
Қазіргі уақытта еліміздің басым бөлігінде су тасқынының белсенді кезеңі барынша азайтылды, ахуал тұрақты, мониторинг жүргізілуде.
2026 жылғы 1 наурыздан бастап мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, ТЖМ су тасқынына қарсы жедел штабы жұмыс істейді. Барлық өңірлерде азаматтық қорғау қызметтері мен мүдделі ведомстволардың іс-қимылдарын үйлестіретін облыстық жедел су тасқынына қарсы штабтар жұмыс істеуде.
Қазіргі уақытта елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі барынша азайтылды. Қазір су тасқыны шыңы Ақмола облысының аумағында өтіп жатыр. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бақылауда.
Гидрологиялық жағдайдың тәулік бойы мониторингі және іс-қимылдарды үйлестіру қамтамасыз етіледі. Су тасқынына қарсы іс-шаралары жалғасуда және бақылауда.
Су тасқыны жағдайының күрделенуіне жол бермеу мақсатында алдын алу және жедел шаралар кешені іске асырылуда. ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және басқа да қызметтердің күшімен 9 млн астам текше метр қар шығарылды, 1,3 млн астам текше метр еріген су сорылды, 79 мыңнан астам қап және 103 мың тонна инертті материал төселді, 1,9 млн астам метр арықтар мен каналдар тазартылды, 5 мыңнан астам уақытша бөген пен үйінді тұрғызылды.
Жағдайды бағалау үшін тұрақты мониторинг жүргізілуде. Барлығы 43 әуеден барлау жүргізіліп, 305 су тасқыны қаупі бар елді мекен тексерілді. Аэровизуалды бақылау жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметкері су тасқынына қарсы жұмыстарға Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерде шоғырланған.
Барлығы су тасқынына қарсы жұмыстарға 700 адам, 227 бірлік техника, 40 мотопомпа және 5 жүзу құралы (ТЖМ, ЖАО, ІІМ және басқа ұйымдар) жұмылдырылды.
Тоғыз өңірде 220 учаскеде жалпы ауданы 626 мыңнан астам шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді, 29 мыңнан астам метр мұз кесілді және 41 мың ойық бұрғыланды.
Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстарында 11 судың тасуы мен Ақмола облысындағы 4 су шаю бақылауда.
Ақмола облысында елді мекендерді су басудың алдын алу мақсатында превентивті шаралар қабылданды. 5 сәуірде Қорғалжын ауданы Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 км жерде орналасқан «Шөптікөл» бөгетінің денесінде ішінара бұзылу тіркелді. Қазіргі уақытта бөгет қалпына келтірілді, елді мекендерге қауіп жоқ. Сондай-ақ Астрахан ауданында, Ескі Қалқұтан ауылына кіреберісте қардың қарқынды еруі мен Қалқұтан өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты судың тасуының алдын алу мақсатында автожол жамылғысы алдын ала бұзылды. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде Ескі Қалқұтан ауылымен көлік қатынасы уақытша тоқтатылды. Елді мекенге қауіп жоқ. Кезекшілік ұйымдастырылды. Халық дәрі-дәрмек, азық-түлік және жанар-жағармай қорымен қамтамасыз етілген.
ТЖМ әскери қызметшілері Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шараларды аяқтады. Алтай ауданында алдын алу мақсатындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылған ТЖМ 68303 әскери бөлімінің екінші құтқару батальонының жеке құрамы Өскемен қаласындағы тұрақты орналасу орнына оралды. 12 наурыздан бастап жеке құрам Алтай ауданының елді мекендерінде, Тұрғысын, Чапаево, Малеевск, Соловьево, Маяк ауылдарында, Зубовск кентінде және Алтай қаласында су тасқынының алдын алу бойынша міндеттерді орындады. Батальон күшімен барлығы 4905 метр арық қар мен мұздан тазартылды, 6 көпір, 2 канал, 27 су өткізу құрылысы тазартылды, 1220 дана қап инертті материалмен толтырылды. Зубовск кентіндегі Бұқтырма өзенінің бөгені инертті материал толтырылған қаптармен нығайтылды. Сондай-ақ су басу қаупі бар елді мекендердің тұрғындарымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Облысқа келген ТЖМ 28237 әскери бөлімінің топтамасы Петропавл қаласында, Заречный кентінде және Қызылжар ауданының Бескөл ауылында жұмылдырылған. Аталған бөлімше күшімен Қызылжар ауданында және Петропавл қаласы маңында қорғаныш бөгендерін нығайту үшін 28 мың қап дайындалып, 10 мың қап төселді. Сонымен қатар Есіл өзенінің тасқын сулары бөгендерді шайып кетпеуі үшін 2 мың метр полиэтилен төсемі төселді. Су тасқыны жағдайын мониторингтеу аясында Есіл өзені бассейндеріне, Үлкен Торанғұл, Кіші Торанғұл көлдеріне, Шағалалы және Сілеті су қоймаларына, сондай-ақ Ақжар, Тайынша аудандары мен Ғ. Мүсірепов атындағы ауданындағы қар қоры әуеден визуалды тексеру жүргізілді. Жағдай тұрақты бақылауда.
Қостанай облысында су тасқыны кезеңі басталғалы бері су басу фактілері тіркелген жоқ. Су деңгейі қауіпті межеден аспайды. 7 сәуірдегі жағдай бойынша облыстағы ахуал тұрақты.
Абай облысында су тасқыны кезеңінің белсенді фазасы аяқталды, өңірдегі жағдай тұрақты болып қалып отыр. Қар жамылғысы шамамен 8%-ды құрайды және тек таулы аймақтарда ғана байқалады. Өзендердегі гидрологиялық жағдай тұрақты, өзендер мұздан ашылып, су нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде.
Қарағанды облысында су тасқыны жағдайы тұрақты болып қала береді, өңірде су тасқыны кезеңінің белсенді фазасы аяқталды.
1966 жылы туған жергілікті тұрғын Бурабай ауданындағы Үлкен Забой су айдынына балық аулауға барған. Мұз жарылып, жағадан ажырай бастағанына қарамастан, ол мұз үстіне шыққан. Соның салдарынан ер адам суға түсіп кеткен.
Алғашында ол өздігінен судан шыға алғанымен, біраз уақыттан кейін қайтадан суға құлап кеткен.
Бақытымызға орай, жанында Кирилл мен Даниил есімді жас жігіттер болған. Олар абдырап қалмай, бірден 112 нөміріне хабарласып, нұсқаулыққа сәйкес ер адамға сырық лақтырып, оның су бетінде қалуына көмектескен.
Қоңырауды кезекші Мирас Мүбәраков қабылдап, куәгерлермен бейнебайланыс арқылы байланыста болып, олардың әрекеттерін үйлестірген. Сонымен қатар, ол оларға суға өз бетімен түсуге қатаң тыйым салған.
Оқиға орнына алғаш болып Щучинск қаласындағы №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары жетті. Олар зардап шеккенді судан шығарып, жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін алғашқы көмек көрсетті.
Алдын ала «гипотермия» диагнозымен ер адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазіргі уақытта Кирилл мен Даниилді ведомстволық наградамен марапаттау мәселесі қарастырылуда.
ТЖМ авиажасағы – төтенше жағдайларда жедел әрекет ететін маңызды күштердің бірі. Құтқару, іздестіру-құтқару, санитарлық авиация, аэровизуалды мониторинг, өрт сөндіру жұмыстары, шұғыл қызметтерді атқарады.
2026 жылдың алғашқы үш айында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы 474 ұшу орындады.
Санитарлық авиация желісі бойынша 121 ұшу жүзеге асырылып, 121 пациентке дер кезінде көмек көрсетілді.
Көктемгі су тасқыны қаупі бар өңірлерде 36 ұшу ұйымдастырылып, 250 су тасқыны қаупі бар елді мекенге әуеден тексеру жүргізілді.
Аталған жұмыстардың барлығын ТЖМ әуе паркі жүзеге асыруда.
ТЖМ авиациясы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы өз жұмысын жалғастырады.
2026 жылғы 3–6 сәуір аралығында Қарағанды қаласында ерлер мен әйелдер арасында «жекпе-жек» және «өзін-өзі қорғау» дисциплиналары бойынша қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Турнир халықаралық жарыстарға іріктеудің маңызды кезеңі болды: Әлем кубогы (Мәскеу қ., 2026 жылғы мамыр), Азия чемпионаты (Дубай қ., 2026 жылғы қазан).
Жиынға 35 спортшы (20 ер, 15 әйел) қатысуда, олардың қатарында 7–8 спорт шебері және 3–4 халықаралық дәрежедегі спортшы бар.
Жарыстар тартысты және әсерлі өтті, мұнда әрбір жекпе-жек ерік-жігердің, шеберлік пен мінездің нағыз сынағына айналды. Спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өз өңірлері мен командаларын лайықты таныстырды.
2026 жылғы ҚР чемпионатының жалпы қорытындысы: 5-алтын медаль, 10-күміс медаль, 13- қола медаль.
1-күн. Финалдық жекпе-жектер (әйелдер)
48 кг:
1 орын– Жүсіпова Томирис (Ақмола облысы)
2 орын – Сарсенходжаева Сабина (Маңғыстау облысы)
3 орын – Жүсіпова Шынар (Абай облысы)
53 кг:
2 орын – Болатбек Сания (Қызылорда облысы)
3 орын – Аширбек Инас (Алматы қаласы)
58 кг:
2 орын – Айшагүл Елубекова (ШҚО)
3 орын – Рахатова Әйгерім (ШҚО)
+58кг абсолютті салмақ дәрежесі:
3 орын – Уәлиева Аружан (Абай облысы)
64 кг:
2 орын – Аяпова Динара (20982 әскери бөлімі)
3 орын – Ақан Таңшолпан (Абай облысы)
70 кг:
2 орын – Жұматаева Талшын (Абай облысы)
3 орын – Гарап Алина (СҚО)
+70 кг:
1 орын – Беркінбаева Аружан (Түркістан облысы)
2 орын – Амантай Даяна (Ақмола облысы)
3 орын – Хайруллина Аида (Атырау облысы)
Өзін-өзі қорғау
Әйелдер (+70 кг):
1 орын – Хайруллина Аида (Атырау облысы)
3 орын – Жарасова Әйгерім (Қарағанды облысы)
Ерлер:
80 кг – 1 орын – Демиянов Владимир (Павлодар облысы)
+110 кг – 1 орын – Вальтер Сергей (Павлодар облысы)
75 кг – 3 орын – Тұқышев Өміржан (Астана қаласы)
2-күн. Финалдық жекпе-жектер (ерлер)
57 кг – 2 орын – Нұржаубай Бекарыс (Қызылорда облысы)
57 кг – 3 орын – Баландин Руслан (Маңғыстау облысы)
57 кг – 3 орын – Пехотин Олег (Алматы қаласы)
62 кг – 2 орын – Таиров Абдрашид (Алматы қаласы)
67 кг – 3 орын – Каден Айбек (Ақмола облысы)
88 кг – 3 орын – Ибраев Абылай (Қарағанды облысы)
97 кг – 2 орын – Пернебек Әліби («Резерв» РМК)
73 кг дейін абсолютті салмақ дәрежесі – 2 орын – Резмерица Ярослав (52859 әскери бөлімі)
Чемпионат қорытындысы бойынша команда тұрақты және сенімді нәтиже көрсетіп, жоғары бәсекеге қабілеттілігін растады. Әрбір жекпе-жек ортақ жетістікке қосылған үлес болды, ал жеңіп алынған медальдар – табанды жаттығулардың, тәртіп пен командалық рухтың нәтижесі.
Жаттықтырушылар құрамына және спортшыларды сапалы дайындауды қамтамасыз еткен барлық мамандарға алғыс білдіреміз.
Қол жеткізілген нәтижелер халықаралық аренада табысты өнер көрсетуге берік негіз болатынына сенімдіміз!
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесіп, еліміздің барлық орман шаруашылықтарында өрттерді ерте анықтау жүйелеріне тексеру жұмыстарын бастады.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты - өрт қаупі бар кезеңге дайындық деңгейін бағалау және орман аумақтарын мониторингтеу тиімділігін арттыру.
Тексеру іс-шаралары Ақмола облысындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында басталды.
Тексеру барысында жабдықтардың техникалық жай-күйі, бейнесигналдың берілу тұрақтылығы бағаланды. Нәтижесінде қызмет көрсетуші ұйымға өрт белгілерін жедел анықтауды жақсарту бойынша ұсынымдар жолданды.
Айта кету керек, жүйе Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығымен біріктірілген, бұл нақты уақыт режимінде жағдайды көзбен бақылауға және ықтимал қауіптерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Іс-шаралар жалғасып, Алматы қаласының, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Абай облысының орман шаруашылықтарын қамтитын болады.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Канатбек Чыныбаев бастаған делегацияны №22 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметімен таныстырды.
Өрт сөндіру бөлімі таулы аймақтағы Алма-Арасан шатқалында орналасқан, ол ағымдағы жылдың наурыз айында ашылды. Нысан өрт сөндіру бөлімшесін, жеке құрамға арналған қызметтік тұрғын үй-жайларды, сондай-ақ қызметкерлердің дене даярлығы мен қалпына келуіне арналған аймақтарды қамтитын заманауи көпфункционалды құтқару кешен болып табылады. Мұндай жағдайлар бөлімшенің тәулік бойы әрекет етуге дайын болуын қамтамасыз етеді.
Кешеннің тікелей таулы аймақта орналасуы құтқарушылардың оқиға орнына жету уақытын едәуір қысқартып, жетуі қиын аудандарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізудің тиімділігін арттырады. Алма-Арасан шатқалы Алматыдағы ең танымал туристік аймақтардың бірі болып табылады, осыған байланысты туристер мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басым міндеттердің қатарында.
Шыңғыс Әрінов мұндай заманауи құтқару кешендерін құру Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл бастама өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің жедел дайындығын арттыруға, сондай-ақ қызметкерлердің қызмет ету жағдайларын жақсартуға бағытталған.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2026 жылғы 03 сәуір Астана уақытымен 21 сағат 13 мин жер сілкінісі тіркелді.
Эпицентр 853 шақырым жерде орналасқан. Ауғанстан аумағындағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, 2 б.
Түркістан облысы, Жетісай ауд., Жетісай қ., 2 б.
Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, 2 б.
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, 2 б.
Түркістан облысы Шардара ауданы Шардара қаласы 2 б.
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, 2 б.
Түркістан облысы Төлеби ауданы Леңгір қаласы 2 б.
Түркістан облысы, Сайрам ауылы, 2 б.
Шымкент қ. 2 б.
Түркістан облысы, Манкент ауылы, 2 б.
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, 2 б.
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы, 2 б.
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, 2 б.
Түркістан облысы Арыс қаласы 2 б.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, 2 б.
Жамбыл облысы Тараз қаласы 2 б.
Жамбыл облысы, Байзақ ауд., Сарыкемер ауылы, 2 б.
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, 2 б.
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, 2 б.
Т.Рысқұлов атындағы Жамбыл облысы Құлан ауылы 2 б.
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы (Шаян) 2 б.
Жамбыл облысы, Мерке ауд., Мерке ауылы, 2 б.
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, 2 б.
Түркістан облысы Түркістан қаласы 2 б.
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 2 б.
Түркістан облысы Кентау қаласы 2 б.
Түркістан облысы, Сауран ауд., Шорнақ ауылы, 2 б.
Жамбыл облысы, Қордай ауд., Қордай ауылы, 2 б.
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, 2 б.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Наурыз айында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай ел бойынша 43 мыңнан астам іс-шара өтті.
Наурыз бойы «Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару» ұранымен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар өтті. Бекітілген жоспар шеңберінде 2,5 млн. астам адамды қамти отырып 43 мыңнан астам іс-шара өткізілді.
Еліміздің барлық өңірлерінде оқу-жаттығулар, дәрістер, конкурстар, интерактивті сабақтар мен аралаулар, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық акциялар ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында халыққа қарапайым қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері, сондай-ақ экологиялық тәуекелдерді төмендету жөніндегі шаралар жеткізілді.
Жүргізілген жұмыс халықтың ықтимал төтенше жағдайларға дайындығын нығайтуға және елдегі қауіпсіздік мәдениетін арттыруға ықпал етті.
Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығының базасында Қазақстан тарапының төрағалығымен Орталық Кеңестің он сегізінші отырысы өтті.
Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов және Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Канатбек Чыныбаев, сондай-ақ Кеңес мүшелері мен бейінді бөлімшелердің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында орталықтың 2025 жылғы қызметінің қорытындысы ұсынылып, 2026 жылға арналған жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Қатысушыларға Орталық Азия елдерінде апаттар қаупін азайту, климаттың өзгеруіне бейімделу және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу салаларындағы жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынылды.
2025 жылы Орталық өңірлік ынтымақтастықты дамытуға, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен халықтың төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылғаны атап өтілді.
Өз сөзінде Шыңғыс Әрінов Орталықтың өңірлік мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіру, тәжірибе алмасу және төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласында келісілген шешімдер әзірлеу үшін тиімді алаң ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Орталықты одан әрі дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс соңында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және оның қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған Орталық Кеңесінің тиісті шешіміне қол қойылды.
Түркістан облысы Арыс қаласының Монтайтас ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ерікті өрт сөндіру пункті ашылды. Аталған бағдарлама Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің бастамасымен ауылдық жерлердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған және еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда.
Салтанатты рәсімге ТЖД басшысы Бағдат Чайзада, Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев және жергілікті тұрғындар қатысты. Нысан жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен салынды. Еріктілер тәулік бойы қызмет атқарады, олардың қызметі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. ТЖМ өрт-техникалық құрал-жабдықтармен, автоцистернамен, арнайы киім-кешекпен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етті.
Құрамына жалпы саны 7 мыңнан астам тұрғыны бар Монтайтас, Атамекен, Шағыр, Ақтас, Қабылсай, 42-разъезд, Бақырша және Тоғансай атты 8 елді мекен кіретін ауылдық округтің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Пункттің ашылуы оқиға орнына жету уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.