Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап не өзгереді

Суретте мобильді қосымша арқылы ақша аудару процесі көрсетілген. Алдыңғы планда қолында смартфон мен банк картасы бар адам көрінеді. Экранда төлемнің орындалғаны туралы ақпарат көрсетілген. Жоғарғы бөлігінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің атауы жазылған, ал төменгі бөлігінде «Мобильді аударымдар: 2026 жылдан не өзгермек?» деген мәтін орналасқан.

2026 жылғы 1 қаңтардан мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа өлшемшарты қолданысқа енеді.

📌 Не өзгеруде?
Бұрын тек аударымдар саны ескерілетін — 3 ай қатарынан 100 немесе одан да көп әртүрлі тұлғадан түскен жағдайда.
Енді қосымша талап енгізіледі:
👉 дәл сол 3 айда түскен қаражаттың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асуы керек.

📌 Қашан кәсіпкерлік қызмет белгісі туындайды?
Егер сіздің жеке (бизнеске арналмаған) шотыңызға 3 ай қатарынан әр айда:
• 100 әртүрлі адамнан ақша түссе, және
• жалпы сома 12 ЕТЖ-дан асса,
онда мұндай операциялар кәсіпкерлік табыс белгілері бар ретінде есептеледі.

Жарияланған күні

12 желтоқсан 2025

Жаңарту күні

12 желтоқсан 2025