Оралдың жаңа шағын ауданы жасыл желекпен толықты

Оралдың жаңа шағын ауданы жасыл желекпен толықты

 

 

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласының 10 шағын ауданына қарағай отырғызу рәсіміне қатысты. Бұл игі шарада облыстық ақсақалдар кеңесі, облыстық Ассамблея өкілдері, жастар және қоғам белсенділері де болды.

 Жоспарға сәйкес қаланы абаттандыру мақсатында аталған ауданға әзірге 100 түп қарағай отырғызылды. Өңірімізді көгалдандыру мақсатында бұл жұмыстар жалғасын тауып, келер аптада тағыда 100 дана қарағай отырғызылады деп жоспарлануда.

 «Орал – жасыл қала. Дегенмен әсем қаламызды одан әрі көркейтуге, абаттандыруға әр тұрғын өз үлесін қосуы қажет. Сондықтан біз бұрын отырғызылған ағаштарымызды сақтай отырып, жасыл желек қорын ұлғайтуға міндеттіміз», - деді өңір басшысы Нариман Төреғалиев.   

Жалпы өткен жылы Орал қаласында 3000 мыңға жуық ағаш отырғызылды.