Қарағанды қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2025 жылғы 26 қазанда Қарағанды қаласының № 8 және № 14 сайлау округтерінде өтетін қалалық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау науқаны шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары қалалық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына кандидат ретінде ұсынылған 6 кандидатты тіркеді. 2 кандидат тіркеуге дейін өз кандидатурасын алып тастады.
Осылайша, қазіргі уақытта қалалық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда бір бос депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік 3 кандидатты құрайды.
Тіркелген 6 кандидаттың 2 саяси партия, 4 өзін-өзі ұсынған. Үміткерлердің барлығы ер адамдар.
Барлық кандидаттар 1 ұлттың өкілдері.
2 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады.
Орташа жас – 44,3 жас.
Барлық кандидаттардың жоғары білімі бар.
Кандидаттардың 2 – мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 2 - коммерциялық емес ұйымдарда; 2 – коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол ағымдағы жылғы 25 қазан 00.00 сағатқа дейін созылады.

ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Дата публикации
30 сентября 2025