2025 жылғы 26 қазан № 8 сайлау округінде өтетін Саран қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау науқаны шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиясы қалалық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына кандидат ретінде ұсынылған 3 кандидаттың бәрін тіркеді.
Осылайша, қазіргі уақытта қалалық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлауда бір бос депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік 3 кандидатты құрайды.
Тіркелген 3 кандидаттың 1 саяси партия, 2 өзін-өзі ұсынған. Оның 2 ер адам, 1 әйел адам.
Кандидаттар арасында 2 ұлт өкілдері бар.
3 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады.
Орташа жас – 29 жас.
Барлық кандидаттың жоғары білімі бар.
Кандидаттардың 2 – мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 1 – коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол ағымдағы жылғы 25 қазан 00.00 сағатқа дейін созылады.