 1988 жылы Ауғанстан Президентінің жарлығымен
«От благодарного афганского народа» медалімен марапатталды. 1991 жылы ол КСРО Президентінің Жарлығымен әскер қолбасшылығының (командованияның) арнайы тапсырмасын табысты орындағаны үшін
«За боевые заслуги» медалімен марапатталады.

Еліміз егемендік алған жылдары Құлбеков Б.Б. өзінің кәсіби білімі мен арнайы қызметтегі бай тәжірибесін, соның ішінде Ауғанстандағы іссапардағы жетістіктерін қолданып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде және Сыртқы барлау қызметінде техникалық барлау бөлімдерін құруға, қалыптастырып дамытуға тікелей қатысып, көп жылдар басшылық етті. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы қол жеткізген нақты нәтижелері үшін полковник Құлбеков Б.Б. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Қазіргі уақытта отставкадағы полковник Құлбеков Б.Б. «Сыртқы барлау ардагерлері» қоғамдық бірлестігі Төрағасының орынбасары ретінде ардагерлердің қоғамдық белсенділігін арттыруға өз үлесін қосып, ұжымның жұмысын насихаттауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырып келеді, әрі барлау қызметкерлерінің жас буынын әскери-патриоттық тәрбиелеу жұмыстарына тұрақты қатысады.

 

 

Отставкадағы полковник Күзетов М.А.,

«Сыртқы барлау ардагерлері»

қоғамдық бірлестігінің төрағасы

2024 жылғы 5 ақпан,

Астана қаласы

Социальные сети
Instagram
Youtube
Twitter
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері