Жиі қойылатын сұрақтар

Заңның 18-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру тәуекелдерді басқару жүйелері – негізінде мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте аудитті сапалы жүргізу мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесі, соның ішінде жұмыс көлемін ескере отырып, аудиторлық іс-шараларды тиімді жоспарлау арқылы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының ресурстарын оңтайландыруға негізделген тәсілдерді ескеру қажет. Осылайша, мемлекеттік аудит белгіленген мемлекеттік аудит көрсеткіштеріне қол жеткізуді ескере отырып, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілерінің тәуекелдерін бағалау нәтижелері бойынша қалыптастырылған Тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдер негізінде мемлекеттік аудит туралы заңнама шеңберінде жүзеге асырылады.