ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Қашықтан оқыту жағдайында құндылықтарға негізделген тәрбие бойынша нұсқаулық. - Нұр-Сұлтан: Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі. - (қазақ және орыс тілдерінде).
Ұсынылып отырған нұсқаулық ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу мен тәрбие беруге арналады. Сонымен қатар, жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, өмірлік қиындықтарға эмоциялық төзімділікті дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыруға бағытталады.