Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
11 января 2024

 

Бюджет
Бюджет
01 февраля 2023

2024 жылға арналған облыс бюджеті бойынша ақпарат    

 

Түсімдер бойынша жоспар 99,3% - ға орындалды, болжам бойынша 600 423,8 млн. теңге түсімдер 596 418,8  млн. теңгені құрады.

Оның ішінде 207 930,4 млн. теңге жоспары кезінде облыс бюджетінің меншікті кірістері 210 724,2 млн.теңгеге немесе 101,3% - ға орындалды (өткен жылға қарағанда 10,8% - ға артық). Артық орындау – 2 793,8 млн. теңге.

Оның ішінде: табыс салығы бойынша болжам 103,3%-ға орындалды (жоспар бойынша 97 893,0 млн. теңге түсімдер 101 147,5 млн. теңгені құрады),

әлеуметтік салық бойынша – 101,1% (жоспар бойынша 72 462,3 млн.теңге 73 256 млн. теңге түсті).

Жоғары тұрған бюджеттен трансферттер мен кредиттер түсімдері 98% - ға немесе 332 864,5 млн. теңгеге орындалды, оның ішінде субвенциялар 251 390,8  млн. теңге, ағымдағы нысаналы трансферттер 14 630,1 млн. теңге, нысаналы даму трансферттері 55 328,0 млн. теңге, кредиттер – 11 515,6  млн. теңге. РБ-дан түспеген трансферттер мен кредиттер – 6 825,8 млн. теңге.

2024 жылға арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерден өтеу 5811,2 млн. теңге немесе 99% сомасында орындалды.

Облыстың жергілікті атқарушы органы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарды сатудан түсетін түсімдер 17 903,3 млн. теңге немесе 100% сомасында орындалды.

 

Облыс бюджетінің шығыстары жоспарға 97,4%-ға орындалды (жоспар 600 423,8 млн.теңге болған кезде 585 094,6 млн. теңге).

15 329,2 млн. теңге игерілмеген, оның ішінде:

  • 325,8 млн. теңге немесе 2,1% - РБ-дан трансферттер (с.і. ҚР Үкімет резерві – 21,4 млн., РБ-дан түспеген қаражат – 66,8 млн.);
  • 7 013,1 млн. теңге немесе 45,8% - РБ несиелері ( с.і. РБ-дан түспеген қаражат – 6 759 млн.);
  • 7 990,3 млн. теңге немесе 52,1% - өз қаражаты.

Шығындардың негізгі бағыттары:

– инвестициялық жобаларды ескере отырып, әлеуметтік саланың шығыстары – 289 499,4 млн. теңге (49,5%), оның ішінде білім беру – 214 041,7 млн. теңге, денсаулық сақтау – 15 150,6 млн. теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 31 524,1 млн. теңге, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік – 28 783,0 млн. теңге;

- қорғаныс және қоғамдық тәртіп – 20 110,0 млн. теңге (3,4%);

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 88 963,3 млн. теңге (15,2%);

- ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау – 56 242,0 млн. теңге (9,6%);

- көлік және коммуникация – 53 384,8 млн. теңге (9,1 %);

- басқалары – 76 895,2 млн. теңге (13,1%).

Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында 2020 жылдың 12 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау ақпараты
25 декабря 2020

Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.  

      Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2020 жылдың 12 айында 29 өтініш келіп түсті, соның ішінде азаматтардан 3 өтініш және заңды тұлғалардан 2 өтініш, 2 сұраныс, 22 ұсыныс қабылданды.

Келіп түскен өтініштер келесі мәселелер бойынша: білім – 15, мемлекеттік басқару – 1, құрылыс – 2, қаржы қызметті, бюджетті жоспарлау -10, өңірлік даму - 1.

Өтініштер заңмен көзделген тәртібінде және уақытында қарастырылды.   

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»  Заңының 13 - бабына сәйкес басшы  және басшы орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлға өкілдерін қабылдау кестесi бекітіліп, орналастырған.

Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында 2020 жылдың 11 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау ақпараты
30 ноября 2020

   Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.  

      Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2020 жылдың 11 айында 27 өтініш келіп түсті, соның ішінде азаматтардан 3 өтініш және заңды тұлғалардан 1 өтініш, 2 сұраныс, 21 ұсыныс қабылданды.

Келіп түскен өтініштер келесі мәселелер бойынша: білім – 14, мемлекеттік басқару – 1, құрылыс – 2, қаржы қызметті, бюджетті жоспарлау -9, өңірлік даму - 1.

Өтініштер заңмен көзделген тәртібінде және уақытында қарастырылды.   

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»  Заңының 13 - бабына сәйкес басшы  және басшы орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлға өкілдерін қабылдау кестесi бекітіліп, орналастырған.

  

Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында 2020 жылдың 10 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау ақпараты
30 октября 2020

   Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.  

      Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2020 жылдың 10 айында 22 өтініш келіп түсті, соның ішінде азаматтардан 2 өтініш және заңды тұлғалардан 1 өтініш, 2 сұраныс, 17 ұсыныс қабылданды.

Келіп түскен өтініштер келесі мәселелер бойынша: білім – 11, мемлекеттік басқару – 1, құрылыс – 2, қаржы қызметті, бюджетті жоспарлау -8.

Өтініштер заңмен көзделген тәртібінде және уақытында қарастырылды.   

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»  Заңының 13 - бабына сәйкес басшы  және басшы орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлға өкілдерін қабылдау кестесi бекітіліп, орналастырған.

 

Бюджет
Батыс Қазақстан облысының 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі даму қорытындылары
19 октября 2020

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімі 1312,8 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 104,5% құрады, оның ішінде:

  • тау-кен саласында-1116,5 млрд. теңге, 105,1%;
  • өңдеу саласында-147,0 млрд. теңге, 98%;
  • электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында-43,3 млрд. теңге, 105,7%;
  • сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуынбақылау саласында– 6,0 млрд.теңге, 110,0%.

Газ өндіру көлемі 15559,6 млн. текше метрді құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 6,1% - ке артық, газ конденсаты – 9229,2 мың тонна немесе 6,4% - ке артық.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 15544,2 млн. теңгені құрайды, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 3,5% - ке көп.

Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2128,8 млн. теңгені құрайды, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 1,9 есеге көп.

Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісінің көлемі 6,9%-ке артып, 9309,9 млн.теңгені құрады. Тауарлы бетон өндірісі 38,8%-ке артты.

Дайын металл бұйымдарын өндіру көлемі 8403,5 млн. теңгені құрайды, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 3,2% - ке аз.

Машина жасауда 30923,7 млн. теңгенің өнімі өндірілді,бұл 0,7% - кеаз.

Металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 12912,4 млн. теңгені құрайды, бұл 19,5% - кеаз. Болаттан жасалған түрлі диаметрдегі құбырлар, іші қуыс жіксіз профильдер 20,8%-ке, легірленбеген болаттан жасалған қырланған табақтар өндірісі – 9,5%-ке көбейді.

Азық-түлік өнімдері 56830,9 млн.теңгеге өндірілді, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 0,9% - ке артық.

Дәнді дақылдардан жасалған ұн 4,6%-ке, басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық – 7,3%-ке, консервідегі ет – 9,0%-ке, шұжық және ұқсас өнімдер – 19,7%, макарон, кеспе, кускус және ұн өнімдері-30,4%-ке артты.

Жаңа піскен нан 0,1% – ке, ірімшік және сүзбе –10,0% - ке, өңделген сұйық сүт және кілегей-21,4% - ке азайды.

2020 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 348 жұмыс орын құрылумен 7,7 млрд. теңгеге 6 жоба іске қосылды, соның ішінде:

«Орал трансформатор зауыты» ЖШС - қуаты 35-500 кВ трансформаторға арналған панельді радиатор өндірісі ". Құны – 3,9 млрд.теңге. Жұмыс орны – 115;

«Квант» ЖШС – мебель фабрикасы. Құны – 2000 млн.теңге. Жұмыс орны – 100;

«GreenSparkLimited» ЖШС – Күн панельдер өндірісі. Құны – 840 млн.тенге. Жұмыс орны – 100.

«Кублей» ЖШС – теріні қайта өңдейтін цех. Құны – 544,0 млн.теңге. Жұмыс орны – 20.

«Орал құс фабрикасы" ЖШС - құс фабрикасын кеңейту. Құны – 375,0 млн.теңге. Жұмыс орны – 6.

«Intelligent Provective System» ЖШС - жеке газталдауыштарды өндіру.  Құны – 85  млн.теңге. Жұмыс орны – 7;

Инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар 327,5 млрд. теңге құрады, бұл 2019 жылдың тиісті деңгейінен 17,4%-ке аз.

Республикалық бюджет есебінен инвестиция 16,6 млрд.тенгені құрады, бұл 21,4%-ке аз.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 26,6 млрд. теңге құрады, бұл 1,8 есеге көп.

Кәсіпорындардың өз қаражаттары үлесіне шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса, жалпы көлемнің  82,3% тиесілі немесе 269,6 млрд. теңге, бұл 24,4 % аз.

Банктердің кредиттеріесебінен инвестициялар 3,4 млрд. теңге (2019 жылдың тиісті кезең деңгейінен 1,5%-ке аз), қарыздар есебінен – 11,2 млн. теңге құрады (12,9 есеге көп).

373,0 мың шаршы метртұрғын үй іске қосылды немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 5,7%-ке көп.

Құрылыс жұмыстарыныңкөлемі 111,4 млрд. теңге құрады немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,7%-ке көп. 

Көлік.28,0 млн. тонна жүк және 129,2 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегіне сәйкесінше 98,1% және 40,1%.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 141,4 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 101,5% құрады.

Өндірілген ет (тірі салмақта) 68,5 мың тонна немесе 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 103,3%, сүт – 200,2 мың тонна (100,1%), жұмыртқа – 144,0мың.дана (102,2%).

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2019 жылдың тиісті күнімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында ІҚМ басы 7,5% - ке (оның ішінде сиыр – 8,6% – ке), жылқы-13,9% - ке, қой – 1,9% - ке, ешкі – 5,4% - ке, түйе – 1,6% – кеартты.

Тауар айналымы. Бөлшек тауар айналымының көлемі 237,2 млрд. теңге, 2019 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 96,8% құрады.

Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейі 104,8% құрады (республикалық көрсеткіш – 104,9%).

Азық-түлік тауарларының бағасы 7,2%-ке өсті. Май мен тоң май  5,0%-ке, алкогольді сусындар – 5,3%-ке, жемістер мен көкөністер – 6,3%-ке, балық және теңіз өнімдері – 7,0%-ке, сүт өнімдері – 7,1%-ке, бөлке және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – 7,9%-ке, кондитерлік өнімдер – 8,0%-ке, макарон өнімдері – 8,7%-ке, темекі өнімдері – 9,8%-ке, қант – 10,5%-ке, шәй және алкогольсіз сусындар – 11,2%-ке, ұн - 12,5%-ке, жарма - 24%-ке қымбаттады. Жұмыртқа  11,3%-ке арзандады.

Азық-түлік емес тауарларға баға индексі 103,3% құрады. Киім мен аяқ киім 3,7%-ке, кеңсе тауарлары және сызу керек жарақтары – 4,5%-ке, жуғыш және тазалағыш құралдар – 5,0%-ке, басқада құралдар, құрылғылар мен жеке қолданатын тауарлар – 5,3%-ке, тұрмыстық құрылғылар – 5,7%-ке, фармацевтикалық өнімдер – 6,2%-ке қымбаттады. Бензин 1,1%-ке қымбаттады, дизель отыны  6,3%-ке арзандады.

Ақылы қызметтердің тарифтері мен бағалары 103,2% құрады. Салқын суға тариф 0,6%-ке, ыстық суға – 0,9%-ке, электроэнергия – 8,2%-ке, қоқыс шуғару – 48,2%-ке қымбаттады. Амбулаториялық қызметтер  3,2%-ке, білім беру – 5,2%-ке, қоғамдық жерде тамақтану – 5,3%-ке, тұрғын үйді нақты жалдау ақысы – 7,8%-ке, аяқ киім жөндеу – 7,9%-ке, құқықтық және сақтандыру қызметтері - 10%-ке қымбаттады.Жолаушылардың темір жол көлігі қызметі бағасы 0,4%-ке, жолаушылардың әуе көлігі қызметі – 18%-ке, қымбаттады.

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 42,8 мың бірлікті құрады, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 0,5%-ке көп.

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 106,8 мың адамды құрады немесе 2019 жылдың 1 шілде деңгейінен 8,0% ке аз.

2019 жылғы қаңтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен 551,2 млрд. теңгеге тауар (жұмыс және қызмет) өндірілді, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейіне 69,9%.

2020 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға 3656,6 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 3094,4 млн. теңге, жартылай кепілдендіруге – 476,2 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 47,0 млн. теңге, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар – 39,0 млн.теңге.

Құзіретті органның шешімімен «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында сомасы 9,0 млрд. теңгеге 122 жоба мақұлданды.

Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 5,7 млрд.теңге бөлінді.

Қаржы. Мемлекеттік бюджетке 176,5 млрд.теңге жиналды (болжамға 75,2%), бұл 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 35,5% - ке аз.

Республикалық бюджетке түсімдер 97,1 млрд.теңгені құрады (болжамға 56,4%), бұл 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 52,8% - ке аз.

Жергілікті бюджетке 79,4 млрд.теңге түсті (болжамға 127,3%), бұл 18,3% - ке көп.

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны 115,3% құрады.

Өтелмеген салықтар (өткен жылдар есебімен) 2020 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 152,2 млн. теңгеге азайып, 1852,1 млн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша – 730,8 млн. теңге (571,0 млн. теңгеге аз), жергілікті – 1121,3 млн. теңге (418,8 млн. теңгеге көп).

2020 жылдың 1 қазанына жұмыспен қамту қызметінде 21126 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 4,7% құрады.

2020 жылдың 1 қазанына15353 жұмыс орны құрылды, оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығында – 1860, өнеркәсіпте – 110,құрылыста – 851, көлік және қоймалауда – 138, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоцикл жөндеу – 386,білім беру – 622, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 293, экономикалық кызметтің басқа түрлері салаларында – 1945, уақытша және маусымдық жұмыстарда – 9148. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 9472 (61,7 %) – ауылдық жерде.

2020 жылдың 1 қазанына17 487 адамжұмысқа орналастырылды.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға7219 адам жіберілді.

Техникалық және кәсіптік білім, орта білімен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 1569 адам жолданды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 750 адам орналастырылды.

2020 жылғы қаңтар-маусымда орташа айлық еңбекақы190429 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 11,8%-ке көп.

Білім беру. Облыстың білім беру мекемелерінің саны 386 мектепті құрады (112002 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік – 383 (111740 оқушы), мемлекеттік емес – 3 (262 оқушы). 377 күндізгі мектеп (110940 оқушы), 3 кешкі ауысымды мектеп (242 оқушы), 3 арнайы мамандандырылған мектеп (558 оқушы) жұмыс істейді.

Облыста 284 балабақша және 229 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санын қамтитын 76,2%, 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар, 100% 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар құрайды.

50 мектептен тыс мекемелер қосымша білім алу мүмкіндігін жасап отыр, оқушылардың қамтылу саны 61,2 мың, бұл облыс мектептері оқушыларының жалпы санының 55,2% құрайды.

3 ПДПК (психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру), 12 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеттері қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда 121 отбасында 154 бала патронаттық тәрбие алуда.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 17,0 мың адам оқитын 34 бірлік құрайды, соның ішінде 24 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес колледждер.

Білім беру саласының 2020 жылғы бюджеті 106,2 млрд. теңгені құрайды.

Жалпы білім беретін мектептерде мультимедиялық кабинеттердің компьютерлерін қоса есептегенде, 15977 компьютер бар немесе бір компьютерге 5 оқушыдан келеді.

Денсаулық сақтау. Облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының желісі 2020 жылдың 1 қазанына 39 заңды объектіні құрайды.

Облыста 1687 дәрігер және 6388 орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді (ДСӘДМ жүйесі).

3478 бюджеттік төсек жұмыс істейді.

2020 жылдың қаңтар-қыркүйегін 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда туберкулезбен ауру–14,1% - ке, туберкулезден өлім-жітім (100 мың тұрғынға)- 5,6% - ке азайды. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 3 ана өлімі тіркелді.

Денсаулық сақтау саласының бюджеті 2020 жылы 7,4 млрд.теңгені құрайды.

  Мәдениет және спорт. Мәдениет ұйымдарының саны 701 нысанды құрайды, соның ішінде 368 кітапхана, 263 қалалық, аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, 5 автоклуб, 22 киноқондырғы, 24 музей (соның ішінде 2-і мемлекеттік емес), 1 көрме залы, 3 мәдениет және демалыс саябағы, 6 кинотеатр (соның ішінде 3-і мемлекеттік емес), облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау Инспекциясы, тарих және археология Орталығы, облыстық халық шығармашылығы Орталығы, жастар шығармашылығы Орталығы, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер Орталығы, облыстық Қазақ драма театры, А.Н.Островский атындағы драма театры, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, камералық оркестр сынды кәсіби өнер ұжымдары.

Мәдениет саласының 2020 жылғы бюджеті 9,8 млрд. теңгені құрайды.

Облыс бойынша спорттық құрылыстардың саны 1682 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 6 жүзу бассейні, 17 спорт кешені, 293 спорт залы, 2 спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 96 ату тирі, 1084 жазықтық ғимарат, 151 бейімделген спорт залы, 15 теннис корты, 6 хоккей корты.

Облыста 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, облыстық жоғары шеберлік спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, 11 спорт клубы, соның ішінде 3 кәсіби клубы («Ақжайық» спорт клубы АҚ, «Ақжайық» футбол клубы АҚ, «Жайық» волейбол клубы МКҚК) жұмыс істейді.

Дене шынықтыру және спорт саласының 2020 жылғы бюджеті 4,4 млрд. теңгені құрады.

 

Бюджет
Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған болжамы (екінші кезең)
19 октября 2020

Кіріспе

 Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының  2021-2025 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі - Болжам) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» 2015 жылғы 8 қаңтардағы №9 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Болжам стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, Мемлекет басшысының  Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы, еліміздің дамуының негізгі бағыттары есебімен әзірленді.

Болжамда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған тенденциялары, басымдықтары, нысаналы индикаторлары және әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері, экономикалық, бюджеттік және инвестициялық саясатының негізгі бағыттары, 2021-2023 жылдарға арналған облыс бюджетінің параметрлер болжамы мазмұндалды.

 

  1. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының

2019-2020 жылдардағы тенденциялары

Экономиканың сыртқы және ішкі даму шарттары

 

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының индустриалды-аграрлы дамыған облыстарының бірі болып табылады.

2019 жылы облыста өндірілген ЖӨӨ көлемі 2946,4 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 98,5%-ті құрады. ЖӨӨ-нің нақты көлем индексіне тау – кен өнеркәсібі көрсеткіштерінің төмендеуі әсер етті.

ЖӨӨ өндіруде облыстың республикадағы үлесі 4,2%-ті құрады.

ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 55,9% құрайды. Облыстың ЖӨӨ өндірісіндегі негізгі үлес өнеркәсіпке (47,5%) тиесілі. Сауда, көлік, байланыс, білім, денсаулық сақтау және экономиканың халыққа қызмет көрсететін басқа да салаларын біріктіретін қызмет көрсетудің жиынтық үлесі жалпы облыс бойынша 34,9% құрайды.

Облыстың индустриалдық кешенінің негізі тау-кен өнеркәсібі болып табылады (жалпы өндіріс көлемінің шамамен 90%), оның дамуы әлемдік мұнай нарығының баға конъюнктурасына және шикізатты өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты.

2019 жылы өнеркәсіп өнімдері 2392,1 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 93,1% құрады. Газ конденсаты өндірісі көлемінің 7,4%-ке, табиғи газ 1,5%-ке төмендеуінің нәтижесінде тау-кен өндіру өнеркәсібінің өндірісі көлемі 6,8%-ке азайды. Жер қыртысындағы су мөлшерінің жоғары болуына байланысты ұңғымалар өнімділігінің төмендеуі, Қарашығанақ қайта өңдеу кешенінің жоспарлы-алдын ала жөндеуге, газды кешенді дайындау қондырғысының тоқтауы салдарынан өндіріс көлемі төмендеп отыр.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіру көлемі 9,2%-ке азайды (215,4 млрд.теңге).         Мұнай өңдеу өнімдері өндірісі – 35,1%-ке, өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі  – 12,0%-ке төмендегені байқалады.

Индустрияландыру картасы аясында 2 - бесжылдықта облыс бойынша 1497 жұмыс орнын құрумен 93,9 млрд. теңгеге 36 жоба іске асырылуда.

2019 жылы 78 жұмыс орнын құрумен 2,9 млрд. теңгеге 5 жоба іске қосылды.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға бюджеттен 15,8 млрд. теңге қарастырылды, соның ішінде өсімдік шаруашылығына - 0,3 млрд. теңге, мал шаруашылығына – 5,4 млрд. теңге, инвестициялық салымдарды субсидиялауға – 3,9 млрд. теңге, нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікке – 4,7 млрд. теңге, басқа іс-шараларға – 1,5 млрд. теңге.

2019 жылы облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілері ауыл шаруашылығын қаржыландыруға 19,7 млрд. теңге сомада несиелік ресурстар алды. 4,7 млрд. теңгеге 813 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы және жабдықтар лизингке сатып алынды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 171,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы деңгейден 6,5%-ке көп, оның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімдері - 62,8 млн.теңгеге (13,5%-ке көп), мал шаруашылығының өнімдері - 107,8 млрд. теңгеге (2,6%-ке көп) өндірілді.

2019 жылы облыс бойынша жалпы ауыл шаруашылық дақылдардың егістік алқабы 522,6 мың га құрады (оның ішінде дәнді дақылдардың ауданы – 251,4 мың гектар), бұл 5,5 мың гектарға немесе 2018 жылғы деңгейден 1,1%-ке көп (дәнді дақылдардың ауданы – 25,6 мың гектарға аз).

Астықтың жалпы өнімі (өңдеуден кейінгі салмақта) 242,2 мың тонна көлемінде жиналды немесе 2018 жылдың деңгейіне 141,4%, майлы дақылдар 82,8 мың тонна (191,2%), картоп 64,5 мың тонна (100,2%), көкөністер – 58,5 мың тонна (101,1%), бақша дақылдары 26,5 мың тонна (107,4%).

96,9 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 2018 жылдың деңгейіне 104,6%, сүт – 236,5 мың тонна (100,8%), жұмыртқа – 181,7 млн. дана (105,3%).

2019 жылы 4725,5 тонна ет және ет өнімдері экспортталды, жоспардың орындалуы 157,5% құрады. Сонымен бірге 1313,1 тонна қой еті экспортталды,бұл жылдық жоспардан 1,6 есеге көп.

Облыста қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған, әрбір алаңның қуаттылығы 400 басқа, жалпы сыйымдылығы 27,1 мың басқа арналған 14 бордақылау алаңы тіркелді.

2020 жылдың 1 қаңтарына жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 42,8 мың бірлікті немесе 2018 жылға 106,8%-ті құрады.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында экономикалық белсенді халық санының 35,7%-ті (120,6 мың адам) жұмыс істейді.

2019 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген тауарлар (жұмыс, қызмет) көлемі 1628,6 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың деңгейіне 102,4%.

2019 жылы жалпы сипаттағы трансферттерден «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 1,8 млрд.теңге бөлінді. Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 19,4 млрд.теңге сомасына 145 жоба қолдау тапты.   

«Бизнес-Кеңесші» кәсіпкерлік негіздерін оқытудың қысқа мерзімді курстары шеңберінде 3755 адам оқытылды.

Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қалалар мен моноқалаларда несие беруге 597,3 млн.теңге бөлінді.

2019 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 3170 адам оқытылды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 1,1%-ке өсіп, 313,8 млрд. теңгені құрады.

2019 жылдың желтоқсанында инфляция деңгейі (2018 жылғы желтоқсанға) 105,3% құрады. Инфляцияға 9,4%-ке және 4,8%-ке өскен азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағаларының өсуі елеулі ықпал етті. Ақылы қызметтер бағалар өсімі 100,9% құрады.

Облыс бойынша жүк айналымының көлемі 13,7%-ке өсіп, 3520,4 млн.т/км құрады, жолаушылар айналымының көлемі 1,0%-ке өсті (9091,0 млн.ж/км).

2019 жылы облыс экономикасына 586,3 млрд. теңге сомада инвестициялар салынды немесе өсім 24,9%-ке.

Инвестициялар салымының оң серпіні ауыл шаруашылығында 2,0 есеге, өнеркәсіпте – 38,0%, ақпарат және байланыста – 5,3 есеге, жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операцияларда 13,2%-ке байқалады.

Жалпы сомасы 303 млрд. теңгеге шетелдіктердің қатысуымен 3 жоба іске асырылды.

Тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды дамыту есебінен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 26,5%-ке өсті және 174,7 млрд. теңгені құрады.

2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысына 13,2 млрд. теңге, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын жүргізуге 2,8 млрд. теңге бағытталды.

485,0 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, өсім 12,2% құрады. Соның ішінде тұрғындар қаражаты есебінен – 319,4 мың шаршы метр тұрғын үй, бюджет қаражаттары есебінен – 85,6 мың шаршы метр тұрғын үй (6 көппәтерлі тұрғын үй іске қосылды (797 пәтер) және ауылда 49 тұрғын үй (283 пәтер), кәсіпорындар қаражаты есебінен 79,9 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй.

Инфрақұрылымдық кешен мақсатты дамып келеді.

Білім беру саласында 2019 жылы Теректі ауданы Сары Өмір ауылында 48 орындық сауықтыру лагерінің құрылысы аяқталды, 2 мектептің құрылысы басталды (Ақжайық ауданының Чапаев ауылындағы 100 орынға арналған интернаты бар 300 орынды, Орал қаласындағы 900 орынды), 567 орынға 9 жеке балабақша ашылды.

Мектепке дейінгі білім берудің сапалық көрсеткіші 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдар қызметтері бойынша 100% қамту болып табылады.

Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 73 бірлік медициналық жабдық, 32 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынды, денсаулық сақтаудың 19 нысанына күрделі жөндеу жүргізілді.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі бойынша 3 жоба жүзеге асырылды: облыстық көпбейінді аурухана үшін күрделі жөндеу жүргізумен асхананы жалға алу, Ақжайық аудандық ауруханасы үшін компьютерлік томографты, қалалық көпбейінді аурухана үшін ангиографты лизингке сатып алу.  

Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында Деркөл кентінде спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың құрылысы аяқталды, 52 спорт алаңы салынды, Орал қаласында 31 спорт алаңы күрделі жөндеуден өткізілді, Жаңақала ауданының Жаңақала ауылында және Жәнібек ауданының Жәнібек ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды.

Ауылдық жерлердегі халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында сумен және газбен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

2019 жылы 40 ауылдық елді мекенде 29 сумен қамту объектісінің құрылысына және қайта жаңартуға 4,6 млрд.теңге бөлінді. 22 АЕМ-де 17 нысан іске қосылды.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша барлығы 443 АЕМ-нің 217 ауылдық елді мекені немесе 50,1%, яғни АЕМ-нің 86,5% тұрғыны орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. 

Облыстың 321 ауылдық елді мекені газбен қамтылды немесе 74,1%. Облыс халқының табиғи газбен қамтамасыз етілуі 96,1% құрайды. 9 АЕМ-ді газдандыру бойынша 2 жоба іске асырылды. Бұл мақсаттарға шамамен 1,1 млрд.теңге жұмсалды.

 Облыстың автомобиль жолдарының жай-күйін жақсарту жөніндегі проблемалық мәселелер шешілуде. 2019 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен жалпы сомасы 27,3 млрд. теңгеге құрылыс бойынша, жөңдеу және қайта жөңдеуге 368,4 км автожолдардың жұмыстары жүргізілді.

2019 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1,3 млрд.теңгеге 1,5 км жылумен жабдықтау желілері және 7,9 км су құбыры желілері жөнделді (ауыспалы нысандар).

2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 2019 жылы Орал қаласында 21,7 км су құбыры желілері салынды және 1,8 км кәріз желілері қайта жаңартылды.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 1,2 млрд.теңге Чапаев, Тасқала, Федоровка 3 аудан орталығын дамытуға бағытталды. 3 мектептің, 1 спорт мектебінің, 8,3 км ауылішілік жолдардың күрделі жөндеу, көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік саладағы жағдай тұрақты болып қалуда.

2020 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 4715 адамды құрады, экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 1,4%. Жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады, бұл 2018 жылдың деңгейінен 0,1 проценттік пунктке төмен.

2019 жылы 20920 адам жұмысқа орналастырылды, 2018 жылмен салыстырғанда 20,0%-ке көп.

2019 жылы орташа айлық еңбекақы 183 914 теңгені құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңінен 19,6%-ке көп (нақты – 113,6%).

2020 жылы халықаралық қаржы институттары коронавирусқа қарсы қорғау шаралары аясында қалыптасқан жаһандық рецессия мен іскерлік белсенділіктің төмендігін атап өтеді. Негізгі шикізат тауарларына бағаның төмендеуі байқалады.

Сыртқы факторлардың теріс салдарын азайту мақсатында бірқатар кешенді шаралар қабылдануда: салықтық ынталандыру, ШОБ және АӨК қолдау, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.

Бюджеттің кіріс бөлігінде Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруда қабылданған салықтық ынталандыру және жеңілдіктер бойынша барлық шаралар ескерілді.

Ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер және қоғамдық тамақтану объектілері, қонақ үй және туристік қызметтер жыл соңына дейін мүлік салығынан босатылды.

Салық салудың жалпы белгіленген тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жыл соңына дейінгі мерзімге жеке табыс салығынан босатылды.

АӨК қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер  жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жер салығын төлемейді. Сондай-ақ жыл соңына дейін АӨК биологиялық активтерінің импорты қосылған құн салығынан босатылады.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығы мөлшерлемесі 2020 жылдың 30 наурызынан 1 қазанына дейін 12%-тен 8%-ке дейін төмендетілді.

Шағын және орта бизнесті 6 айға 1 қазанға дейін төлем қорынан салық және әлеуметтік төлемдерден (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар және әлеуметтік аударымдар) босату көзделген. Бұл шара туристік қызмет, қоғамдық тамақтану, қонақ үй бизнесі, ірі сауда объектілері және т. б. салаларды қамтиды.

Салықтық әкімшілендіру бөлігінде 2020 жылдың 1 маусымына дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен әлеуметтік жарналарды төлеу мерзімін ұзарту енгізілді.

Салық төлеуден босатуға байланысты мұнайға әлемдік бағаның төмендеуін және бюджет шығынын ескере отырып, кірістер бойынша жылдық жоспардың орындалуының күтілетін болжамы кәсіпкерлік пен отандық өндірісті қолдау жөніндегі шаралар шеңберінде шамамен 102,3 млрд.теңгені немесе нақтыланған жоспарға 104,5%, 2019 жылғы фактіге 112,4% құрайды. 2020 жылға арналған жылдық нақтыланған кіріс жоспары  97,9 млрд.теңгені құрайды. Жоспардың күтілетін асыра орындалуы шамамен 4,4 млрд.теңгені құрайды.

Сыртқы сын-қатерлердің салдарын реттеу үшін шағын және орта бизнесті, АӨК-ні қолдауға, инфрақұрылымды дамытуға, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың табысын төмендетуге жол бермеуге бағытталған 57 млрд.теңгеге дағдарысқа қарсы шаралар пакеті іске асырылуда: ЖҚЖК-ны іске асыруға – 35,5 млрд.теңге, БЖК-ға - 1,9 млрд. теңге, «Ауыл-Ел бесігі» - 3,0 млрд. теңге, АӨК субсидиялауға - 4,2 млрд. теңге, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының іс - шараларына - 1,5 млрд. теңге, АӘК төлеуге - 0,5 млрд. теңге, салық жүктемесінің төмендеуіне байланысты шығындарды өтеуге - 7,1 млрд. теңге. теңге, тұрақтандыру қорын толтыруға – 200,0 млн.теңге, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеуге - 1,5 млрд. теңге, әлеуметтік шығыстар – 1,5 млрд. теңге.

2020 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру аясында 21 көп пәтерлі тұрғын үй және елді мекендерде 139 тұрғын үйдің, 20 ИКИ жобасының құрылысы жоспарлануда. Жылдың қорытындысы бойынша 10 көппәтерлі тұрғын үйді (1607 пәтер) және ауылдық елді мекенде 89 тұрғын үйді (225 пәтер), 15 ИКИ жобасын іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде Орал қаласында 1 көп пәтерлі тұрғын үй (180 пәтер), Сырым ауданында 1 тұрғын үй (36 пәтер) іске қосылды.

2020 жылы 434,2 км жолды жөндеу, 32 АЕМ-де 24 сумен қамту жобасы (соның ішінде 13 АЕМ-де 7 жоба іске қосылды), 14 АЕМ-ді қамтумен 3 газбен жабдықтау жобасы іске асырылуда, Орал қаласында жылумен қамтамасыз ету бойынша 2 жобасына  және су бұру бойынша 2 жобасына қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік салада 5 мектеп құрылысы жүргізілуде (Ақжайық ауданының Чапаево ауылындағы 100 орынға арналған интернаты бар 300 орынды, Казталов ауылындағы 600 орынды, Орал қаласындағы 900 орынды №51, 300 орынды №33 мектеп, Казталов ауданының Сарықұдық ауылында 60 орынды), 1 мектептің құрылысы басталды (Орал қаласындағы 900 орынды №52).

Шетелдік инвестициялар есебінен Орал қаласында 450 орындық жалпы білім беретін мектептің,  Жаңақала ауылында 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыстары аяқталды,  8 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (Жәнібек, Чапаев, Сайқын, Шыңғырлау, Жалпақтал, Подстепное, Казталов, Тасқала ауылдарында) құрылысы жүргізілуде, Орал қаласында өтпе жолын қайта құру аяқталды, халықаралық әуежай терминалын қайта құру жүргізілуде.

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде республикалық бюджет қаражатынан 4,6 млрд.теңге қарастырылған, 5 АЕМ-де 13 жоба іске асырылуда: 4 мектепке (Тасқала, Сайқын, Янайкино, Калининское ауылдары), 1 ауылдық мәдениет үйі (Тасқала ауылы), 48 км автожолға (Переметное, Тасқала, Сайқын ауылдары), сондай-ақ су құбыры желісіне (Переметное, Калининское ауылдары) күрделі жөндеу жүргізу. Оның ішінде Калининское ауылындағы су құбыры желісіне күрделі жөндеу аяқталды.

Жұмыспен қамту жол картасы аясында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, автожол, ТКШ, елді мекендерді абаттандыру объектілерін қайта жөндеу, күрделі, ағымдағы жөндеу бойынша 172 жобаны жалпы сомасы 32,2 млрд.теңгеге жүзеге асыру жоспарлануда. 167 объектіде жұмыстар басталды, 5505 жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 2528 адам жұмысқа орналастырылды.

Кәсіпкерлікті қолдауға 8,9 млрд. теңге қарастырылған (БЖК бойынша - 3,7 млрд.теңге, «Еңбек» бағдарламасы бойынша - 5,2 млрд. теңге). Бүгінгі күні БЖК бойынша 5,6 млрд.теңге сома несиеге 100 субсидиялау шартына қол қойылды. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1,6 млрд.теңгеге 431 шағын несие берілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 15,6 млрд. теңгеге 216 жоба мақұлданды.

Облыс экономикасы, негізінен, тау-кен саласының дамуымен байланысты, оның үлесіне өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 90% келеді. Өз кезегінде осы саладағы өндіріс көлемі әлемдік мұнай нарықтарындағы баға конъюнктурасына және шикізат өндіру көлеміне байланысты.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласы бойынша 2020 жылға арналған болжам 101,5% - ті құрайды.

Өңдеу өнеркәсібінде пандемия кезіндегі шектеу шараларына байланысты Ресей Федерациясындағы тапсырыс берушілерден сұраныстың төмендеуіне байланысты машина жасау, металлургия салаларында өндіріс көлемінің төмендеуі байқалады. РФ-да короновирусқа байланысты ахуалдың нашарлауына байланысты шикізатты әкелу жөніндегі проблемаларды ескере отырып, өңдеуші өнеркәсіптің НКИ 0,5% - ке төмендейді.

Аграрлық секторда 2020 жылғы бағалау бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 102,6% деңгейінде болжануда.

2020 жылғы бағалау бойынша экономикаға негізгі капиталға инвестицияларды салу 450,0 млрд.теңгені құрайды немесе 23%-ке төмендеді. Инвестициялардың төмендеуі ірі жобаларды іске асыру бойынша ҚПО б.в. шығындарының азаюымен байланысты: Қарашығанақ кен орнын кеңейту (1-кезең), КПК газы үшін өндірістік шектеулерді жою, газды кері айдау 4-компрессорын орнату (энергия тасығыштарға бағаның төмендеуіне байланысты шығындарды оңтайландыру), сондай-ақ 2019 жылы "Жайықмұнай" ЖШС газды кешенді дайындау қондырғысын орнату (УКПГ 3) ірі жобасын енгізу.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2020 жылы 101,5% деңгейінде күтілуде.

Карантиндік шектеулер аясында бөлшек тауар айналымы 4,3%-ке және көлік 27%-ке төмендеуі күтілуде.

 

  1. Облыстың 2021-2025 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық

дамуының негізгі басымдықтары

 

Әлеуметтік-экономикалық саясат 2021 – 2025 жылдары «Қазақстан-2050» стратегиясын және Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру шеңберінде халықтың әл-ауқатын арттыру және экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу үшін жүргізілетін саясаттың сабақтастық қағидаттарын басшылыққа алатын болады.

Осы кезеңдегі негізгі міндеттер табиғи ресурстарға бағалардың төмендеуі кезінде біздің экономикамыздың тұрақтылығын жоғарылату болып табылады.

Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік-экономикалық саясаттың басты мақсаты - бұл Қазақстан Республикасы дамуының жаңа бағытын іске асыруды жалғастыру, кірістер өсуінің тұрақты қарқыны, өндіріске және адам капиталына инвестициялардың есебінен экономиканың тиімді және сапалы өсуін қамтамасыз ету.

Облыстың экономикалық саясатының басымдық бағыттары:

шағын және орта бизнесті тарта отырып, бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, номенклатураны кеңейту және қосымша құны жоғары болатын терең қайта өңдеу өнімдері үлесін ұлғайту;

ресурстарды және энергия жұмсағыштықты төмендету мақсатында жұмыс істейтін кәсіпорындарды жаңарту және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында заманауи басқару технологияларын енгізу;

өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруді тұрақты өсіруге мүмкіндік беретін заманауи технологияларды және  егіншіліктің озық әдістерін енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу;

ауыл шаруашылығы жерлерінің өнімділігін арттыру мақсатында егіс алқаптарының және ауыспалы егістің құрылымын оңтайландыру;

мал шаруашылығында орта және ірі тауарлы өндірісті ұйымдастыру;

елді мекендердің көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, сумен қамту және газбен жабдықтау;

білім беру және денсаулық сақтау сапасын арттыру;

халықты жұмыспен қамтуды арттыру;

тұтынушылық бағалардың деңгейін ұстау.

 

  1. Экономикалық саясатты іске асырудың негізгі шаралары

3.1. Бюджет-салық саясаты

Орта мерзімді кезеңдегі фискалдық саясаттың басты мақсаты облыс халқының тұрмыс деңгейі мен сапасын өзара байланыста көтере отырып, аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Осы мақсаттарға қол жеткізуге келесі негізгі міндеттерді шешу ықпал етеді:

бюджеттік шығыстарды оңтайландыру және бюджеттік жоспарлаудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу жөнінде шаралар қабылдау;

жүргізіліп отырған әлеуметтік реформаларды қаржылай қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да басымды сала қызметін дамыту;

бюджетті қалыптастыру және атқару үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету;

бюджет қаражаттарын аймақтың бағдарламалық құжаттарымен өзара байланыста басымды секторға бағыттай отырып, экономика салаларын әртараптандыру;

көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;

салық салынатын базаны кеңейту және салық әкімшілігін жүргізуді жақсарту;

бюджет шығыстарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыру; 

бюджеттік қаражаттарды пайдалану тиімділігін арттыру;

бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, бюджет жүйесінің түрлі деңгейлері арасында кіріс және шығыс өкілеттіктерінің аражігін нақты және тиімді ажыратуды белгілеу.

Салық салуды жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Негізгі назар бизнес-ахуалды ынталандыруға, инвестициялар тартуға және салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға аударылатын болады.

 

3.2. Инфляция деңгейін тежеу

Орта мерзімде инфляцияның нысаналы дәлізін  2020 жылы 8-8,5%-тен 4,0-5,0%-ке дейін төмендету бойынша шаралар қабылдау жолымен макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілетін болады.

Жедел тәртіпте тұтыну нарығындағы бағалардың өзгеруіне ықпал ететін сыртқы және ішкі факторлар қадағаланатын болады. Ішкі нарықтағы бәсекелестікті дамытуға жағдай жасау, бағалық келісім мен жозықсыз бәсекелестікпен күресу үшін азық-түлік тауарлары және отын бағасының өсуін тежеуге бағытталған шаралар қабылданатын болады. 

Азық-түлік нарығын реттеу және бағалардың негізсіз өсуін және алыпсатарлықты болдырмау, сондай-ақ маусымдық ауытқуды басу үшін азық-түлік тауарларының аймақтық тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жұмыстары жалғасады.

Негізгі назар әлеуметтік-маңызы бар тауарлар бағасын төмендетуге бөлінетін болады. Азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандыру мақсатында, демалыс күндері және апта сайынғы негізде облыс орталығында, аудан орталықтарында және ірі елді мекендерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу және сауда орындарын беру тәжірибесі жалғасатын болады.

3.3. Экономика салаларын дамыту

Өнеркәсіп

Өңдеу өнеркәсібінің дамуы, экономиканың ішкі сұраныс пен экспортқа бағдарланған шикізатсыз салалары үлесінің ұлғаюы өнеркәсіптің негізгі басымды бағыты болып табылады.

Алға қойған мақсатқа қол жеткізу экономиканың шикізатсыз секторында отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу және тікелей инвестицияларды тарту арқылы жүзеге асырылады.

Мұнай-газ саласында ҚПО б.в. өндірістік объектілерін салу/жаңғырту бойынша 3 ірі жобаны іске асыру жоспарлануда:

- Қарашығанақ қайта өңдеу кешеніндегі газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау жобасы. Жоба жылына қосымша 4 млрд. текше метрге дейін шикі газдың көлемін өңдеуге мүмкіндік береді, ол сұйық көмірсутектерді өндіру деңгейін барынша арттыру үшін жер қыртысына кері айдау үшін пайдаланылатын болады, газ өндірудің қосымша өсімі шамамен 10 млн. тоннаны құрайды;

- газды кері айдаудың 4-ші компрессоры жобасы - Қарашығанақ қайта өңдеу кешеніндегі объектілерін жоғары пайдалану арқылы сұйық көмірсутектерді өндіру көрсеткіштерін жақсарту, газды дайындау бойынша Қарашығанақ қайта өңдеу кешенінің қуаттылығын арттыру, ұңғымаларды оңтайлы басқару;

- Қарашығанақты кеңейту жобасы (1-кезең). Жоба аясында жинау жүйесін салу, газды кері айдау және дайындаудың қосымша қондырғысының құрылысы, газды кері айдау жаңа ұңғымаларын бұрғылау және іске қосу, басқа да жоспарланды.

2021-2025 жылдары 5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 177 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда:

- қуаттылығы 4400 тонна қияр, 3450 тонна қызанақ өсіретін жылыжай кешенінің құрылысы;

- қуаттылығы жылына 200 бірлік жартылай тіркеме техникасын шығаратын зауыт құрылысы;

- шағын катерлердің кеме жасау өндірісін кеңейту және жаңарту, қуаттылығы 4 жылда 3 бірлік техника (Орал қ.);

- қуаттылығы жылына 135 мың тонна асфальт-бетон зауытының құрылысы (Бөрлі ауданы);

- 281 га алаңда АЭА мәртебесін одан әрі беру арқылы жаңа индустриялық аймақ құру (Теректі ауданы);

- қуаттылығы жылына 3,0 мың тонна тауарлық балық өндіретін тұйық сумен жабдықтау қондырғыларында баррамунди және кларийлі жайын өсіру зауытының құрылысы (Бәйтерек ауданы);

- қуаттылығы жылына 50,0 мың тонна метанол және 135,0 мың тонна бензин шығаратын метанол өндіретін зауытының құрылысы (Бәйтерек ауданы);

-12 га алаңда сауда және көлік-логистикалық орталықтың құрылысы (Орал қ.);

Бұдан басқа, әлемдік бірегей мұнай-газ жабдықтарын өндірушілермен (ТМС) бірлесіп кемінде 3 өндірісті оқшаулау, жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өнім түрлерін одан әрі шығару мақсатында халықаралық сапа стандарттарын алу жолымен жұмыс істеп тұрған 10 кәсіпорынды жаңғырту жоспарлануда («Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Гидроприбор ҒЗИ» АҚ, «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Квант» ЖШС, «Топан» ЖШС, «Оралагрореммаш» АҚ, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ, «Кублей» ЖШС, «Орал құс фабрикасы» ЖШС).

Фин-Қазақстандық консорциумымен Орал қаласының полигонында қатты тұрмыстық қалдықтарды (қоқыс жинау және сұрыптау) басқару жүйесі жобасының 1-кезеңі іске асырылды, қайталама шикізатты қайта өңдеуді қарастыратын 2-кезең 2021 жылға жоспарлануда. 

Электр энергетикасында 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде шамамен 10,5 млрд. кВт электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр, жылу энергиясы – 15,7 млн. Гкал.

Ұзақ мерзімді кезеңдегі басты мақсат шағын және орта кәсіпкерліктің ұстанымдарын кеңейту және нығайту үшін жағдай жасау болып табылады.

  Бизнес бастамаларды қолдау, салалық қолдау және кәсіпкерлік әлеуетті күшейту «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын болады.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде салалық шектеулерсіз 6%-ке дейінгі сыйақы мөлшерлемесі бойынша 16 млн.теңгеге дейін жеңілдікті микрокредиттер беру жалғастырылатын болады. Кепіл проблемасын шешу мақсатында микрокредиттерді кепілдендіру жалғастырылады.

Ауыл шаруашылығы

2021-2025 жылдары облыстың ауыл шаруашылығының дамуы жұмыс өнімділігін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті нығайтуға бағытталады. Мемлекеттік қолдау көлемдерін ұлғайту ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Өсімдік шаруашылығында егін алқаптарында дәнді және майлы дақылдар, көкөністер мен картопты өндіру, мал шаруашылығында ет, сүт, жұмыртқа, мал азығын өндіру негізгі басымдық болып белгіленген.

Өсімдік шаруашылығын тұрақты дамыту мақсатында күздік дәнді, майлы дақылдарды арттыру есебінен өндірісті әртараптандыру жалғасатын болады. Мал шаруашылығы қажеттілігі үшін мал азығы өндірісінің көлемі ұлғайтылатын болады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру өңірдің құрғақшылық жағдайына бейімделген егін шаруашылығының аймақтық жүйесіне көшу, өндіріске ылғал және ресурс сақтаушы технологияларды, тамшылатып суаруды енгізу, жаңа жоғары репродукциялы тұқым сұрыптарын қолдану, ғылыми-негізделген егіс айналымын сақтау арқылы қол жеткізіледі.

Өсімдік шаруашылығы саласындағы бюджеттік саясат минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді сатып алу бойынша шығындарды субсидиялауға, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын азайтуға, тұқым шаруашылығына қолдау көрсетуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестермен күрес шараларын жүргізуге, мал шаруашылығында - сиыр еті, қой еті, шошқа еті, жылқы еті, сүт, қымыз өндірісін субсидиялауды, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауды, атап айтқанда ірі жем-шөп дайындауды көздейтін мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға бағытталатын болады.

Саланы дамыту және инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектілеріне шығындарды қайтару мақсатында инвестициялық салымдарды субсидиялау бағдарламасы қолданылады.

Ауыл шаруашылығында 33 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде құрылыс және іске қосу:

- тәулігіне 25 тоннаға дейін сүт өндіретін 1500 басқа дейін ІҚМ (ет-сүт тұқымы) сүт кешені (Теректі ауданы);

- жалпы ауданы 72 га 2 жылыжай кешені (Орал қ., Теректі ауданы);

- 2,4 мың тонна көкөніс қоймасы (Теректі ауданы);

- романдық қойларды 5 мың басқа дейін және 40 мың басқа дейін өсіру үшін репродуктор (Сырым ауданы);

- барлық аудандарда жалпы қуаттылығы 54,0 мың бас ІҚМ 27 бордақылау алаңы.

Бәйтерек ауданында «Жайық құс» ЖШС қуаттылығы  пайдалану есебінен құс етін өндіруді 7,0 мың тоннадан 14,0 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда.

2021-2025 жылдары сиыр етін экспорттау жоспарына сәйкес 20 мың тонна сиыр етін экспорттау жоспарлануда.

2025 жылға қарай цифрландыру есебінен АӨК еңбек өнімділігін 20%-ке ұлғайту:

6 шаруашылықта пилотсыз ұшу аппараттары мен электрлі бақташы жүйелерін қолдану;

«ақылды сүт фермасы» құрылысы;

«КЕЙС» егіс кешенін сатып алу;

алаңы 5,1 мың га жайылымдарды, 411,2 мың га шабындық және 1,8 мың га көпжылдық көшеттерді цифрлау бойынша жұмыстарды аяқтау;

мал шаруашылығында 154 смарт-ферма, өсімдік шаруашылығында 64 озық және 1 сандық шаруашылық құру;

цифрландыру элементтерін қолдана отырып, 5 мыңнан астам бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу;

малды чиптеу, отын шығынын өлшеу датчиктерін енгізу, тұқым мен тыңайтқыштарды саралап енгізу, қозғалыс датчигі бар автоматтандырылған суаруды қолдану және т. б.

Суармалы учаскелердің алаңын 56 мың га-дан 85,0 мың га-ға дейін кеңейту (Қаратөбе ауданында Жақсыбай көлтабандап суару жүйесін қайта жаңарту, Мамай көлтабандап суару жүйесін, Казталов ауданында Сакрыл көлтабандап суару жүйесін қайта жаңарту).

Туризм

Туристік қызметті дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ішкі және сыртқы туризмді одан әрі дамыту жоспарлануда.

2021-2023 жылдары құны 14,5 млрд.теңгеге халықаралық деңгейдегі 3 қонақ үйді іске қосу жоспарлануда:

- 200 жаңа жұмыс орнын құрумен HILTON халықаралық франшизасы бойынша Орал қаласында 125 нөмірге арналған қонақ үй құрылысы. Құны - 4,1 млрд.теңге, жобаны іске асыру уақыты - 2021-2022 жылдар;

- 60 жаңа жұмыс орнын құрумен NOVOTEL халықаралық франшизасы бойынша Орал қаласында 94 нөмірге арналған заманауи қонақ үй құрылысы. Құны - 6,5 млрд. теңге, жобаны іске асыру уақыты 2022 жыл;

- 45 жаңа жұмыс орнын құрумен Intercontinental Hotel Group - Holiday Inn халықаралық франшизасы бойынша Бөрлі ауданының Ақсай қаласында 108 нөмірге арналған қонақ үй құрылысы. Құны - 3,9 млрд теңге, жобаны іске асыру уақыты 2021 жыл.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Батыс Қазақстан облысының туристік объектілері мен киелі жерлерінің интерактивті 3D картасын» жаңғырту, туристік маршруттарды, 3D модельдеуді қолданумен виртуалды турларды әзірлеу жоспарланды.

Құрылыс

Орта мерзімді кезеңде негізгі күш «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы және жаңа ипотекалық «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыруға бағытталатын болады, бағдарламаның негізгі бағыттары - ипотекалық несие берудің қолжетімділігін арттыру, жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізілетін несиелік тұрғын үй салу, жеке тұрғын үй салу болып табылады.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен жыл сайын 480 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бюджет қаражаты есебінен 37 көп пәтерлі тұрғын үй және АЕМ-де 299 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда (303 мың шаршы метр немесе шамамен 5,7 мың пәтер).

Ауылдық елді мекендерді газдандыру бойынша жұмыстар жалғастырылады. 2021-2025 жылдары Казталов, Теректі аудандарының және Бәйтерек ауданының АЕМ-н газдандыру жоспарлануда. Нәтижесінде халықты газбен қамтамасыз ету деңгейі 99% құрайды.

Облыс тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселелерін кезең-кезеңмен шешу жоспарлануда. Осылайша, 2025 жылға дейін 59 ауылда сумен жабдықтау нысандарының құрылысы, 23 ауылда сумен жабдықтау желілерін қайта құру, 73 ауылда кешенді блок-модульдер орнату жоспарлануда.

Нәтижесінде орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 23,8 мың адам тұратын 59 ауыл қамтылады. 10,9 мың адамнан тұратын 73 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылады. Ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз ету 2025 жылдың соңына 100%-ке жетеді.

2021-2025 жылдары әлеуметтік салада 21 жалпы білім беретін мектептің, 5 емхананың, Орал қаласындағы ауруханаларға 3 корпустың құрылысы қажет.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта 17,5 км су бұру желісін, 36 км су құбыры желісін, 20 км жылу желісін  қайта жаңғырту жоспарлануда.

Көлік

Көлік саласының дамуы үшін автомобиль жолдарының жағдайы қолайсыз фактор болып отыр, олардың 69% қанағаттанарлықсыз жағдайда. Көлік саласы дамуының басым бағыты болып облыстың автомобиль жолдарының және жасанды құрылғылардың негізгі параметрлерін нормативтік жағдайға келтіру және елді мекендер арасында сапалы көлік байланысын қамтамасыз ету болып табылады.

«Чапаев-Жалпақтал-Казталов-РФ шекарасы», «Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы», «Өнеге-Бисен-Сайқын» автожолдарының жөндеу жұмыстары жалғасады. Аталған жобаларды іске асыру үш аудан орталығын (Казталов, Жәнібек, Сайқын) облыс орталығымен асфальтты бетон төселген автожолдар арқылы қосып, кейіннен Ресей Федерациясының шекарасына (Волгоград және Саратов облыстары) шығуға мүмкіндік береді.

2021-2025 жылдары облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың сапасын кезең-кезеңмен жақсарту жоспарлануда:

2021 жылы 142,5 км автожолды жөндеу, оның ішінде облыстық – 117,5 км және аудандық – 25 км;

2022 жылы 223,5 км автожолды жөндеу, оның ішінде облыстық – 147,5 км және аудандық – 76 км;

2023 жылы 126 км автожолды жөндеу, оның ішінде облыстық – 90 км және аудандық – 36 км;

2024 жылы 167 км автожолды жөндеу, оның ішінде облыстық – 55 км және аудандық-112 км;

2025 жылы 141 км автожолды жөндеу, оның ішінде облыстық – 42 км және аудандық – 99 км.

2021-2025 жылдары келесі бағыттарда жолдарды қайта құру бойынша ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда: «Барбастау-Ақжайық-Индер», «Бөрлі-Ақсай-Жымпиты», «Чапаев-Жаңақала-Сайқын», «РФ шек.-Жалпақтал-Жұлдыз-Қарасу».

2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының үлесін 50%-ке дейін арттыру жоспарлануда.

Бүгінгі күнге «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылы ауданындағы Жайық өзені арқылы автомобиль көпірінің құрылысы» жобасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар.

Есептеулер бойынша көпірдің құрылысы жол қашықтығын шамамен 1000 км-ге қысқартуға мүмкіндік береді, бұл Кавказ және Кавказ маңы республикаларына, Ставрополь және Краснодар өлкелеріне, сондай-ақ Еуропалық континенттің оңтүстігіне тауарлар жеткізуді жеңілдетеді. Бұдан басқа, жол бойында мекендейтін тұрғындар үшін аталмыш маршрутты ұйымдастырудың әлеуметтік маңызы бар, атап айтқанда: жаңа жұмыс орындарын ашу, жол бойындағы сервис және инфрақұрылым объектілерін құру.

«Орал» ӘКК «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС-мен бірлесіп «Орал» халықаралық әуежайын қайта жаңғырту және жаңалау» жобасын іске асыруда. Құрылысты қаржыландыру ҚПО б.в компаниясының әлеуметтік-инвестициялық жобалары аясында жүзеге асырылады. Жобаның техникалық параметрлері терминал өткізу қабілетін сағатына 400 адамға дейін және жолаушылар ағынын жылына 320 мың адамға көбейтуді көздейді.

2025 жылға қарай Сайқын, Жәнібек және Казталов ауданы орталықтарына жергілікті әуе желілері бойынша ұшуларды бастау жоспарлануда. Қазіргі уақытта аэродромдардың құрылысы жобаларының ТЭН әзірленді.

Байланыс

IT-инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар онлайн сауданы, электрондық көрсетілетін қызметтерді, цифрлық телевизия мен мобильдік интернетті дамыту үшін цифрлық экономиканың негізіне айналады, бұл еңбек өнімділігін арттыруға және Қазақстан аумағында логистиканың жақсаруына алып келеді.

Негізгі күш 4G және 5G технологиялары бойынша мобильді байланыс қызметтерін дамыту арқылы мобильді кеңжолақты Интернет желісі абоненттерін ұлғайтуға жұмсалады.

Ауылдың цифрлық теңсіздігін төмендету мақсатында, сондай-ақ ауыл тұрғындарының электрондық  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу» жобасы аясында ауылдық елді мекендерде жоғары жылдамдықты Интернет желісіне қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады. 

Бизнес жүргізуге жағдайды жақсарту үшін мемлекеттік қызметтер көрсету, құжаттардың мерзімдері мен тізбесін қысқарту, қайталанатын рәсімдерді жою және оларды толығымен электрондық форматқа ауыстыру процестерін барынша оңтайландыру бойынша жұмыстар жалғасады.

Сауда

Орта мерзімді кезеңде ішкі сауданың дамуы сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша заңнаманы іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Ішкі тауар айналымын ұлғайту мақсатында сауда объектілерін іске қосу, сауданың заманауи форматтарына көшу жалғасады.

2022-2023 жылдары жалпы ауданы 12,3 мың ш.м. (Орал қ.) 2 сауда орталығын іске қосу, жалпы ауданы 3,5 мың ш. м. (Орал қ.) «Ашық жол» жабық базарын ашу жоспарлануда.

2025 жылға дейін «Мирлан», «Алтын-Алма», «Золотая чаша» 3 сауда базарларын кезең-кезеңмен жаңғырту жалғасатын болады.

«Сұлтан» базарының орнына бірінші қабатта сауда алаңы орналасатын  тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Жобаның жалпы ауданы 720 шаршы метрді құрайды.

Стационарлық сауда объектілерінде сауда жасауға кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылады.

3.4. Бизнес-ахуал мен инвестициялық тартымдылықты жақсарту

Жеке инвестициялар, өңірлік инвестициялық жобалар, шет елдермен экономикалық ынтымақтастық инвестициялық саясаттың негізі болады.

Бизнес – ахуалды жақсарту саясаты инвестиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, инвесторлардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға, сауда логистикасын жақсартуға және шетелдік инвесторлар мен жергілікті компаниялар арасындағы өндірістік – тұрмыстық байланысты дамытуға, инвесторларды тарту, сүйемелдеу және қолдау бойынша институционалды механизмді жетілдіруге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына инвестицияларды тартуға бағытталған.

2020 жылы инвесторлар кеңесінің 5 отырысы өткізілді, онда жалпы сомасы 45,6 млрд.теңгеге 18 жоба қолдау тапты.

2020 жылдың шілдесінен бастап «бизнеске арналған үкімет» жобасы іске қосылды, онда бизнесті ашу және қолдау үшін 50-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Жалпы құны 2,5 трлн.теңге болатын 66 инвестициялық жоба пулы құрылды. оның ішінде 2020 жылы - 395 млрд.теңге, 2021 жылы - 452 млрд. теңге, 2022 жылы - 381 млрд. теңге, 2023 жылы - 228 млрд. теңге, 2024 жылы-142 млрд. теңге игеру жоспарланып отыр.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін енгізуді жандандыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Іске асырылу кезеңінің әр түрлі сатысындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің 20 жоба бар, соның ішінде:

  • 13 жоба бойынша келісім – шарт жасалды (3 медициналық техниканы сатып алу (МРТ, КТ, ангиограф), дәрігерлік амбулаторияның құрылысы мен іске қосу, медициналық мекеменің асханасын жалға беру, облыстық маңызы бар автожолдарға сервистік қызмет көрсету, интелектуалды фото-видео белгілеу және Бәйтерек ауданында видео бақылау жүйесін құру). Келісім-шартқа сәйкес жергілікті бюджеттен төленетін мемлекеттік міндеттемелердің жалпы сомасы 3,4 млрд.теңгені құрайды.
  • білім беру саласында 7 жоба. Келісім - шарт кезеңі 2020 жылдан бастап 2028 жыл аралығында (Орал қаласының орта білім беру мектептерінде ағымдағы жөндеу жүргізу және жабдықтарды ауыстыру арқылы мектеп асханаларын сенімгерлік басқару). Бұл жобалар мемлекеттік міндеттемелердің қандай да бір төлемінсіз іске асырылады.
  • 7 жоба қажетті құжаттарды жоспарлау және жасақтау сатысында (облыстық онкологиялық диспансерде сәулелі терапия аппаратында онкологиялық науқастарға ТМККК орналастыру және көрсету үшін ғимаратты жалға беру, облыстық көп бейінді арухана үшін қазандықты іске қосу және сервистік қызмет көрсету, №1, №5 қалалық емханаларды сатып алу құқығынсыз сенімді басқаруға беру, Орал қаласының мектептеріне компьютерлік техниканы жеткізу және қызмет көрсету, Орал қаласының білім беру мекемелерінің жиһаз қорын жабдықтау және сервистік қызмет көрсету, Ақжайық ауданы Чапаево ауылындағы 30 басқарылатын, 60 тұрақты бейнекамераны, жылдамдық режимін бекітудің 7 автоматты жүйесін, SuncarSmartCity интеллектуалды бейнебақылау жүйесін орнату және сервистік қызмет көрсету).

 

3.5. Адами капиталды жақсарту

Білім беру саласында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы  шеңберінде білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға ерекше назар аударылатын болады. Мемлекеттік бағдарламада педагогикалық білім беруді жаңғырту, педагогтарды кәсіби қолдау және білім берудегі менеджмент жүйесін өзгерту көзделген.

Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту жүйесінде мемлекеттік және жеке балабақшалардың, шағын – орталықтардың құрылысы және ашылуы, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің механизмдерін дамыту арқылы инфрақұрылымның кеңейтілуі жалғасады.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесі мектепке дейінгі білім беруде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды 100 пайыз қамтуды сақтап қалу жоспарланып отыр.

Материалдық-техникалық базаны нығайту (орта және негізгі мектептердің пән кабинеттерін жабдықтау, спорттық құралдар және технологиялық жабдықтар сатып алу), күрделі жөндеу жүргізу және білім ұйымдарын салу жұмыстары жалғасатын болады. Орта мерзімді кезеңде апаттылықты жоюды, үш ауысымды оқытуды қысқартуды, халықтың табиғи өсуін ескере отырып, 21 жалпы білім беретін мектеп салу (Орал қаласында - 10 мектеп, аудандарда - 11 мектеп). 32 білім беру нысанын күрделі жөндеу қажет.

Техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде мемлекет бірінші жұмысшы мамандығына тегін оқуға, оның ішінде оқу орталықтары мен колледждер негізінде әрбір адамға арналған курстық дайындық арқылы кепілдік береді.

Білім беру сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға қарай дуальды білім беру қағидаттарын енгізу мен ТжКБ түлектерін  жұмысқа орналастыру 75%-ке дейін арттады.

2024 жылға дейін мұғалімдердің еңбек ақысын 25%-ке көтеру жалғасады.

Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту болып айқындалды. Денсаулық сақтау саласының негізгі міндеті профилактикалық медицинаны және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағыттылығын неғұрлым нығайту, сапалы және қолжетімді медициналық қызметтердің ұсынылуын қамтамасыз ету болмақ.

Осы мақсатта қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау мәселелері бойынша  сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл тиімділігі арттырылады, профилактикалық шаралар, скринингтік зерттеулер күшейтіледі, негізгі әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалту жетілдіріледі, электрондық денсаулық сақтау дамытылады.

Денсаулық сақтау саясаты мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға, денсаулық сақтауды ақпараттандыруға, материалдық-техникалық базаны жабдықтауға, смарт-медицинаны енгізуге бағытталатын болады.

Жоғарыда аталған шаралар ана мен сәби және жалпы өлім-жітімді төмендетуге, күтілетін өмір сүру ұзақтығын арттыруға ықпал ететін болады.

Кадрларды тарты мақсатында ҚР медициналық жоғары оқу орындарымен меморандум жасау, ауылдық жерге жұмыс істеу үшін келген жас мамандарға әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету, жергілікті қаражат есебінен мектеп түлектеріне, медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне (резидентура) гранттар беру жалғасады.

2021-2025 жылдары 5 емхананың (Зашаған кенті, Деркөл кенті, Жұлдыз шағын ауданы, Орал қаласындағы Ақжайық шағын ауданы, Теректі ауданындағы Федоровка ауылы), Орал қаласындағы ауруханаларға 3 корпустың құрылысы қажет етеді.

Нәтижелі жұмыспен қамтудың орнықтылығын сақтап қалу, жұмыссыздық деңгейін төмендету және оның өсуіне жол бермеу «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын болады. Аталған бағдарлама аясында техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын несие беру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасын ұйымдастыру шаралары бойынша қаржыландыру жалғасады. Еңбек нарығының инфрақұрылымын дамыту жалғасуда: электрондық еңбек биржасы және жеке жұмыспен қамту агенттігі арқылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруда.

Сонымен қатар, пандемия кезінде Жұмыспен қамту жол картасы іске қосылды.

 Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың экономикалық белсенділігін сақтаумен қатар, Жұмыспен қамтудың жол картасын тиімді іске асыру қосымша жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Тұрғындардың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, сондай – ақ әйелдерді жұмыспен қамтуға баса назар аударылады. Атаулы әлеуметтік көмек алушыларды әлеуметтік жұмысқа белсенді түрде тарту жолымен әлеуметтік жұмыс орындарының санын арттыру қоғамдық жұмыстардың баламасы бола алады және отбасы табысы деңгейінің артуына септігін тигізеді. Жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу саласында жұмыспен қамту органдарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекетін кеңейту, жұмыссыздықты жеңудегі тетіктердің бірі ретінде әлеуметтік серіктестіктің үшжақты комиссиясын тарту қарастырылды.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласында мемлекет саясаты әлеуметтік көмекті оңтайландыруға, оның атаулылық сипатын күшейтуге бағытталатын болады.

Аз қамтылғандар мен көп балалы отбасыларды қолдау бойынша жұмыс жалғасады.

2021 жылы мүгедектігі бар адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн режимде көмекші, орнын толтырушы құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізу жоспарлануда.

Өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында әлеуметтік жағынан осал отбасылар үшін «Жанұя» орталығын ашу, мүгедектігі бар адамдар үшін 150 орындық және диспансерлік есепте тұрған балалар үшін оңалту орталығын, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 100 орындық күндіз болу үйін салу жоспарлануда.

Сондай – ақ «Атамекен» ҰКП бірге көп балалы аналарды кіші және шағын бизнеске тартуға, оның ішінде үй жағдайында арнайы бағдарлама жасалатын болады.

Тұрғын үй қолжетімділігін арттыру бойынша іс – шаралар жалғасады. 2% жеңілдік төлем мөлшерімен және алғашқы төлем 10% болатын «Бақытты отбасы» жаңа бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады.

 

  1. 2021-2025 жылдарға арналған экономиканың негізгі өсу факторлары мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы

2021-2025 жылдары экономика өсімінің қарқыны сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады.

Әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдай, облыс экономикасының бәсеңдеуіне/өсіміне мүмкіндіктер туғызатын сыртқы фактор болып табылады.

Экономика қарқынын баяулататын ішкі факторларға:

өңдеу саласында жабдықтардың жоғары тозығы;

мұнайгаз кешеннің пайдасына өнеркәсіптегі сәйкессіздіктер;

отандық тауар өндірушілердің өнімдеріне сұраныстың төмендігі;

қолданыстағы инженерлік желілердің тозығы;

автомобиль жолдарының техникалық жағдайының төмен деңгейі жатады.

2021-2025 жылдары облыстың әлеуметтік-экономикалық даму серпіні шикізат тауарларына төмен бағаны сақтай отырып, біртіндеп сұранысты қалыптастырумен инфрақұрылымға және халықтың тұтынуына инвестицияларды арттыру қарқынымен сипатталатын болады.

2021-2025 жылдары экономиканың өсуі, негізінен жеке және мемлекеттік қаражат есебінен индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларға инвестицияларды арттыруды бейімдеумен ішкі сұранысқа сүйенетін болады.

2021 жылы жалпы өңірлік өнім 2020 жылғы бағалаумен салыстырғанда 100,5%-ті құрайды, 2025 жылы орташа 5,9%-ке өсуі болжануда.

Экономикалық өсімді қолдауда инвестициялар маңызды фактор болып табылады. Ірі индустриалдық-инфрақұрылымдық жобаларға салынған инвестициялар ішкі сұраныс серпініне инвестициялық салымды жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Жыл сайын экономиканы дамытуға 500,0 млрд. теңгеден астам инвестиция бағытталады, 2021 жылы инвестиция көлемі 2020 жылғы бағалаудан 1,1%-ке, 2025 жылы 14%-ке артады.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2021 жылы 2020 жылғы бағалауға қарағанда 100,3%-ті құрайды, 2025 жылы орташа 2,7%-ке өседі.

2021 жылы табиғи газдың өндірісі 20,2 млрд. текше метр, газ конденсаты – 12,1 млн. тонна, 2025 жылы сәйкесінше 20,7 млрд. текше метр және 12,5 млн. тонна көлемінде болжануда. Тау-кен саласы бойынша өндіріс көлемі 2025 жылы 100,2% деңгейде болжануда.

2021 жылы өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 2020 жылғы бағалаудан 3%-ке, 2024 жылы 18,2%-ке артады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылғы бағалаумен салыстырғанда 2021 жылы 3,5%-ке, 2025 жылы 20,3%-ке ұлғаяды.

Өсімдік шаруашылығында астықтың жалпы өнімі 2025 жылы 260,2 мың тонна көлемінде болжанады немесе 2020 жылғы бағалаумен салыстырғанда 100,1%, майлы дақылдар тұқымы 94,6 мың тонна өндіріледі және өсім 5,1%-ті құрайды.

2025 жылы 2020 жылғы бағалаумен салыстырғанда мал шаруашылығында ІҚМ басы – 11,6%-ке, қой – 3,4%-ке, ешкі – 1,8%-ке, шошқа – 11,2%-ке, жылқы – 13,9%-ке, құс - 11,9%-ке өседі деп болжануда.

2025 жылы мал және құс етін (сойыс салмағында) сату 2020 жылғы бағалаумен салыстырғанда 23,4%-ке өсіп, 66 мың тоннаны құрайды, сүт өндіру - 10,5%-ке (266,4 мың тонна), жұмыртқа – 19,3%-ке (222,0 млн. дана) артады.

Болжанып отырған өндіріс көлемдері облыс қажеттілігін толық қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға мүмкіндік береді.

2021 жылы жүк және жолаушылар тасымалдау көлемі тиісінше 2020 жылғы бағалаудан 6,6%-ке және 2 есеге, 2025 жылы сәйкесінше 16,6%-ке және 2,1 есеге артады.

2021 жылы бөлшек тауар айналымының көлемі 2020 жылғы бағалаудан 0,5%-ке, 2025 жылы 9,6%-ке артады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2021 жылы 2020 жылғы бағалауға қарағанда 1,5%-ке, 2025 жылы 12,6%-ке артады.

Тұрғын үй құрылысында бес жылда барлық қаржыландыру көздері есебінен 3068,7 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарлануда.

Қазіргі әлеуметтік-демографиялық жағдай сақталған кезде облыс тұрғындарының саны 2025 жылы 680,8 мың адамды, соның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 339,6 мың адамды құрайды.

Болжамды мәліметтер бойынша 2025 жылы экономика саласында жұмыс істейтіндер саны 323,0 мың адамға дейін артады, жұмыссыздар саны 16,6 мың адамды құрайды. Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру жұмыспен қамтумен қатар жұмыссыздық деңгейін 4,9% шегінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Басымдық ретінде экономикалық өсімді қолдау саясатын жүргізу халықтың өмір сүру сапасын және әлеуметтік стандарттарын арттыруды көздейді. 2025 жылы 2020 жылғы бағалаумен салыстырғанда: халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 73,2 жастан 74,4 жасқа дейін көбейту; өлім деңгейін -1,2%-ке, сәби өлімін - 4,4%-ке, ана өлімін – 1,9%-ке, туберкулез ауруының деңгейін - 1,1%-ке, қатерлі ісік ауруының өлім деңгейін - 1,0%-ке дейін төмендету болжамдалып отыр. Білім саласында мектепке дейінгі білім беруде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды 100%қамтуды сақтап қалу, бала санын арттыру, мектепке дейінгі оқытумен қамтылған балалар санын 11,7%-ке, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында білім алушылар 2,2%-ке арттыру жоспарлануда.

 

  1. Үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджеттің негізгі параметрлері

5.1. Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамы

Үш жылдық кезеңге арналған кірістердің түсімдер болжамы Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджет және салық заңнамасы негізінде анықталған.

Облыс бюджетінің кірістері

                                                                                                                млн. теңге

Көрсеткіштер

2020 ж.

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж.

бағалау

болжам

Кірістер (трансферттерді есепке алмағанда)

100 629,6

101 730,7

105 912,0

105 714,4

       салық түсімдері

93 947,5

99 759,2

103 961,8 

104 057,1

       салықтық емес түсімдер

900,4

1 013,2

972,5

863,4

       жарғылық капиталды

       сатудан түскен түсімдер

5 781,7

958,3

977,7

793,9

 

          Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының болжанатын сыртқы шарттары мен 2021–2023 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын ескере отырып, облыс бюджетінің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) болжам бойынша 2021 жылы  101,7 млрд. теңгеден 2022 жылы 105,7 млрд. теңгеге дейін өседі.

          Бюджет кірістерінің өсуі, негізінен мемлекеттік бюджет табыстарында 98,5% болатын салық түсімдерінің өсуімен қамтамасыз етілетін болады.

          Болжам бойынша, салық түсімдерінің өсу қарқыны алдыңғы жылға қарағанда 2021 жылы - 104,1%, 2022 жылы - 104,2%, 2023 жылы 100,0% құрайды.

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түсімдерінің ұлғаюы тұтастай алғанда экономиканың өсуі салаларында еңбекақы қорын ұлғайтумен қамтамасыз етілетін болады.

          Әлемдік және қазақстандық экономикаларда жағдай өзгерген кезде бюджет саясатын, соның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау жолымен түзету бойынша жедел және икемді шаралар қабылданатын болады.

          Орта мерзімді кезеңде жүргізілетін шығыстар саясаты әлеуметтік-экономикалық саясаттың басымды бағыттарын іске асыруға, тиімді шығыстарды азайту есебінен түпкі нәтижелерге бағдарлай отырып, бюджеттік шығыстар тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.

Республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялардың болжамды көлемдерін ескере отырып, облыс бюджетінің шығыстары 2021 жылы – 177,1 млрд. теңге, 2022 жылы – 181,8 млрд. теңге, 2023 жылы – 186,3 млрд. теңге мөлшерінде болжамдалуда.

          2021 – 2023 жылдарға арналған облыс бюджетінің параметрлерінің болжамы 3-қосымшада көрсетілген.

5.2. Бюджетаралық қатынастар

Бюджетаралық қатынастар шеңберінде өңірлік және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде жергілікті атқарушы органдардың дербестігін арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады.

          Бюджетаралық қатынастар саясатының орта мерзімді кезеңдегі негізгі мақсаты халыққа Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдендірілген бюджеттік қызметтерді беруде өңірлердің тең фискалдық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету болып табылады.

          Бюджетаралық қатынастар Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы №275-V ҚРЗ  «республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы 2020 - 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы»  Заңымен бекітілген жалпы сипаттағы трансферттерге (субвенциялар және алып қоюлар) негізделеді.

Үш жылдық кезеңде жалпы сипаттағы трансферттердің тұрақтылығы сақталады.

          Нормативтік-құқықтық актілерді қабылдаумен байланысты аудандардың, қалалардың бюджеттерінде табыстарда шығын немесе қосымша шығыстар туынданған кезде жергілікті атқарушы органдардың (әрі қарай - ЖАО) жоғалтулары облыстық бюджеттен нысаналы трансферттерді бөлу және (немесе) реттелетін салықтар бойынша нормативтерді өзгерту арқылы өтеледі.   

          Сонымен бірге, өңірлік экономиканы ынталандыру, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында, 2020 жылдан бастап жергілікті бюджеттерге шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығының түсімдері беріледі.

          2021 – 2023 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі шағын және орта бизнестен корпоративтік табыс салығымен ескеріле отырып есептелетін болады.

5.3. Жергілікті бюджет шығыстарының басымдықтары

Әлеуметтік-экономикалық даму бойынша қойылған міндеттерді ескере отырып, орта мерзімді кезеңдегі мынадай басымды бюджеттік шығыстар анықталды:

мемлекеттік әлеуметтік міндеттерді толық көлемде орындау;

халықтың жұмыспен қамтылуы;

білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту;

мәдениет, спорт, туризм саласындағы іс-шаралар;

қоршаған ортаны қорғау;

елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және газдандыру;

транспорттық – логистикалық инфрақұрылымды дамыту;

қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету;

инфрақұрылымды дамыту және индустриялдық-инновациялық даму;

аграрлық секторды, шағын және  орта бизнесті дамыту;

облыс аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «Ұлт Жоспарының 100 қадамына» сәйкес селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың 4-деңгейлі дербес бюджеті 2018 жылдан - 2000-нан астам тұрғыны бар әкімшілік аумақтық бірліктерде енгізілді, 2020 жылдан бастап барлық жерде енгізілді.

Осылайша, шығыстарды жоспарлаудағы негізі басымдық азаматтардың игілігі, атап айтқанда, оларды әлеуметтік қолдау, денсаулығы мен білімі, өмір сүру жағдайын жақсарту, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша жағдай жасау болып табылады.

5.4. Әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары

Экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында 2021-2023 жылдарға арналған бюджет жобасы шығыстарының негізгі басымдықтары:

  • аграрлық секторды дамыту;
  • 2020-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустрияландыру;
  • «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті дамыту;
  • «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын әрі қарай дамыту арқылы көлік инфрақұрылымын дамыту;
  • «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру;

-  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу;

- білім саласында - апатты және үш ауысымдылықты жою мақсатында мектептер салу.

 

5.5. Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары

Әлеуметтік-экономикалық дамудың қойылған міндеттерінің есебімен 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік-инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары:

- ауылдық елді мекендерді сумен қамту;

- ауылды елді мекендерді газдандыру.

-тұрғын үй құрылысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;

- автомобиль жолдарын салу, қайта құру, жөндеу;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын, сумен, жылумен қамту, суды бұру желілерін жаңғырту; 

- әлеуметтік сала нысандарының құрылысы (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау және басқа);

- қоршаған ортаны қорғау нысандарын салу және жөндеу болып табылады.

 

Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында 2020 жылдың 9 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау ақпараты
30 сентября 2020

      Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.  

      Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2020 жылдың 9 айында 21 өтініш келіп түсті, соның ішінде азаматтардан 2 өтініш және заңды тұлғалардан 1 өтініш, 2 сұраныс, 16 ұсыныс қабылданды.

Келіп түскен өтініштер келесі мәселелер бойынша: білім – 11, мемлекеттік басқару – 1, құрылыс – 2, қаржы қызметті, бюджетті жоспарлау -7.

Өтініштер заңмен көзделген тәртібінде және уақытында қарастырылды.   

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»  Заңының 13 - бабына сәйкес басшы  және басшы орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлға өкілдерін қабылдау кестесi бекітіліп, орналастырған.

Бюджет
Батыс Қазақстан облысының 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
23 сентября 2020

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімдері 1190,6 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 102,4% құрады, оның ішінде:

тау-кен өндірісі саласында – 1017,4 млрд. теңге, 102,5%;

өңдеу саласында – 128,3 млрд. теңге, 98,8%;

электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау саласында – 39,6 млрд. теңге, 106,7%;

сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау саласында – 5,4 млрд. теңге, 109,7%.

Газ өндіру көлемі 14266,8 млн. текше метрді құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 3,1%-ке артық, газ конденсаты – 8427,9 мың тонна немесе 3,0%-ке артық.

Химиялық өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1889,5 млн.теңгені құрайды, бұл 2019 жылдың сәйкес деңгейінен 2,0 есеге артық.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 13534,4 млн. теңгені құрайды, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 3,9% - ке көп.

Дайын металл бұйымдарын өндіру көлемі 7111,8 млн. теңгені құрайды, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 7,8% - ке көп.

Металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 11979,2 млн. теңгені құрайды, бұл 15,1% - ке аз. Легірленбеген болаттан жасалған қабырғалы парақтар өндірісі 16,9% - ке көп.

Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісінің көлемі 3,8% - ке артып, 11979,2 млн.теңгені құрады. Құрылыс мақсаттарына арналған бетоннан жасалған бұйымдар өндірісі 11,4% - ке артты.

Машина жасауда 26756,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді,бұл 7,9% - ке кем.

Азық-түлік өнімдері 49135,4 млн.теңгеге өндірілді, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,7% - ке артық.

Ет және тағамдық қосымша өнімдер – 0,7%, консервіленген ет – 3,6%, дәнді дақылдардан жасалған ұн – 7,6%, басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық – 8,8%, еттен жасалған шұжық және ұқсас өнімдер – 22,0%, макарон, кеспе, кускус және ұн өнімдері – 32,2% артты.

Жаңа піскен нан 0,3% – ке, ірімшік және сүзбе – 7,4% - ке, өңделген сұйық сүт және кілегей – 19,4% - ке азайды.

2020 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 348 жұмыс орын құрылумен, құны 7,7 млрд. теңгеге 6 жоба іске асырылуда:

"Орал трансформатор зауыты" ЖШС " - қуаты 35-500 кВ трансформаторға арналған панельді радиатор өндірісі ". Құны – 3,9 млрд.теңге. Жұмыс орны – 115;

"Квант" ЖШС – мебель фабрикасы. Құны – 2000 млн.теңге. Жұмыс орны – 100;

       "Орал құс фабрикасы" ЖШС - құс фабрикасын кеңейту. Құны – 375,0 млн.теңге. Жұмыс орны – 6.

"Кублей" ЖШС – теріні қайта өңдейтін цех. Құны – 544,0 млн.теңге. Жұмыс орны – 20.

«Intelligent Provective System» ЖШС - жеке газталдауыштарды өндіру.  Құны – 85  млн.теңге. Жұмыс орны – 7;

«GreenSparkLimited» ЖШС – Күн панельдер өндірісі. Құны – 840 млн.тенге. Жұмыс орны – 100.

Инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар 291,0 млрд. теңге құрады, бұл 2019 жылдың тиісті деңгейінен 14,8%-ке аз.

Республикалық бюджет есебінен инвестиция 13,6 млрд.тенгені құрады, бұл 23,5%-ке аз.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 18,0 млрд. теңге құрады немесе 44,0%-ке көп.

Кәсіпорындардың өз қаражаттары үлесіне шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса, жалпы көлемнің  85,4% тиесілі немесе 248,6 млрд. теңге, бұл 19,0% аз.

Банктердің кредиттері есебінен инвестициялар 2,1 млрд. теңге (2019 жылдың тиісті кезең деңгейінен 37,0%-ке аз), қарыздар есебінен – 8,7 млрд. теңге құрады (11,1 есе).

294,0 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 0,4%-ке көп.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 84,9 млрд. теңге құрады немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 1,3%-ке көп.  

Көлік. 23,7 млн. тонна жүк және 125,0 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2019 жылдың қаңтар-тамызына сәйкесінше 95,3% және 43,8%.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 105,5 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы қаңтар-тамыз деңгейіне 103,3% құрады.

Өндірілген ет (тірі салмақта) 59,1 мың тонна немесе 2019 жылғы қаңтар-тамыз деңгейіне 104,0%, сүт – 175,9 мың тонна (100,0%), жұмыртқа – 126,5 млн.дана (101,6%).

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2019 жылдың тиісті күнімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында ІҚМ басы 7,1% - ке (оның ішінде сиыр – 10,8% – ке), жылқы – 13,9% - ке, кой – 1,5% - ке, ешкі – 5,3% - ке, түйе – 1,8% - ке артты.

Тауар айналымы. Бөлшек тауар айналымының көлемі 206,1 млрд. теңге, 2019 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 95,0% құрады.

Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейі 104,5% құрады (республикалық көрсеткіш – 104,6%).

Азық-түлік тауарларының бағасы 7,3%-ке өсті. Күріш 0,3%-ке, алкогольді сусындарға 4,6%-ке, май мен тоң май – 4,8%-ке, сүт өнімдеріне – 6,2%-ке, балық және теңіз өнімдері – 6,8%-ке, кондитерлік өнімдер – 6,9%-ке, бөлке және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – 7,0%-ке, ет – 7,4%-ке, темекі өнімдері – 7,7%-ке, макарон өнімдеріне – 8,4%-ке, қант – 8,7%-ке, алкогольсіз сусындар -  10,3%-ке, жемістер мен көкөністер – 11,5%-ке, ұн – 12,5%-ке, жарма – 22,4%-ке қымбаттады.

Жұмыртқаға баға 16,3%-ке арзандады.

Азық-түлік емес тауарларға баға индексі 103,0% құрады. Киім мен аяқ киім 3,4%-ке, кеңсе тауарлары және сызу керек жарақтары – 3,7%-ке, жуғыш және тазалағыш құралдар – 4,1%-ке, басқада құралдар, құрылғылар мен жеке қолданатын тауарлар – 4,4%-ке, тұрмыстық құрылғылар – 5,6%-ке, фармацевтикалық өнімдер – 5,7%-ке қымбаттады. Бензин 1,1%-ке қымбаттады, дизель отыны – 4,8%-ке арзандады.

Ақылы қызметтердің тарифтері мен бағалары 102,3% құрады. Жолаушылардың темір жол көлігі қызметі бағасы 0,4%-ке, амбулаториялық қызметтер – 3,2%-ке, тұрғын үйді нақты жалдау ақысы – 6,1%-ке, жолаушылардың әуе көлігі қызметі – 6,4%-ке, электрэнергия – 8,2%-ке, құқықтық және сақтандыру қызметтері - 10%-ке, қоқыс шығару – 48,2%-ке қымбаттады.

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 43,1 мың бірлікті құрады, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,2%-ке көп.

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 104,9 мың адамды құрады немесе 2019 жылдың 1 сәуір деңгейінен 6,3% ке аз.

2020 жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен 308,0 млрд. теңгеге тауар (жұмыс және қызмет) өндірілді, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейіне 83,6%.

2020 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» Мемлекетттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға 3656,6 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 3094,4 млн. теңге, жартылай кепілдендіруге – 476,2 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 47,0 млн. теңге, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар – 39,0 млн.теңге.

Құзіретті органның шешімімен «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында сомасы 5,6 млрд. теңгеге 100 жоба мақұлданды.

Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 5,2 млрд.теңге бөлінді.

Қаржылар. Мемлекеттік бюджетке 156,8 млрд. теңге жиналды (болжамға 75,2%), бұл 2019 жылдың қаңтар-тамыз деңгейінен 35,0%-ке аз.

Республикалық бюджетке түсімдер 86,2 млрд. теңгені құрады (болжамға 56,8%), бұл 2019 жылдың қаңтар-тамыз деңгейінен 52,6%-ке аз.

Жергілікті бюджетке 70,6 млрд. теңге түсті (болжамға 124,5%), бұл 19,2%-ке көп.

Өтелмеген салықтар (өткен жылдар есебімен) 2020 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 1680,8 млн. теңгеге көбейіп, 3685,1 млн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша – 1903,4 млн. теңге (601,7 млн. теңгеге көп), жергілікті – 1781,7 млн. теңге (1079,2 млн. теңгеге көп).

Еңбек нарығы. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметінде 14925 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 4,4% құрады.

2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 14423 жұмыс орны құрылды, оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығында – 1407, өнеркәсіпте – 110, құрылыс – 811, көлік және қоймалауда – 123, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоцикл жөндеу – 347, білім беру – 605, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет – 281, экономикалық кызметтің басқа түрлері салаларында – 1723, уақытша және маусымдық жұмыстарда – 9016. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 8619 (63,8%) – ауылдық жерде құрылды.

15043 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 6634 адам жіберілді.

Техникалық және кәсіптік білім, орта білімен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 1239 адам жолданды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 698 адам орналастырылды.

2020 жылғы қаңтар-маусымда орташа айлық еңбекақы 190429 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 11,8%-ке көп.

Білім беру. Облыстың білім беру мекемелерінің саны 386 мектепті құрады (112468 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік – 383 (111448 оқушы), мемлекеттік емес – 3 (260 оқушы). 377 күндізгі мектеп (111448 оқушы), 3 кешкі ауысымды мектеп (202 оқушы), 3 арнайы мамандандырылған мектеп (558 оқушы) жұмыс істейді.

Облыста 281 балабақша, 235 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санын қамтитын 30,0 мың бала немесе 74,2%, 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар, 100% 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар құрайды.

50 мектептен тыс мекемелер қосымша білім алу мүмкіндігін жасап отыр, оқушылардың қамтылу саны 57,1 мың, бұл облыс мектептері оқушыларының жалпы санының 53,6% құрайды.

3 ПДПК (психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру), 12 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеттері қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда 121 отбасында 155 бала патронаттық тәрбие алуда.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 17,4 мың адам оқитын 34 бірлік құрайды, соның ішінде 24 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес колледждер.

Білім беру саласының 2020 жылғы бюджеті 109,2 млрд. теңгені құрады.

Жалпы білім беретін мектептерде мультимедиялық кабинеттердің компьютерлерін қоса есептегенде, 15977 компьютер бар немесе бір компьютерге 7 оқушыдан келеді.

Денсаулық сақтау. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының жүйесі 39 заңды нысанды құрайды.

Облыста 1687 дәрігер және 6388 орта медицина қызметкері (ДСӘДМ жүйесі) жұмыс істейді.

3478 бюджеттік кереует орын бар.

                     2020 жылдың қаңтар-тамызда 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда туберкулезбен ауыру-13,0% - ке, туберкулезден өлім – жітім – 11,8% азайды. 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында 3 ана өлімі тіркелді.

Денсаулық сақтау саласының бюджеті 2020 жылы 6,9 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері – 2,2 млрд. теңге.

  Мәдениет және спорт. Мәдениет ұйымдарының саны 701 нысанды құрайды, соның ішінде 368 кітапхана, 263 қалалық, аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, 5 автоклуб, 22 киноқондырғы, 24 музей (соның ішінде 2-і мемлекеттік емес), 1 көрме залы, 3 мәдениет және демалыс саябағы, 6 кинотеатр (соның ішінде 3-і мемлекеттік емес), облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау Инспекциясы, тарих және археология Орталығы, облыстық халық шығармашылығы Орталығы, жастар шығармашылығы Орталығы, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер Орталығы, облыстық Қазақ драма театры, А.Н.Островский атындағы драма театры, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, камералық оркестр сынды кәсіби өнер ұжымдары.

Мәдениет саласының 2020 жылғы бюджеті 9,8 млрд. теңгені құрайды.

Облыс бойынша спорттық құрылыстардың саны 1682 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 6 жүзу бассейні, 17 спорт кешені, 293 спорт залы, 2 спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 96 ату тирі, 1084 жазықтық ғимарат, 151 бейімделген спорт залы, 15 теннис корты, 6 хоккей корты.

Облыста 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, облыстық жоғары шеберлік спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, 11 спорт клубы, соның ішінде 3 кәсіби клубы («Ақжайық» спорт клубы АҚ, «Ақжайық» футбол клубы АҚ, «Жайық» волейбол клубы МКҚК) жұмыс істейді.

Дене шынықтыру және спорт саласының 2020 жылғы бюджеті 5,6 млрд. теңгені құрады.

Батыс Қазақстан облысының ауылдық елді мекендеріне келген әлеуметтік және агроөнеркәсіптік кешен салалары мамандарына 2009-2020 жылдарда берілген әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат
17 сентября 2020

Ақпарат

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы