Қаратөбе ауданының №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Қаратөбе аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының
орнына кандидаттарды тіркеу хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 16-1 бабының 6) тармақшасына және 104 бабының 6-1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қаратөбе ауданының №5 округтік сайлау комиссиясы 2025 жылдың 27, 29 қыркүйегі күндері Қаратөбе ауданының №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаратөбе аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Абаев Нұрәділ Ізтұрғанұлы 2001 жылы туған, Қаратөбе аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ-нің әдіскері, БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы тұрғыны, өзін-өзі ұсынды;
- Сабитов Жаскайрат Женісұлы 1996 жылы туған, «Қаратөбе аудандық мансап орталығы» филиалының маманы, БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы тұрғыны, өзін-өзі ұсынды;
- Шүрмен Бауыржан Серікұлы 1990 жылы туған, "Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаратөбе" спорт клубы" МКҚК-нің директоры, БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынды.
№5 округтік сайлау комиссиясы