2025 жылдың 5 қыркүйекте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің қызметшілері арасында бекітілген кестеге сәйкес техникалық оқыту жүргізді. Техникалық оқытуды №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Д. Бердыбаева және А. Нұрғалиева жүргізді.
Оқыту барысында базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде туындайтын мәселелер мен сұрақтарға қатысты Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінен келіп түскен хаттармен таныстырылды. Атап айтқанда,
базалық зейнетақы төлемін беру кезінде зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептелінетін кезеңдер, оның ішінде 01.01.1998 жылдан туған балаларға күтім жасаған, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегінен аспайтын уақыт; әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері бойынша түсіндірмелер айтылды.
Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметін есепке алуға қатысты, оның ішінде Ресей Федерациясынан келген этностық қазақтардың еңбек өтілдеріне қатысты сұрақтар қойылып, түсіндірме айтылды.
Сонымен қатар, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кірісті айқындау кезінде есепке алынатын табыстан міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың, және жеке табыс салығының аударылуы бойынша туындаған сұрақтарға талдау жасалынып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 20 тамыздағы № 322 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 23 тамыздағы № 68 бірлескен бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 12-13 тамызда Халықты әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің қызметшілері «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Алматы қаласы, Алмалы және Медеу аудандары бойынша бөлімшесіне профилактикалық бақылау жүргізді.
Бұл ретте, бақылауға арналған есептермен жұмыс жасау, қолданыстағы заң аясында қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің өте маңызды екенін ескере отырып, бақылау жүргізілді.
Сонымен қатар, аудан бөлімшесі мамандарына техникалық оқыту жүргізілді. Техникалық оқытуда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң нормаларына сәйкес түсірдірме жүргізіліп, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау барысында Департаментпен кері қайтарылған электрондық іс-макеттер бойынша талдау жүргізілді. Қойылған сұрақтарға тодық жауап берілді.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша оқыту жүргізілді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің №2 МӘС бөлімі мамандары 14.08.2025ж емхана ДКК меңгерушілерімен сырттай проактивті куәландыру (СПК) кезіндегі нозологиялық нысандар тізбесі бойынша бірлескен семинар өткізді.
Күн тіртібінде қаралған сұрақтар:
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай-тазалық пен тәртіп!
30 тамызда елімізде Қазақстан Республикасының Конституция күні – басты мемлекеттік мереке, азаматтардың Тәуелсіздігінің, құқықтары мен бостандықтарының нышаны, сондай-ақ демократиялық қоғам дамуының негізі атап өтіледі.
Конституция әділдік, теңдік және жауапкершілік құндылықтарын айқындай отырып, Қазақстан халқын біріктіреді. Осы айтулы мерекенің құрметіне Департамент қызметкерлері аумақты абаттандыру және тазалау бойынша іс-шара өткізді. Акцияға қатысушылар іргелес аумақты қоқыстардан тазартты, гүлзарларды жаңартты және жасыл желектерді ретке келтірді. Мұндай іс-шаралар біздің аулаларымызды безендіріп, көркейтіп қана қоймай, жалпы кеңістік үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелейді, экологиялық мәдениетті және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастырады.
Акцияға қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз! Айналамыздағы тазалық пен тәртіп Отанымызға және оның негізгі заңы – Республика Конституциясына құрмет көрсетсін.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 31-бабы «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды».
Қазақстан Республикасының Конституциясы 38-бабы «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті».
2025 жылғы 7 тамызда Алматы қаласы №4 МӘС бөлімінде Алматы қаласы бойынша МӘС-ке жауапты тұлғалармен «ЗПО қамтудың тиімділігін арттыру мәселелері» тақырыбында кеңес өткізілді.
Кеңес барысында ауытқулардың себептеріне талдау жүргізілді, азаматтарды МӘС-ке жолдаудың бірыңғай алгоритмін келісу, сондай-ақ ЗПО үшін нозологиялар тізбесін талқылау мәселелері қаралды.
2021 жылғы 12 қазанда қабылданған ҚР Заңының 7 жастан бастап балаларға мүгедектік топтарын белгілеу бөлігін іске асыру мәселесі талқыланды.
Медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша талдамалық есеп дайындау үшін емханалардан медициналық ұйымның паспорты, қызмет көрсетілетін халық саны және басқа да деректер сұратылды.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің №1МӘС бөлімімен 08.08.2025ж, сырттай проактивті куәландыруға келмегендер және де сырттай проактивті куәландырға жарамды және нақты қаралған өтінімдер арасындағы сәйкессіздіктер талданды. Бөлімнің көзқарасы бойынша- сырттай проактивті куәландыруға негізгі сапасыз рәсімдеудің сәйкессіздігі, емдеу мекемесінің талдау және үйлестіру жұмыстарының жеткіліксіздігі, цифрлық қолтаңбамен 031/е нысанын, жауапты ДКК мүшелері қол қою кезінде тиісті бақылаудың болмауы, сондай-ақ күнделіктерді әділетсіз және сапасыз толтыруы, немесе күйлерді, онколог, эндокринолог мамандарының жазбаларының сәйкессіздігі, яғни емхана көшірмелерінің, невропатолог және онкологтың объективті сипаттамаларымен сәйкес келмеуі немесе сырттай проактивті куәландыруға, онкологиялық аурулармен негізсіз жіберуі. Бөлім басшысы Г. Х. Жакипова, қазіргі кезде, қатерлі ісіктің ерте I-II кезеңдерінде емдеу барысында ең жақсы нәтижелерге қол жеткізілетіні, соған байланысы сараланған тәсіл қажет, әрбір куәландыруға келген адамдарға болжамдық факторларды бағалауға негізделген жеке клиникалық және еңбекті болжау және мүгедектік тобын белгілеу үшін сырттай проактивті куәландыруға жіберу негіз болып табылмайтынын атап өтті.
№1 МӘС бөлімі, СПК сұрақтары бойыншы түсініктемелер берілді, әр апта сайын СПК-ға мониторинг жүргізілетіні атап өтілді, сондай-ақ күндізгі форматта уақытында куәландыруға келмегендер, тұрақты негізде СПК-ға жататын МКБ-10 кодтарымен әдістемелік материалдар және ОТҚ белгілі бір түріне, нормативтік актілерге сәйкес көрсетіштер және қарсы көрсеткіштер туралы мәліметтер айтылды.
2025 жылғы 31 шілдеде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің қызметкерлерімен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер туралы» тақырыбында техникалық оқыту жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (әрі қарай - Кодекс) сәйкес, әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін төлемдердің мынадай түрлері көзделген: жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер, күтім бойынша әлеуметтік төлемдер, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер, еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер.
Кодекстің 244 бабына сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін және (немесе) өз пайдасына мемлекттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеуге тиісті әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленді (өткен жылдары 3,5 пайызды құрады).
Ағымдағы жылдың 15-шілдеде медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің жұмысын қорытындылау мақсатында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдары арасында 2025 жылдың 6 айындағы медициналық-әлеуметтік сараптама жұмыс қорытындысы бойынша кеңес өтті.
Жалпы, МӘС қызметінің көрсеткіштері оң динамикамен атап өтілді.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы қаласының барлық тұрғындарының алғашқы мүгедектігінің интенсивті көрсеткіші 1,9%-ға, сондай-ақ республикалық мәннен 14,7%-ға төмендеді.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы толық оңалту көрсеткіші 3,7%-ды құрайды, сонымен қатар ҚР-дан 3,8%-ға жоғары. Ішінара оңалту да 4,1%-ға өсті, бұл ҚР бойынша 9,7%-ға жоғары.
Жағдайының ауырлығы 4,2%-ды құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ға жақсарды.
Динамика сырттай-проактивті саратаманың өскенін көрсетеді, бірінші жартыжылдықта 40,1% құрайды. Отырыс барысында МДҰ-ға қатысты негізсіз қорытындыларды азайту мақсатында ВҚК төрағаларына осы бағыттағы жұмысты күшейту ұсынылды. Сондай-ақ, МДҰ-дан өтпеген тұлғаларға тұрақты мониторинг жүргізу тапсырылды.
2025 жылғы 10 шілдеде сағат 10.00-де Алматы қаласы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі "ZOOM" желісі арқылы "Үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасы" тақырыбында онлайн жиналыс өткізді.
Аталған онлайн жиналысқа Алматы қаласы аудан әкімдері аппараттарының жанындағы үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік қызметкерлер, бөлім меңгерушілері, сондай-ақ бөлім консультанттары қатысты.
Үйде АӘҚ сапалы көрсету мақсатында НҚА-ның қолданыстағы нормалары бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ қатысушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.
№1 МӘС бөлімімен, №24 қалалық емханасында 02.07.2025ж күні, сырттай-проактивті куәландыру тақырыбында жиналыс өтізілді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына, сырттай-проактивті куәландыру жүргізілуіне 1-қосымша күшіне енгізілді. Мединалық әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сай, сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесіне жаңа нозологиялық форма енгізілді: Бір немесе бірнеше аяқ-қолдың тұрақты айқын білінетін сал болуы немесе терең парездері, айқын білінетін гипотония және бұлшықет әлсіздігі, тұрақты жайылған гиперкинездер (қос атетоз, хореоатетоз секілді), координацияның айқын білінетін бұзылулары.
Бөлім басшысы №24 қалалық емханадан, сырттай-проактивті куәландыруға уақытылы келмеген науқастарға: Кононова Н. В., Коробцов В.А Плесовских А.Ю., байланысты, назар аударды. Емхана дәрігерлері әр жағдай бойынша түсініктеме берді.
Сондай-ақ МӘС бөліміне ақаулы рәсімделген жолдамаларға мысал келтірілді, 031/е нысанын толтыру барысындағы негізгі қателіктер, атап айтқанда негізгі диагноздың және функционалды ауытқулардың дәрежесінің көрсетілмеуі.