Жұмыссыз статусын қалай алуға болады?

Жұмыссыз статусын алу үшін жұмыс іздеуші адам ретінде тіркелу қажет.

Тіркелуді үш тәсілмен жүзеге асыруға болады (мансап орталықтары көрсететін жұмыс іздеуші адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес):

- тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына жүгіну;

- «Электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz) арқылы;

- Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы.

Тіркелу үшін тек жеке куәлік қажет. Жұмыс іздеуші статусын алғаннан кейін лайықты жұмыс болмаған жағдайда, екі жұмыс күні ішінде жұмыссыз ретінде тіркеу жүзеге асырылады.

Бұл қызмет проактивті болып табылады, яғни өтініш беру қажеттілігі жоқ, қызмет көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетіледі.

Жұмыссыз статусы еңбек делдалдығына, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға, оның ішінде кәсіптік оқытуға, кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесуге, субсидияланатын жұмыс орындарына жолдауға, жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесуге, сондай-ақ жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға құқық береді.

Дата публикации
28 августа 2026