МЧС
Меню
Страницы
Министрлік туралы
Комитеттер
Аймақтар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
Авариялық-құтқару жұмыстары
Іздеу-құтқару жұмыстары
08 сентября 2025
ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне таулы жерлерде жүру маршруттары туралы хабарлау қағидалары бекітілді

  ТЖ министрлігі «Өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілердің тізбесін және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына хабарлау қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 27 тамыздағы № 363 бұйрығын әзірледі. Ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 тамыздағы № 36696 тіркелді.

  Осы бұйрықпен Өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілердің тізбесі, сондай-ақ Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілер бойынша жүру маршруттары туралы хабарлау қағидалары бекітілді.

  Осы Қағидалар «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2) тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және аумақтық органдарына өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілер бойынша жүру маршруттары туралы хабарлау тәртібін айқындайды.

  Жеке тұлғалар саяхат басталғанға дейін өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлер, су, таулы және спелеологиялық объектілер бойынша саяхат кезінде жүру маршруттары туралы аумақтық органды хабарлама нысанында мынадай тәсілдердің бірімен: «eQonaq» ақпараттық жүйесінде және оның мобильді қосымшасында; аумақтық органның ресми сайтында көрсетілген аумақтық органының электрондық пошта мекенжайы бойынша; 112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет телефоны бойынша хабарлайды. Хабарлама мынадай мәліметтерді: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және байланыс деректерін.

  Топтық саяхат кезінде аумақтық органды хабарлау топ мүшелерінің бірімен тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), топ мүшелерінің санын және олардың байланыс деректері, қозғалыс бағыты (бағыттың басталу және аяқталу орны, бағыттың ұзақтығы, болжамды қону және демалу орындары) туралы ақпаратты көрсетіле отырып жүзеге асырылады.

  Аумақтық органдар өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілер бойынша жүру маршруттары туралы хабарлауды тіркеуді жүзеге асырады.

 

 

 

ТЖ профилактикасы
Кадр саясаты
08 сентября 2025
ТЖМ 30 жылдығына арналған 30 игі іс: қауіпсіздік бала кезден басталады

   Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасуда, бұл басты миссия — адамдарға қызмет ету, олардың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау туралы еске салады. Осы акция аясында өңірлерде балаларға арналған танымдық іс-шаралар өткізілді.

   Оқу жылы қарсаңында елордалық құтқарушылар Bilim Fest аясында балаларға арналған танымдық іс-шара өткізді. Жүздеген оқушы мен ата-ана интерактивті алаңдарға қатысты: құтқарушылар мен медицина қызметкерлері өткізген «Алғашқы көмек» акциясы, өрт сөндіру және құтқару техникаларының көрмесі, кинолог мамандардың қатысуымен өткен «Төбет батырлар» шоуы, квесттер, викториналар, фотоаймақтар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — балаларды қауіпсіздік ережелеріне, алғашқы медициналық көмек көрсетуге және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету.

   Шығыс Қазақстан облысында ТЖМ құтқарушылары және «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштары  балалар үйінің тәрбиеленушілері мен көпбалалы отбасылардың балаларын оқу-жаттығу аясында Ми-8 тікұшағымен әуеге көтеріп, олардың арманын орындады.

   Балалар үшін бұл шынайы ерекше оқиғаға айналды: олар алғаш рет құтқару әуе кемесінің бортына мініп, аспанға көтерілді, экипаж мүшелерімен тілдесіп, ТЖМ авиациясы қандай жағдайларда және қалай жұмыс істейтінін білді. Ұшқыштар мен құтқарушылар оларға адамдарды эвакуациялау, орман өрттерін сөндіру, ауыр науқастарды тасымалдауға арналған санитарлық рейстер туралы айтып берді. Кездесудің ерекше әсерлі сәттерінің бірі акцияға қатысушы жасөспірім Роман Цойдың тікұшақ экипажына өз қолымен салған суретін сыйға тартуы болды. Бұл жүректен шыққан сыйлық құтқарушылардың балаларға көрсеткен қамқорлығы мен назарына деген ризашылықтың символына айналды.

   «Қазавиақұтқару» АҚ-ның бас директоры Алпамыс Камалов ұшқыш-құтқарушы мамандығы — бұл тек техникалық шеберлік емес, сондай-ақ адам өмірін құтқару мен қиын сәттерде көмек көрсету сияқты жоғары миссия екенін атап өтті. «Мұндай шаралар балаларға құтқарушылардың жұмысының қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін көрсетіп қана қоймай, қауіпсіздік жолында жүрген жандардың еңбегін бағалауға үйретіп,  өскелең ұрпақты шабыттандырады», — деп ол атап өтті.

   Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД өңір тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз мереке ұйымдастырды. Қонақтар құтқарушылардың жұмысымен жақынырақ танысып, арнайы техника мен құрал-жабдықтарды көре алды. Кейбір көліктерде QR-кодтар орналастырылып, олар арқылы құтқарушылардың жұмысы туралы қызықты ақпарат алуға мүмкіндік берілді. Балаларға арналған көңілді ойындар, байқаулар мен сыйлықтар дайындалды, ал ересектер маңызды қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат алып, құтқарушы ролін сезініп көру мүмкіндігіне ие болды. Барлық отбасы мүшелері бірге қызықты әрі пайдалы уақыт өткізді.

   Осындай іс-шаралар адамдардың қасында болудың, біліммен бөлісудің және сенім, қауіпсіздік пен қуаныш атмосферасын құрудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

 

 

Өрт сөндіру-құтқару спорты
07 сентября 2025
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ТЖМ кубогына VIII турнир аяқталды

  Петропавл қаласының «Қарасай» стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кубогына VIII турнирінің салтанатты жабылуы өтті.

  Тартысты додада жеңімпаздар анықталды.

   Жарыстың қорытындысы бойынша ерлер арасында жалпыкомандалық жүлдегерлер:

  1-орын - Маңғыстау облысы ТЖД құрамасы 

  2-орын - Астана қаласы ТЖД құрамасы

  3-орын - Батыс-Қазақстан облысы 

  Әйелдер арасында жалпыкомандалық жүлдегерлер:

  1-орын - Астана қаласы ТЖД құрамасы

  2-орын - Алматы қаласы ТЖД құрамасы

  3-орын - Шымкент қаласы ТЖД құрамасы.

  Турнир қорытындысы бойынша алдағы уақытта болатын әлем чемпмонаттарына дайындық жұмыстарын бастау мақсатында ҚР алдын ала ұлттық құрама командалары іріктелді.

Азаматтық қорғау академиясы
Өрт сөндіру-құтқару спорты
07 сентября 2025
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ТЖМ кубогына VIII турнирдің қорытынды кезеңі

  Петропавл қаласының «Қарасай» стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кубогына VIII турнирінің төртінші жарыс күні өтті.

   Жарыс өрт мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю дисциплинасы бойынша өткізілді. Төртінші кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

   Ерлер арасында жүлдегерлер:

   1-орын - Маңғыстау облысы, 27,19 секунд

  2-орын - Жамбыл облысы, 27,63 секунд

  3-орын -  Батыс Қазақстан облысы, 27,73 секунд

  Әйелдер арасында жүлдегерлер:

  1 орын- Шымкентқаласы, 27,18 секунд

  2 орын- Астана қаласы, 27,65 секунд

  3 орын- Алматы қаласы, 28,76 секунд.

Өрт сөндіру-құтқару спорты
06 сентября 2025
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ТЖМ кубогына VIII турнирінің үшінші кезеңі өтті

  Петропавл қаласының «Қарасай» стадионында ҚР ТЖМ 30 жылдығына орай өткізіліп жатқан өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кубогына VIII турнирінің үшінші кезеңі 4х100м өрт эстафетасы дисциплинасы бойынша жеңімпаздар анықталды.

  Ерлер арасында 4х100м өрт эстафетасында жүлдегерлер:

  1 орын - Абай облысы, 59,19 секунд

  2 орын - Маңғыстау облысы, 59,57 секунд

  3 орын - Астана қаласы, 60,92секунд

  Әйелдер арасында 4х100м өрт эстафетасында жүлдегерлер:

  1 орын - Астана қаласы, 64,43 секунд

  2 орын - Алматы қаласы, 64,64 секунд

  3 орын - Шымкент қаласы, 66,50 секунд

  7 қыркүйек «Қарасай» стадионында жауынгерлік қанат жаю дисциплинасы бойынша жарыстың соңғы және шешуші күні өтеді.

Өрт қауiпсiздiгi
06 сентября 2025
Абай облысының Михайличенково ауылында жаңа ерікті өртке қарсы құралым пункті ашылды

  Абай облысы Бородулиха ауданының Михайличенково ауылында ТЖМ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ерікті өртке қарсы құралымдарын қолдау мақсатында «Новая заря» ЖШС базасында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды. Бұл пункт жергілікті атқарушы органдардың иелігінде.
  Іс-шараға Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Алексей Штыкель, Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Сапуров, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ауыл тұрғындары және Бородулиха ауданы ТЖ бөлімі қызметкерлері қатысты.
   Өрт сөндіру пунктінің ашылуы – ауыл тұрғындары үшін маңызды оқиға болып табылады, ол қауіпсіздік деңгейін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Жаңа өрт сөндіру пункті өрт шыққан жерге бөлімшелердің келу уақытын едәуір қысқартып, ықтимал залалды азайтуға септігін тигізеді.
  Өз сөзінде департаменттің орынбасары азаматтық қорғау инфрақұрылымын шалғай елді мекендерде дамыту маңызды екенін атап өтіп, жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен жергілікті атқарушы органдарға алғыс білдірді.
  Аталған өрт сөндіру пунктінің қызмет көрсету аймағына жалпы саны 609 адам тұратын бір елді мекен кіреді. Өрт сөндіру пункті қажетті техникалармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, ал жеке құрам тиісті дайындықтан өткен.

06 сентября 2025
ТЖМ құтқарушылары «30 игі іс» акциясы аясында қан тапсыруда

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай еліміздің барлық өңірлерінде «30 игі іс» қайырымдылық акциясы кең көлемде жүзеге асырылуда. Осы бастаманың маңызды әрі ізгі кезеңдерінің бірі – ТЖМ құтқарушылары мен әскери қызметшілерінің қатысуымен өткен ерікті қан тапсыру акциясы болды.

  Алматы ТЖД қызметкерлері «Бір тамшы қан — бір өмір» қайырымдылық акциясына қатысты. «Қамқор» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырылған акция барысында 50 қызметкер өз еркімен қан тапсырды. Өмірді құтқару — ТЖМ қызметкерлері үшін абыройлы міндет, ал бүгін олар бұл игі істі қызметтен тыс уақытта, жүрек қалауымен атқарды.

  Батыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері кәсіби және азаматтық борыштарын атқарып, қан тапсыру арқылы бір тамшы қанның өзі мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Донор болу – тек мейірімділік әрекеті ғана емес,  сондай-ақ жоғары деңгейдегі әлеуметтік жауапкершілік.

  Ал Қызылорда облысы ТЖД құтқарушылары «Донор бол, өмір сыйла!» атты акция ұйымдастырып, қан қорын толықтыру арқылы мұқтаж жандарға көмек көрсетуге үлес қосты. Іс-шара қатысушылары қант деңгейін, гемоглобин көрсеткішін анықтау және аурулардың бар-жоғын тексеру сияқты толықтай медициналық тексеруден өтті. Осыдан кейін ғана әлеуетті донорлар қан тапсыруға жіберілді.

  Есет батыр Көкіұлы атындағы 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де бұл игі іске белсенді атсалысты. Олар өз еріктерімен донор атанып, қоғамға нақты үлгі көрсетті. Олардың айтуынша, қан тапсыру – әрбір азаматтың өз халқы алдындағы жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам.

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аталмыш акцияға атсалысқан барлық қызметкерлерге және қатысушыларға ризашылығын білдіреді. Донорлық – бұл өмірді құтқарудың жолы, ал оған барған әрбір жан – біздің қоғамның адамгершілікке негізделген, біртұтас болуына үлкен үлес қосушы.

Өрт сөндіру-құтқару спорты
05 сентября 2025
ҚР ТЖМ Кубогына арналған VIII турнирдің екінші кезеңі

  Бүгін ерлер және әйелдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Кубогына арналған VIII турнирдің екінші кезеңі өтті. Спортшылар ең қарқынды әрі көрнекті сайыстардың бірі «Шабуыл сатысымен көтерілу» жаттығуында бақ сынасты.

  Бұл жаттығу қатысушылардан жоғары жылдамдықпен қатар, ерекше үйлесімділікті, күш пен батылдықты талап етеді. Жеңіс үшін күрес қызу өрбіді, әрбір секунд шешуші мәнге ие болды.

  Биылғы турнир Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай өткізілуімен ерекше. Бұл мерейтой ведомствоның өрт сөндіру-құтқару спортын дамытуға, кәсіби шеберлікті арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесін айқындайды.

  Жарыстың қорытындысы бойынша аталған жаттығуда жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Олардың жетістіктері ұзақ уақыттық жаттығулардың, кәсіби дайындықтың және көшбасшылыққа деген ұмтылыстың нәтижесі болды.

  Әйелдер арасындағы шабуыл сатысымен оқу мұнарасының екінші қабатына көтерілу жарысының жүлдегерлері:

  1 орын – Дзолба Оксана (Алматы қ.) 07,48 сек

  2 орын – Аленина Регина (Алматы қ.) 08,04 сек

  3 орын – Подгородецкая Кристина (Астана қ.) 08,54 сек

  Ерлер арасындағы шабуыл сатысымен оқу мұнарасының төртінші қабатына көтерілу жарысының жүлдегерлері:

  1 орын – Шарипханов Ержан (Абай облысы) 13,93 сек

  2 орын – Кайсарбеков Жасулан (СҚО) 14,53 сек

  3 орын – Абильбаев Динмухамед (Алматы қ.) 18,92 сек

  Ертең жарыстар «Қарасай» стадионында өтетін 4х100 м өрт сөндіру эстафетасы бойынша жалғасады.

 

 

         

 

ТЖ профилактикасы
Өрт қауiпсiздiгi
05 сентября 2025
«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ауылдарда ерікті өртке қарсы құралым пункттері ашылуда

  Ақмола облысы Ақкөл ауданының Қына ауылында ТЖМ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ерікті өртке қарсы құралымдарын қолдау мақсатында өрт сөндіру пункті ашылды. Бұл пункт жергілікті атқарушы органдардың иелігінде. Ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, аудан әкімдігі және жергілікті тұрғындар қатысты.

  Аталған өрт сөндіру пункті Қарасай ауылдық округінің үш елді мекенінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, оның радиусы 20 шақырымды құрайды, онда шамамен мыңға жуық адам тұрады. Бұл алыс жатқан елді мекендердегі ықтимал төтенше жағдайларға жедел және тиімді ден қою мүмкіндігін арттырады. Өз кезегінде Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру пунктін жабдықтау мақсатында толық өрт техникалық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген автоцистернаны берді.

  Қарағанды облысы Осакаров ауданының Шідерті ауылында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды. Жаңа нысан Шідерті ауылы мен оған жақын орналасқан шаруа қожалықтарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Пункт заманауи өрт сөндіру техникасымен, байланыс құралдарымен және тәулік бойы кезекшілік атқаруға қажетті жабдықтармен жарақталған.

  Абай облысы Бородулиха ауданының Белағаш ауылдық округінде өрт сөндіру пунктін жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жоба өрт қауіпсіздігін күшейту және төтенше жағдайларға жедел ден қою деңгейін арттыру шаралары аясында жүзеге асырылды. «Коммунальник» шаруа қожалығы басшысының бастамасымен және қолдауымен қазіргі техникалық талаптарға сай ғимарат берілді. Пункт ішінде кезекші қызмет пен жеке құрамның демалуына арналған бөлмелер жабдықталған. Төтенше жағдайлар департаменті аталған пунктті заманауи өрт сөндіру техникасымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етті. Бұл өз кезегінде оның тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

  Өрт сөндіру пункттері желісін дамыту жұмысы жалғасын табады. Өңірлерде тұрақты өртке қарсы қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен және шаруашылық субъектілерімен ынтымақтастыққа ерекше назар аударылатын болады.

  Мұндай нысандарды ауылдық жерлерде ашудың маңызы зор: олар төтенше жағдайларға дер кезінде ден қоюға, оның салдарын болдырмауға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Өрт қауiпсiздiгi
05 сентября 2025
Уәкілетті органның жаңа функциясы – өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру

  «Азаматтық қорғау туралы» Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру тиісті рұқсат болған жағдайда ғана мүмкін болады.

  Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беруді уәкілетті органның ведомствосы, атап айтқанда ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті жүзеге асыратын болады.

  Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібі Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрығымен бекітілген және нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2025 жылғы 29 тамызда №36734 болып тіркелген.

  Осы бұйрыққа сәйкес тиісті рұқсат дара кәсіпкерлерге немесе заңды тұлғаларға Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы №322 бұйрығымен бекітілген және нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2025 жылғы 20 тамызда №36640 болып тіркелген рұқсат беру талаптарына толық сәйкес келген кезде берілетін болады.

  Рұқсат беру 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіндегі «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет түрінде жүзеге асырылатын болады.

Социальные сети
Youtube
Instagram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы