Атырау облысында мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

  1. 2025 жылғы 25 қыркүйекте Атырау облысында 4 сайлау округінде                (Жылыой ауданында – 2, Индер ауданында – 1, Мақат ауданында – 1) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.

    Сайлау науқанының барысында барлығы 16 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 4-уі саяси партиялардан, 12-і өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

    Ұсынылған кандидаттардың ішінде 13 ер адам және 3 әйел адам бар.

    6 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 10–ы саяси партияға қатыстылығы туралы ақпарат көрсетпеген.

    Орташа жас - 37 жасты құрайды.

    Кандидаттардың 2-уі арнаулы орта, 14-і жоғары білімді.

    Кандидаттардың 1-уі мемлекеттік мекемеде, 7-уі бюджеттік мекемелерде,           8-і коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.

    2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары             6 кандидатты тіркеді.

    Индер аудандық мәслихатының сайлауы бойынша №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округінде 2 кандидат тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінішімен кандидатурасын алып тастады.

    Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 30 қыркүйек сағат 18:00-де.

    Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 25 қазан күнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

     

    Сілтемелер

    1. Жылыой ауданы
    2. Индер ауданы
    3. Мақат ауданы
Дата публикации
25 сентября 2025