Қарағанды облысында 2025 жылы 26 қазанда өтетін мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауға Қарағанды қаласының № 8, № 14, Саран қаласының № 8, Бұқар жырау ауданының № 11 округтерінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 12 кандидаттың барлығын тіркеді.
Осылайша, қазіргі кезеңде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда бір бос депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік 3 кандидатты құрайды.
Тіркелген 12 кандидаттың 4- саяси партиялар, 8 өзін-өзі ұсынған. Оның 11-і ер адам, 1-і әйел адам. Кандидаттар арасында 2 ұлт өкілдері бар.
6 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 6 – партия қатарында жоқ.
Орташа жас – 38.
Барлық кандидаттардың жоғары білімі бар.
Кандидаттардың 7 – мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 5 – коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол а.ж. 25 қазанының 00.00 сағатына дейін созылады.
Сілтемелер: